Абылай ханның сыртқы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 15:59, реферат

Описание работы

Орта жүз бен Ұлы жүздегі жағдай аз уақыт турақталғаннан кейін XVIII ғасырдың 40-жылдарының аяғына қарай тағыда шиелініске бастады. Қойтайшы Калдан –Церен қайтыс болған соң Жоңғарғарияда орын алған өзара қырқыс осы құдіретті державаның әлсіресеуіне және бүкіл аумақтағы саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеп соқты. Қалыптасқан жағдайды пайдаланған қазақ даласының билеушіері де Жоңғария мен көрші мемлекеттердің істеріні белсене араласа бастады. Орта жүз бен Ұлы жүздің ресми ханы Әбілмәмбет болып қалғанына қарамастан, нақты билік бірте-бірте ықпалды султан Абылайдың қолына жинақтала берді, ол қазақ – жоңғар соғыстарының барысында қалыптасқан батырлар мен билердің үлкен қолдауын сүйенетін.

Содержание

І.КІРІСПЕ
ІІ.Негізгі бөлім
а)Абылай ханның екіжақты сыртқы саясаты
ә)Абылайдың Орта Азия хандықтарына қарсы ұстанған саясаты
б)Абылайдың сыртқы саясатына қатысты құпия мәліметтер
ІІІ.Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Абылай туралы.docx

— 34.21 Кб (Скачать)

1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.

Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты. 
 
 
 
 
 
 
 
 

б)Абылайдың  саясатына қатысты  құпия мәліметтер

Абылай  ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен  тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің  ханымын дегенін дәлелдейтін генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатынан мысалға келтірейік:

«...Генерал  мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез  арада қолдан келмейді. Жеріміз өте  үлкен. Сол себепті кімнің қайда  көшіп жүргенін білу мүмкін емес.

Қытайдың  Богдо ханына мен өз талабымды  айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге  қарсы шықса немесе дөрекілік  білдірсе, онда біз оларға қарсы  тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек  сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек  беруге дайын еместігін білдірді.

Осыған  байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі  бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.

Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.

Ұрыларды  ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге  келуіміз керек Мен сіздің әскерді  алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен  бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін  жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой Әскер берсеңіздер  де, бермесеңіздер де маған хабар  беріңіздер. Соңында сізге көп  жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».

Елде  тәртіп орнатпаса, старшындардың өзара  бейбіт өмір сүрулері мүмкін еместігін  Абылай хан түсінді.

Абылай  ханға Ресейдің канцлері, Орынбор  және Сібір губернаторлары сенімсіздік  білдіріп, үнемі оның ордасына жансыздарын  жіберіп, бақылап отырған. Оның дәлелі ретінде 1760 жылы қаңтар айының 20-сы күні Омбыдан Брегадир Фонфрауендорфтан полковник Лестокқа жіберілген хатпен таныссақ, көп құпияға қанық боларымыз  анық. 

«Құпия  хат»

Қырғыз-қайсақтың  жерінде мына жағдайларды барлап білу қажет:

1. Олардың  жасырын әскерлері қай жерлерде  орналасқан, қандай мекенде, саны  қанша, Ресей жерінен қашықтығы  қанша?

2. Оның  тұрақты әскері бар ма? Қанша,  қай жерде? Оның бас старшындары  кім?

3. Абылай  сұлтанның негізгі мақсаты не? Негізгі басшылары кім? Менің  жіберген хатыма жауап болмады.  Ол хат кімнің қолына берілген?

4. Ресейге  шабуыл жасайтын әскерлері бар  ма? Шабуыл жасау ойлары бар  ма? Егер болса, не үшін?

5. Қытайды  жақтайтын қырғыз-қайсақтар немесе  басқа халықтар бар ма? Қанша?

6. Қырғыздардың  басқадай бөтен ойлары бар  ма? Көрші елдермен қарым-қатынастары  бар ма? Соғыс қаупі туып тұрған  жерлері жоқ па?

7. Бұқара, Қашғар, Жәркент, Ташкент, Түркістан,  тағы басқа да жерлермен ұрыс-керістері  бар ма? Олар өзара тату болса,  тез арада олармен ымыраласуға ниеттері бар ма?

8. Жазда  Абылай сұлтан сырт жаққа, Көкшетау  жағына көшіп бармақшы. Ол қайда  барады, әрі қарай басқа жерге  бармай ма?

9. Батырларды  сыртынан бақылау керек.

10. Қабылан  сұлтан Орынбордан жіберілген  аудармашы Гуляевты қысымға алыпты. Ресей туралы ойын білу керек. Олардың қулықтарын ешкім байқамады ма? Абылай сұлтан, Күлсары батыр, тағы басқаларды бақылауды өте құпия түрде жүргізу керек». 
 
 
 
 
 

Қорытынды

Абылайдай дана патша әр елде болған жоқ. Кішігірім  жауларды есепке алмағанда үш алыппен (Ресей, Жоңғар, Қытай) ортақ тіл табысу ол заманда ерен сабырлылық, білімділік, қайраттылық, жігерлілік, парасаттылық, терең ойшылдықты тілейді. Бір сөзбен айтқанда, ақылды дипломат болу керек. Сонымен Абылай ханның ХҮІІІ ғасырдың 70-жылдарындағы сыртқы саяси қызметі Қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығаюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Ш.Уәлиханов былай деді: «құрмет (ханға) әлдебір мистикалық сипатта болды...Бұл хан уақыт қастерлі еткен еркін жеңілдіктерге қарсы рақымсыздықпен  әрекет ете отырып, өз әрекеттеріне ұрпақтары оны әулие деп санайтындай сипат бере білді». Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Текті әулеттен шыққанына қарамастан, балалық шағында  оның  бақташы да, түйеші де болуына,жоңғарларға қарсы соғысқа қатардағы жасақшы ретінде  қатысуына және шайқаста батыр атағын алуына тура келді

Абылай  мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенмен де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан  тарихы. Энциклопедия 3-том

2.Қазақстан тарихы. Чапай Мусин

Информация о работе Абылай ханның сыртқы саясаты