Шынына келгенде Мағжан

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 21:18, сочинение

Описание работы

«Шынына келгенде Мағжан лирикасында саналы жастарымызды еріксіз үйіріп әкетердей «құдірет» еш уақытта болған емес, Орыс әдебиеті тарихын білетін оқушыларға Мағжан поэзиясындағы лас ұлтшылдық пен буржузиялық идеологияның түп-тамырын шауып көрсету оп-оңай. Мағжанның еңбекші халыққа, революцияға көріне көзге жауыға жазғандарын былай Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (6).docx

— 18.03 Кб (Скачать)

МАҒЖАННЫҢ ЛИРИКАСЫ

«Шынына келгенде Мағжан лирикасында саналы жастарымызды еріксіз үйіріп әкетердей «құдірет»  еш уақытта болған емес, Орыс әдебиеті тарихын білетін оқушыларға Мағжан поэзиясындағы лас ұлтшылдық  пен буржузиялық идеологияның түп-тамырын  шауып көрсету оп-оңай. Мағжанның  еңбекші халыққа, революцияға көріне көзге жауыға жазғандарын былай  Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев.

қойғанда, оның лирикасындағы өмір, әйел табиғат  Қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев.туралы «нәзіктеп» жазғандары да

түршігу, жеркенуден басқа әсер ете алмайды, шірік  символизмнің қазақ әдебиетіндегі  бір көрінісі екенін жасыра алмайды.

Біздіңше, Мағжан лирикаларының барлық мерезін пышақтап отырып көрсету керек те, оның жұқпалы  зиянды «күштерін» әшкерелеу керек. Бұл әдебиетіміздің тарихы үшін де, болашағы үшін де қажет». (Қараңыз: Әбділдә  Тәжібаев «Өмір және поэзия», Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1960 жыл, 48 бет)

«...азаматтық  лирикаға жататын күшті жырлар Мағжанда өте мол. Оларының көбі тек қана патетикалық  асқынған сөздерге ғана құрылмай, ақынның  ішкі мұңы мен ашу-кегіне табиғи байланысып отыратын бояулы әуенді өлеңдер: «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Айда  атыңды Сәрсенбай», «М.Д. абақтыдан  шыққанда, «Өткен күн» сияқты өлең өзіне  бір төбе. Барынша қуатты, жігерлі  жазылған «Орал», «Орал тауы», «Түркістан»  сияқты өлеңдер де осы циклға жатады.

Мағжан жүрегіндегі  халқына деген махаббат оның поэзиясынан  ерекше орын алады. Ол езу, көрген қорғансыздыққа ұшыраған күйзелу үстіндегі халықты  қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған  ауыр күйін суреттесе де, халықты  бейшаралыққа айналдырмайды.

Ол жырлаған халық тағдырына қол қусырған, жерге ғана үңілген, аяғының астынан  арғыны көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір  халық емес. Мағжан поэзиясында үнемі  ой үстіндегі, қимыл үстінде көрінетін  халық бар.

Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен  алысқан сағыныштарын ән-күймен түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер – Мағжан поэзиясының  ең күшті халықтық рухы. (Әбділдә  Тәжібаевтың 1989 жылы жарық көрген Мағжан Жұмабаев шығармаларына жазған алғысөзінен. Қараңыз: «Мағжан Жұмабаев. Шығармалары». Алматы, Жазушы баспасы, 1989 жыл, 6 бет)

  МЕНІ ДЕ, ӨЛІМ, ӘЛДИЛЕ..

«Өмір көпір  от үстіне салынған,

Діңгектері зәндем отқа малынған», – 

дейді Мағжан өмір туралы бір өлеңінде. Көңіл көзі сау, зерделі адам үшін күлкі емес пе? Бүкіл адам баласына тірлік пафосын  беретін, қиял қанатын қақтыратын, өткенді  сүйіп, болашаққа үмітпен қарататын  өмір, от үстіне салынған көпір болса, оның астында тозақ жатса, мұндай жырдан қандай поэзия шықпақшы!...

Мағжан үшін өмір шындық та емес, шала-дүмбілез бірдеңе  түс.

«Жарық сәуле  айды, күнді көрмеймін,

Жарты өлік, толық  өмір сүрмеймін», – 

дейді «Түс»  деген өлеңінде. Бұл, әрине, рухани ауру, жазылмас аурудың сандырағы...

Ажал шақырған, өлім бесігіне түсіп тербетілген  Бальмонт өлеңдерінің қайтармаларындағы  «Әлдиле, өлім, әлдиле» дейтін жолдарды Мағжан сол қалпында алады.

Пессимизм –  дүниеден торығу, табыт пен көрден басқаны көрмеу, өлім күйінде ғана есіту қандай тілде жазылса да символизмнің ортақ ауруы. Өліп бара жатқан капитализммен бірге өлу  белгісі. Мағжан осы топта, осы тапта. (Қараңыз: «Өмір және поэзия», Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1960 жыл, 49 бет)

«Осы тұрғыдан келгенде Мағжан культурасының биіктігі бүгін де оқшау тұр. Көп өлеңдерінде-ақ Мағжан – өзі бір жанып тұрған жарық сияқты. Біз ақынның ішкі иірімдерімен, ой-сезім толғаныстарымен  қатар оның өзін қоршаған төңірегін  де түгел танимыз. Ол төңірек дегеніміз  көрініп тұрған адамдар, жан-жануарлар  ғана емес, эфирдегі нәзік бояулар  мен дыбыстар, жер бетіндегі көбімізге  беймәлім құбылыстар...

Орыс, Европа символистерімен  үндесе отырып жазған өлеңдерінің бірі «Мені де, өлім әлдиле» ғой. Осы  өлеңнің композициясындағы тазалық  пен сұлулық оқушыны еріксіз  жетелеп отырады. Өлімнің кімдерді, нелерді әлдилегенін, оған желдің қалай  үн қосқанын қайталау – өлеңге қанат  бітіргендей ұшырып отырады. Соның  әрбір біткен шумағына ақын өз сезімін, көңіл-күйін табиғи түрде қосақтап жырлайды:

Өлім күйі –  тәтті күй,

Балқиды жаным  бұл күйге.

Мені де өлім әлдиле,

Әлдиле, өлім әлдиле.

Осы рефрен тұтас  бір жырдың бойындағы нажағай  секілді. Қайталанған сайын сол  жыр жаңа қуат тапқандай күшейе береді. (Әбділдә Тәжібаевтың 1989 жылы жарық  көрген Мағжан Жұмабаев шығармаларына  жазған алғысөзінен. Қараңыз: «Мағжан  Жұмабаев. Шығармалары» Алматы, Жазушы баспасы, 1989 жыл, 12 бет)

МАХАББАТ  ЛИРИКАСЫ

«Оның «махаббатқа» арналған (өлеңдерінің көпшілігі  сүю тақырыбы) жырларынан шын махаббат лебін сезу, сұлулық сымбатымен, келісімдер күйін тану мүмкін емес. Онда идеал жоқ, нәпсі ғана бар. Өйткені  оған махаббат өмір емес, өткінші «қызық», өлер жанның қысқа мерзімдік қана «ләззаты», ойда жоқта оңай тапқан олжасы. Мағжанша:

«Қашан да махаббатты көз бастайды,

Білдірмей ыстық  қысып қол бастайды».

Қандай жеркеніш, қандай сорақы. Біз мұны хайуан «махаббатының» ұғымы десек те қиянат жасамаймыз...

Европа орыс символистерінің Мадонналарды сайқалға айналдыруының қазақ поэзиясындағы  бір үлгісі осы. «Тәңірінің өз нұрынан  жаралғандарда» адамдық сипат жоқ, сайқалдық қылық бар, сайтандық  сезім бар. Олары нағыз лас, натуральдық  түрде баяндалады. Сондықтан ондай  сипатсыз, жансыз, демсіз «сұлуларға»  ақын «жұлдызды жүзік, айды алқа ғып» берсе де жанданбайды, суық қуыршақтығынан айнымайды. Қуыршақты сүю үшін адам қуыршаққа айналуы керек. Онсыз  түсіну қиын. Сөйтіп Мағжанның сүю  жырлары да өмірді жоққа шығару, «бар» дегені өз ішінің тағылық мінезі, жынды жүрегі. (Қараңыз: «Өмір және поэзия», Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, Алматы, 1960 жыл, 51 бет)

«Жастың аты  жас қой. Жас ақын жастық қуаты  мен жігерін лапылдап тұрған сезімін, жандырып жіберердей лебін ынтыға үзіліп тұрған махаббатын әлі келгенше асыра  жеткізді. Біз соған қарап, бұл  біздің жастығымыздың жыры дейміз. Мұндай өлеңдер тек Мағжанда ғана толық.

Поэзияға егде тартып келген Абай махаббат жайлы  барынша құнарлы, суретті, философиялық мағынасы да ірі өлеңдер жазды. Бірақ  балдырған жігіттің лапылдаған сөзін  айтуды өзіне лайық көрмеді.

Ал, махаббатты әлеуметтік міндеттермен қатар қоюды  күнә көрген біздер жастық сезімімізді  бұқтырып, ықтырып ұстауға тырыстық. Бұл «өзгешелігімізден» бүгін де арылып болған жоқпыз. Демек қайта  тірілген Мағжанмен бірге біздің балғын сезімді бар дауыспен дәріптеген, барлық құмарлық жалынымен жырлаған жастық әуеніміз қайта тірілді...

Мағжанның бұл  саладағы бірінен-бірі асатын жалынды  өлеңдері біздің бүгінгі поэзиямызды  жаңғыртатын, оның жүрегін ерекше соқтыратын жаңалық. Бұл жаңалық поэзиямыздың оқырман достарын бұрынғыдан әлдеқайда  қанаттандырады.

Мағжан Жұмабаевтың  адамның жастық сезіміне жақын ақын екені әр өлеңінен-ақ танымалы. Әсіресе, оның махаббат өлеңдері жас оқырман  үшін үлкен бір бақыттай сезіледі. (Әбділдә Тәжібаевтың 1989 жылы жарық  көрген Мағжан Жұмабаев шығармаларына  жазған алғысөзінен. Қараңыз: «Мағжан  Жұмабаев. Шығармалары». Алматы, Жазушы баспасы, 1989 жыл, 9 бет)

Информация о работе Шынына келгенде Мағжан