Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 17:23, реферат

Описание работы

Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне ыкпал етті.

Работа содержит 1 файл

Экология.docx

— 23.75 Кб (Скачать)

Ш. Ш. Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде болғанын танытады. Ол революцияшыл-демократтық  көзқарас, тұжырым-түйіндер жасау биігіне  көтеріле алмағанымен, көптеген қоғамдық құбылыс-көріністерді озық ой-таным  тұрғысынан талдады, ағартушылық-демократтық  көзқарастар қалыптастырды.

Заманында дүниежүзілік ғылымға  елеулі үлес қосқан Ш. Уәлихановтың әр салалы, терең мазмұнды еңбектері, өзінің асыл тұлғасы мен жарқын бейнесі  тарихтың әр кезеңінде жоғары бағаланды. Ол туралы замандастары жан тебірентерлік  жылы лебіздер қалдырды. Шығысты зерттеуші  әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды  «Асқан данышпан жас жігіт», «тамаша  ғалым», «қазақ халқының ең жақын досы әрі орыстың мемлекеттік мүддесін қадір тұтушы» деп атады. «Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын  тапқан болса, ол өз халқынық шын мәнісіндегі  асқан данышпаны болар еді» —  дейді Г. Н. Потанин. «Шоқан Шыңғысұлы  Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан  құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте  шықты. Орыс ориенталистері бірауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры  туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» —  деп жазды аты әйгілі шығыстанушы  ғалым Н. И. Веселовский. Оның редакциясымен  Ш. Ш. Уәлиханов шығармаларының жинағы Петербургте 1904 жылы жарық көрген еді. Шоқанды көрген, оны жақсы білген ғалымдардың жылы лебіздері оның еңбегін ғылым әлемі әділ де жоғары бағалағандығы болып қала бермек.

Ш. Ш. Уәлихановтың жарқын есімі  Көкшетау облысындағы бір ауданға, бір совхозға Талдықорған облысында  колхоз бен совхозға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтына  берілді. 1958 жылы Ш. Ш. Уәлихановтың Алтынемелдегі  қабірі басына, бұрын қойылған мәрмәр тас қабырғасына өріліп жымдасқан  биік обелиск орнатылды, «Алтынемел»  архитектуралық комппексі салында. Ш. Ш. Уәлиханов — ЮНЕСКО биігінде болуға лайық асқан ғалым, қазақ  халқының мақтанышы.


Информация о работе Шоқан Уәлиханов (1835-1865)