Мангыстау мунай-газ кешені

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Февраля 2013 в 12:01, дипломная работа

Описание работы

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.
Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты – 1,6 млрд. тонна, табиғи газ қоры – 5,9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек.

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................................... .9
1 ТАРАУ. МҰНАЙ – ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.................................................................................................................12
1.1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы................................................................12
1.2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы.................................................................................................................18
2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ................................................................................................................................25
2.1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы............................................25
2.2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу..........................................................................................30
2.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы................................................................................................................40
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ.............................................................................................................46
3.1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы...............................................................................................................46
3.2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен
келешегі…………………………………………………………………………53
3.3. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның даму перспективасы...............................65
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ.............................................................................................75
ҚОСЫМША...............................................................................................................................78

Работа содержит 1 файл

ПЗ-ИЗЕТ КАЗdoc.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

Сонымен, «Қазақстан - 2030»  негізінде Қазақстан Республикасының  мұнай-газ кешенінің дамуы Концепциясын жасау қажеттілігі туды. Концепция саланың барлық аспектілерін қамту керек. Бұнда бүгінге дейін қабылданған барлық

бағдарламалар, компанияның  жақын болашақтағы жоспарлары ескеріліп, барлық саланың даму жолы көрсетілуі керек.

 

 

 

 

2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ  МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

 

2.1. Маңғыстау  мұнай-газ кешенінің қалыптасуы

 

       Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік батысында орналасқан. Жерінің жалпы көлемі 16,7 млн.гектар. экономикалық қатынас тұрғысынан алғанда, аймақтың батысы мен терістігінен орала қоршаған Каспий теңізі арқылы Шығыс Европаға шығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түркменістанмен, оңтүстік – шығысында Қарақалпақстанмен, солтүстігі мен солтүстік – шығысында Атырау, Ақтөбе облыстары шаруашылықтарымен шектесіп, Ақтау порты. Қазақ мемлекетінің дүние жүзілік аренаға теңіз су жолы арқылы шығатын орталығына айналуда.

Маңғыстау өндірістік жағынан  кеш игерілді. Маңғыстаудың өндірістік күштерінің дамуындағы түбегейлі өзгеріс  пайдалы қазбалар ресурстарының  ашылуымен байланысты болды. Сондай-ақ, ресурстарды игеру тек Маңғыстаудың өндірістік кешеніне ғана емес, толықтай Батыс Қазақстан экономикасына игі әсерін тигізді. Маңғыстаудың минералды-шикізат ресурстары арасындағы ең маңыздысы Маңғыстау – Үстірт мұнайлы-газды аудандарындағы мұнай-газ қоры.

Мұнайдың негізгі кен  орындары Маңғыстауда, Үстіртте және Каспий маңы ойпаттарында шоғырланған.

Маңғыстау ойпатындағы  мұнай мен газды анықтау бойынша  геологиялық іздеу және геологиялық  барлау жұмыстарының даму тарихын 4 кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең (1887-1949 жылдар) – Маңғыстаудың геологиялық картасы, стратиграфикалық және тектоникалық сызбалары жасалды, ірі локалдық құрылымы құрылды (Қарасаз-Таспас, Ханғы, Түбіжік, Мыңсуалмас

 

және тағы басқалары). Екінші кезең (1947-1959 жылдар) – геологиялық фото бейнесі түсірілді, геологиялық құрылымы, гидрология бойынша картасы жолданды, зертте жұмыстары жүргізілді, жаңа ірі құрылымда ірі зерттеу бұрғылау басталды. Үшінші кезең (1957-1961 жылдар) – Маңғыстау ойпатының өндірістік мұнайлы-газды қабатының барлығы дәлелденді. 1961 жылы шілдеде Жетібай құрылымында мұнай алынды. Төртінші кезең – 1961 жылы бастап, Оңтүстік Маңғыстауда кең ауқымды барлау басталды. Теңге, Тасболат, Шығыс Жетібай, Қаражанбас, Арман және басқа да мұнай кен орындары ашылып, пайдаланыла бастады.7

Мұнайдың негізгі кен  орындары көмірсутектер түріне қарай  төмендегідей болып бөлінеді. Мұнай-газ  кен орындары – 23, мұнай кен орындары -22, газ кен орындары – 14, кен орындарының басым көпшілігі Оңтүстік Маңғыстауда (41 кен орны) және соған сәйкес мұнай мен газдың алынатын қорлары да (бүкіл облыс қорының 66,5 пайызы) осы аймақта. Оңтүстік Маңғыстауда Өзен-Жетібай, Жазғұрлы, Қарақия мұнай-газ зоналары қарайды. Келесі орында бозашы түбегі, онда 8 кен орны (қордың 29,8 пайызы) бар, үшінші – орында -Үстіртте 4 кен орны (қордың 1,2 пайызы) бар.

Маңғыстау мұнай-газ кен  орындары қорының мөлшеріне қарай  өте ірі (қоры 300 млн тоннадан астам), ірі (қоры 30-300 млн. тонна), орташа (10-30 млн. тонна) және ұзақ (10 млн. тоннаға дейін) болып бөлінеді.8

Ірі кен орындарының  қорының пайыздық мөлшері: Қаламқас (14,2 қоры бар), Жетібай (13,6 пайыз), Қаражанбас (7,5 пайыз), Солтүстік Бозашы (6,2 пайыз), Оңтүстік Жетібай (2,0 пайыз), Тасболат (1,4 пайыз), Асар (0,8 пайыз).

1961 жылы ең алғаш Жетібай мұнай фонтаны атқылады. Сол жылы Өзен кен орнында ұңқылардан 1200 метр тереңдіктен мұнай атқылады. Ал 1966 жыл Өзен кен орны алған өндірістік мұнай берді.

 

 

Өзен және Жетібай  мұнайы юра түзілімдеріне жатады. Өзен кен орнында екі мұнай-газ баспалдағынан тұрады: жоғарғысы, яғни бар түзілімдерін қамтитын қатар ғазды болса, юра түзілімдеріндегі төменгі бөлігі – мұнайлы қатар болып табылады. Оңтүстік Маңғыстаудағы юра қабаттарының мұнайы аса сапалы, сирек кездесетін, ерекше мұнай +35+37 градустың өзінде қата бастайды, 1/4 парафинді мұнай жер қойнауында қабаттар қысымымен сұйық күйде сақталғамен, жер бетіне шыға қоюлана бастайды. Өйткені оның құрамында смола мөлшері көбірек, күкірттің қосындылары аз, метанды көмірсутектері басым. Бозашы мұнайлары Оңтүстік Маңғыстау мұнайының құрамынан бөлектеу. Олар күкіртті (2,5 пайызына дейін), парафин қоспалары аз (5,6 пайызға дейін), асфальт пен смола қоспаларының көптігімен (14,8-29,9 пайыз), ауыр салмақты (0,89-0,94), Бозашы мұнайы суыққа төзімді – 17-27 градусқа қатады, құрамында ванадий тотықтары кездеседі.9

Маңғыстауда мұнай кен орындарында тек ілеспе газ ғана емес, табиғи газ кен орындары да бар. Теңге кен орындарындағы табиғи газ қоры 50 млрд. метр куб есебінде бағаланса, Солтүстік Үстірттен Ақкөл газ кен орнында 15 млрд. метр куб шамасында газ қоры бар.

Мұнай өндіру Маңғыстауда  «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің құрылуымен байланысты (қазіргі «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ). 1964 жылы «Маңғыстаумұнай» бірлестігі құрамында Жаңаөзенде «Өзен» мұнай өндірістік басқармасы құрылды.

Осылай мұнай-газ кешені мақсаттарда қалыптасты: 1-ші бағдарлама – уран кен орнын игеру; 2-ші бағдарламада – мұнай-газ кешенін құру.

Бұл бағдарламалардың жүзеге асуы бірдей уақытта болды. 1-ші бағдарлама 50 жылдардың соңында басталды. Өндірістің, энергетикалық

 

потенциалдың құрылуына  Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласы мұнай-газ кенорнын игеруде негізгі база болды:

а) әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым;

б) тұрғындардың өмір сүру деңгейінің салыстырмалы қалыпты жағдайын құру;

60 жылдардың ортасыннан  бастап, 2 бағдарлама қатар орындалды.  Екі бағдарлама да табиғи ресурстарды  кешенді пайдалану принципіне негізделді. Мұнай-газ кешендерінде мұнайды өндіру, газды өңдеу зауытын және пластмасс зауытын құрумен байланыстырылды. Мұндағы айтатын жәйт, аталған бағдарламаларды орындауға шикізатты өңдеу түрлігіне жүргізіледі.

70 жылдары Маңғыстау  мұнай-газ кешенінде ілеспе газды өңдеуде өндірістің технологиялық жабық айналымы құрылды: «ҚазГаз» өңдеу зауыты (Жаңаөзен қаласы), Жаңаөзен – Ақтау этанқұбыры, пластмасса зауыты (Ақтау қаласы).

Нәтижесінде ауаның көмірсутегімен ластануыы біраз қысқарды, (ілеспе газдың 90 пайызы ресурсын өңдеу саласында  қолданылады, ал қалған бөлігі мұнай кәсіпшілігінің қажетіне пайдаланылады), ал халық шаруашылығы құнды пластмасса алады. Сонымен бірге, ҚазГаз-дағы технологиялық сызба ілеспе газдан этанның толықтай алынуын қамтамасыз етпейді. Қазірде тек 43 пайызы ғана алынады. Бұл Ақтау қаласының пластмасса зауытының өндірісті қуатын толық пайдалана алмауына әкелді: зауыт 70 пайыздан кем шикізатпен қамтамасыз етілген. Қазірде ҚазГӨЗ-і этаннан басқа сұйықталған газ, құрғақ газ, пропан, газдан жасалған бензин сияқты өнім түрлерін шығарады және кейбір өнім түрлерін шет елдерге сата бастады.

Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптастырудағы маңызды мәселелердің бірі тасымалды дамыту болып отыр. Мұнай өндірісі көлемінің

 

 

қарқынды ұлғаюы, оны  елдердің мұнай өңдеу зауыттарына  арнай мұнай құбырлары арқылы тасымалдау міндетін алға қойды. Маңғыстау мұнайының тасымалдануын қамтамасыз ету және ұйымдастыру мақсатында, 1985 жылы 16 маусымда «Маңғышлақмұнай» бірлестігі жанында арнайы мұнай-газ өнімі құбыры басқармасы құрылды.

Құбыр жолы, темір жолы және автомобиль транспортымен қатар, Маңғыстау мұнай-газ теңіз және әуе жолы тасымалы да дамыды.

Кешендегі мұнай-газ тасымалының негізгі көлемі жолымен (50 пайызға жуық) және су жолымен (23,4 пайызға жуық) жүзеге асырылады. Ал автомобиль тасымалы көбінесе кешеннің ішкі жүйесіне қызмет көрсетеді.

Маңғыстау кешеніндегі  өндірістік күштердің дамуына ауыз судың жеткіліксіздігі үлкен  әсер етеді. Маңғыстау кешеніндегі  сумен қамтамасыз етуде тұщыту қондырғысы, Сауысқан, Түйесу кен орындарының  жерасты сулары негізгі су көздері болып отыр.

Сонымен, 1996-2006 жылдары республикада өнеркәсіп өндірісі жалпы алғанда 19,4 пайызға өскенде, Маңғыстау облысында ол – 48,5 пайызға көтерілді. Маңғыстау аймақтық өндірістік кешені үлесіне жалпы республикалық мұнай өңдеудің 30,5 пайызы келеді. Маңғыстау облысында 90 пайызға жуық мұнайды «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ (27,2 пайызы республика көлемінің) өндіреді.10

Маңғыстау тұбегінің  мұнайын игеру және мұнай өнеркісібін  Қазақстанның халық шаруашылғы салаларының  қатарына қосу, республиканың экономикалық дамуындағы ірі оқиға болды. Маңғыстау түбегіндегі мұнайлы-газды ауданды жедел қарқынмен игерудің нәтижесінде, республикада мұнай өндіру 10 жылда 2,4 есе көбейді. Тек 2002-2007 жылдары республикада мұнай

 

 

өндіру 1,8 есе артты. Мұнай өндіру негізінде қарқынды түрде Маңғыстау аумақтық өндірістің кешені қалыптасты.

 

2.2. Маңғыстау  мұнай-газ кешенінің қалыптасуының  негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу

 

         Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының әртүрлі кезеңдері мұнай-газ кешенінің қызмет көрсетуші салалар мен ондағы өндірістік қуаттарды тұтынуына, яғни капитал салымына байланысты.

Маңғыстау мұнай газ  кешенінің шаруашылық игеру процесін 3 әртүрлі кезеңге бөлуге болады: бірінші (1961-1968 жылдар) – территорияны пионерлік игеру; екінші (1969-1978 жылдар) – кешеннің интенсивті қалыптасуы; үшінші (1979-1985 жылдар және бүгінгі күнге дейін) – кешеннің қалыптасуының аяқталу кезеңіне көшуі; (технологиялық кешенімен бірге, инфрақұрылымы да).11 Аталған кезеңдердің сапалық айырмашылығы шаруашылық құрылымынан көрінеді. Сонымен, пионерлік игеру кезеңінде өндірістің өндіру саласы меңгерілді.

1965 жылы 10 маусымда Өзен-Маңғыстау-Мақат  темір жолымен алғашқы Өзен  мұнайы Атырау мұнай өңдеу  зауытына жіберілді. Осы күннен  бастап, Маңғыстаудың мұнай өндіру өнеркәсібі өзінің тарихын бастады. Бірінші құбыр жолы тасымалын құру кезінде отандық тәжірибеде алғаш рет ұзақ қашықтыққа тасымалдау процесінде жоғары парафинді мұнайды қыздыру әдісімен айдау мәселесін шешуге тура келді. Құбыр желісімен тасымалдаудың тәжірибесінде

жоғары температураның өзінде қоюланатын мұнайды айдаудың саңғыстаулық нысаны өте ерекше еді. Отын ретінде көп мөлшерде мұнай  мен газды 

 

 

пайдалатын – мұнайды ысыту үшін арнайы пештер қолданады. (Отын ретінде жылына 46,5 мың тонна мұнай мен газ қажет). 1966 жылы ұзындығы 140 км. болатын Өзен-Жетібай-Ақтау алғашқы ыстық мұнай құбыры пайдалануға берілді. Осы құбыр арқылы Оңтүстік Маңғыстау мұнайы Ақтаудағы теңіз порты арқылы тасымалдауға мүмкіндік алды. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қарқынды қалыптасу кезеңінде мұнай өндіру 1970 жылы 11744 мың тонна болса, ал ең жоғарғы көрсеткішке 1975 жылы 20990 мың тоннаға жетті.

Маңғыстау мұнай-газ кешенінде мұнай мен газды өндіру динамикасы суретте көрсетілген. Сондай-ақ 1975 жылы мұнай өндіру көлемінің жоғарылауы Бозашы түбегіндегі жаңа Қаламқас пен Қаражанбас кен орындарының өңделуі нәтижесінде жүзеге асты. Газ өндіру мұнай өндірумен бірге ең жоғарғы көрсеткішке 1975 жылы жетті. Сонымен бірге, мамандану саласында да болашақ жетілу жүзеге асуда. Мұнда қайта өндеу саласының үлесі айтарлықтай өсті. 1973 жылы Республиканың газ өңдеу тұңғышы «ҚазГаз» өңдеу зауыты іске қосылып, Маңғыстауда 0,5 млрд. текше метр газды айырып-өңдеу мүмкіндігіне қол жетті. Газ өңдеу өндірісінің жалпы салмағы 1975 жылы 4,6 пайыздан 1980 жылы 9,6 пайызға өсті. Сондай-ақ, жаңа сала химия өнеркәсібі 1979 жылы Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының іске қосылуына байланысты дамыды. Нәтижесінде, территориялық өндірістік кешеннің жалпы қоғамдық өнімінде басты сала – мұнай-газ өндірісінің жалпы салмағы төмендеді – 1975 жылы 79,8 пайыздан 1980 жылы 68,5 пайызға жетті.

1969-1978 жылы мұнай өндірудің  жоғарғы қарқынына жету транспорт, электр станциясы, құрылыс, сондай-ақ тұрғындарға қызмет көрсету сферасы сияқты қосымша өндірісті айтарлықтай дамытуды қажет етті.

Мұнай-газ кешенінің электр энегриясын өте жоғары деңгейде тұтынуының себебі, Маңғыстау мұнайының құрамында парафин мөлшерінің

 

көптігі (34 пайызға дейін), жоғары тұтқырлығымен және +28+30 градус төмен температурада қоюлану қасиеттеріне байланысты оны өндіру мен тасымалдауға қосымша жағдайлар қажет, атап айтсақ, әрбір 90 шақырым сайын қарапайым мұнайға қарағанда Маңғыстаудың жоғары парафинді мұнайын жеткізудегі тасымалдау шығындарын айтарлықтай көтереді; капитал салымы 10-12 пайызға жоғарыласа, ал ағымдағы шығындар 30-40 пайызға жоғарылайды. Қарқынды қалыптасу кезеңінде аймақаралық құбыр желісі транспорт жүйесін құру аяқталды. Осы кезеңде Одақтың Европалық бқлігінде Маңғыстаудың табиғи газын беру үшін, Орта Азия – Орталық газ құбырына апаратын желі салынды, сондай-ақ, Өзен-Атырау-Самара мұнай желісі іске қосылды. Осы кезеңде, яғни қалыптасудың екінші кезеңінде:

а) мамандану саласындағы технологиялық өзара жақын кешен құрылды: мұнай өндіруші, газ өңдеуші, газ және химия өнеркәсібі;

б) қосымша салалар  дамыды: энергетика, транспорт;

в) мұнай-газ кешенінің  аумақтық құрылымы қалыптасты;

г) әлеуметтік-тұрмыстық  инфрақұрылым құрылды.

Екінші кезеңге тән  сипат – (1969-1978 жылдары) 61,6 пайызға  дейін капитал салымдарының мамандану  саласында жалпы салмағының өсуі болып табылады. Капитал салымының өндірістік емес сферадағы үлесі аз ғана көтерілді.

Үшінші кезеңде (1979-1985 жылдары) – мұнай-газ кешені қалыптасудың аяқталу кезеңіне өтті. Бұл кезеңнің негізгі сипаты болып, мұнай өндіру деңгейінің құлдырауы және бүгінгі күні оның тұрақтануымен ерекшеленеді.

          Мұнай-газ кешенінің шикізат базасы 1985 жылы жеткен мұнай өндіру деңгейінің көлемін тұрақты қолдап қалуға мүмкіндік береді.

 

 

Кеңестік құрылымы мен  Маңғыстау мұнай-газ өндіру капитал салымының үлесі біраз өсті (яғни 37,5-тен 52,8 пайызға дейін), ал бұл қаған мұнайларды шығару үшін өндірістік қуатты жандандыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Ал қалған салаларда аз ғана өсім байқалды, ал бұл құрылымның өзгеруіне әсер етеді.

Сонымен, капитал салудың құрылымы – қалыптасудың аяқталу кезеңіне өтуді куәландырады: инвестицияның негізгі ағымы мамандану саласының дамуына бағытталды. Сонымен бірге, мұнай өндіру мен қызмет көрсетудің өндірістік қуатының салааралық теңгерушілігі, тұрғындардың әлеуметтік қажетін қосымша салалардың қанағаттандыру деңгейін талдай отырып, капитал салудың аяқтау кезеңі деп қорытынды жасауға болады.

Информация о работе Мангыстау мунай-газ кешені