Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 18:54, курсовая работа

Описание работы

Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)

Содержание

Кіріспе


І. Шөлдер туралы жалпы түсінік

1.1 Шөлдердің түзілуі мен таралу заңдылықтары

1.2 Шөлдердің географиялық ерекшеліктері
1.3 Шөлдердің жіктелуі

1.4 Шөлдердегі тіршілік


ІІ. Сахара шөліне физикалық-географиялық баға беру.

2.1 Географиялық орны мен ерекшелігі

2.2 Геологиялық құрылымы және пайдалы қазбалары

2.3 Жер бедері
2.4 Климаты

2.5 Су қоры

2.6 Топырақ және өсімдік жамылғысы

2.7 Жануарлар әлемі

2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)


ІІІ. Шөл және адам

3.1 «Шөл және адам» мәселесінің экологиялық-географиялық және әлеуметтік- экономикалық аспектісі
3.2 Шөлдерді игеру мәселелері

3.3 Шөлдену және табиғатты қорғау мәселелері
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

сахара.doc

— 1.82 Мб (Скачать)

  Сонымен, Сахара болмысы жыл бойы құрғақ тропикалық ауаның үстемдігінде болады. Оның көпшілік бөлігі шұғыл континентті, жауын-шашын жылдық жиынтығы көп бөлігінде 50 мм-ден де аз. Мұнда кейде су басуын тудыратын нөсер өтеді. Шөлдің солтүстік және оңтүстік шет алақаптарында жауын-шашын анағұрлым тұрақты жауып тұрады және ол   жылдың белгілі бір кезеңдеріне сәйкес келеді. Азды-көпті тұрақты жауын-шашын бұл өңірлер солтүстікте Сахарадан Атлас облысына, ал оңтүстікте Суданға өтпелі орын алады. Жоғарыад айтқандай мұндай ауа әрдайым құрғақ және 0шаңға тұнып тұрады. Аспан айналып жерге түсетіндей ыстық күндері ауа өте қатты және әркелкі қызғанда көріну жағдайлары бұрмаланады, сағым ойнап, көкжиектен өмірде жоқ өзендер, көлдер және таулар көрінеді. Сахарада жауын-шашынның аздығымен қоса, дүние жүзіндегі ең күшті буланушылық байқалады. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалыңдығы 6 м-ге дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды одан сайын күшейте түседі. Мейлінше тұрақты жазғы желдер – пассаттар солтүстік және солтүстік-шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмосфералық депресиялар өте күшті құм және шаңды борандар туғызады – бұл Сахарадағы басты апаттың бірі.

  Сахараның Атлант мұхитының суық Канар ағысы өтетін жағлауын алып жатқан батыс шеті – шөлдің басқа бір жағалық типі болып табылады. Ондағы температура мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75-80%-ға жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады, бірақ жауын-шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.5 Су қоры

  Сахарада  жер беті суы жоқтың қасы, сумен  қамтамасыз етудің көзі – жкрасты  сулары адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің күн көріс көзі де осы. Жер асты суына құмды шөлдер біршама бай. Құм астының кейбір жерлерінде жер асты суларының бұлақтарына бастама беретін айтарлықтай қалың горизонттары жатады. Көптеген уэдтердің жер асты ағындары болады. Сахарада суды көпшілік жағдайда құдықтардан алады. Соңғы кездері сумен қамтамасыз етуде су сорғыштармен жабдықталған және қысымды горизонттардың сенімді де тұрақты суларын пайдаланатын терең артеризиан құдықтары үлкен рөл атқарады. Сахараның шеткі бөліктері мен кейбір таулы аудандарында соңғы плювиал кезінен бері сақталып қалған және жер асты көздерінен қорек алатын суы таза көлдер бар. Мысалы, Йоа көлі. Облыс алабындағы бірден-бір ірі әрі тұрақыт арна ағысы - Ніл. Әлденеше жүз шақырым бойы көбірсіген шөлді басып ағып, оған жан бітірген бұл өзен – Африка табиғатының тамаша құбылыстарының бірі болып танылады. Әлбетте Нілдің болмысы оның шөлден тыс жерлерден алатын су көздерімен байланысты.

  Сонымен Сахарада Нілден басқа тұрақты ағынды транзиттік өзен жоқ. Нілдің  басты салалары – Көк және Ақ Ніл – Сахараның оңтүстік-шығысымен және шөлдің шығыс шетімен ағып өтіп, Жерорта теңізіне барып құяды. Сахараның оңтүстігінде біренеше өзендер Чад көліне құяды, ол жерден біршама су мөлшері солтүстік-шығысқа қарай ағуына жалғастырады және жергілікті сулы қабаттарды толтырады. Сахараның оңтүстік-батыс шеті арқылы Нигер өзені ағады, оның ішкі атырауында Фагибин, Гару, Ниангай және т.б көлдер орналасқан. Сахараның солтүсік бөлігінде суды бұлақтар мен вадилар (құрғақ ағындар, олар қатты жаңбырдан кейін суға толады) Антиатлас, Атлас, Орес тауларынан, Ливия, Тунис, Алжир және Марокко көтерілімдерінен батау алады. Олардың ішіндегі ірілері — Дра, Саура, Зиз. Көлемі бойынша кіші вадилар шоттарға ағады, мысалы оларға, Шотт-Мельгирдегі Джеди. Қатты жаңбырдан кейін аз уақытқа болса да Солтүстік Сахараның Ахаггар мен Тибестен бастау алатын ескі өзен торлары (Игаргар, Тафасасет, Таманрассет және т.б.) суға толады. Солтүстік Сахара анағұрлым грунттық суға бай. Мұнда су қоры мол құдық сулары жиналған.  Оңтүстік Сахарада грунттық сулар азырақ және өте тереңде жатыр. Артезиандық сулар мүлде жоқ десе де болады. Сахараның ішкі  бөлігінен Ахаггара, Тассилин-Аджера және Тибести тауларынан кең ежелгі өзен торы - Игаргар, Тафасасет, Таманрассет тарайды. Вадилардың кейбіреулері өте ерте кезде қалыптасқан, ол кезде аймақтың климаты анағұрлым ылғалды болған, алкей біреулері табиғи апаттар кезінде пайда болған су тасқандарынан пайда болған. Құмдақты дюналар Сахарадағы біршама жаңюыр суларының қорларын сақтайды, олар шөлдердің беткейлерінің көздерінен шығып жатады. Жаңбырлар гельталарды толтырады, олардың кейбіреулері жерге сіңбейді (Гельта д'Аршей, Гельта-Земмур және т.б.)

 

 

Атлас тауларынан бастау алып Сахара шөлі арқылы ағатын Зиз өзені

 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.6 Топырақ және өсімдік  жамылғысы

   Сахараның топырақ жамылғысы өте аз зерттелген. Көбінесе топырақтардың түрлері геологиялық-геогморфологяилық жағдайларға байланысты. Топырағы тастақты, құмдақты болып келеді. Топырақ түзілмеу себебі, шөлдің беті үнемі қозғалыста болады. Сахараның топырақ жамылғысы үзік-үзік. Құмды және тасты шөлдердің орасан зор алқабы топырақсыз десе болады. Дегенмен де Сахара жерін суарса, ол құнарлы аймаққа айналар еді, өйткені онда қоректі тұздар өте көп. Бірақ жер бетіне жақын қабатқа су барса, артық тұз жиналып, сор пайда болады.

    Сахараның көп бөлігін тропикалық шөлдер мен шөлейттердің жабайы немесе қарапайым топырақ түрлері алып жатыр, және олар көбінесе тұзды болып келеді. Олардың құрамында басқа да органикалық заттардың мөлшері өте аз, топырақ қабаты әлсіз білінеді. Кейбір облыстарда азотты сақтайтын бактериялар кездеседі, дегенмен топырақ биологиялық белсенді емес. Мұнда қалыңдығы 1-2 см-ге жететін әктасты-гипсті  тамырлар кең таралған. Шөлдердің шеткі бөліктеріндегі топырақтарда органикалық концентрация анағұрлым көбірек; ойыстарда топырақ тұзданған. Ондағы байланыспаған карбонаттың бар болуы батпақтанудың төменгі деңгейін көрсетеді.

  Сахараның өсімдік жамылғысы Голарктикалық флоралық облысқа жатады, онда  жерорта теңіздік элементтер көптеп кездеседі.Сахараның өсімдік жамылғысында өсімдіктің 1200 түрі бар, бірақ 1 мың шаршы шақырымға орта есеппен 150 түрден кездеседі (яғни, Еуропадан 10 есе кем, ылғалды тропиктерден 25 есе кем деген сөз). Олардың басым көпшілігі ксерофиттер немесе эфемер. Тек аздаған учаскелері, негізінен тастақ жерлер мүлде өлі сияқты болып көрінеді. Дегенмен, оларда шөлдің қатал табиғатына бейімділігімен таң қалдыратын өсімдіктер кездеседі. Мысалы, тастардың арасынан немесе құмнан иерирхон райханы гүлін кездестіруге болады. Жаңбыр кезінде бұтақтары жазылып сала береді де тұқымдары жерге төгіледі және ылғалдың әрбір тамшысын пайдалана отырып өсіп шығады. Басқа өсімдіктердің тұқымдары мен түйнектері де топырақта сақталады да бірнеше айда немесе бірнеше жылда жауатын жаңбырдан соң өсіп-өнеді. Кейбір жерлерде құм мен тастақта ұсақ жапырақты немесе тікенекті жермен жексен немесе жатаған өсімдіктер өседі. Кейде тастарды қалың қына қабыршығы басып кетеді. Әр жерден ағаш тәріздес сүттігенді де көруге болады. Өсімдік жамылғысында сұр жасыл, сұр және сары рең басым, мұның өзі далаға қайғылы тіршіліксіз өң береді.Сахараның оңтсүтік шекарасына жақын маңда бұталар мен кейбір қатаң астық тұқымдастардың қаулары кездеседі. Солтүстікте Атлас таулы облысымен шекарада өсіп тұрған жабайы  құрма, олеандр мен ююбны көруге болады. Таулы аудандар өсімдік жамылғысына анағұрлым бай, онда көбінесе реликті неогендік флоралар сақталған. Ағаштар мен бұталардың көп бөлігі Оңтүстік Сахарада таралған (акация, эфедра (қылша), тамарикс, бекіш). Өсімдік жамылғысы түгел дерлік адамның әрекетінен зардап шегуде (мал жайлымы, пайдалы өсімдіктерді жинау, отын ретінде ағаштарды шабу және т.б.). 1947 жылы Алжирде «жасыл дуал» атты жобаны жүзеге асыру мақсатында 1500 шақырым ұызындықта әртүрлі жасыл ағаштар (эвкалиптер және т.б). Оазистерде (ылғалды алқап) өсетін басты мәдени өсімдіктер – құрма пальмасы, інжір, зәйтүн ағашы мен жеміс ағашы және кейбір цитрустар, әртүрлі көкеністер.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Сахара. Құрма пальмасынан тұратын жазиралы алқап

 
 
 
 
 
 
 

  

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.7 Жануарлар әлемі

    Сахара Голарктикалық және и Эфиопиялық зоогеографиялық облысқа жатады. Аймақта 4 мыңға жуық түр кездеседі. Олардың көбі омыртқасыз. Түрлердің 40% -ға жуығы — африкандық эндемиктер, бірақ типтік сахаралық түрлер 10—12%. Сахараның түрге кедей, бірақ санға бай жануарлар дүниесі төзімді және су мен азық іздеп тез көшіп жүретін немесе өзінің таралуында ылғалы көбірек аудандармен немесе су көздерімен шектелетін жануарлардан тұрады. Сахараға аддакс және орикс бөкендері, Доркас пен Лодер газелдері, тау текелер тән.Олардың еті мен терілері үшін адамдар оларды аямай аулайды. Сондықтан олардың кейбір түрлерінің жоғалып кету қауіпі бар.

  Облыста жыл құстары да, тұрақты мекендейтін құстар да бар. Соңғылардан бұл жерге әсіресе шөл қарғасы тән. Рептилиялардан кесірткелер басым, жыландар мен тасбақалар да баршылық. Сирек су алқаптарының төңірегінде өте шектелген тұрақта, плювиаль дәуірінің реликті – қалтырауындар сақталған. 

    Орталық Сахара таулы үстіртері типтік сахара жанкарларының мекендейтін ортасы болып табылады. Анағұрлым құрғақ аудандарда түрлік құрам өте кедей (құстарды қоспағанда, 50% -ға жуық түрлері жыл құстары), ал құстардың биомассасы 2 кг/га-ға азаяды. Сүтқоректілердің Сахарада 60 түрі кеөздеседі, оның ішінде аддакс  антилопасы, анағұрлым суға шыдамды - мендес антилопасы (жоғалу қауіпі жоғары), Ахаггар және Тибестиде газелдермен, муфлон қойлардың бірнеше түрлері кездеседі, Аир мен Тибестиде маймылдың бір түрі мекендейді, жырқыштардан – фенек түлкісі, Сахараның шеткі бөліктерінде – шиебөрі, гепард, гиена, ал кемірушілерден – тышқандар және т.б. және қоянтәрізділерден – сахара қояны және т.б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан – кесірткілер – сцинктер, кесел және т.б., жыландар – мүйізді улы жылан, кобра және т.б. Ахаггарда шағын қалдықты су қоймаларда қолтырауындар мекендейді. Сахарада көптеген жануарлар түнгілікті өмір кешеді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.8 Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары (Батыс Сахара, Орталық Сахара, Орталық таулы аудандар, Шығыс Сахара)

  Сахараның құрылымдық-морфологиялық айырмашылықтары оны бірнеше облыстарға бөлуге мүмкіндік береді. Батыс Сахара – Атлант мұхиты мен Эль-Хамра үстіртінің арасында орналасқан. Ол көбінесе кристалды жыныстардан тұратын аласа жазықтар (Эль-Эглаб) және шөгінді қалдықты бөліктерден (Тадемаит, Тингерт) тұрады. Жазық ежелгі қалыптасқан синеклизді - Эль-Джоф ойысын және Эр-Рир ойысын қоршап жатыр.

Канар ағысының әсерінен туындайтын жоғары ауа ылғалдылығы мен салыстырмалы ауа температурасында  Батыс Сахарада өсімдіктің көп түрі Атлант маңы аккумулятивті жазықта байқалады. Батыс Сахараның оңтүстік бөлігі - әсіресе ыстық аудан, мұндай мүлде өсімдік жоқтың қасы. Оның солтүстік бөлігінде ірі құм төбелері (Үлкен Батыстық және Үлкен Шығыстық), және де мұнда ірі сортаңды алқаптарды кездесетіруге болады. Олардың бір бөлігі теңіз деңгейінен төмен орналасқан (Шот-Мельгир – 26 м).

  Сахара  Атласынан және Ахаггардан бастау  алатын уэдтар ондаған және  жүздеген шақырымға созылып жатыр.

Орталық Сахара. Оған Ахаггар таулы үстірті мен Тибести және оңтүстіктен, солтүстіктен оған кіретін аудандар жатады. Оның солтүстігінде өте күшті тілімденген тектоникалық қозғалысты Ливия Сахарасы орналасқан. Ахаггар мен Тибестидің оңтүстігіне қарай судан ойысы жалғасады. Орталық судан ойысына Тенерг эргі және Бодел ойысы кіреді.

Орталық таулы аудан. Бұл ауданда негізінен неогенде пайда болған сөнген жанартаулы көтерілімдер, көтерілген таулы массивтер (Ахаггар, Тибести) орналасқан. Олардағы ыстық бұлақтар мен газдар жанартаулардың жақындай сөнгенін білдіреді. Таулы үстірттерден көптеген өзендер бастау алады, олардың көбі суларын ұзаққа сақтайды. Өзен аңғарларынан шоқ-шоқ ағаштар мен бұталарды көруге болады. Өсімдіктердің флоралық құрамы биіктіктен бастап өзгереді: төменгі зонада – сахара-тропикалық - әсіресе судандық флораның типтік түрлері – пальма, ирак ағашы. Орталық зонада – сахара-жерорта теңіздік – емендер, олеандр, жабайы зәйтүн ағашы, кипарис (сауыр ағашы), мирта және арша өседі. Тибести таулы үстіртінің шыңында таулы-далалы өсмідіктер кездеседі.

  Шығыс Сахара. Оған Ливия, Арабия, Нубия шөлдері кіреді. Ливия шөлін уэдтер басып өтпейді (басқа Сахара аудандарына қарағанда). Тіпті плейстоценның алювиальды кезеңінде аймақ өте құрғақ болып қалған. Шөлдің сотүстік бөліктерінде ойыстар орналасқан (Каттара – 133 м). Қалған бөліктері терең ойысты құрылымды-жақпарлы жазықтардан тұрады (оңтүстікте). Ол ойыстар плювиальды кезеңде ірі көлдерден тұрған. Желдің әрекетінен мұнда әлемдегі ең ірі құм төбелері пайда болған – Ливия құмы. Оазисті өлкеде ұзын қатарлы дюналар орналасқан, оның ішіндегі ірісі – Абу-Мухаррик, ұзындығы – 650 шақырым.  

Информация о работе Шөлдердің зерттелуі (Сахара шөлі мысалында)