Рекриациялық аудандар

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:10, реферат

Описание работы

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар.

Содержание

КІРІСПЕ
І. Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі
1.1 Рекреациялық туризм және табиғатты қорғау түсінігі
1.2 Қорықты құрудың негізгі принциптері және Қазақстан Республикасының қорықтарына қысқаша сипаттама
II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы қорықтардың мәселелері мен болашағы және экологиясы
3.1 Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері
3.2 Қорықтардың мәселелері мен болашақтағы дамуы, жаңа ұсыныстар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

end.docx

— 142.41 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                

І. Қазақстан Республикасындағы  ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі

1.1 Рекреациялық туризм  және табиғатты қорғау түсінігі                              

1.2 Қорықты құрудың негізгі  принциптері және Қазақстан Республикасының  қорықтарына қысқаша сипаттама

II.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану және инфрақұрылымы мен қаржыландыруына сипаттама                                

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы  қорықтардың мәселелері мен болашағы және экологиясы

3.1 Қоршаған ортаның экологиялық мәселелері

3.2 Қорықтардың мәселелері мен болашақтағы дамуы, жаңа ұсыныстар                                                                                                               

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                               

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

І. Қазақстан Республикасындағы  ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түсінігі

 

Биосферадағы экожүйелердің  бастапқы қалпын сақтап калу және корғау тірі организмдердің сан алуан түрлілігін сақтау мәселелерімен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде Жер шарында  адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған немесе антропогендік  факторлардың ықпалы онша байқала коймаған экожүйелердің біраз бөлігін  табиғи эталон ретінде сақтап қалудың  маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар антропогендік факторлар көбірек  ықпал еткен аймақтармен салыстыру  үшін қажет. Халықаралық қабылданған  ережелерге сәйкес әрбір мемлекеттің  жалпы жер аумағының 10%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәртебесін алуы қажет.

Ерекше корғалатын табиғи аумақтарға биосфералық қорықтар, мемлекеттік  табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние  жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың  жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

Қазақстанның  бірнеше  табиғи-географиялық аймақтары –  солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай  орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді  қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев  кестесіндегі химиялық элементтердің  бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз  табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің  5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл  бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың  қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл  інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені  кейінгі кезде өзінен-өзі өне  беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде  қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. Осы  бағыттағы шаралардың бірі – «Жер жанатты» деп орынды аталып кеткен небір тамаша аймақтарды, өлкелерді, өңірлерді қорыққа айналдыру  керек екекнін өмір көрсетіп отыр.

Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық  маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және табиғат корғау ережелеріне  сәйкес бірнеше топқа бөлінеді.

1. Мемлекеттік ұлттық  қорықтар.

2. Мемлекеттік ұлттық  табиғи саябақтар.

3. Мемлекеттік табиғи  резерваттар.

4. Мемлекеттік корықтың  аймақтар.

5. Мемлекеттік табиғи  қорықшалар.

6. Мемлекеттік табиғат  ескерткіштері.

7. Мемлекеттік зоологиялық  бақтар.

8. Мемлекеттік ботаникалық  бақтар.

9. Мемлекеттік дендрологиялық  бақтар және т.б.

 

 

 

1-сурет.

 

Биосфералық қорықтар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың соңғы кезде ұйымдастырылып жүрген түріне — биосфералық қорықтар жатады. Биосфералық қорықтар дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап қалу мақсатында ұйымдастырылады. Онда табиғат қорғау шаралары халықаралық деңгейде жүргізіледі. Мұндай қорықтар табиғаты онша өзгеріске ұшырамаған экожүйелерде ұйымдастырылып, табиғатта үздіксіз болып жататын өзгерістерге бақылау жасалынып талданады. Биосфералық қорықтардың аумағы бірнеше белдемдерге (ішкі, шекаралық және шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние жүзінде 350-ге жуық биосфералық қорық ұйымдастырылған Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық мәртебесі берілген.

Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс Алтай қорықтары таулы алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында сарыбауыр аяқсыз кесіртке, үнді жайрасы, Алматы қорығында орақтұмсық, ілбіс, т.б. қорғалады. Ал Алакөл қорығында қара мойнақ шағала, т.б. қорғауға алынған.

 

Мемлекеттік табиғи қорықтар

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі — мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

Далалы аймақта ұйымдастырылған  Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары шөлді аймақтың табиғи бірлестіктерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған. Бұл қорықта 1953 жылы Түрікменстаннан әкелініп құлан жерсіндірілді. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында да жерсіндірілген. Ал Қорғалжын қорығы сулы-батпақты алкаптың табиғат байлығын қорғайды. Келешекте Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде.

Ұлттық табиғи саябақтар

Ұлттық табиғи саябақтарда  табиғат қорғау жұмыстарымен бірге  табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық  білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Елімізде соңғы жылдары  Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Табиғи қорықшалар

Табиғи қорықшалар — белгілі  бір ерекше табиғи аумақтардағы барлық табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін корғау мақсатында үйымдастырылады. Сондықтан қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары онша қатаң түрде жүргізілмейді және шаруашылық жұмыстардың жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады.

Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері —  көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

 

Табиғи резерваттар

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді

  1.1 Рекреациялық туризм және табиғатты қорғау түсінігі

Рекреациялық туризмнің  жұмыстарын жақсартып, дамыту үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану принциптерін ескеру керек. Рекреациялық аймақтар жұмыс жасау ерекшелігі бойынша алуан түрлі:

1. Көпшіліктің дем алуы адамның шаруашылық әрекетімен тығыз байланыста қарастырылатынын табиғи – шаруашылықтық кешендер         (жасыл белдеулер, туризм мен көпшілік халық дем алуға қажетті орындар);

2. Шаруашылықтық жұмыстар жүргізілмейтін, бірақ ғылыми ізденістер мен туристердің келіп-кетуіне рұқсат етілетін және өсімдігі мен жануарлар дүниесі қорғауға алынған – қорықтар;

3. Табиғи резерваттар – туристік жұмыстарға да рұқсат етілмейді;

4. Ұлттық парктер – қорықтың бір түрі, табиғи комплекстерді зерттеу мен туристік маршруттар рұқсат етілген, кейбір жағдайда бұл территорияларда ауыл шаруашылықтық жұмыстар жүргізуге болады.

Рекреациялық қор түрлері  бойынша (туризм қорлары, емдеу қорлары  және т.б.) және рекреациялық қызмет түрлері  бойынша (курорттық немесе емдік, денсаулықты  жақсарту, спорттық және экскурсиялық-туристік немесе танымдық) болып бөлінеді. Табиғат қорларын топтау бойынша табиғи ортаның қорларымен бірге адамзаттың күнделікті өмірлік ең жақсы жағдайлар жиынтығына, демалыс және емдік табиғи қорларына сәйкес келетін рекреациялық-антроэкологиялық қорлар тобы, сондай-ақ «қорларға қарсы» топ та жатқызылады. Бұған кейбір жағдайларда физикалық және химиялық табиғи қабатпен байланысты (мысалы, табиғаттағы йодтың жетіспеуі жемсауға (зобқа), фтордың кемістігі – тістердің шіруіне (кариес) табиғи-ошақтық дерттер және трансмиссиялық аурулар (жұқпалы) қосылады, бұлар өз кезегінде рекреацияны дамытудағы лимиттелген факторлар ретінде көрінеді. Бұл сияқты шектеулі рекреациялық факторлардың болуы табиғи аумақтың адамға физикалық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық жағымды әсер ету қабілеттілік көрсеткішін нашарлатады, яғни тұтастай алғанда аумақтың рекреациялық әлеуетін төмендетеді.

Рекреациялық қорларды, оның құрамын, құрылымын және рекреациялық жүйелердің аумақтардағы жұмысын, рекреациялық аумақтардың қасиетін зерделеуші ғылыми бағыт отандық географияда ХХ ғасырдың 60-жылдарының аяғында 70-жылдардың  басында қалыптасты және «рекреациялық география» деген атқа ие болды. Европа мен Американың көптеген елдерінде ішін-ара ұқсас рекреациондық география «туризм мен демалыс географиясы», «еркін уақыт географиясы», «бос уақыт географиясы» деген аттарымен белгілі.

Белгілі жағдайда рекреациялық жұмыс үрдісіне қатыса алатын аумақ  пен жүйенің объектілеріне ең алдымен табиғат пен мәдениеттің  ескерткіштері қосылады. 1981 жылдың 27.04-дегі «Мемлекеттік қорықтар, табиғат ескерткіштері, ботаникалық бақтар мен дендрологиялық парктер, зоологиялық аркілер және ұлттық табиғи парктер туралы типтік Ереже» бойынша табиғат  ескерткіштері «өзін кішігірім шатқалдай көрсетуші (өзендер, көлдер, аңғарлар мен жағалаулардағы учаскелер, көз тартарлықтай таулар) және жеке объектілер (сирек және тірек болатын геологиялық ашылулар, пайдалы кен орындарының өлшемдік учаскелері, сарқырамалар, үңгірлер, минералдық көздер, әдемі құздар, аспан әлемінен жерге түскен шұңқыр тас дене, жеке сирек немесе тарихи бағалы ағаштар және т.б.), ал сондай-ақ қолдан істелген табиғи объектілер (ескілікті аллеялар және парктер, қараусыз қалған канал учакелері, кен шығатын орындар, тоғандар және т.с.), тарихтың немесе, мәдениеттің ескерткіштері мен мойындалмаған немесе бірыңғай табиғи-тарихи ескерткіштер құрамына кірмеген ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулықты жақсарту жөніндегі бірегей немесе типтік, бағалы табиғат объектілері болып жарияланады. Сондай-ақ қорғауға аспан әлемінен жерге келіп түскен заттар да (метеориттер де) жатады». Ұлттық парктер қорықтар және басқа да ерекше қорғалатын табиғат ескерткіштері бола алады. Мәдениет ескерткіштеріне ерекше маңызы заңды немесе дәстүрлі түрде баянды етілген архитектуралық-құрылыс, археологиялық, діни және басқа да ұқсас объектілер жатқызылуы мүмкін. Ескерткіштер бірегейлігіне және бағалылығана байланысты әлемдік мұрадағы немесе ұлттық (мемлекеттік) ескерткіштер тобына да жатқызылуы мүмкін.

Сонымен бірге рекреациялық аумақтардың және ерекше қорғалатын объектілердің арасына теңдік белгісін қоя отырып, соңғысы жөніндегі  экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына  және тіпті әуелі табиғи және табиғи-антропогендік  кешендердің құлдилауына әкелетін рекреациялық пайдалану тәртібін қолданады. Жоғарыда аталған табиғат пен  мәдениет ескерткіштерінің тобы, сондай-ақ «заңды түрде қорғауда тұрған кезкелген  объект немесе табиғат құбылыстары» (ерекше) қорғалатын объектілер тобына жатады және олардың сақталуы мен  бағалылығы қамтамасыз етілген пайдалану  тәртібін талап ететінін есте ұстаған  жөн. Тиістісінше «бағалылығымен ерекшеленетін  кеңістік (акватория, аумақ), оның ішінде тұрғын объектілер және болып жатқан табиғи және антропогендік құбылыстар (бағалы экожүйелер, атқылайтын ыстық  сулар, бау-парк өнерінің немесе қоршаған кеңістікке жағымды ықпал етуші (орман алқабы, жасыл аймақ)» (ерекше) қорғалатын аумақ тобына жатқызылады.

Рекрациялық жұмысты жүзеге асыру үшін толықтай немесе жартылай пайдаланылатын аумақтардың келесі тобын апта бойындағы және демалыс  күндерінде қысқа уақыттық демалуға келіп-кететін табиғи және мәдени-тарихи парктер, орман парктері, теңіз парктері, жалпы мақсаттағы ормандар, сондай-ақ алаңдары әртүрлі көгалдандырылған учаскелер, елді мекендердің ішіндегі әртүрлі дәрежедегі рекреацияланған жайластырулар газон (көгал), саяжай (аллея), кең серуен жолы (бульвар), саябақ (сквер), бақ, парктер құрайды.    Рекреациялық аумақтардың ішінде табиғат және рекреациялық құндылықтары бар көпфункционалдық рекреациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші (емдік, сауықтыру, спорттық) рекреациялық мекемелермен ұсынушы аумақтық рекреациялық жүйелер  де (АРЖ) бар. Бұл сияқты мекемелердің санына санаторийлер, курорттар, демалыс үйлері, қалалар – экскурсиялық орталықтар, туристік базалар, маршруттар жүйесі жасалған альпинистік және таушаңғысы лагерлері де жатқызылуы мүмкін. Белсенді демалу лагерінің шеңберінде рекеациялық қызметтің туризм сияқты түрі де ерекше дами түсті .

Қазіргі ғылыми әдебиеттер «туризм» түсінігіне бірнеше көзқарастар  жатқызылады. Солардың бірі бойынша  арнайы мақсатпен қабылданған туризм бос уақыттағы саяхат жасау ретінде  қарастырылады. Туризм шаруашылықтың  саласы ретінде тұрақты тұрған жерінен  тыс уақытша жүрген адамдарға  қызмет көрсетуші немесе нарықтың сигменті ретінде туристердің тауарлар мен  қызмет көрсетуге сұранысын қанағаттандырушы деп сипатталады.

Сонымен, 90-жылдардың басынан  бастап экологиялық туризм («экотуризм») шапшаң қарқынмен (жылына 5-тен 7%-не дейін) дами бастайды. Оның маңызды қасиеттері: табиғатқа көңіл-аударушылық, табиғат  қорларын барынша пайдалану; экологиялық  орнықтылық; экологиялық білім мен  ағартушылықты, табиғатпен тең құқықтық бәсекелестік қатынастарды қалыптастыруды нысанаға алу; жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаны сақтау туралы қамқорлық жасау, экономикалық тиімділік пен тұрақты  даму жүзеге асырылып жатқан аудандарды қамтамасыз ету.  Әдебиетте экотуризм  саласына жататын бірнеше терминдер  кездеседі: «жасыл туризм», «табиғаттық  туризм», «жұмсақ туризм», «экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікті туризм», «биотуризм», «агротуризм»

Информация о работе Рекриациялық аудандар