Талап қою мерзімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Марта 2012 в 19:25, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар.

Работа содержит 1 файл

talap koyu merzimi.doc

— 52.00 Кб (Скачать)


Талап қою мерзімі.

 

              Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінде көзделген талап қою туралы ереженің бұрынғы күшіндегі Азаматтық заңдардан айтарлықтай өзгешелігі бар. Азаматтық құқықтың қазіргі институты ұғымдарына, талап қою мерзімдері мен оларды есептеудің тәртібіне, талап қоюдың қолданылуы және талап қою мерзімінің өту салдарына қатысы бар.

              Талап қою ұғымы.Бұл түсінік заңның бірқатар саласында кездеседі. Қандай жағдайда болса да ол құқықтық себептерге әкелетін белгілі бір мезгіл кезеңін білдіреді.1991 жылғы Азаматтық заң негіздері мүлік иесі болмаса да, жылжымайтын мүлікке он бес жылдан артық немесе басқа мүлікке бес жылдан артық өз мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иелік еткен азамат немесе заңды тұлға осы мүлікке меншік иесі құқығын алатындығын анықтап, иелену мерзімінің өтуі туралы тұңғыш рет құқықтық норма енгізілді. Осы ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 240-бабында жаңғырылған.Бұл орайда иелік етудің мерзімі өтуі негізінде иемдену құқын сот жолымен тану көзделмеген.Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы»  Жарлығында да айтылмайды. Осылайша жоғарыда келтірілген нормаларда мерзімі өту –уақыттың белгілі бір кезеңі ретінде сот қатысуынсыз құқықтық себеп-салдарға әкеліп соғады.

              Талап қою институты басқаша әрекет етеді. Осы мерзімі өту дегеннің өзі талап қоюмен байланысты, сондықтан ол тек соттың талап арызды қарау процесінде ғана қолданылуы мүмкін.

              Дегенмен, талап қоюды қолдану азаматтық-құқықтық қатынастар саласында ғана белгіленбеген. Қолданылып жүрген заңда талап қою мерзімінің өтуі отбасы құқында, тұрғын үй құқы, салық құқында , банкі құқығында , көлік Жарғылары мен Кодекстерде, халықаралық келісімдерде көзделген.

              Талап қою туралы бастапқы құқықтық ережелер азаматтық заңда берілген. Талап қоюдың мерзімін есептеу, қолдану, талап қоюдың мерзімі өтуіне , тоқталуына, үзілуіне қарамастан талап қоюды қабылдау жәнеталап қоюды қалпына келтіру тәртібі туралы азаматтық-құқықтық нормалар тек отбасының құқында ғана емес,сондай-ақ жоғарыда көрсетілген салаларда да қолданылады деп санауға болады.  Сондықтан да талап қою деген түсінік құқықтың барлық салалары үшін біртұтас болып табылады.

              Сонымен, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 177-бабында берілген талап қоюдың ашық анықтамасында қандай жаңалықтар бар. Айырмашылықтарды табу үшін анықтау мәтіндерін келтірейік:

1)     талап қою дегеніміз-  адам құқығының  немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі;

2)       құқы бұзылған адамның талап қоюы бойынша оның құқығын қорғау  мерзімі(талап мерзімі)- Азаматтық заң негіздерінің 42-бабы.

Осы анықтамаларды салыстыру талап қоюдың ескіру мәнін ашуда мынандай айтарлықтай жаңа сәттерді анықтауға  мүмкіндік береді. Біріншіден, Азаматтық кодекстің 177-бабында, талап қою – ол уақыт кезеңі деп атап көрсетілген. Мерзімнің уақыты көрсетілген күнтізбелі датамен анықталуы мүмкін екендігі белгілі. Ал ол уақыт кезеңі ретінде сөзсіз болуы немесе белгіленуі тиіс(ҚР-ның Азаматтық кодексінің 172-бабы).

              Мерзімді анықтаудың осындай әр түрлі тәсілдерін ескере отырып, талап қоюды, атап айтқанда , уақыт кезеңі ретінде анықтау – қажетті нақтылау болып табылады. Екіншіден, талап қою бір қарағанда «құқықтық қорғау мерзімі» деген сөзден көрінуі мүмкін болғандай, өздігінен бұзылған құқықты қорғау қызметін атқармайды.  Ол талап қою арқылы талапты сот қанағаттандыруы мүмкін шектегі  уақыт шектеуі болып табылады.

              Дегенмен, талап негізі жеткіліксіз болса, талап қою мерзімі өткендігіне қарамастан талап арыздың қабылданбауы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, құқық бұзудың барлығы бірдей тек талап қоюмен қорғалмауы мүмкін. Сондықтан да ҚР  Азаматтық кодексінің 177-бабында  талап қою қызметі талапты мүмкін болғанша қанағаттандырудың уақыт шегі ретінде белгіленген.

              Негізгі талапты сот арыздың қойылу шегінде  қанағаттандырады, ал негізсіз талап осындай талап берілгеніне  қарамастан, сондай-ақ талап қою шегінде ққабылданбауы мүмкін.  Үшіншіден, Азаматтық кодекстің 177-бабында адам құқының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туған талап қоюдың қанағаттандырылуы туралы көрсетілген, Азаматтық заң негіздерінің 42-бабында  құқы бұзылған адамның талап қоюы бойынша құқықты қорғау туралы айтылған.

              Осы нормаларды салыстыру-  талап қою бір жағдайда тек субьективті азаматтық құқықты бұзумен ғана емес, сондай-ақ күшіндегі құқықтық  норманы,  ал басқа жағдайда талапкердің бұзылған субьективтік құқын қорғаумен ғана байланысты.  Соңғы жағдайда нормативтік қағидалар мен тәжірибедегі болмысқа қарсы талап қоюдың әрекет ауқымы тарылған.

              Талап қою мерзімдері ҚР Азаматтық кодексінің 178-бабында талап қою мерзімін екі түрге бөледі:   жалпы мерзім және талап қоюдың арнаулы мерзімі.  Азаматтық заң негіздері уақытын үш жылдап белгілеген даулы құқықтық қатынастардың субьективті құрамына қарамастан талап қоюдың осындай жалпы мерзімі Азаматтық кодексте де қабылданған.

              Негізінде кез келген тұлғаның талап арызы бойынша құқықты қорғау үшін үш жылдық жалпы мезгіл белгіленген. Сондықтан да кодексте көзделген мемлекеттік және басқа да ұйымдар үшін талап қоюдың бір жылдық мерзімі бөлігіндегі алып тастау қолданылмауы тиіс.Осылайша ұүш жылдық талап қоюдың жалпы мерзімі республикада 1993 жылғы 30 қаңтардан бастап қның субьектілік құрамына қарамастан барлық даулы құқықтық қатынастарға қолданылады.Жалпы мерзіммен салыстырғанда  Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексінің өзінде талап қоюдың арнайы мерзімі көзделген:  162- бапта мәміленің күші жоқтығымен байланысты даулар бойынша  талап ұоюдың  10- жылдық мерзімі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер  туралы»  Жарлығында салықтың қайта қаралған  сомасы немесе салықтың бұрын есептелген сомасын төлеу туралы салық органдары қызметінің талабына,  сондай-ақ  салық төлеушілердің салықты қайтару немесе артық төленген соманы есептеу туралы талаптарына бес жыл белгіленген.

              Бір сөзбен айтқанда, талап қоюдың мерзімін ұзартуға деген бағыт байқалады.

              Тасымалдау, сондай-ақ көлік жарғылары және кодекстері, байланыс жарғысы бойынша қатынастардан туындайтын талаптар бойынша қысқартылған мерзімдер сақталған. Талапты басқа мүдделі адамдар немесе прокурор қойған жағдайда дау бойынша талап қоюға шарттың күші жоқ деп тануға негіз болатын жағдайлар туралы талапкер білген немесе білуге тиіс күннен бастап алты айды құрайды,  бірақ шартқа қол қойылған күннен бастап үш жылдан кешіктірілмейді. Бұл талап қоюдың жаңа мерзімдері  1996-жылғы 1-қаңтардан кейін туындайтын жағдайлар оған негіз болған дауларға қолданылады.

              Талап қоюдың мерзімін есептеу тәртібі.

              Талап қою мерзімін есептеу кезінде бастапқы сәттің,  талап қоюға қосылатын үздіксіз уақыт өтуінің маңызы бар. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 180-бабы жалпы ереже ретінде ескірген, талап қою мерзімінің басталуы, тұлға құқының бұзылғандығы туралы білген  немесе білуге тиіс күннен басталатындығын белгілеген. ҚР Азаматтық кодексінің талап қоюдың басталуын анықтаған кезде талап қоюға құқық деген түсінік қолданылмайды. Бұл дәлелді болып көрінеді, өйткені талап қоюға құқық процессуалдық  негізде қандайда бір болмасын алғы шарттармен ескертілмейді, ал талап қоюға құқық материалдық ретте ұсынылған талапты қарау нәтижесінде белгіленеді. Сондай-ақ талап қоюдың басталуы үшін тұлға өз құқығының бұзылғандығы туралы білуі немесе білуге тиістілігі туралы нұсқау да алынып тасталған. Талап қоюдың тек субьективті құқықты ғана емес,  сондай-ақ күшіндегі құқықтық норманы бұзумен байланысты туралы жоғарыда келтірілген пайымдаулардан талап қою мерзімнің өтуі іс жүзіндегі немесе кез келген түрдегі құқық бұзылуын лайықты түрде анықталуымен сабақтастырылғанын көреміз.  ҚР Азаматтық кодексінің  180- бабында талап қоюды қолдануды жеңілдететін мерзімді  және мерзімсіз міндеттемелерге қатысты талап қоюдың басталуы  туралы қағиданы дамытатын қосымша ереже енгізілген. Бұл бапта көрсетілгендей, жалпы ережеден талап қоюдың басталуын алып тастау          кодекспен және басқа да заң актілерімен белгіленеді.

              Мәселен, жалпы ережеден тысқары мына нормаларды келтіруге болады:

1)     негізгі міндеттемені орындау мезгілі көрсетілген және анықталуы мүмкін емес немесе талап ету сәті анықталған жағдайда, кепілдік берушіге немесе кепілшіге талап бойынша талап қоюдың екі жылдық мезгілі  кепілдік беру немесе кепілдік шарты жасалған күннен басталса(ҚР Азаматтық кодексінің  336-бабы);

2)     мәміленің жарамсыздығымен байланысты даулар бойынша Азаматтық кодексінің  159-бабының 9 және 10 тармақтары бойынша  көзделген негіздер талап қоюдың бір жылдық мезгілі зорлық немесе  қорқыту тоқталған күннен басталады. (ҚР Азаматтық кодекстің 162-бабы);

1)     тарап шартта талап қойған кезде сатып алу – сату шартын жарамсыз деп танумен байланысты  даулар бойынша талап қоюдың алты айлық мерзімішартқа қол қойылған күннен басталады;

2)     асырап алған баланың ата-аналарының, асырап алушының жұбайының және асырап алу құқықтары бұзылған адамдардың асырап алуды жарамсыз деп тану туралы талабы үшін талап қоюдың үш жылдық мерзімі асырап алу туралы шешім шығарылған сәттен басталады(ҚР К113-бап)

ҚР Азаматтық кодексіне талап қою мерзімінің өтуін тоқтату және

үлісі туралы ереже біршама толықтырулармен жаңқыртылады.Құқықтық қатырастар субъектілеріне қатыссыз оларды қолдануға бірдей кһзқарас осы ережедегі айтарлықтай жаңалық болып табылады.

                    Сонымен қатар қарызды тану талап қою барысын тоқтатуға негіз ретінде заңды тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастарға да таралады.

                    Талап қоюдың қолданылуы. ҚР Азаматтық кодексінде талап қоюды қолдану туралы мәселеге принципті түрде жаңа көзқарастан келген. ҚР Азаматтық кодексінің 179-бабының 2-тармағында мынадай норма бекітілген. Сот талап қоюды сот шешәм шығарғанға дейін жасалған дауда тек талаптардың мәлімдеулері бойынша қолданылады. ҚР Азаматтық кодексінің жоғарыда келтірілген нормасында дауда талаптардың талап қоюды қолдануы үшін арыздануы туралы айтылмағанымен, іс жүзінде мұндай арызды жауапкер беруі тиіс,өйткені ол сот шешімінде талап қоюды қолдану жолымен талаптан бас тартуға мүдделі.

                     ҚР Азаматтық кодексіне бірнеше жаңа принципті жаңа ережелер енгізілуімен байланысты талап қоюдың бірқатар мәселелері де осындый. Өтпелі кезең жағдайындағы құқықтық қатынастарда және жаңа нормаларды осылайша пайдаланулар болып табылады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

1. «Заңгер» журналы,ақпан 2007ж.

 

2.«Тура би» журналы, 2005ж

 

3.«Тура би» журналы, 2006ж.

 

4. «Тура би» журналы,2007ж.

 

 

5. «Заң» Республикалық құқықтық, ғылыми-практикалық журнал,2005ж.

 

6. «Саясат» журналы,2007ж.

 

7. Е.Баянов. Қазақстан Республикасының Мемекеті мен Құқығының  нгіздері,Алматы,2003ж.

 

8. Б.Қ.Төлеубекова. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы.Жалпы бөлім:Оқулық-Алматы: « Жеті жарғы»2000ж.

 

9.Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодекстері.

 

10.Қазақстан Республикасының Қылмыстық еодексіне.Түсінік.-Алматы.2004ж.



Информация о работе Талап қою мерзімі