Ұлы географиялық ашулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 12:42, реферат

Описание работы

Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.

Содержание

1. Кіріспе
2. Ұлы географиялық ашылулар
3. Христофор Колумбтың экспедициялары
4. Америго Веспучидің ашулары
5. Васко да Гамманың географиялық еңбектері
6. Географиялық ашудың нәтижелері

Работа содержит 1 файл

Ұлы географиялық ашулар.docx

— 93.26 Кб (Скачать)

Ұлы географиялық ашулар

ЖОСПАР

1. Кіріспе

2. Ұлы географиялық ашылулар

3. Христофор Колумбтың экспедициялары

4. Америго Веспучидің ашулары

5. Васко да Гамманың географиялық еңбектері

6. Географиялық ашудың нәтижелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

   Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар  — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың  ортасы аралығында еуропалық  саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар  мен аралдарды, мұхиттар мен  теңіздерді, аса маңызды теңіз  жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең  тарихқа Ұлы географиялық ашылулар  заманы деген атпен енді. Жаңа  жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан  Оңт. және Шығыс Азия елдеріне  теңіз жолдарын іздеумен тікелей  байланысты болды.

 

 

Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет  алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды. Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп сауданың дамуы бұл арды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Бұл кезде түрік жаулап алушылары олардың Кіші Азия мен Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық жауып тастаған еді. Бұл жағдай Еуропадан Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді қажет етті. Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүзді. Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. Теңізшілерде құбылнама пайда болғаннан кейін ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды. XV ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды еді. Олардың түзу және көлбей орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті бағытқа қарай ыққа да, желге де қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс саяхаттарға шығуға болатын еді.

Американы көптеген рулар мен халықтар мекендеді. Халқының көпшілік бөлігі аң және балық аулаумен шұғылданды. Солтүстік  Американың оңтүстігінде, Орталық және Оңтүстік Американың қыраттарында егіншілік  дамыды. Егіншілер жерді егіске дайындарда орманды тас балтамен шауып, ағаштарды  өртеді. Жерді ағаш кетпенмен өңдеді. Мұнда еуропалықтарға әлі белгісіз жүгері, картоп, күнбағыс, қызанақ, какао, темекі өсірді. Американың көп бөлігінің  тұрғындары жануарларды қолға үйретуді білмеді. Америкада жылқы болмады. Солтүстікте ғана итті, ал оңтүстікте түйе тәрізді ламаны қолға үйретті. Құстан күркетауық, үйрек өсірді. Басқа  континенттерде белгілі бірқатар жетістіктерді - темірді, тісағаш пен дөңгелекті, мылтықты үндістер білмеді. Олар еңбек  құралдары мен қаруды ағаштан, тастан, қоладан жасады. Бытырап жатқан үндіс  тайпалары алғашқы қауымдык күрылыста  өмір сүрді. Шаруашылығы мен мәдениетінің дамуы жағынан майя, ацтектер, инктер басқа халықтардан жоғары тұрды.

 

 

Христофор Колумб

Колумб 1436 жылы Генуя қаласына жақын  жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумбтың  жас кезінде қайда оқығаны  белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз  қызметіне кетеді. Жасында Жерорта  теңізінде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайларын жақсы біліп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Лиссабонға келеді. Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды. Оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиналатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысады және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысады. Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Леониде Полестерелло дейтін теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Колумб үйленген соң Порто-Сонто аралына келіп, қайын атасының үйінде түрады. Мұнда ол атасынан қалған географиялық карталарды, теңіз жұмысы туралы жазбаларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. XV ғасырда ежелгі ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңіз саяхатшыларының назарын аударды. Кейбір ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жерді айналып өтіп, Үндістанға жетуге болады деген пікір айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептеді. Үндістанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңіз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Біраз ізденістерінің нәтижесінде Христофор Колумб өзінің Үндістан мен Қытайға апаратын теңіз жолын іздеу сапарын Африканы айналып жүретін Шығыстан емес, әлі зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетін батыстан бастау керек деп шешті. Ол Жердің шар іспетті екенін білетін-ді. Егер олай болған күнде, Батысты бетке алып жүзе берсе қайткен күнде Үндістаннан барып шығатынын топшылады. Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың ісі» саналатын. Әлі ешкім сырын білмейтін мұхит арқылы кіп-кішкентай кемесымақпен жүзіп өтемін деу шынында көзсіз ерлік еді. Ұзақ жылға созылған айтыс, таба болу мен торығудан кейін, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерінің бетін өзіне бұрды.

Сонымен Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп  аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда  Испания жағалауындағы Полос  қаласынан сапарға шығады. Бұл  ар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желі бір қалыпты соғып, кемелер  батысқа қарай еркін сырғи  жөнелді. Бұрын мұндай ашық теңізге  шығып көрмеген теңізшілер алғашқыда  үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрінгенде олар қатты  қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетін  балдыр басқан Сорогос теңізі болып  шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бірінші жаңалығы еді. Күн  артынан күн жылжып өтіп жатады. Көкжиекке үласқан көк теңізден басқа көзге ілінер ештеме көрінбейді. Теңізшілердің ішінде торығу байқала бастайды. Дегенмен олар Колумбтың есебі бойынша осы кезде Үндістанға жетуге тиіс екендерінен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда көрінетін жер жоқ еді. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, түнжыраған теңізшілердің көңілін көтеріп, оларға алтын мен дәмді тағам бергізеді. Ақыры одан да ештеме шықпай, теңізшілер мұны тыңдауын қойып, «Егер енді үш күннен кейін жер көрінбейтін болса, кеменің бетін кері бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнеді. Айтылған мерзім бітер күннің түнінде сағат екіде, кеме вахтасында тұрған теңізшінің «Жер! Жер көрінді!» деген айғайы естілді. Бұл бір шағын арал еді. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейін бұлар Кариб теңізіндегі жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өтті. Теңізшілер бұл өңірден алғаш рет жүгері, картоп, темекі сияқты Еуропада жоқ өсімдіктерді кездестірді. Бұларды қай жерде болмасын тобылғы өңді, сүлу келген бойшаң адамдар қарсы алды. Дегені қабыл болып тұрған, өзін Үндістандамын деп ұйғарған Колумбтың айтуынша, бұл арды саяхатшылар үндістер деп атап кетті. Колумб ешкім білмейтін жаңа құрлық емес, Үндістанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында - өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.

Колумб Американы ашқаннан кейін  испандықтар жаңа жерді жаулап ала  бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың  өзі көп кешікпей король сарайында  жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны  белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан  қаһарман теңізші деп білеміз.

Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп  адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.

 

 Америго Веспучи

1501 жылы Португалия королінің  келісімімен «жаңа жерге» екінші  рет барды. Веспуччи Пинсон, одан  кейін Кобрал ашқан Бразилия  жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы  Веспуччи үшінші рет «жаңа  жерге» саяхатқа шығады. Ол енді  Бразилия жағалауымен Үндістанға  өтпек болады да, 20° оңтүстік  ендікке дейін жүзіп барып  Колумб ашқан, одан кейін көптеген  испания саяхатшылары зерттеген  «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының  тізбегі емес, осы күнге дейін  белгісіз материк» деген дұрыс  қорытындыға келеді.

1507 жылы космограф Мартин жер  жүзін Еуропа, Азия, Африка материктеріне  бөліп, жаңадан Америго ашкан  жерді оның басқа материктерімен  ұксастығына қарай «Америка деп  атау керек» дейді.

Ол кезде Американы «Тоты  құстар жері» дейтін. Сөйтіп жаңа құрлықтың  жартысы Америго Веспуччи есімімен аталып кетті. Ол материкті негізінде  түңғыш ашқан атақты Христофор Колумб еді, бірақ ол өмірінің ақырына дейін  жаңа материк ашқанын білмеді. Ол жердің жаңа материк екендігін дәлелдеген Америго Веспуччи болды. Осыдан кейін  еуропалыктар Американың жаңа материк  екеніне сенді. Енді отаршылар Америка  байлығын иемденуге жанталасып, жергілікті халықты қырғынға ұшыратты, бірсыпырасын Еуропаға апарып құлдыққа сатты. Аралдардың кейбір байырғы халықтарын еуропалықтар осы ретпен құртып жіберді. Бүдан  кейін еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстік және Солтүстік Американың басқа жерлерін өздеріне қаратып, бейбіт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтіп Колумб, Васко да Гама, тағы басқалардың белгісіз жерлерді ашуы география ғылымы үшін үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейінгі саяхаты басып-жаншуды, отарлау саясатын көздеді.

Колумб батыс теңіз жолымен  Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын  ашамын деп барып, жаңа жерді - Американы  ашып жүргенде, Васко да Гама Африканы айнала жүзіп, Үндістанды ашты, содан  бастап Португалияның Азияны отарлауы басталды.

 

 

Васко да Гама

 

 

Васко да Гаманың нақты қай жылы туғаны белгісіз, дегенмен кейбір деректерге қарағанда, 1469 жылы туған деп шамалайды. Ол жасында Португалияның Испанияға  карсы соғысында ерлік көрсеткен, бірнеше рет Гвинея жағалауын  айнала жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко  да Гама II Жуан корольдің тапсырмасын  орын- дап, оның Францияда қалған алтын  тиеген кемесін Португалияға алып келеді, содан оның аты әйгілі болады. 1497 жылы 8 маусымда Васко да Гаманың  төрт кемелі экспедициясы Лиссабон портынан шығады. Кемелерді ол мұқият қарап, оған керекті адамды өзі таңдап алады да, әрбір кемеге тәжірибелі адамдарды капитан етіп тағайындайды. Бір апта жүзген Васко да Гама эскадрасы Канар аралдарына келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына жетіп, зәкір тастайды. Бұл жерді адмирал «Әулие Елена» қойнауы деп атайды. Мұнда саяхатшылар сегіз күн аялдап, айналаға географиялық зерттеулер жүргізеді. Адмирал өз күнделігінде «Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды және өздері шетінен батыл келеді» деп жазады.

Бұдан әрі жүзіп, өздерімен бірге  келе жатқан Бартоломеудің жол көрсетуімен  Африка материгінің оңтүстік нүктесі  «Қайырлы Үміт» мүйісін айналып  өтіп, Васко да Гама белгісіз теңізбен жүзе береді. Эскадрада ауыз су азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді бұл ар беймәлім бір жағаға зәкір  тастайды. Бұл жердің халқы кафирлер деп аталады екен, олар саяхатшыларды  жылы шыраймен қарсы алады. Сондықтан  бұл жерді Васко да Гама «жақсы адамдар жері» деп атай- ды. 1498 жылы 23 қаңтарда эскадра Замбези  өзені сағасына жетіп, мұнда бір  ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп  өтуге дайындық жасайды. Кемелерін  бүтіндейді, ауырып өлген матростарды  жерлейді. Васко да Гама Үндістаннан  Португалияға келген соң, король оны  Үндістанды жаулап алуға 20 соғыс кемесін  беріп аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда  Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетеді. Каликут раджасы мұндай жауға  қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, сауда жасауға келісім  береді. Васко да Гама төрт сағат  ішінде қаламаған бағынсын деп раджаға  елші жібереді. Ол бұған жауап қайтармайды, өйткені ол бейбіт жатқан елге сауда  жасау үшін келген еуропалықтар соғыс  ашады деп ойламағанды. Айтулы төрт сағат өткен соң Васко да Гама оның айлақтарындағы бүкіл бейбіт тұрған кемелерді басып алып, бейбіт қалаға зеңбіріктен оқ жаудырады, ғасырлар бойы тұрған сәулетті күмбезді үйлердің күлін көкке үшырып, еркін елді қырғынға ұшыратады. Мұндай озбырлық, еркін елді қанға бояу бөгде елді отаршылардың ежелгі әдеті болатын. Васко да Гама бұдан әрі Цейлон, Суматра, Ява аралдарына дейін барып  бейбіт елді қырғынға ұшыратты. Мұны көрген қытай халқы өзіне қарайтын бұл  аралдардан португал басқыншыларын  қуып шығады. Португалияның географиялық зерттеулері Васко да Гаманың  осы екінші экспедициясымен аяқталды. Енді олар біржола отарлау саясатына  көшті.1519-1522 жылдары Азияға батыс  жолмен жету мақсатымен Испания ірі  теңіз саяхатын ұйымдастырды. Экспедицияны ер жүрек, тәжірибелі теңізші, қайтпас жігерлі адам Фер- нан Магеллан басқарды. Бес кемеден құралған экспедиция Оңтүстік Америка жағалауына жетіп, материк пен Отты жер аралы арасындағы бұғаз (қазіргі Магеллан бұғазы) арқылы Оңтүстік Американы айналып өтеді. Одан әрі Тынық мұхитты кесіп өтіп, Филиппин аралдарына жетеді. Осында жергілікті тұрғындармен қақтығыс кезінде Магеллан қаза табады. Оның серіктері Тынық мұхитпен жүзіп, Оңтүстік Африканы айналып, Испанияға жалғыз ғана кемемен қайтып оралады. Осы дүние жүзін айналып өткен түңғыш саяхат Жердің шар торізді екенін, дүниежүзілік мұхиттың біртүтастығын және жер бетінің басым бөлігін су басып жатқанын біржолата дәлелдеді.

 

 

Географиялық ашудың нәтижелері

 

Географиялық ашулар сауданың бұрын  болып көрмеген дәрежеде ұлғаюына себепкер болды. Жеке материктер арасында байланыс орнап, дүниежүзілік сауда өріс алды. Отар елдерден еуропалықтар көптеген өнеркәсіп тауарын, қару-жарак, мата және басқа да бұйымдар алып Тұрды. Еуропаға енді Америкадан темекі мен какао, Азиядан шай мен кофе әкеле бастады. Отарлардан Еуропаға көптеген алтын мен күміс әкелінді. Осы бағалы заттардың көбі Испания мен Португалия корольдері мен феодалдарына тиді. Бірақ бұл елдер мешеу болатын, олардың өз өнеркәсібі жоқтың қасы еді. Сондықтан алтын феодалдардың басқа елдерден сатып алған бұйымдарының төлеміне жұмсалып жатты. Ұлы географиялық ашулар отарлардан тоналып алынған бағалы заттар көпестердің, банкирлердің, аса дамыған Еуропа елдерінің ірі кәсіпорын иелерінің қалталарына түсті. Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар өндіруді жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Американың, Азия мен Африканың халықтары үшін бұл отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.


Информация о работе Ұлы географиялық ашулар