Оңтүстік Маңғышлақтың шөгінді тау жыныстарын зерттеу және литологиялық қимасын тұрғызу

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 22:29, курсовая работа

Описание работы

Шөгінді тау жыныстары — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Содержание

Кіріспе бөлім
І. Теориялық бөлім
1.1 Оңтүстік Маңғышлақ мұнайлы атырабы
1.2 Шөгінді тау жыныстарды зерттеу тәсілдері
ІІ.Арнайы бөлім
2.1 Литологиялық – стратиграфиялық қимасы
2.2 Оңтүстік Маңғышлақтың шөгінді тау жыныстарын зерттеу
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Курсовая работа.docx

— 592.20 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ  АТЫНДАҒЫ  КАСПИЙ  МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ  УНИВЕРСИТЕТІ

« МҰНАЙ  ЖӘНЕ  ГАЗ» ИНСТИТУТЫ

«ГЕОЛОГИЯ»  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

Курстық  жұмыс

Тақырыбы:  Оңтүстік Маңғышлақтың шөгінді тау жыныстарын зерттеу және литологиялық қимасын тұрғызу.

 

Пәні:  Литология

 

 

 

 

 

 

                                                                         

                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Орындаған:

            Қабылдаған:  аға  оқытушы 

                                                                                         Жиенбаева Г И.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау -  2012ж

 

 

 

 

 

 Жоспар:

 

  Кіріспе   бөлім

 

І.  Теориялық бөлім 

         1.1  Оңтүстік  Маңғышлақ   мұнайлы атырабы

         1.2  Шөгінді тау жыныстарды зерттеу тәсілдері

 

ІІ.Арнайы бөлім

         2.1  Литологиялық – стратиграфиялық қимасы

         2.2  Оңтүстік  Маңғышлақтың  шөгінді тау жыныстарын  зерттеу

 

ІІІ.  Қорытынды  бөлім

 

ІV. Пайдаланған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Шөгінді тау жыныстары — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.

Шөгінді  тау  жыныстарының  ең  басты  көрнісі  олардың  бір – бірімен   үнемі  параллель  немесе  параллельге  жақын  орналасуы,  жыныс  қабаттары  бір  - бірімен  құрамы ,  құрылысы, түзілімі,  түсі  арқылы  ажыратылады.

Шөгінділердің   жеке  қабаттары  бір – біріннен  қаттасу   шектерімен  ажыратылады. Қабаттың  төменгі  межесін  табаны,  үстіңгі  шегін  жабуы  дейді.

Шөгінді  жыныстардың  әуелгі  пішіні   - біркелкі  жыныстардан  түзіліп,  параллельге  жақын  беттермен жабуымен  және табынымен,  шектеліп  көлбеу жатқан  қабат.

Шөгінді  қабаттарды  цементтеуші  ертінділердің  ролін  кремний (кварц, опал, халцедон), темір  тотықтары,фосфаттар,  карбонаттар.

Кремний, Sі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы хим. элемент, ат. н. 14, ат. м. 28,086. Жер қыртысындағы мөлш. 29,5%, басты минералдары – кремнезем және силикаттар. Металдай жылтыр, күңгірт сұр түсті кристалдар; тығыздығы. 2,33 г/см3.

Кварц, шынытас – табиғатта ең көп таралған тау жынысын түзуші минерал. Кварц әр түрлі жыныстарда ксеноморфты агрегаттар, ұсақ түйірлі масса, жеке, қосарланған кристалдар, друзалар түрінде кездеседі. Кварцтың қаттылығы. 7, меншікті. салмағы. 2,6 г/см3.

Гипс, сульфаттар класының минералы,химиялық формуласы CaSO4Һ2H2O. Гипс ақ, мөлдір кейде қоспаларына байланысты түрлі түсті, шыныша жылтыр; қаттылығы 1,5 ,  меншікті салмағы 2,3 г/см3, балқу температурасы 32 – 410С

Шөгінді  тау  жыныстары  генетикалық  пайда  болуына  байланысты 

  • Кесекті;
  • Хемогенді                                                                                          3                                         
  • Оргоногенді.

       Кесекті жыныстарына псефиттер,  псалиттер,  альевриттер,  пелиттерден тұрады. Олар  өлшеміне  қарай

  1. Ірі  кесекті  1мм жоғары;
  2. Орта дәрежелі   1 – 0,1 мм аралығы;
  3. Төмен  дәрежелі 0,1 мм төмен.

       Хемогенді тау жыныстары химиялық  процесс нәтижесінде теңіз ,  көл түбінде т.б жағдайда  қалыптасады. Мысалы:  ас  тұзы, гипс,  ангидрид,  доломид, . т.б жатады.

Оргоногенді  тау  жыныстары  -  органикалық  қалдықтардан,  яғни  өсімдіктердің,  жәндіктердің  қалдығыннан  түсіндіріледі. Мысалы:  ізбестас,  ракушечник,  көмір,  торф  жатады.

Шөгінді  жыныстардың   құрылымдық (структурасы) түрлері   оларды   құрайтын   кристалдық түйіршіктермен  кесек  бөлшектердің  ерекшеліктерінің  мөлшеріне ,  тегістігіне,  тығыздығына  қарай  ажыратылады.

Шөгінді  тау  жыныстарды  құрайтын  минералдық  түйіршіктердің  орналасымдық  түрлері  (текстурасы).

  1. Қабатты -  құрамы  әр  түрлі  қабаттардың  кезек  алмасып  орналасуы  жағдайында  минералдық  түйіршіктердің белгілі  бір  бағытты  созыла  орналысуын  айтамыз.
  2. Массивті  бір – біріне  өте  тығыз  орналасқан  біркелкі түйіршектен  табылады.
  3. Ретсіз  - ірілі  ұсақты түйіршіктердің  ретсіз  орналасу  жағдайында  байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                     4

      

1.1 Оңтүстік   Маңғышлак   мұнайлы  атырабы   Қазақ   КСРО мен және де Маңғышлак   облысының  шетінде  орналасқан.  Солтүстік -  Кавказ – Мангышлак   мұнай  - газ  провинциясына  кіреді.  Ауданы  50мың км2  ден артық.  Ең  алғаш мұнай 1961 жылы Жетібайда ашылды. 1987 жылы 25 түбегейлі жерлер анықталды.  Оңтүстік  Манғышлак мұнай газ облысы  Жетібай және  Шақпақты  аудандарына қосылады. Мұнайды қайта өңдеу орталықтары – Өзен,  Жетібай

  Манғышлак  Үстірт  МГП – ы шегінде:  Оңтүстік  Манғышлак  және  Солтүстік  Үстірт  мұнайлы  - газды  облыстар бөлінеді.

Оңтүстік  Мангышлак  МГА  Қазақстан  өнеркәсібіндегі   ірі  шикізаттық  база  болып  табылады.   Манғышлақ  мұнайының  алғашқы  шапшымасы  1961 жылы  маусым  айында  Жетібай   алаңында  ашылған.  Сол  жылдың  желтоқсан  айында  өзен  мұнайының  алғашқы  фонтаны  алынды.

Геологиялық  жағынан  ол  Скиф  - Тұран эпимезозой  платформасының   бір   бөлігін   алып   жатыр.   Мұнда  шөгінді   мезозой  - кайназой  тысы  қатпарлардың  күрделі  жүйесіне  қыртысталған  юраға  дейінгі  кристалды  тау  жыныстарына   жайғасып  жатады,  ал  орталық  бөлігінде  геофизикалық  әдістермен  континенттік  қыртыс  үшін  типті  гранитті  қабат  табылған.  Соңғы  мәліметтер  бойынша  (Попков, 1985; Панасенко, 1983; Берекелиев  және  басқалар,  1995)  Скиф  - Тұран  тақталарының  Оңтүстік  бөліктерінің  іргетасын  ақырғы  аккреациялау  тек  мезозойдың  ең аяққы  және  магниттік  ауытқулармен  көрінетін офиолитті  жымдар  ортаңғы   Каспий  айдынына  созылып   жатыр. Осылайша,  ол  бірнеше  шағын  тақталардан  құралған  күрделі салыңған іргетасты  болады.  Маңғышлак  көтерілімі  алаптың  осы  бөлігін  Солтүстік  Каспийден  бөліп  тұрады. 

Ортаңғы  Каспий  алабының  шығысында  қатпарлықтың  Қаратау  белдемі  аса  жоғары  көтерілген.  Ол  батыста  біртіндеп  Түпқараған  беліне  өте  отырып,  оңтүстік – шығыс   солтүстік  - батыс  бағытта  батырылады,  мұнда   жер  үстінде   жоғарғы  бор  тау  жыныстары  шығады.  Ары  қарай,  Каспий  теңізінің  айдыны  шегінде  мезозой  түзілімдері  ірі  пермоотриасты  ойыстар  түзе  отырып  терең  батырылады.  Гравиметриялық  зерттеулер  көрсеткеніндей,  аймақтың   теңіздік  бөліктерінде,  жекелеп  алғанда  Маңғышлақ  дислокациясы  белдемінде  қатпарлықтың  сызықтылығы  жазылады.

                                                                                                                      5

Оңтүстік   Маңғышлақ  ойпаңы – іс  жүзінде  Ортаңғы  Каспий  алабының  шығыс  орталық  қанатының  жалғасы.   Бұл  құрылымның  Солтүстік  шекарасы  Манғышлак  дислокация  белдемдері  көтерілімін  бойлай,  шығыста – Биринжик   ойпатымен  өтеді,  ал   оңтүстік  шектеуіне  Қарабұғаз  дөңесі,  құрлықта  Жетібай  - өзен  және  Қоқымбай  сатылары,  Түпқараған,  Бекебаш – құдық  белдері,   Песчаномыс – Ракушечті  дөңесті  көтерілімі,  Сығынды  және  Жазгүрлі  депрессиялары,  Солтүстік  - Қарабұғаз (Ақтау – Кендірлік)  сатылары    болып  табылады.  Оңтүстік  Манғышлак  - Үстірт – Солтүстік  Түркімен  жүйесінің  батулары  аталған  құрылымдарды,   сондай   - ақ  Ассакеаудан  және  Дарьялық  - Даудан  ойпаңдарын  қосып  алады.

Оңтүстік   Манғышлак  ойпаңының  батысында   Солтүстік   және  Оңтүстік  ернеулермен  терең  батумен  сипатталушы   Сығынды  депрессиясы  орналасқан.  Шығыста  орталық  клинді  Қарақия  ойпаты  өтеді,  Батыс  манғышлак  ойысында  ашылады. Солтүстік  ернеуінде  бұрғыланған   Саура  алаңында   3308метр  тереңдікте  пермь   таужыныстарының  беті  ашылды,  ал  Сығынды  алаңында  4500метр   жуық  терең  ұңғымада  олар триас  түзілімдерінде   тоқтатылған  (беті  2960м  ұңғыма  5 ). Депрессиялардың  өлшемдері  - триас  беті  бойынша  1000 – 2500 м  амплитуда   да  80 х 30км  тәртіптен,  оның  созылымы  жалпы  маңғышлақтық  . 

Маңғышлакта  айқындалған  көмірсутектер  шоғырлары  сол  немесе  басқа  ауданда  кен  орындарының  тұрған  жері  ретінде  көпшілігінде   алдын – ала  анықталған  әртүрлі  фазалық  жағдайлармен,  сондай – ақ  өнімді  кешеннің  гипсометриясы  мен  сипатталады.  Бұл  заңдылық  Жетібай  – Өзен  тектоникалық  сатыларының  кен  орындарында  біршама  анық білінеді.  Сонымен  біршама  баттыңқы  антиклиналь  сызықтар  шегінде   табылатын  Оңтүстік  Жетібай,  Ақтас  Тасболат,  Теңге  кен  орындарының  өнімді  шоғырлары  басым  түрде  газдылық  және  не болмаса  таза  газды  не  болмаса  мұнайқанықты  мұнайгазды  болып  табылады.

Ең  жоғарғы  гипсометрлік  жағдайда    алып  жатқан  Өзен  -  Қараманды  бас  антиклиналь  сызықтарының  кен  орындары  мұнайдың  аса  көп  жинақталуымен  сипатталады.

Манғышлактық  мұнайдың  көмірсутектілігінің  химиялық  құрамы  жақсы  зерттелген   және  көп  еңбектерде  жарық  көрген.  Бор  түзілімдерінің  газы  құрамы  бойынша  Оңтүстік  Манғышлаққа   юра 

                                                                                                                      6

 түзілімдерінің  табиғи  және  серіктес  газдарына  ұқсас,  яғни  ол    

 агрессивті  күкіртті  қосылыстардың   болмауымен  және  көмірсутекті   емес  қоспалардың  аз  мөлшерлерімен  көрінеді.

 

Оңтүстік  Манғышлақ  мұнай  – газдылық  атырабы

 

1.1.2 Маңғышлақ  мұнай  – газдылық  түзілімдерінің  стратиграфиясы

 

Төрттік  жүйе  - Үстірттің бетінде төрттік түзілімдер  жұқа  қабаты  тас шақпалы гипстелген  саздақтар мен құмдақтар жапқыштарда құралған.  Каспий   жағалауларының  бойында Песчанный мүйісі  ауданында   және  Қарақия ойпатында   құмдармен ,  малтатастармен, детритті  әктастармен көрініс тапқан  теңіздік  түзілімдер  1бірнеше таралған.  Омыртқасыз  жануарлар кешені  және геоморфологиялық  қатынастары бойынша олар жаңа  каспийлік ,  хазарлық  және  бакулық   региожікқабаттарға бөліневі.  Шындар  беткейлерінің бойымен делювиалды  және делювиалды – пролювиалды саздақтар   және  қалыңдығы 10м дейінгі мол   тасшақпалы  құмдар  таралған.  Көптеген  аудандарда  төменгі бедерде қалыңдығы 15м дейінгі шағылды құмдар  дамыған.

 

 

                                                                                                                      7

Неоген жүйесі , Плиоцен. 

Ақшағыл  және  понттың  региожікқабаттардың  түзілімдері  қалдықтар   түрінде  таралған  детритті  және оолитті  әктастардан  құралған.  Ақшағылдың  қалыңдығы  - 20 м,  понкттікі – 17м.

Жоғарғы  және  ортаңғы  миоцен.  Қалыңдығы  50м  дейінгі  детритті,  оолитті,  әктастардан  құралады.

Сарматтық  түзілімдер  шайылуымен  ортаңғы  миоценде  жалғасады  және  Оңтүстік  Маңғышлак  МГА –ң  барлық   шегінде  таралған,  мұнда   Оңтүстік  Маңғышлак   және Үстірт  қыратын  алып  жатады.  Региожікқабаттардың  жоғарғы  бөлігін – әктастар, бақалшақтастар,  Ортаңғы  бөлігін  – әксаздар,  қабатшықтар,  саздар,  ал  төменгі  бөлігін - әксаздар,  қабатшықтармен  қатар  сұр  саз  түзеді. Қалыңдығы – 120м.

Ортаңғы   миоцен  - қалыңдығы   25м, конк  және  қараған  региожікқабаттарына  жататын бақалшақтастар  мен  ұсақ түйіршікті  құмтастар,  саз,  әксаздан  құралады.

Төмеңгі  миоцен  - қалыңдығы  800м,  майкоптық  сериялардың  саздарының  біріңғай қатқабатынан  құралған.

 

Палеоген  жүйесі,  Эоцен. 

Жоғарғы  эоценге  қалыңдығы  50м  ақ,  қоңырқай,  жасыл  әксаздардан  құралған    адай  свитасы  жатады.

Ортаңғы  эоценге қалыңдығы 20 -30 м  жоғарыда әктас  және   төменде  саз  қабатшықтарымен  қатар  әксаздардан  көрінетін , Чат  свитасы  бөлініп  шығады . Оңтүстік  Маңғышлак  МГА  төменгі  эоценмен  жоғарғы  палеоценге  саз  және  әкса  қабатшықтарымен ,  фосфоритті  жалбырлармен  бірге сұр  құмтастар  жатады. 

Информация о работе Оңтүстік Маңғышлақтың шөгінді тау жыныстарын зерттеу және литологиялық қимасын тұрғызу