Жұмсақ металл
Реферат, 21 Ноября 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Дүниеде 40-тан астам ауыр металл бар. Олардың атомдық салмағы 50-ден жоғары. Осы ретте ауыр металдар бәрі қоршаған ортаға зиянын тигізе бермейтінін айтуға тиіспіз. Солардың бірі – қорғасын. Қорғасын өте ерте заманда белгілі болған металл.
Работа содержит 1 файл
Документ Microsoft Office Word (2).docx
— 19.75 Кб (Скачать)ЖҰМСАҚ МЕТАЛЛ
Дүниеде
40-тан астам ауыр металл бар. Олардың
атомдық салмағы 50-ден жоғары. Осы
ретте ауыр металдар бәрі қоршаған
ортаға зиянын тигізе бермейтінін айтуға
тиіспіз. Солардың бірі – қорғасын.
Қорғасын өте ерте заманда белгілі
болған металл. Ежелгі мысырлықтар
одан теңгелер мен түрлі әшекей бұйымдар
жасағанын тарихтан білеміз. Жер
қыртысындағы қорғасынның басқа
металдармен салыстырғандағы
Қазіргі таңда қорғасын өндіретін негізгі мемлекеттер АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Австралия, Канада, Мексика, Италия, Бельгия, Оңтүстік Корея болып тізбектеледі. Аталған мемлекеттерде дүниежүзіндегі қорғасынның 50 пайызы өндірілуде. Ал ТМД елдері аумағында қорғасынның негізгі қоры Қазақстанда орналасқан. Осы ретте біздер «Казмырыш», Шымкент қорғасын өңдеу зауыты сынды алып кәсіпорындарымызбен мақтана аламыз. Ендігі кезекте қорғасынның мол қоры кең байтақ еліміздің қай аймақтарында шоғырланғаны турасында аз-кем айта кетсек. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы Ащысай қорғасын-мырыш кенішін жұрттың бәрі біледі. Бұл кен орны ежелгі замандарда-ақ мәлім болған. Ащысай қорғасыны XVII ғасырдан бастап орыс, ағылшын кәсiпкерлерiнің көз құртына айналғаны белгілі. Бұл туралы 1627 жылдары жазылған С.Ремзовтың «Чертеж земли безводной и малопроходной каменной степи» деген еңбегiнен көп жайтқа қанығуға болады. Қазақ елі патшалы Ресейге қосылғаннан кейiн Ащысай кенiнен қорғасын алу түпкiлiктi жолға қойылып, тұрақты жұмыс күшi ұйымдастырылады. Патша әскерiн оқ-дәрiмен қамтамасыз ету үшін 1864 жылы Қаратау қойнауының кендерi Түркiстан әскери губернаторлық қарамағына өтiп, басшылық жасауға И. Первушин деген көпес бекiтiлiп, оған 3000 пұт қорғасын өндiру тапсырылған-ды. 1882-1885 жылдары Ащысай кенiнде 200 шахтер жұмыс iстеп, Н.Иванов есімді көпестің басшылығымен 7000 пұт (1 пұт =16 кг) таза қорғасын өндiрiлгені тарих беттерінен кезіктіруге болады. Ал 1890 жылдар шамасында Ащысай шахтасынан қорғасын өндiру Н.Ивановтан жергiлiктi байлар Х.Бабатаев пен Б.Қасновтарға өткен. Кеңес өкіметі орнағанда Ащысай кенi ағылшын Л.Лесманның қолында болған еді. Берекелі кеніш 1918 жылы Қызыл армияны да оқ-дәрiмен қамтамасыз еткені белгілі. Бұл кезеңдерде Ащысай руднигiнде 300-ге тарта қазақ, орыс және басқа ұлт өкiлдерi жан аямай еңбек еткен. Дәл осы кезеңде Түркiстан өлкесiнде ұрыс жүргiзген Қызыл армия үшін Ащысайдың маңызы айрықша болуы.
Ащысай
кенішіне 1934 жылы Шымкент қорғасын
зауытын салуға негіз болғанын да
айтуға тиіспіз. Осылайша 1936 жылдан бастап
қорғасын кентасы кеңінен өндіріле
бастады. Кен орнының ұзындығы 500
метр болса, ені 100 метр, ал тереңдігі 450
метр. Ал таза кеннің қалыңдығы 2-5 метрді
құрайтыны геологиялық
Қорғасынның құрамында қоршаған ортаға әсер ететін консерогенді зат бар екенін естен шығармағанымыз абзал. Оны зауыттарда байытқанда өнімнің әр тоннасынан 20-25 келі зиянды зат табиғатқа тарайды екен. Таралған улы заттың топырақ қабатының 10-15 сантиметр деңгейінде жинақталып, өсімдіктер мен микроорганизмдерге әсерін тигізетінін жасыруға болмас. Сондықтан қорғасын өндіруде заманауи технологияларды енгізудің мәні зор.
ҚАРҚЫНДЫ ДАМУ ЖОЛЫНА ТҮСКЕН ҚОРҒАСЫН ЗАУЫТЫ
Кеңес заманында Шымкентте ірі үш өндіріс орны болғаны белгілі. Олар – фосфор, шина жасау және қорғасын зауыты болатын. Бүгінде фосфор мен шина зауытының аумағы индустриялды аймақ құрылған. Ал қорғасын зауытына келсек, өндіріс ошағының жұмысы күн сайын түлеп, жанданып келеді. Қазіргі таңда нарықта зауыттың өндірген қорғасынына сұраныс өте жоғары. 30-шы жылдары Шымкентте қорғасын зауыты КСРО-дағы өндірілген қорғасынның 70 пайызын өндіргенін біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
2010
жылдың 28 тамызында зауыт қожайыны
«Оңтүстiкполиметалл ӨК» АҚ-ы
мен «Қазақмыс» корпорациясы
және «А-мега трейдинг»
Шымкент қорғасын зауытының тарихы әріде жатыр. Бүгінде ардагер кеншілер Ұлы Отан соғысы жылдары Ащысай руднигiнен қазып алынған қорғасын рудаларының қалай оқ-дәріге айналғанын жыр қылып айтады. Соғыс жылдары Мәскеудегі түстi металл және алтын институтының, тау-кен академиясының түлектерi Шымкент қорғасын зауытына жұмысқа жiберiлгені белгілі. 1938 жылдың өзінде зауытта өндiрiстiк жоспарды 300-600 пайызға дейін орындаған 484 «стахановшы» жұмыс істеген-ді. Осылайша Ащысай кенішінің толық игерілуі және Шымкент қорғасын зауытының қарқынды жұмыс істеуі КСРО-ның шетелдің қорғасынға мұқтаждығынан толықтай құтқарған едi. Ал 1941 жылы 22 маусым күнi фашистiк Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашқанда Ащысай тұрғындары мен шахтерлер жиналып, олардың бәрі бір ауыздан «Жау шабуылына қарсы жан аямай еңбек етiп, қорғасын өндiрудi бiрнеше есе көбейтемiз. Отан қорғауға өз үлесiмiздi қосамыз» деп ұрандатқанын тарихтан білеміз. Соғыс жылдары Қызыл армия темекi, тамақ, нан жетіспегенімен, майдан даласындағы бүкіл ротаға, батареяға оқ-дәрі уақытында жеткізілініп тұрды. Ащысай руднигiнiң арқасында кеңес әскері оқ-дәріден ешқандай тапшылық көрген жоқ. Соғыс жылдары Ащысай фашистерге қарсы атылған оқтың сарқылмас бұлағы, Ұлы Жеңiстiң тұрақты тiрегi болды десек артық айтқандық болмас еді. Жауға қарсы атылған әр 10 оқтың 7-еуi Ащысайдың қорғасынынан құйылғанын қазақ халқы әрқашанда зор мақтанышпен еске алуы орынды. Сондықтан жеңiсті жақындатуда Ащысай руднигiнiң тарихтағы орны ерекше. Қазіргі таңда Шымкент қорғасын зауыты сол кездегі ерлікке толы еңбек жолдарын қайта жаңғыртып, еліміздің экономикалық күш-қуатын арттыруға серпін беріп отыр.