Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 21:31, реферат

Описание работы

Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеуді тәуір көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына мән берген. «Сөзге сөзбен жауап бермесең, сөздің атасы өледі» – деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті біздің заманымызға дейінгі VII – VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды сөйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып, әулие атанған. Анахарсистің өмірлік көзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған.

Работа содержит 1 файл

Тарихи тұлғалардың саяси ой.docx

— 35.25 Кб (Скачать)

   Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Қазақ халқы қисынды, дәлелді сөйлеуді тәуір көреді. Ол әр уақытта сөздің парқына мән берген. «Сөзге сөзбен жауап бермесең, сөздің атасы өледі» – деген қазақ не болса да таусылып, түбіне жетпей тоқтамайтыны белгілі. Біздің мақал-мателдеріміз тұнып тұрған философия. Сондықтан да шешендеріміз сөзін дәлелді, уәжді ету үшін әманда мақал-мәтелдерге жүгініп отырған. Асылы шешен, дәлелді, қисынды сөйлеу қазақ халқы арасында ерте заманнан дәстүрге айналған. Тіпті біздің заманымызға дейінгі VII – VI ғасырлар шамасында көшпелі скифтер арасынан шыққан данышпан Анахарсис бабамыз ертедегі Афиныға барып, дәлелді, қисынды сөйлеп, түрлі ұлағатты іс-әрекеттер жасау арқылы күлі әйгілі гректерді таңқалтырып, әулие атанған. Анахарсистің өмірлік көзқарасы, дүниетанымы күдікке құрылған. Осы жерде ғалым-философтың мына бір түйінді пікірін мысалға келтіре кеткен жөн: «Сенімге негізделген дүниетаным әмәнда шектеулі – ол – көпшілік, тобыр үшін керек. Ал Анахарсис сенімге құл болмаған». Ол тәңірге табынған. Оның болжамынша, «тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол – адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық. Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді». Тәңіріні, керек десеңіз, табиғаттың синонимі деп те қарауға болады.

Ұлы ғұлама Анахарсис скифияның кең даласына сыймай білім іздеп, ғылым қуып Грекиядан бірақ шығады. Оның алғашқы ат басын тіреген үйінің иесі әйгілі ғұлама Солон болса керек. Солон жолаушыдан жөн сұрауға есіктегі құлын жұмсайды. Қонақ: «Қожайыныңа айт, Скифтің сайын даласынан өзіңмен дос болуға Анахарсис келіп тұр», - деп хабарлауын өтінеді. Сонда Солон скифтік дананы сынамақ болып: «Әдетте досты адам өз Отанынан іздемей ме?» деген сауал қойыпты. Анахарсис оған кідірместен: «Ендеше Солонға өз Отанында неге дос іздемеске» - деп тапқырлық танытыпты. Бұған сүйсінген Солон көп ұзамай онымен дос болып кеткен екен.

Сол Солон біздің ұлы бабамызды Грекияның ғұламаларымен таныстырады. Ол әділдігімен, білімділігімен, шыншылдығымен, даналығымен, туралығымен, ізденімпаздығымен елге танылады. Арада талай жылдар, ғасырлар өткенде  де Эллада жұрты кеменің зәкірін ойлап тапқан бабамызды әйгілі «жеті ғұламаның» қатарында атап жүрді. Кейде бұл санаттан шығып қалған күннің өзінде оның есімі Диоген, Биант, Солон, Хилон, Периандр, Фалес, Аристодем, Пифагор сияқты әйгілі грек ғалымдарымен қатар аталады. Басқасын былай қойғанда, гректердің біздің бабамызға ескерткіш орнатып, тұғырына «Басқа пәле тілден» дегендей қанатты сөз жазуы тегінен-тегін болмаса керек.

Анахарсис бар ғұмырын Грекияда өткізбеген. Бұл елден іздегенін тауып, аларын алып, білім, ғылым бұлағынан мейірі қанған ғұлама еліне, кіндік қаны тамған жеріне қайтып оралады. Өнерлі өркениетті елден алған өнегесін ата жұртқа жаймақ болады. Елдің заң жүйесін реформалауға ниеттенеді. Бұған өзінің Скиф бауырлары көнбейді. Ақырында данышпан бабаны қандас туыстары атып өлтіреді. Байғұс бабамыз көз жұмар сәтінде: «Элладада мені ақылым сақтаса, туған жерімде қызғаныш деген қызыл иттің құрбаны болдым-ау», - деп өкінген екен. Ғұламаның грек тілін білгені даусыз. Бірақ түркі тілін білмеді деген әбестік. Өйткені ол түрік тілінде сөйлейтін Скифияда туды, мәйіті де сонда қалды. Бұл кезде және түркі Әліпбиі, жазуы болмады деп тағы айта алмаймыз. Өткені түркінің жазу мәдениетінің болғандығын Орхон-Енисей ескерткіштері әлдеқашан дәлелдеп берген ғой. Ендеше бұл жазуды, бұл тілді Анахарсис білмеді деуге аузыңыз бармайды. Олай болса өз дәуірлерінің теңдесі жоқ алыптар болған Анахарсистың, Майқыбидің, Иоллығтегіннің, Жүсіп Баласағұнның, Ахмет Яссауидың, Абайдың  мұралары, философиялық дүниетанымы осы арнада – түрік тілі арнасында келіп тағы бір тоғысады екен.

Арада XXV ғасыр өтсе де Анахарсистың әңгімелері мен ғибратнамалары қазақтың бүгінгі әдет-ғұрыптарына айнымай ұқсайды. Кезінде Анахарсисты Платон мен Аристотель де өте жоғары бағалаған. Керек десеңіз, формальдық логиканың негізін салған Аристотель де өз ілімінің кейбір принциптерін сол Анахарсистен қалған үлгіден үйренген деген де пікір бар.

Әлемдік ой-пікір тарихында еміс-еміс көрніс берген Анахарсиспен қатар Абарис сияқты дана, абыз бабамыздан да ұлттық ақыл-ойымыздың бастау алатындығын айтпасқа болмайды.

Қазақ халқында мұндай ойшылдық дәстүр ежелден келе жатыр. Асылы әрбір халықтың өзіндік ой тұжырымдары, мақал-мәтелдері, дүниетанымы болады. Демек, дүниеде өзіндік саяси ой пікірі жоқ ешбір халық болмақ емес. Әрине түрлі жағдайға байланысты біреуінде ол жоғары дамыған, белгілі дәрежеде жүйеленген, ал енді біреуінде саяси ойлар бір жүйеге келтірілмеген, жинақталмаған, шашыраңқы күйде кездеседі. Сондай халықтар қатарына қазақ халқында жатқызуға болады. Бұдан келіп, қазақ жерінен жүйелі саяси ой-пікір айтқан данышпандар мүлде шықпаған деп айта алмаймыз. Ел басына күн туған тарихтың небір қысылтаяң кезінде халық өз ортасынан қол бастаған батыр, от ауызды, орақ тілді шешен, ел бастаған көсем, билер мен саясаткерлер шығарып отырған. Сол қасиетті бабалар сапында ғұлама ғалым Әл-Фарабидің өзіндік лайықты орны бар. Ол Х ғасырда аты бүкіл әлемге жайылып, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанады. Әбу Нәсір Әл-Фараби Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Отырарда дүниеге келген. Бірақ өсіп, ірі ғылым дәрежесіне жеткен жері – араб елдері. Ол ұрпақтарына 160 –тай философиялық трактат жазып қалдырған.

Фарабиден екі ғасыр бұрын дүниеге келген Қорқыт ата да үлкен данышпан ойшыл философ болған. Оның туып-өскен және дүние салған жері – қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданы.

Қоқыт ата туралы сөз еткенде мына бір қызық жайды айтпай кетпеске болмайды. Аңыз кейіпкері әйгілі Қоқыт баба мен Екінші Түрік қағанатының негізін қалаушы Тоныкөктің бір адам екендігін жазушы Қойшығара Салғараұлы салыстырмалы тарихи деректер арқылы дәлелдеп шыққан. Жазушының атауында ол Тоңюкөк деп айтылады. Мұндай жаңалықты жазушы түгіл, кәсіпқой тарихшыларымыз да ашпағаны өтірік емес. Тосын жаңалық, қазақ тарихын байыта, кемелдендіре түскен өзіміздің атақты Түрік қағанатының шынай мұрагері екенімізді дәлелеп беретін жаңалық қой бұл.

Қоқыт атаның шығармалары  бүкіл Шығыс елдеріне кеңінен тараған. Оның «Кітаві деде Қорқыт» атты еңбегі Ватикан мұражайында сақталып, 1952 жылы Римде жарық көрген, 1958 жылы түрік тілінде Анкарада басылып шақты. Оның өлеңмен жазылған шығармалары данышпандық, филосифиялық ойлар мен толғауларға толы. Ел арасында Қорқыт ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп. Мәселен, «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас» немесе «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан білер» деген сияқты.

Қазақтың дана, әрі ойшылдарының бірі – Асан қайғы. Ол XV ғасырда Батыс Қазақстанның жерінде өмір сүрген. Асан қайғы көптеген нақыл сөздердің, саяси ой-толғаулардың иесі. Мәселен, «таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады, таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» деген философ жыраудың сөздері көп нәрсені аңғартады. Ол Алтын Орданың  ыдырап, Дешті қыпшақтың орынына бірнеше ұсақ хандықтардың пайда болуын уайымдайды. Асан қайғы елдің бастан кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, ренжиді. Ол малға жайлы, шөбі, суы мол, жұт болмайтын, ел қауіп-қатерден аман, ру арасы тату, байлыққа кенелер қоғамды аңсап, оны «Жерұйық» деп атаған. «Жерұйық» қазақ жағдайына байланысты ойдан шығарылған утопиялық қоғам. Оның адамгершілікті арқау еткен қанатты сөздер де дәл осы кезде туған. Оларды далалықтар күні осы уақытқа дейін қоданады.

ХІ ғасырда қазіргі  Жамбыл облысы жерінде өмір сүрген ірі тұлғалардың бірі – Жүсіп Баласағұн. Ол әрі ақын, әрі ғылымға жаны жақын философ болған. Оның «Құтадғу білік» деген дастаны (1069) сасяат, мемлекет басқару, әдіскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, қанағат, ақыл – сана туралы диалогтардан тұрады. Басқа рубайларында адамдарды – адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Ол артына: «Біліп сөйле, білмегенді үйрет», «Білім – жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады», - дегендей ұлағатты, өсиетті сөздер қалдырған.

Ортағасырдағы ірі ойшылдардың бірі Қожа Ахмет Яссауи. Ол ХІІ ғасырда қазіргі Шымкент облысы Сайрам жерінде дүниеге келіп, саналы өмірін Түркістан шахарында өткізген. Оның басты кітабы – «Диуани хиқмет» («Даналық жайындағы кітап»). Кітапта өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін баяндайды. Жас кезінде жетімдікті, өмірден көрген азабын, шеккен қасыретін айтады. Сондай-ақ бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің, қазылардың харамдық істерін әшекерлеп, сынайды, фәнидің жалғандығын айтады. Дін адамдарының құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіліп, өзін олардан аулақ ұстап, алла тағалаға адал берілгендігін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизмге) ден қояды.

«Диуани хиқмет» кітабынан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты көптеген құнды деректер табылады. Кітап халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл атқарады. Яссауи кедей, кемтарлар жақ болды. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады. Әмір Темір Яссауидің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүнижүзілік маңызы бар Түркістан кесенесін орнатты.

Түркістан жалпы мұсылман әлемінде «екінші Мекке» деген ұғымға айналған. Мұндағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Барлық түрік нәсілдес халықтар Түркістанды байырғы ата-жұртымыздың астанасы деп санайды. Түкістан – қазақ халқының тұтастығының, бірлігінің нышаны. Қазақ ұлттының басын біріктіріп, сыртқы жаудан, ішкі ыдыраудан аман сақтап қалған Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Абылай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. есімдері Түркістан қаласымен тығыз байланысты.

Қазақ арасында бүкіл түрік елдеріне ортақ Қожа Нәсірдің халқымыздың философиялық ой-пікірін оятып, оптимистік сенімін арттырудағы, халықтарды тазалыққа, әлідікке тәрбиелеуге алатын орнын айтпауға болмайды.

Қазақ халқының философиялық ой-пікірінің бір ерекшелігі – оның данышпандықты жоғары бағалағандығы, ойшылдығы, инабаттығы мен қайрымдылығы, кең пейілдігі мен кешірімділігі. Мәселен, Абайдың қарасөздерін алайықшы. Олар үлкен философиялық мәні бар еңбектер. Сөйлемдері қысқа, сөздері нақты. Сондықтанда қалың көпшілік оларды жақсы түсінеді.

Абай - әлемдік тұлға. Ол өзініңі сезімдерімен ғана оқырманаға әсер етіп  қоймай, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол – нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының енбойынан адамдарға деген сүйспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Сонымен қатар, ол, адамның көкірек көзін тұмшалайтын қараңғылық пен надандылыққа қарсы бітіспес күреске шақырады. Ал, гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен ғажайып бір үндестік тауып жататынына еріксіз қайран қаламыз.

Осынау қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазірдің өзінде кез-келген халық өкілінің көңіл пернесін дөп басып жатыр десек, артық айтқандық емес. Абай - әлемдік поэзияның асқарларымен иық теңестіріп тұрған заңғар тұлға.


Информация о работе Қазақстан Республикасының консулдық қызметінің қалыптасуы