Тарих

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 14:00, доклад

Описание работы

Беларусь Республикасы (белор. Рэспубліка Беларусь, орыс. Республика Беларусь) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумағы жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — беларусь тілі. Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар жүреді. Діні — православие (70%). Ақшасы — рубль. Ұлттық

Работа содержит 1 файл

Тарихы.docx

— 22.71 Кб (Скачать)

Тарихы

Қазіргі Беларусь жеріне адамдар қола дәуірінен бастап қоныстанған.

  • 2 — 5 ғасырларда аталған өңірге Днепр бойынан славяндар келе бастады
  • 9 ғасырда жергілікті тайпалар соларға сіңісіп кетеді. Осы кездерде славяндардың 3 ірі тайпа бірлестігі қалыптасты: Полесье мен Орталық өңірде дреговичтер, Сож өзені алабына радимичтер, Батыс Двина бойы мен Днепрдің жоғарғы жағына кривичтерқоныстанған. 9 ғасырда Киев Русінің құрылуына байланысты Беларусь жері бірте-бірте соның құрамына енеді.
  • 9 — 11 ғасырларда егіншілік кең тарап, мал шаруашылығы дамыды, қолөнер кәсібі өркендеді. Киев Русінің ыдырауы салдарынан бірнеше ұсақ князьдіктер пайда болды. Оларды 13 ғасырдың 2-жартысында Ұлы Литва князьдігі түгелдей қосып алды.
  • 14 ғасырдың аяқ кезінен бастап кейбір қалалар (Брест, Гродно, Минск, Могилев) өзін-өзі билеу құқын алды. Беларусь көпестері Ресей мен Батыс Еуропа арасында зор көлемде делдалдық сауда жүргізе бастады. 14 ғасырдың аяғында Тевтон ордені шабуылы күшейгендіктен 1385 ж. Польша мен Литва арасында Крево униясы жасалынды. Орден әскері талқандалғаннан кейін (қара Грюнвальд шайқасы) 1413 ж. поляктар мен литвандар арасында жаңа уния (Городельск) жасалынды. Бұл келісім бойынша Ұлы Литва князьдігінің дербестігі сақталды, бірақ поляк королі оның үстінен қарайтын болды. Литва князьдігінің Ливон соғысында (1558 — 83) Ресейден соққы алуы оны Польшамен бірігуге мәжбүр етті.
  • 1569 ж. Люблин униясы бойынша Ұлы Литва князьдігі мен Польша корольдігі бірігіп, Речь Посполитая мемлекетін құрды. Осы кезден мектептер мен шіркеулерде поляк тілі беларусь тілін ығыстырып, котолик діні енгізіле бастады.
  • 1648 ж. басталған Украинадағы ұлт-азаттық қозғалыс Беларусьті де қамтыды.
  • 18 ғасырдан бастап поляктарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс онан әрі күшейіп кетті. Речь Посполитаяны үш рет бөлісудің нәтижесінде (1772, 1793, 1795) Беларусь жерлері Ресейге өтті. 19 ғасырдан бастап Беларусьтің экономикалық дамуы тездетілді. Темір жолдар салынып, зауыт, фабрикалар көбейді. 1-дүниежүзілік соғыс (1914 — 18) кезінде Беларусь жерінде соғыс қимылдары болып, бүліншілікке ұшырады.
  • 1917 ж. Ақпан төңкерісінен кейін 1917 ж. шілдеде құрылған Белорус радасы тәуелсіз мемлекет болу жолында күрес жүргізді.

Олар 1918 ж. ақпанның 19-нан 20-на қараған түні Поляк легиондары корпусымен бірігіп, Минск қаласын басып алды да, Беларусь Халық Республикасын құрды. 1919 ж. қаңтарда бұл үкіметті Қызыл Армия жасақтары құлатты. Оның орнына 1919 ж. 1 қаңтарда Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасы (БКСР) құрылып, 1922 ж. 30 желтоқсанда КСРО құрамына енді. Молотов — Рибентроп келісімі бойынша 1939 ж. қараша айында БКСР Батыс Белоруссиямен қосылып, аумағы ұлғайды.

Информация о работе Тарих