Тропикалық африка

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:01, реферат

Описание работы

Африка құрлығында 54 мемлекет бар. Олардың үшеуі монархия, біреуі Федеративті Республика. Негізінен олар Солтүстік, Батыс, Оңтүстік, Орталық, Шығыс Африка елдері болып бөлінеді. Африкада 1 млрд-қа жуық (985 млн) халық тұрады. Ол дүниежүзі халқының 13%-ын құрайды. Бірақ олардың құрылыққа таралуы біркелкі емес. Халықтың 70%-ы ауылдық елді-мекендерде қоныстанған және олардың 90%-ы ауыл шаруашылығында еңбекпен қамтылған. Орта есеппен әр шаршы шақырымға 22 адамға дейін орналасқан.

Работа содержит 1 файл

тропическая Африка.doc

— 157.00 Кб (Скачать)

     Біз жалпы Африка халықтарының негізгі  шаруашылығына, қоғамдық құрылысына тоқталып өттік. Олардың қоғамдық қарым-қатынасына, мәдениетіне, ауыл шаруашылығына отаршылық саясаты көптеп әсер етті. Оның өзі көптеген қиындыққа әкеліп соқты. Африка халқы соған қарамай өздерінің мәдени дәстүрін әлі де сақтап отыр. Олардың отаршылармен үздіксіз күресінің нәтижесінде өздерінің дербес болуларына қолдары жетті.  

2. Тропиктік Африка халқына еуропалықтардың отарлау саясатының әсері

      Ерте заманнан бері Африка құрлығы мәдениеттің ошағы болған. Бұл алғашқы адамдардың дамып, өздеріне тән мәдениетін өрістеткенмен, кейінгі кездерде өздерінің дамуы жөнінен артта қалған. Африка халықтарының көпшілігі еуропалық державалардың отарында болады. Еуропалықтардың африка жерлерін басып алуы мен халықтарын аяусыз  құл ретінде пайдалануы халық дамуын тежеген тағы бір себеп. Құл саудасы ХV ғасырдың ортасына дейін Португалия, Англия, Голландия, Франция мемлекеттерінде жүрген болатын. Бұл африкалықтар тарихындағы ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Осы оқиғалар Африка халқының аоға қарай жылжуына кедергі болды. Құл саудасы кезінде жүз млн-дай африкалықтарды Америкаға апарып, құл ретінде сатты, кейбіреулері жолда өліп кетті. Міне, осындай географиялық және сыртқы күштер аборигендерді артта қалдырды.

    Африка құрлығы Еуропа мемлекеттері үшін алтын, піл сүйегі, қызыл ағаш, кейіннен құлдар мен пайдалы қазбаларды өндіріп алу ошағы ретінде болып келді. ХХІ ғасырдан бастап европалықтар Африка жерлерін өзара бөлісіп, жаулап алынған жерлер есебінен байып отырды. Аумақтың басым бөлігін Ұлыбритания мен Франция жаулап алды. Отаршылдық саясатты жүргізушілер арахис, какао, мақта плантацияларында жұмыс үшін африкандықтардың арзан еңбек күшін пайдаланатын болды. ХХ ғасырдың ортасында Африканың саяси картасында тек төрт тәуелсіз мемлекет болды: Египет, Эфиопия, Либерия және қазіргі Оңтүстік Африка Республикасы. Отаршылдық езгінің әсері құрлық мемлекеттерінің барлық салаларының дамуын тежеді. ХІХ ғасырдағы Африкадағы ең үлкен отарлар Ұлыбританияның иелігінде болды, олар: континенттің оңтүстігі мен орталық бөлігінде:   Ботсвана, Лесото, Зимбабве, Замбия. Ал шығысында  Кения, Уганда, Занзибар, Британское Сомали. Сотүстік-шығысында: ағылшын-Египеттік Судан, батысында: Нигерия, Сьерра-Леоне, Гамбия и Золотой Берег. Үнді мұхитында - Маврикий и Сейшель аралдары .

    Францияның  иеліктеріне  Батыс және Экваториялдық  Африка аумағында: қазіргі Гвиней Республикасы, Мавритания, Нигер, Сенегал, Франциялық Судан (Мали), Габон, Чад, Среднее Конго (Республика Конго), Убанги-Шари (Орталық Африка Республикасы), Сомали (Джибути), Мадагаскар, Комор аралдары, Реюньон енді. Ал Португалия Ангола, Мозамбик, Гвинея-Бисау,), Сан-Томе және Принсипи аймақтарын өз отарына айналдырған еді. Германия Камерун, Того және Оңтүстік-Батыс Африка (Намибия).

     ІІ-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары ұлт-азаттық күрестің өсуі нәтижесінде Африка құрлығындағы халықтардың жаппай отарлық бұғаудан босануы. 2-дүние жүзілік соғыста Солтүстік Африканың едәуір жерінде соғыс қимылдары жүргізіліп, одақтас елдер армияларының құрамында оған африкалықтар, арабтар да қатысты. Соғыс біткен соң Африка халықтарының азаттық алуы бағытындағы негізгі оқиғалар басталды. 1945 —1950 ж. Азиядағы отарлық жүйенің әлсіреуі, халықар. саяси сахнадағы өзгерістер Африка халықтарының санасына үлкен ықпал етті. Африка халықтарының азаттық алуы бағытындағы қозғалыстар Египетте 1946 — 1952 жылы, Тунисте 1946 — 1948 ж., 1952 — 1954 ж., Алжирде 1954 ж., Мароккода 1952 — 1955 ж. шырқау шегіне жетті. Метрополия жаңа отаршылдық саясаттың түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіре бастады. Бірақ Африка халықтарының азаттық алуына жаңа тарихи жағдайда бөгет жасау мүмкін емес еді. 1951 жылы 24 желтоқсанда Ливияның тәуелсіздігі жарияланды. Египеттегі 1952 жылғы шілде төңкерісі Солтүстік Африка халықтарының азаттық алуынан соң кезек Сахараның оңтүстігіне, Оңтүстік Африкаға ауысты. 1957 жылы Африка халықтарының ортақ одағы құрылды. Оңтүстік Африкада 50-жылдарға дейін отаршыларға “бейбіт” қарсылық жасалса, 50-жылдардан кейін ашық ұлт-азаттық күрес өріс алды. Уганда, Мадагаскар аралы, Кения, Камерунда қарулы қақтығыстар болды. Экономиялық саяси күрес үдей түсті. Африка халықтарының азаттық алуы Африка халықтарының конференциясы, Африканың тәуелсіз мемлекеттерінің конференциясы үлкен көмек жасады. 1956 жылы МароккоТунисСудан, 1957 жылы наурызда Англия отары Гана, 1958 жылы қыркүйекте Франция отары Гвинея, 1962 жылыАлжир тәуелсіздік алды. Күшпен ұстап тұруға шамасы келмейтін болған соң, батыс мемлекеттері көптеген отарларымен “бейбіт” түрде қоштасуға мәжбүр болды. 1960 жылы тарихта “Африка жылы” деген атаумен қалды. Бұл жылы Африкада 17 мемлекеттің тәуелсіздікке қолы жетті. 1956 — 1966 жылы 34 ел тәуелсіздік алды.абтардың ұлт-азаттық күресін жандандыра түсті.                50-жылдары ұлттық езгіге қарсы күрес нәтижесінде Конгрестер Одағы (1952), Тәуелсіздік Хартиясы (1955), Оңтүстік Родезияда Африка кәсіподақ конгресі т.б. ұйымдар құрылды. 1960 жылы нәсілшілдерге қарсы жасалған бейбіт демонстрацияны Оңтүстік Африка Одағы қанға бөктірді. БҰҰ шешімімен бұл күн (21 наурыз) нәсілшілдікке қарсы Халықаралық күрес күні деп жарияланды. 1963 жылы Родезия Федерациясы тарады. 1964 жылы Малави мен Замбия, 1966 жылы Лесото мен Ботсвана, 1968 жылы Свазиленд тәуелсіздік алды. Бұрын отарлық билік жүргізіп келген мемлекеттер Африка халықтарының азаттық алуы қарсы ұзақ уақыт күрес жүргізді. Соған қарамай 1973-1980 жылдары Португалия отарлары — Ангола мен Мозамбик (1975), Гвинея-Бисау (1973), Сан-Томе, Принсипи т.б. елдер тәуелсіздік алды. Оңтүстік Африка Республикасында 1991 жылы ұлттық теңсіздік жойылып, 1994 жылы Н.Мандела елдің жергілікті халықтан шыққан тұңғыш президенті болып сайланды. Сөйтіп, ұлт-азаттық қозғалысы нәтижесінде халықтардың жанқияр күресі нәтижесінде Африка халықтарының азаттық алуы жүзеге асты. Қазіргі кезеңде Африкада 50-ден астам дербес мемлекет өмір сүріп отыр.

  1. Африка халықтарының этникалық құрамы, діні

Негізінен Африкада 32 автохтондық тілдік семья бар, оның ішінде 7 оқшауланған,  9 топтастырылмаған тілдер бар. Африка тілдерінің көпшілігі ұлттық тілге айналған болса, кейбірі жекелеген тайпалар тілі деңгейінде қалған. Африка халықтарының тілдерін ерекшеліктеріне қарай ірі бес тілдік топқа біріктіруге болады: 1) семит-хамит немесе афроазиялық тобындағы тілдер; 2) судан тілі; 3) банту тілі 4) қойсан бөліміне жататын тілдер; 5) мальгаш тілі.

  1. Семит-хамит тілдер тобында сөйлейтін халықтар  Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Африканы, Сахараны, Шығыс Суданды, Эфиопияны, Сомали жарты аралдарын мекендейді. Семит-хамит семьясындағы тілді: семиттік, кушиттік, берберлік және чад тобына бөлуге болады. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны семиттік тіл тобы: араб және эфиоп тілдеріне жіктеледі. Араб тілінің диалектерінде Солтүстік Африканы түгелдей дерлік,  Ливия, Тунис, Алжир, Марокко халықтары сөйлейді. Сонымен қатар араб тілі Мали, Чад, Нигер және көшпелі араб тайпаларында да кең таралған. Семит тобының екінші кіші тілдік тобына  эфиоп, мұнда – амхар, тигре, тиграй және басқа халықтар сөйлейді.

      Берберлік тіл тобында Солтүстік-Батыс Африка, Сахара шөлін мекендейтін халықтар – кабиль (2,4 млн),  шлих (2,4млн), шавийя,           тамазигт (1,9 млн), туарегтер (975 мың) және басқалары сөйлейді.

      Кушит тілдерінде Солтүстік-Шығыс Африканың тұрғындары сөйлейді. Эфиопияның оңтүстігі мен Сомали елдерінде тараған. Кушит тілдерінде сомали, галла, беджа, ираку, каффа, агау халықтары сөйлейді.

      Чад тілдер тобы Нигерияны солтүстігі, Чад Республикасы, Камерун мемлекеттерінде  таралған. Осы топтың тілдері ішінде хауса тобында Солтүстік Нигерия халқының көп бөлігі сөйлейді. Чад тобына: мандара, бадэ, ангас, анкве, тангале, бура, муби тілдері жатады. 

      Эфиопия мен Сомали халықтары тарихи жағынан  тығыз байланыста және де төркіндес  бір тілде - семит-хамит тіл семьясында сөйлейді. Ал бұл халықтарда ұлттардың қалыптасу процесі жүруде, солардың бірі эфиоптық ұлт. Ол амхараменс семиттік халықтар тигре-тиграл, сонымен қатар кушит тілінде сөйлейтін галла және сидамо тайпаларының негізінде құрылған.

      Тропиктік Африка халқының ¾ бөлігі нигер-конголық тілде сөйлейді. Оның ішінде Орталық, Шығыс және Оңтүстік Африка халықтарының көпшілігі сөйлейтін банту тілдері  ерекше орын алады. Банту тілдік халықтарға: суахили,   рунди, макуа, конго, шона, малави, тсонго, кикуйю, ганда, фанг, зулу, коса және т.б. кіреді. Өзне банту тілдерінде тив, бамилеке, бамум, тикар, экоилар сөйлейді. Осы нигер-конго лингвистикалық тобына келесі кіші тілдік топтар енеді: 1 )бенуэ-конголық – йоруба, игбо, бини, нупе, гбари, игала, идома, эфик, катаб, камбари халықтары; 2) ква тобында – акан, эве, фон, га, лагун халықтары; 3) манде тобында –сонинке, бозо, манден, сусу, ваи халықтары;  4) атлантикалық тобында – фульбе, волоф, сере, диола, темне халықтары; 5) кордафан тілінде – кордафандықтар; 6) адамава-убанги тілінде – чамба, занде, банда, гбайя халықтары сөйлейді.

      Тұтастай  алғанда, Тропиктік Африка, Эфиопия, Орталық және Шығыс Судан халқының 15%-ы афразиялық тілдерде, 6%-ы ніл-сахара тілдік тобында сөйлейтді. Олар: сонгай, канури, канембу, загава, нилот, мурле, берта, гумуз халықтары сөйлейді.

      Қойсан  тілдерінде Оңтүстік Африканы мекендейтін  бушмендер мен готттентот және Африканың  шығыс бөлігіндегі сандаве мен  хадза халықтар сөйлейді. Африканың  басым бөлігін үндіеуропалық  тілдерде сөйлейтін ағылшын, неміс, француз, испандықтар, гректер мен армяндар еуропалық халық өкілдері құрайды.Оңтүстік Африка аумағында дравидтік тілде сөйлейтін Оңтүстік Үндістан халықтары да кездеседі. Африка территориясында африкандық және еуропалық халықтардың араласуы нәтижесінде креоль халықтары: маврикийлер, реюньондіктер, сейшельдіктер, фернандино, гвинейліктер, криол, либерлержәне т.б. қалыптасты. Оңтүстік Африка Республикасында герман тілдер тобында сөйлейтін африкандықтар мен африканерлер халқы пайда болды. Мадагаскар аралдарының тұрғындары малагиліктер мальгаш тілінде сөйледі.

       Қазіргі таңда Африка елдерінде  бірнеше діни сенім топтарын  бөліп қарастыруға болады: ислам,  христиан, иудаизм, жергілікті жеке  культке табыну, аруақтарға сену, дәстүрлі емес дін түрлері.  Жергілікті дәстүрлі культтер мен діндер олар – автохтондық сенімдер, культтер, салттар Африка халықтарының ежелгі даму кезеңдерінен қалыптасқан. Жеке культтерге сену, соның ішінде ата-баба рухына, тайпа көсемдеріне табыну. Тропикалық Африка, Оңтүстік Африка, Мадагаскар аралдарында таралған. Сонымен қатар табиғат пен күнге, отқа табыну секілді дәстүрлі сенімдер готтентот, гереро және т.б. тайпалық өмір сүретін халықтарда кездеседі. Жергілікті дәстүрлі діндерді ұстанушылар 42%-ы Сахараның оңтүстігінде,  ендігі жарты бөлігі Батыс Азия мен Нигерия аумағын мекендейді. Ал жекелеген мемлекеттер бойынша Орталық Африканың халқының 80% -ы, Мозамбик, Либерия, Буркина Фасо, Того, елдерінің  70%-ы,  Гана, Бенин, Кения, Руанда, Замбия, Зимбабе, Ботсвана, Сьерра-Леона, Ангола мен Свазилендтің   60%-дан астам халықы жергілікті дәстүрлі діндерді ұстанушылар.

     Ислам діні –VII ғасырдағы Арабтардың Солтүстік  Африка субрегионын жаулап алуы кезеңінен  тарала бастады.  Алғашында басқыншылар  ислам діні таратуды әкімшілік-экономикалық шараларды қолдану арқылы жүзеге асырыды: исламды қабылдағандарауыр езгіден босатылып, өзге араб-мұсылмандар секілді құқықтарға ие болатын.   Магриб елдерінің толық исламдануы XII ғасырда аяқталады. Кейін ислам діні IX-XI ғасырларда Судан елдеріне тарала бастады. Батыс Африкаға ислам дінін Азия елдерінен қоныс аударған мұсылман саудагерлері әкелген. ХVIII ғасырға дейін ислам діні Тропикалық Африка, Мадагаскар аралдары, Африканың солтүстік-батысына толығымен таралады.

     Қазіргі Африканың мұсылман халықтары арасында исламның сунидтік бағыты басым. Мұнда суннизм барлық төрт мазхабымен таралған: маликит, шафиит, ханбалит және ханифиттік. Солтүстік және Батыс Африканың мұсылмадары маликиттік мазхабты ұстанушылар; Египет пен Шығыс Африка мұсылмандары шафииттік бағытты ұстанушылар ; Оңтүстік Африка Республикасындағы мұсылман халық ханифиттік бағытты ұстанушылар болып табылады.  Африка халқының 41%-ы ислам дінін ұстанады. Ислам дінін ұстанушылардың  жартысынан көбі - 47,2%-ы Солтүстік Африка халықтары, әсіресе Египетте африкалық мұсылмандардың 1/5 бөлігі шоғырланған. Батыс Африкада мұсылмандар жалпы халықтың  33%-ын, басым бөлігі Нигерияда. Ал Шығыс Африкада тұрғындардың 31%-ы мұсылмандар. Ислам дінін ұстанушылар Египет, Ливия, Тунис, Алжир, Марокко, Мавритания, Джибути, Сомалиде көптеп кездеседі.

     Христиан  діні бастапқыда ІІ ғасырдан бастап Египет пен Эфиопияда, Солтүстік Африка жағалауларында тарала бастады. Солтүстік  Африкада VII ғасырдан бастап христиан дінін ислам ығыстыра бастады. Қазіргі  таңда христиан діні Эфиопия халықтарының басым бөлігінде, Судан халқының кішігірім топтарында сақталған. Христиан дінінің екінші таралу кезеңі Африкаға португалдық жаулап алушылардың келуі тұсында болды. Осы кезде католиктік миссионерлердің  Конго,  Гвинея жағалауындағы әрекеттері нәтиже бермеді. -----

     Қазір христиан дінін ұстанушылар саны 330 млн-нан асады. Олардың               8 млн Европа елдерінен келгендер  мен олардың ұрпақтары. Христиандықтың жекелей бағыттарын ұстанғандар  келесі: католиктер - 38%-дан  астам (33млн), протестанттар - 37% шамасында (31 млн),  монофизиты- 24%              (20 млн), қалған бөлігі православие мен униаттар. Христиандардың басым бөлігі – Шығыс және Батыс Африка елдерінде (халықтың 35%-ы) шоғырланған. Ал Оңтүстік Африкада христиандар халықтың ¼ бөлігін құрайды. Әсіресе көп елдерде католиктердің саны протестанттардан асып түседі. Африка католиктерінің көпшілігі Заир, Нигерия, Уганда, Танзания, Бурунди да тұрады. Сонымен қатар Экваториялдық Гвинея, Сан-Томе, Лесото, Реюньон, Сейшель аралдарында католиктер тұрақтанған.

     Индиузмді Африкада Индостан түбегінен шыққан халықтар мен олардың ұрпақтары  ұстанады. Олар біркелкі орналаспаған. Халықтың жартысынан көбі индустер құрайтын Маврикий аралында, ОАР, Кенияның бір  бөлігінде, Шығыс Африка елдерінде  индуизм діні таралған.

     Ал  иудаизмді Африка 270 мыңдай тұрғыны  ұстанады. Соның ішінде мистра –  Солтүстік Африка еврейлері (100мыңнан астам), ашкенази  -  Оңтүстік Африкада тұратын европалықтар (120 мыңдай), фалаша -  Эфиопияның аборигендік халықтарының өкілдері (30 мыңдай).  

Информация о работе Тропикалық африка