Жапония қасіреті

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 23:28, доклад

Описание работы

От, су және жерасты дүмпулері... Жапония бүгін осындай алапат апаттардың астында қалды. 11 наурызда Күншығыс елінде күші 9 балға жететін аса қуатты жер сілкінісі болды. Жер асты толқындарының эпицентрі, тіркелген жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да Токиодан 140 шақырым оңтүстік – шығысында орналасқан. Жер сілкінісінің тасыған қайнары 18,8 шақырым жер астында орналасқан. Жерасты дүмпулері салдарынан цунами болып, толқынның биіктігі 10 метрге жеткен. Күшті жер асты сілкінісі, 13 миллион тұрғыны бар Токиомен қатар, елдің солтүстік-шығысындағы бірнеше префектурада сезілген.

Содержание

Жапония қасіреті және оның салдары..........................................................2
Аса қауіпті объект – Фукусима....................................................................3
Жер сілкінісінің планетаға әсері..................................................................5
Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................6

Работа содержит 1 файл

Japan bayandama.docx

— 21.70 Кб (Скачать)

Жоспар

Жапония қасіреті және оның салдары..........................................................2

Аса қауіпті объект –  Фукусима....................................................................3

Жер сілкінісінің планетаға әсері..................................................................5

Қолданылған әдебиеттер тізімі...................................................................6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапония қасіреті және оның салдары

           От, су және жерасты дүмпулері... Жапония  бүгін осындай алапат апаттардың астында қалды. 11 наурызда Күншығыс елінде күші 9 балға жететін аса қуатты жер сілкінісі болды. Жер асты толқындарының эпицентрі, тіркелген жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 10-да Токиодан 140 шақырым оңтүстік – шығысында орналасқан. Жер сілкінісінің тасыған қайнары 18,8 шақырым жер астында орналасқан. Жерасты дүмпулері салдарынан цунами болып, толқынның биіктігі 10 метрге жеткен. Күшті жер асты сілкінісі, 13 миллион тұрғыны бар Токиомен қатар, елдің солтүстік-шығысындағы бірнеше префектурада сезілген.

10 метр биіктікке көтерілген  цунами Хонсю аралына дейін  жеткен, алты метрлік цунами Хоккайдо  аралына соққы берген. Толқындар жолындағының бәрін шайып өтті. Көп жерлерде электр жарығы мен байланыс желілері үзілген. Әуежайлар критикалық режимде жұмыс істеп жатыр.

Бірінші күнгі мәліметтерге қарағанда апат құрбандарының саны 300 адамға жетті деп хабарланса, соңғы күндері Жапония өкіметі жойқын зілзала мен цунамидің салдарынан қаза болғандардың саны 13 мың адамға жетуі ықтимал екенін айтып отыр. Мияги префектурасында зілзала мен цунамидің салдарынан қаза тапқан 2 мыңдай адамның денесі табылды, жолда келе жатқан көліктерді сумен алып кетті. Бұған дейінгі ресми қаза тапқандар саны мыңның айналасында делініп келген еді, және де Әуе Қарулы Күштер базасын су толығымен басып кетті. Ал Сендай қаласындағы Нобиру станциясы маңымен келе жатқан поезд жоғалып кетті, поезд қазір қайда екені белгісіз. Офунуто қаласында 300-ден астам үй сумен шайылды. Мұнан бөлек елде өрт оқиғалары да жиілеп отыр. Соның бірі Итихара қаласындағы мұнай өңдеу зауытында болды.Тиба қаласында мұнай қорыту зауыты өрттенді, өрт тілі 30 м-ге дейін жетті. 17 мың халқы бар Минамисанрику порттық каласында болған цунамиден кейін 9,5 адам жоғалды.

Апат кезінде Жапонияда 95 Қазақстан азаматтары болды. Токиодағы Қазақстан Елшілігі тәулік бойы жұмыс істеп, Жапония аумағында тұрақты және уақытша тұратын отандастарымыздың орналасқан жерлерін анықтауда. Жер сілкінісі кезінде зардап шеккен адамдардың ішінде Қазақстан азаматтары тіркелген жоқ.

 Жапонияға шет елдерден көмек  келуде, Ресей, Франция, АҚШ, Ұлыбритания  елдері өз құтқарушыларын жіберген. Қытай, Ауғанстан елі көмек  қолын созуға дайын екендіктерін  жеткізген. 

 Сұрапыл табиғи апатқа  байланысты, Қазақстан Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Күншығыс  елінің халқына көңіл айту  жеделхатын жолдады. Қазақстан  осыншама қасіретті кезеңде достас  жапон халқына жан-жақты жәрдем  беруге, оның ішінде гуманитарлық  көмек, құтқарушылар мен өзге  де қажетті мамандарды жіберу  арқылы қол ұшын беруге дайын  екендігін білдірді.

 

Аса қауіпті объект –  Фукусима

 Бірақ, Жапониядағы барлық қиыншылықтардың арасынан ең қауіптісі - Фукусима префектурасындағы екі атом стансасындағы төтенше жағдай. Жапондардың қатты алаңдап отырғаны Фукусима-1 АЭС болып тұр. Күн тәртібіндегі үлкен радиациялық апат ықтималы Жапонияны шайқаған 9 бал күшіндегі зілзала мен цунамиді енді екінші маңызды оқиғаға айналдырып отыр. Фукусимадағы реакторларды салқындату жүйесі істен шыққан.  Реакторларды қатты қызып кету қаупінен сақтандыру үшін теңіз суы пайдаланылуда: тікұшақтар, соңғы шара ретінде теңізден толтырған суларды үздіксіз станцияға төгуде, аймаққа су толы танкерлер жіберілген. Атомдық қалдық өзекшелері орналастырылған хауызда судың таусылғаны, бұл себептен радиациялық көрсеткіштердің өте жоғары деңгейге жеткені алға тартылды. Яғни,  радиацияның бір күндік мөлшері бір жылғы радиация нормасынан артық.

Лауазымдылар жағдай осылай жалғасатын болса, реакторларда жарылыс болатынын білдірді. Америка Құрама Штаттарының адамсыз әуе көліктері де соңғы жағдайды анықтау үшін аспаннан атомдық станцияның суретін түсіруде.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы энергетика агенттігі Фукусима Дайчи атомдық  электр станциясындағы жағдайдың өте  қауіпті деңгейге жеткенін мәлімдеді.

АЭС-ның бiрiншi блогының қасынан  радиоактивтi цезий табылды. Цезий  шынжырлы ядролық реакция барысында  қалыптасатын өнiм болып табылатындықтан, бұл дерек цезийдің осы реактордың ядролық отынының бір бөлiгiн балқыта  бастау мүмкіндігі туралы куәландырады.

Премьер сондай-ақ    зардап шеккен  аудандардағы   халыққа    азық-түлік,   ауыз су және  отын  жеткізу  жөнінде бұйрық берді. Жапония үкіметі апат орын алған екі атом электр станциясының зардаптарын жою үшін БҰҰ-ның Атомдық энергия жөніндегі халықаралық агенттігінен (АЭжХА) көмек сұрады. Ресей Федерациясы ядролық физика саласындағы сарапшы мамандарын Жапонияға жіберді. Олар АЭС-та орын алған апатты жағдайды бақылайтын болады. АЭС-тің айналасындағы 20 шақырымдық аймақтан ондаған мың адам басқа жерге көшірілді.

Жапония премьер-министрі Наото Кан  жапон елі үшін бұл оқиға Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен  апат деп атады. Зардаптың әсерінен болған шығын көлемін анықтау Жапон үкіметі үшін әлі мүмкін болмай жатыр.

      

 

Жер сілкінісінің планетаға әсері

          Басқа да салдарға тоқталып кетсек, жер сілкінісі салдарынан Жердің айналу осі 10-15 см жылжып кетті. Физик-теоретик Мичио Какудың  айтуынша,   апаттан кейін  Тынық мұхитының астындағы   тектоникалық   тақташалардың арасында   ені 400 шақырымға  жететін  жарық   пайда  болып,  жер  қабатының   ауқымды бөлігі сол жарыққа  түсіп   кетті.  Tәулік мерзімі 1,6  микросекундаға қысқарды. Жердің айналу   жылдамдығының артуы  тікелей  салдарға әкелмегенімен,   бұл құбылыс    күннің суытуына соқтыруы ықтимал,  деп ескертеді физик. «Мұз басу дәуіріне  не себеп болғаны  туралы ғылыми теория - жер кіндігінің  аз-аздап  жылжу үрдісі.    Осы  үрдіс   біртіндеп қордалана береді.  Дәл осы үдерістер, Жер кіндігінің     тербелістері     мұздықтар дәуіріне   себеп   болуы ықтимал  дегенге саяды», -  дейді ғалым.

Жерасты дүмпулерінің бұл  жолғы планетаның айналу  осіне тигізген әсері,  2004 жылы Оңтүстік Азиядағы жер сілкінісі  кезіндегідегі әсерден көбірек  болып отыр. Ол жолы жер сілкінісі  жердің осін 6 см жылжытқан еді.

Ал Ресей ғалымдары,    Жапониядағы зілзаланың  жақында Күннің бетінде  болған     үлкен жарылыспен байланыстылығы  туралы  болжам ұсынып  отыр.   Олардың пікірінше,   күн бетіндегі   процестер  жер қабатында  болып жатқан   үдерістерге  «шүріппе»  болуы ықтимал.

Әлем ғалымдарының айтуынша, Жапониядағы зілзаланың кесірінен Оңтүстік Шығыс Азияның жер асты платформасы өзгеріске ұшырапты. Соның салдарынан ел арасында Алматыда да жер асты дүмпуі байқалады, деген қауесет тарады. Алайда жақын арада Қазақстанда ешқандай табиғи қауіп болмайды деп еліміздің сейсмологтары Алматыда өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Khabar.kz сайты

“Егемен Қазақстан” газетасы

“Комсомольская правда” газеті

b-news агенттігі

Kazakhstan.kz сайты

ИТАР-ТАСС

РИА жаңалықтары

ЛИГА жаңалықтары

BBC news

“Интерфакс-Қазақстан” агенттігі

 

 


Информация о работе Жапония қасіреті