Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 20:39, практическая работа

Описание работы

Континенталды шельф деп топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің жанындағы аймақ. Күрт өзгеретін жерді континенталды шельфтің шеті деп атады. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м-ден аз тереңдікте болады.

Содержание

Мазмұны
 Кіріспе
 Теңіз кен орындарын меңгеру ерекшеліктері
 Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар
 Қорытынды
 Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері (1) ОШМ.doc

— 169.50 Кб (Скачать)


Мазмұны

    Кіріспе

    Теңіз кен орындарын меңгеру ерекшеліктері

    Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері.

        Континенталды шельф деп топографиялық жағынан теңіз жағына қарай құрлықтың созылуын түсінеміз. Ол таяз судың деңгейінен еңісі күрт өзгеретін түбекке дейін континенттің жанындағы аймақ. Күрт өзгеретін жерді континенталды шельфтің шеті деп атады. Көбінесе шетті 200 м тереңдікте шартты белгілейді, бірақ кей жағдайда еңістің күрт ұлғаюы 400 м тереңдіктен немесе 130 м-ден аз тереңдікте болады.

        Теңіз және мұхит шельфтарының мұнай газ ресурстары меңгерудің тәжірибесі бойынша, өте үлкен күрделі қаржыға қарамастан теңіз кен орындарына көмірсутек шикізатын өндіру көп пайданы әкеледі. Шельфте табылған мұнай және газды сатудан келетін пайда шығындарды 4 есе өтейді. Акваторияларда іздеу-барлау жұмыстары жалпы кен орынды меңгеруге келетін шығындардан 10-нан 20% дейін құрайды.

        Теңіз кен орындарды игеруге қажетті жалпы күрделі қаржы – климаттық жағдайлардан, кен орынның тереңдігінен және қызмет көрсету жаға базасының алыстығынан, алынатын қордан, ұңғылар дебитінен, жалпы бұрғылау үрдісінен, теңіз жабдықтарын орналастырудан, өндіруде, теңіз жағдайында өнімді жинау, дайындау және тасымалдаудан, автоматизациялау аумағында ғылыми-техникалық прогрестен тәуелді болады.

        Теңіз мұнай газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктеріне келесілерді жатқызады:

- теңіз гидрометереологиялық жағдайларын ескере отырып, арнайы гидротехникалық құрылымдарды (жүзбелі кранмонтажды кемелер, қызмет көрсету кемелер, құбыр құю баржалар және т.б.), геофизикалық, геология ізденіс жұмыстары және мұнай кәсіптік объектілерді құру, бұрғылау, ұңғыларды пайдалану және жөндеу өнімді жинау, тасымалдау үшін құру ;

- жеке   стационарлы     платформалар,    эстакадалық     алаңдар,   жасанды құрылатын түбектер, өздігінен көтерілетін және жартылай батпалы жүзбелі қондырғылар және басқа құрылымдар арқылы көлбеу бағытталған ұңғылар

тобын бұрғылау;

 

 

-берілген кен орын немесе кеніш үшін жобалау кезінде рационалды ұңғылар торын таңдау, өйткені теңіз жағдайында үлкен қиындықтармен байланысты олардың тығыздығын өзгертуде, алдын ала құрылған су асты коммуникация желілерін өзгерту қиындық туғызады, ал кей жағдайда мүмкін болмайды.

- ұңғылардың тиімді санын орналастыру үшін стационарлы платформалар, эстакадалық алаңдар, жүзбелі пайдалану палубаларын және басқа құрылымдардың рационалды конструкциясын және санын таңдау (қабаттардың орналасуына, ұңғыларды өткізу мерзімдеріне, ұңғылар арасындағы арақашықтықтан, олардың дебиттеріне байланысты);

- гидротехникалық құрылымдар мұнай және газ кен орындарын игеру мерзімдерінде ұзақтылығымен, беріктігімен сәйкес болдыру.

Теңіз кен орындарын игеруді қиындататын факторлар

        Табиғи көмірсутектер кеніштерін игеруді қиындататын және тиімділігін төмендететін көптеген әртүрлі факторлар бар. Тиімділігін төмендететін факторлар көбінесе мұнай кен орындарына келеді.

        Ең маңызды факторлар болып келетін:

      кеніштің соғылуы бойынша фильтрация – сыйымдылық қасиеттерінің біртекті еместігі;

      қабаттағы фазалардың жағымсыз жылжымалы қатынасы;

      газды жоғарғы жағынан, су төменгі жағынан фильтрациялануға алып келетін фазалардың гравитациялы бөлінуі;

      су және газ конустарының пайда болуы.

        Жеке немесе бірге орындалатын осы факторлар қабатты қоршап алу әсерінің төмендеуіне, яғни мұнайбергіштіктің төмендеуіне әкеледі. Мұнайбергіштікке әсер ететін тағы бір факторы – ол, сумен мұнайды ығыстыру тиімділігі. Бұл факторды көбінесе, микроскопиялық қоршап алу коэффициенті деп аталады.

        Мұнай «тұтастарының» пайда болуы (яғни, мұнай ығыспайтын зона) көбінесе өткізгіштігі бойынша біртекті емес қабаттарда мұнайды сумен немесе газбен ығыстыру әдісімен байланысты болады. Бұл тиімділік жоғары тұтқырлы мұнайды ығыстыру жағдайда өседі, ығыстырушы (су, газ) және ығысушы (мұнай) фазалардың қозғалуларының жағымсыз қатынастары анық болады.

        Өткізгішті бойынша қабаттың біртекті болуы «сулану тілдерін» құрап, өткізгіштігі төмен қабат участоктерінен өтіп, жоғары мұнайға қанығатын аймақтарда мұнай «тұтастары» пайда болады.

Су және газ конустарының пайда болуы.(сурет 3).

        Статикалық теңдестіру жағдайларында, яғни ығысу үрдісіне дейін қабаттарда мұнай, газ және су тығыздықтарына сәйкес орналасады. Еркін газ болған жағдайда, ол құрылымның жоғарғы жағында орналасқан газ шапкасын құрайды.

                      

 

Сурет 3 – Су конусының пайда болуы: а - өндіру алдында фазалардың стационарлы таралуы; б – конус пайда болуының бірінші стадиясы: СМШ – бетінің қисаюы; в – конустың перфорациялық тесіетерге өтуі, мұнай және судың бірмезгіл өндірілуі.

        Одан кейін қабаттың мұнайға қаныққан бөлігі немесе мұнай аймағы, оның астында табан суы орналасады.

       Өндіру үрдісінде бұл теңдесу қысым градиентін құрудан бұзылып, әсіресе үлкен мәнге өндіру ұңғылардың түп аймағы ие болады. Қысым градиенттердің үлкен мәндері фазалардың шартты бөліну шекараларының пішінінің өзгеруіне әкеліп (яғни, су – мұнайлы және газ – мұнайлы шектесу), олар ұңғы тесіктерінің жағына қарай иімді. Қысым градиентін тым үлкейткенде судың немесе газдың ұңғыға өтуі жылдам болып, нәтижесінде мұнай дебиті азаюы мүмкін. Суретте су конусының пайда болу үрдісін анық көруге болады.

        Газ бен судың мұнайға қарағанда жылжуы жоғары болғандықтан конустың болуы қабатты ығыстыру үрдісімен қоршауға азайып, мұнайды өндіру жағдайы нашарлайды (үлкен газды фактор, өнімнің тым сулануы, мұнай дебитінің азаюы және т.б).

Қабат қоршауына әсер етудің төмен коэффициеті.

      Жоғарыда айтылғандай, қабаттың біртекті еместігі және фазалардың жылжуларының, тығыздықтарының  жағымсыз қатынастары қабат қоршауына әсер етуді төмендететіні белгілі, яғни игерудің жоғарғы көрсеткіштерін алуға мүмкіндік бермейд

       Теңіздегі мұнай газ кен орындарын игеру жобасы құрлықтағы кен орындары жобасына қарағанда бір-бірінен ерекшеленеді. Бұл жұмыстарды теңізде жүргізудің қиыншылықтары мен спецификалық ерекшеліктері қоршаған ортамен, инженерно-геологиялық көрсеткіштермен, қымбаттылығымен және техникалық жабдықтардың ерекшелігімен, медико-биологиялық проблемалармен, құрылыстың ұйымдастырушылығымен және технологиясымен және теңізде обьектілерді пайдаланумен, жұмыстарға қызмет көрсетумен және т.б. байланысты.

        Теңізде мұнай газ кен орындарын пайдалану және скважиналарды бұрғылау өте қиын және қымбат процесс болып табылады, бұны теңізде және құрлықта бұрғылаудың технико-экономикалық көрсеткіштері берілген анықтамадан көруге болады.

        Шельфтегі игерудің негізгі ерекшелігі - шығыны көп және платформада қондырғыларды орналастыру үшін орынның жетіспеуі. 
Солтүстік Каспий шельфінің ерекшелігі – оның көп бөлігі біраз уақытқа мұзбен қапталған, ал бұл мұнай газ кен орындарын игергенде қосымша қиыншылықтар туғызады. Қоршаған орта гидрометеорологиялық факторлармен мінезделеді, ол теңізде жұмыс жүргізу шарттарын анықтайды, мұнай өндірістік обьектілерді пайдалану және құрылыс жүргізу мүмкіндігі. Оның негізгілері: температуралық жағдай, жел, ағын,толқын,су деңгейі,теңіздің мұз жастануы,судың химиялық құрамы. Бұл факторларды есепке алу іздеу-барлау жұмыстарының экономикалық көрсеткіштеріне әсер етуді бағалауға мүмкіндік береді.

        Теңіз акваторияларындағы ең үлкен проблема мұзбен байланысты және де теңіз тереңдігіне байланысты. Желдің күші мен бағытына,теңіз тереңдігіне,теңіз ағындарына, сол жердің рельефіне және мұздың қасиетіне тәуелсіз мұздықтар үздіксіз өзгеріп отырады және оны болжау қиын.

Мұнай сақтайтын орны бар бірлесіп өндіретін,бұлғылайтын және тұратын платформа,шельфтік және жағалаудағы қондырғыларға мұнай газды беру қауіпсіздіктің нақты анализін беруді талап етеді.

       Қорытындыда қауіпсіздіктің бірлескен жүйесі шығарылуы керек. Қондырғыларды орналастыруды дұрыс жобалау – қауіпсіздіктің талап ететін деңгейіне жету үшін жасалған қосымша шара.

       Шельфте жұмыс істеу персоналдың ұзақ уақыт бойы платформада болуымен байланысты, бұның өзі қосымша эмоциялық жағынан шаршатады, өйткені персонал сол жердегі барлық процедураны және қауіпсіздік ережелерін орындауға міндетті. Шельфтегі қандай да болмасын мұнайдың төгілуін болдырмау құрлықтағыға қарағанда қиынырақ.

        Теңіздегі мұнай газ кен орындарын операцияның техникалық қатынасында барлау және игеру өте қиын,қымбат және бірқатар қауіппен байланысты. Бұл кен орындарын игерудегі негізгі қиындықтар – бұл жұмыстар өндірісіндегі техника және технологиялар проблемасы.

        Теңіз кен орнының мұз түзілу аумағында барлау және игеру жұмыстары екі сатымен жүреді. Бірінші сатыда мұз аралық периодта геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі, мұндай жағдайда қалыпты ауданда жұмыс жасайтын техниканы қолдануы мүмкін.Кен орнын игерудің екінші сатысы, яғни өндіру, кәсіптік дайындау және мұнай мен газды тасымалдау үздіксіз өндірістік циклмен ерекшеленеді,мұнда процесс жыл бойы жүргізілуі керек, теңізді мұз қаптаған кезде,яғни қыста да. Бұл саты үшін сенімді және сапалы техника, технологиялық көрсеткіштер және конструктивтік шешімдер қажет.

Іздеу-барлау жұмыстары және мұнай газды өндіру стационарлы платформада немесе жүзбе платформада және арнайы кемелерде жүргізіледі. Каспий теңізінің терең емес шельфінде теңіз түбімен байланысты жасанды құрлықтар жасалуда. Жұмыстарды арзандату мақсатында бірнеше скважиналарды бұрғылау үшін бір негіз, яғни бір құрлықты пайдаланады, сонымен қатар көлденеңді де.

        Барлау жұмыстары мен мұнай газды өндіру жұмыстарын жүргізу үшін арналған стационарлы және жүзбе платформалардың конструкциясы әртүрлі.Бірақ барлық жағдайда оларда қажет қондырғылар комплектісі және жұмыспен тұру үшін қажет орындары бар.

        Солтүстік Каспийдің мұнай газ кен орындары шельфін игерудің ерекшелігі-қымбат тұратын теңіз қондырғыларына шығынды азайту мақсатында кен орнының игерілуін алдын-ала қарастыру, скважинаны бұрғылауды, кусталық стационарлық платформадан мұнайды өндіру және дайындауды қосқанда (немесе жасанды құрлықтан). Мұнда пайдалану қондырғысының бір бөлігін бұрғылау платформасына қояды, ал екінші бөлігін-бөлек стационарлы платформаға орналастырады. Платформаның құрылысын жүргізу жобасында белгіленген мұнай газдың қоры, кен орнының орналасуы, теңіз тереңдігі, қоршаған ортаның шарттары және т.б. факторлар есепке алынады.

                Теңіз мұнай өндірістік қондырғыларды жобалау сатысында орындарды және қондырғыны орнату схемасы үлкен көлемде және нақты мәліметтерді талап етеді.

        Қоршаған ортаны зерттеу арнайы әдіспен және арнайы өндіріс орындарының, қоғамның және ведомстволардың ойлап тапқан әдістері арқылы жүргізіледі.

        Қоршаған орта жұмыстың құнына өте көп әсер етеді, гидрометео шарттары мәліметтердің сапалы және толық болуы көрсеткіштерді дұрыс анықтауға, техникалық мінездемелерді дұрыс табуға септігін тигізеді.

Жобаны игеру үшін геотехникалық мәліметтердің бағасы керек. Геотехникалық шарттар картаға енгізілуі керек.
Теңіз мұнай өндірістік құрылғыларды тұрғызу инженерлік жұмыстардың барлық комплексін жүргізуді қажет етеді, оны құрылыс орнында және лабороториялық жағдайда нормалармен,ережелермен сәйкес анықтайды. Құрамы, көлемі және техникалық талап етулер инструкцияға сәйкес анықталады.

        Теңіз түбін зерттегенде қажет мәліметтер:
1. Құрылыс орнын және қондырғы типін таңдау;
2.Қондырғыны жобалау;
3.Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қажет тенхникалық талаптарды игеру;
4.Монтаж;
5.Пайдалану кезінде қондырғыны бақылау;

Бірінші сатыда грунттар жайлы анықтама алдын-ала алынса, ал келесі сатыларда зерттеудің нақты мәліметтері керек болады.

        Континентальды шельфте мұнай және газ ресурстарын игерудың қазіргі жағдайы. Қазақстан шельфиндігі кенорындарының  болашағы.

Мұнай және газ кенорындарын шельфтегі жобалаудағы ерекшеліктері.  Платформаларды соғу және тасымалдау және жабдықтарды монтаждау.

Жүзгіш бұрғылау жабдықтары. Негізгі түрі мен қолдану аймақтары. Ұңғыма конструкциясы. Жүзгіш және стационарлы теңіз бұрғылау қондырғыларымен бұрғылау технологиясы. Бұрғылау кезіндегі платформалар мен кемелердегі тұрақтандыру тәсілдері. Ұңғымаларды аяқтау. Теңіз ұңғымаларын жабдықтарының түрі мен қызметі. Суасты жабдықтарын  монтаждаудың техникасы мен технологиясы. Жабдықтардың жалпылама және арнайы түрлері. Суасты-техникалық жұмыстарды өтізуді ұйымдастыру.  Қамтамасыз ету техникалық құралдары. Мұнайды және газды шельфтік кенорынгдарынан жағаға және қажетті жерге дейін тасымалдау тәсілдері. Теңіз құбырлар жүйесі және олардың конструкция ерекшеліктері. Пайдалану және соғу ерекшеліктері. Жаға құраластарының құрылымы мен қызметі. Теңіз кемелері, кемелер түрлері.

 

Қорытынды

Шельфті кен орны үшін игеру торын таңдағанда оптимальды шешім қабылдау керек, және де ол келесіде қосымша скважиналарды бұрғылау жолымен скважина торының қоюлылығын болдырмау керек. Теңіз шарттарында бұл үлкен қиындықтармен және қауіппен байланысты: қосымша скважиналардың құрылысы қажет, қосымша платформалар тұрғызылуы керек, және су асты коммуникация желісі керек. Көлбеу скважиналардың жаңа топтарын бұрғылау қиындайды, олар бұрын тұрғызылған скважиналардың ортасына қосымша тұрғызылады, оның өзі отырғызылатын тізбектердің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Мұнай газ кен орындарын игеруді жобалаудың әртүрлің сатысында гидрометеорологиялық мәліметтердің әрқилы көлемі қажет болады. Технико-экономикалық негіздерді игеру кезінде үлкен градациядағы гидрометеорологиялық мәліметтер қажет және ол үлкен акваторияға салыстырмалы келтірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

       http://www.leuza.ru/gti/bur/bur_sea.htm

       http://www.oilbooks.ru/

      http://www.google.ru/search?q=%D0%B1%D1%83%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5+%D0%BD%D0%B0+%D0%BC%D0%BE%D1%80%D0%B5&hl=ru&newwindow=1&prmd=imvns&tbm=isch&tbo=u&source=univ&sa=X&ei=OpE6T-2mOpHLsgbUg7jPBg&sqi=2&ved=0CGAQsAQ&biw=1280&bih=923

      УМК



Информация о работе Теңіз мұнай және газ кен орындарын игерудің ерекшеліктері