Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 13:25, реферат

Описание работы

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

Содержание

І. КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері
2. Топырақтың адамзат үшін маңызды.
3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде
4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Работа содержит 1 файл

Топырак.docx

— 255.18 Кб (Скачать)

Жоспар: 

І. Кіріспе  
ІІ. Негізгі бөлім   
  1. Топырақ,  топырақтану және топырақ түрлері
 
  2. Топырақтың адамзат үшін маңызды.  
  3. Адам топырақты түзуші фактор ретінде  
  4. Топырақтың пайдалы қазбаларды  іздеудегі маңызы.  
ІІІ. Қорытынды   
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Топырақтың  адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде  адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы  топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер  яғни топырақсыз адамның өмірі.

     Адамзаттың  бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің  негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар  бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің  шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана  білген.

     Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте  төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру  жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан  ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі  қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін  ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын  өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы  төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық  тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар  массасын топыраққа араластырып  микробиологияық процестерді күшейтуге  және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты  өсіру үшін макроэлементтер мөлшері  ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы  өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына  әкеліп соғуда.

 

 

     

  1. Топырақ,  топырақтану және топырақ түрлері

    Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

     Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций және басқа заттар жинақталған. Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады. Мысалы, топырақтың қышқылдығына байланысты:

    1) рН 6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофилді түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері); 2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофилдер (көпшілік мәдени өсімдіктер); 3) рН 7,0-ден жоғары топырақта өсетін базифилді өсімдіктер(аққурай).

    Сазды топырақ

    Құламаларда тұрақты жэне су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.

    Құмайт  топырақ

    Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.

    Шым тезекті топырақ

    Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды.

    Топырақта тіршілік ететін организмдер

    Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін,нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

  • геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);
  • геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;
  • геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:
  • микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыд

    балдырлар (Cyanophyta), бактериялар (Bacteria), саңырауқүлақтар (Fungi) және қарапайымдар (Protozoa) жатады.

  • мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.
  • макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).
  • мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т.б.
 
 
 

     2. Топырақтың адамзат үшін маңызды. 

     Топырақтың  адамзат қоғамы үшін маңызын айтып  жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде  өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін  көзіну айналды.

      Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты  жерлерді Ресейдің негізгі байлығы  деп атайды.

      Өндірістің  кейбір салалары топырақты пайдалануға  негізделген. Соның бірі маңызды  азық-түлік өнімдерін жеткізуші  ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы  өндірісін негізгі құралы болып  табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі  ретінде және жол салуда гидротехникалық  құрылыста құрылыс материалы  ретінде маңызы зор.

      Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді  тану топырақты іс жүзінде пайдалануда  жаңа мүмкіндіктер ашады.

      Микробиологиялық  және геохимиялық процестерді зерттеуге  байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы  физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық  құбырлар салу үшін маңызы бар.

      Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді  пайдалы қазба кен орындарын  іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен  қаралуы керек.

     Топырақ құнарлығы деп оның табиғи және мәдени өсімдіктердің қалыпты өсуі мен  дамуын қамтамасыз ету қабілетін  айтады. Топырақ құнарлығы оны кез-келген борпылдақ тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік беретін ерекше сапа. Бұл сапаның адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

      Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық өнімдерінің  түсім көлемімен өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне  байланысты.

      Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей  байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы  да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.

      Табиғи  топырақ құнарлығынан көрсеткіштері  – аудан бірлігіндегі жылдық өсімдіктердің  үстеме өсуі:

     Тундра  үшін 10-25ц/га

     Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85

     Қара  топырақты жер 90-137

     Каштан  топырақтар 40

     Сұр-қоңыр  топырақтар 12

     Тропикалық  саваннаның

     қызыл және сары топырақтары 120

     Ылғал тропиктердің қызыл 

     және  сары топырақтары 325.

      Күнделікті  өмірде құнарлы деп белгілі бір  мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты  атайды. Шынында құнарсыз топырақ  болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

      Кез-келген топырақ, онда жақты өсетін өсімдіктер үшін құнарлы боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

      Сұр топырақты жерлер мақта өсуіне қолайлы, бірақ картоп үшін құнарсыз т.б.

      Құнарлығы немен анықталады?

      өсідіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар блокы тиіс:

      1. Өсімдік бойына сіңіре алатын  формадағы қорек элементтері  болуы тиіс.

Информация о работе Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері