Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 15:04, реферат
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар.
Италия
өнері
Италия,
Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния
және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан
мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2.
Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі –
италия тілі. Халқы христиан дінінің католик
тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан
(1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин
(1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында
тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық
жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің
(Сицилия, Сардиния,
Трентино-Альто-Адидже,
Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия)
ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар
94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік
республика. 1948 жылы қабылданған конституция
бойынша елді Президент басқарады (1992
жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос
палаталы парламент депутаттары мен облыстардан
келген өкілдердің бірлескен жиналысында
қайта сайланып отырады. Заң шығарушы
орган екі палатадан: Республика сенаты
(372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан
(630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер
Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі
– лира. Ұлттық мерекесі маусымның
алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған
күні (2 маусым, 1946).
Өнері
Архитектура
Ежелгі
Рим империясының құлдырауынан кейін
ортағасырлық Италия архитектурасы (Рим,
Милан, т.б. жерлерде күмбезді шіркеулер
салынды) қалыптаса бастады. Монументті
шіркеу, тұрғын үй, мұнара, қақпа, қорған
тұрғызу ісі дамыды. 13 – 14 ғасырларда готика дәстүрлі (Орвьето мен
Миландағы, Флоренциядағы соборлар, Веккьо
палаццосы, Венециядағы Дождар сарайы)
өркендеді. Осы кезеңде ортағасырлық Италия
қалаларының түр-сипаты қалыптасты. Қайта
өркендеу дәуіріндегі (15 – 16 ғасырлар)
Италияның архитектурасы жаңа бағытқа
ауысып, қала салу ісінің құралымдау және
пропорциялау тәсілдері математикалық
жолмен дамыды. Барокко (16 ғасырдың аяғы
– 18 ғасыр) тұсындағы архитектура Италияның
қалалары мен виллаларында көлемді ансамбльдерімен, парктерімен, салтанатты
басқыштарымен, бағаналарымен, хауыздарымен
белгілі. 18 ғасырдың басында Италия архитектурасы
дәстүрлі формада (Ф.Ювара, 1678 – 1736), 18 ғасырдың
2-жартысы мен 19 ғасырдың 1-жартысында классицизм бағытында болғандығы
Миландағы архитектуралық ансамбль мен
театр құрылысынан анық көрінеді. 19 ғасырдың
2-жартысы мен 20 ғасырдың басында қала
орталықтарында эклектикалық құрылыстар көптеп
салынды. Фашистік диктатура (1922 – 43) кезіндегі құрылыстарда
монументтеу, әсіресе, жаңа классика басым
болды. 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары жаңа құрылыс
материалдарын (темірлі-бетон, шынылы
блок) пайдаланған Италия архитектурасы
дамыды. Италия архитекторлары қазіргі
заманғы архитектуралық форманы ұлттық
дәстүрмен байланыстыруға ұмтылды.
Кескіндеме өнері
Италияның
ортағасырлық кескіндеме өнері ежелгі
дәуір өнері озық үлгілердің қарапайымдылық
пен қарадүрсіндікке бағытталуы арқылы
8 – 11 ғасырларда (фрескалар, мозаикалар) қалыптасты. 12 ғасырдың
аяғында діни тақырыптағы қондырғылы
кескіндеме, құрылыстарды әсемдеу мақсатындағы
мүсіндер, түрлі түсті инкрустация әдісі
басым дамыды. 13 ғасырдың 2-жартысы мен
14 ғасырдың басында алдыңғы қатарлы қалалар
Флоренция, Пиза, Сиенада, негізінен,
ежелгі дәуір өнері бағытын ұстанған ақсүйектер
өнері (Проторенессанс) пайда болды. 15
ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің өнері
ортағасырлық шарттылықтан қол үзіп, адам
мен табиғатты зерттеуге және де ежелгі
дәуір өнері мұрасын толық меңгеруге батыл
ден қойды. Мүсіншілер Донателло (1386 – 1466), Л.Гиберти
(1381 – 1455), А.Вероккьо (1435 – 1488) күш пен қуатқа
толы еркіндік көксеген жандардың бейнесін
жасады. Суретші Мазаччо, С.Боттичелли,
Дж. Беллини (1430 – 1516) еңбектерінде адам
мен оны қоршаған болмыстың сұлулығы шебер
бейнеленді. 15 ғасырдың аяғы мен 16 ғасырда
бүкіл Еуропаға қанат жайған Қайта
өркендеу дәуірінің
өнері, әсіресе, адамгершілікті паш еткен
классикалық айқындығымен ерекшеленеді.
Бұл дәуірдің әйгілі өкілдері: Леонардо
да Винчи, Микеланджело, Рафаэль, Джорджоне, Тициан,
П.Веронезе (1528 – 1588), Я.Тинторетто. 15 –
16 ғасырларда бейнелеу өнері, гравюра, сән және қолданбалы
өнер (үй жабдықтары, майолика, шыны), медаль
соғу, театр декорациясы көркемдіктің
жоғары дәрежесіне көтерілді. 16 ғасырдың
аяғы мен 18 ғасырда Италия өнерінде бояуы
бай, сәндіктің жоғары дәрежесіне көтерілген барокко өнері [мүсінші Л.Бернини,
суретші Пьетро да Кортона (1596 – 1669)] басым
бағыт болды. 16 ғасырдың аяғында Болонья
мектебінде (М.Караваджо; Г.Рени, 1575 – 1642) академизм ағымындағы кескіндеме
қалыптасты. 18 ғасырда гравюра мен театр
декорациясы өнерінде классицизм бой
көрсетті. 19 ғасырда мүсінші А.Канованың
(1757 – 1822) бастауымен негізгі бағытқа айналған
классицизм азаматтық пафостан қол үзді.
Арнайы академизмге қарсы күрес Италия
романтизмін, кейінірек реалистік өнердің
тұрмыстық жанры мен табиғат көріністері
суреттерін өмірге әкелді. Ол 20 ғасырда футуризмге, кейін жаңа классицизмге
ұласты. Қазіргі Италия өнерінде формалистік
ағымдардың сюрреализм, абстракты өнер
секілді түрлері тараған. 2-дүниежүзілік
соғыстан кейін жаңа реализм ағымы пайда
болды. Қазақ мемлекеттік көркемсурет
музейінде Моретто да Брешианың (Алессандро
Бонвинчино болуы мүмкін, 1498 – 1554 ж.) “Нәрестелі
мадоннасы”, Лука Камбиазоның (1527 – 1585)
“Алтын ғасыры”, Франческо Моланың (1612
– 66) “Аласталған Агариі”, Джачинтоның
(Джигонте, 1809 – 1876) “Әулие Перінің Римдегі
қамалы”, Антон Домениконың (Габбиани,
т.-ө.жылы белгісіз) “Аполлон мен музалары”,
Франческоның (Ботальоли, 1742 – 18 ғасырдың
аяғы), “Архитектуралық пейзажы”, Франческоның
(Паннини, 18 ғасырдың 2-жартысында өмір
сүрген) “Римдегі Соглассия ғибадатханасының
қираған орны”, Проспер Жорж Антуан Марильяның
(1811 – 1847) “Ніл жағалауы”, т.б. суретшілердің
әр кезде, әр түрлі әдіспен орындаған шығармалары
сақтаулы.
Музыка өнері
Италияның
музыкалық фольклорының алғашқы
ноталық үлгілері 13 – 14 ғасырда жазылған.
Италия халық музыкасының ерекшелігі
әуенінің саздылығы мен би ырғақтарының
алуан түрлілігінде. Италия – опера, оратория, кантата, дербес оркестрлік
музыканың, орган үшін жазылған пьесалардың, увертюралар мен симфониялардың, кончерто гроссо, соната,
т.б. жанрлардың отаны. Алғашқы невмадан
бастап, осы күнгі нота жазу үлгісі (Гвидо
д’Ареццо, 992 – 1050) де Италияда пайда болды.
О.Петруччи (1466 – 1539) нотаны алғаш басып
шығарса, Б.Кристофори (1655 – 1731) фортепьяноны
ойлап тауып, Дж.Царлино (1517 – 1590) гармония
ғылымының негізін қалыптастырды. 16 –
18 ғасырларда дүние жүзіндегі ең жақсы
скрипкалар (Амати, Гварнери әулеттері, А.Страдивари) осы елде жасалды. Алғашқы
консерваториялар мен музыкалық академиялар
Италияда пайда болды. 7 ғасырда Римде
шіркеу әуендері бір жүйеге салынып, Григориан
хоралына заңдастырылды, кейін ол бүкіл
Батыс Еуропа діни музыкасының негізіне
айналды. Фольклор негізінде тұрмыс-салт
әндері (баркарола, гондольера, т.б.), Қайта өркендеу
дәуірінде вокальдік ансамбльдер (вилланелла, фроттола), билер (гальярда, сицилиана)
ерекше өріс алды. Қала мәдениетінің өсуіне
байланысты 14 ғасырда Арс Нова (жаңа өнер)
деген атпен прогресшіл музыкалық бағыт
қалыптасты; мадригал, баллада, качча сияқты вокальдік
жанрлар және аспаптық музыка дамыды.
К.Монтеверди (1567 – 1643) – операның тұңғыш
классигі, әрі 17 ғасырдағы Венеция опера
мектебінің негізін салушы. 17 ғасырда
италиялықтар орган музыкасын жаңа белеске
көтерді, камералық музыка жанрын, скрипкалық
музыка мен ансамбльдік оркестр музыкасын
дамытты. 18 ғасырда Аполитан опера мектебінің
негізі салынды, бельканто өнері гүлденді.
18 ғасырдағы Италия А.Вивальди, Д.Скарлатти
(1685 – 1757), Л.Боккерини (1743 – 1805), Дж.Саммартини
(1701 – 1775), т.б. композиторлардың, ұлы скрипкашы
Н.Паганини және фортепьянолық сонаталар
мен этюдтардың авторы М.Клементидің (1752
– 1832) шығармашылығы әлемге танылды. 19
ғасырда Дж.Россини, В.Беллини (1801 – 1835),
Г.Доницетти (1797 – 1848), Дж.Верди сынды композиторлар
опералық шығарманың атақты шеберлері
атанды. 19 ғасырдың аяғында Италия операсында веризм ағымы пайда болды.
Музыкалық орындаушылар
Италия
аса жоғары музыкалық орындаушылық
өнерімен, опера әншілерінің шеберлігімен
ертеден әлемге аян. Милан (Ла
Скала), Рим,
Неаполь, Болонья, т.б. қалаларда опера
театры бар. 20 ғасырда дүниежүзілік музыка
мәдениетінде пианист Ф.Бузони (1866 – 1924),
дирижер А.Тосканини (1867 – 1957) ерекше рөл
атқарды. 20 ғасырдағы Италияның атақты
әншілері: Э.Карузо (1873 – 1921), Т.Скипа (1889
– 1965), Б.Джильи (1890 – 1957), Т.Гобби (1913 –
1984), М.Дель Монако (1915 – 1982), Р.Тебальди
(1922 жылыт.), Р.Скотто (1934 жылыт.), т.б.; белгілі
дирижерлері: Т.Серафин (1878 – 1968), К.Цекки
(1903 – 84), т.б.
Театр өнері
Италия
театр өнерінің алғашқы элементтері
халықтың диқаншылық әдет-ғұрыптары
мен ойын-сауықтарында кездеседі. Орта
ғасырларда пайда болған литургиялық
драма мен мистерияда комедия-сатиралық
бағыт басым болды. Қайта өркендеу дәуірінде
тың театрлық мәдениет дамыды, драма теориясы
дами бастады. 16 ғасырдың ортасында суырып
салма Дель арте комедиясы (маска комедиясы)
пайда болды. 17 ғасырдың аяғында Италия
театры өзінің ұлттық ерекшелігін жоғалтып,
маска комедиясы ақсүйек қауымының көңіл
көтеретін сауығына айналды. 18 ғасырда
Венеция мен Рим театр мәдениетінің ірі
орталығына айналды. Әдеби театрмен қатар
қуыршақ театры, акробаттардың, дар ойыны
бишілері мен жәрмеңке думаншыларының
өнері өріс алды. 18 ғасырдың аяғындағы
саяси қозғалыс драматург В.Альфьери (1749
– 1803), актерлер А.Доррокези, К.Маркионни,
т.б. дамытқан қаhармандық трагедияны туғызды.
Жаңа актерлік өнер мектебінің негізін
1830 – 40 жылы актер Г.Медена салды. Оның
артистік және қоғамдық ой-арманын шәкірттері
А.Ристори (1822 – 1906), Э.Росси (1827 – 96), Т.Сальвини
(1820 – 1915) ілгері дамытты. 1870 жылдан кейін мелодрама, тұрмыс-салт тақырыбындағы
жеңіл комедиялар театр репертуарынан
кең орын алды. Үздік сахна шебері Э.Дузе
(1858 – 1924), Сальвинидің сахналық дәстүрін
ілгері дамытты. Фашистік диктатура кезінде
(1922 – 43) Италия театры мен драматургиясы
ауыр күйзеліске ұшырады. Репертуарға
көңіл көтеруге арналған жеңіл пьесалар
енді, модернистік ағымдар кең етек алды.
Тек Римдегі Көркем театр (жетекшісі Л.Пиранделло,
1867 – 1936), Тәуелсіздер театры мен Дель
арте (жетекшісі актер әрі драматург А.Дж.
Брагальи) театрының өнері назар аударды.
Режиссер әрі актер Э.Де Филиппо (1900 –
84) ұйымдастырған Неапольдің Диалектілі
театры ерекше орынға ие болды. 1947 жылы
Миланда Пикколо-театры М.Горькийдің “Шыңырау
түбінде” пьесасымен шымылдық ашты. 20
ғасырдың 60-жылдарының орта шенінен тұрақты
театрлар нығая бастады.
Кино өнері
Италияда алғашқы фильм 1896 жылы түсірілді. 1905 – 06 жылы Туринде, Римде, Миланда көркем фильмдер шығаратын кішігірім кинофирмалар ұйымдастырылды. 1-дүниежүзілік соғыстың алдында Италия кинематографиясы әлемде жетекші орын алды. 1913 жылы жасалған “Помпейдің ақырғы күні” (режиссер Л.Маджи) мен “Кабирия” (режиссер Дж.Пастроне) фильмі көрермендер арасында кеңінен мәлім болды. 20 ғасырдың 30-жылдары белгілі әншілердің қатысуымен музыкалық фильмдер қойылып, кино өнері біршама жандана түсті. 1937 жылы Римде киностудия кешені тұрғызылып, Экспериментті киноорталығы деген атпен киноинститут құрылды. Фашизмнен азат етілгеннен кейін Италия кино өнерінде прогресшіл бағыт айқын байқалды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері: режиссер Р.Росселлини (1906 – 1977), Л.Висконти (1906 – 1976), В.Де Сика (1901 – 1974), Дж. Де Сантис (1917 жылыт.), П.Джерми (1914 – 1974). Фашизмге қарсы күрестегі Италия халқының бірлігін бейнелеген Росселлинидің “Рим – ашық қала” (1945) фильмі жаңа реализмнің манифесіне айналды. Соғыстан кейін (1946 – 52) “Шуша”, “Велосипед ұрлаушылар”, “Умберто Д” (режиссер Де Сика), “Қайғылы аңшылық”, “Ащы күріш”, “Рим сағат 11-де” (режиссер Де Сантис), “Үміт жолы” (режиссер Джерми), “Неаполь – миллионерлер қаласы” (режиссер Де Филиппо) сияқты фильмдер экранға шықты. 20 ғасырдың 60-жылдары “Неапольдің төрт күні” (режиссер Н.Лоя), “Рокко және оның бауырлары” (режиссер Висконти), “Тәтті өмір”, “Сегіз жарым” (режиссер Ф.Феллини, 1920 – 1993), т.б. қойылды. Дүние жүзіне есімі мәлім режиссер Феллини мен М.Антонионидың (1912 жылы түсірілген) фильмдері қоғамның рухани қайыршылығын өткір сынға алды. 20 ғасырдың 70 – 80-жылдары “ХХ ғасыр” (режиссер Б.Бертолуччи, 1941 жылы түсірілген), “Әке – қожайын”, “Әулие Лоренцо түні” (режиссер ағайынды Тавини), “Құпиялар, құпиялар” (режиссер ДжылыБертоуччи), “Жүрекке соққы” (режиссер Дж.Амелио), “Эчче Бомбо”, “Тәтті түстер”, “Бьянка” (режиссер Н.Моретти), т.б. фильмдер түсірілді. Белгілі актерлері: А.Маньяни (1908 – 1973), Дж.Мазина (1921 – 1994), С.Лорен (1934 жылы түсірілген), Дж.Лоллобриджида (1927 жылы түсірілген), М.Мастроянни (1923 ж.), А.Сорди (1919 ж.), М.Плачидо (1947 ж.), т.б.[1]