Алтын адам

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 10:40, реферат

Описание работы

Бүкіл Еуразиялық байтақ даласын күн шуақты - алтынды "аң тәсілді" өнерімен көмкерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі - әлемдегі өнер сүйер қауымды елең еткізген, бір тума ескерткіш. 1969-1970 жылдары Алматы қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" кейпі. Оны алғаш ашып, әлемге танытқан ғалым-археолог Кемел Ақышев. Бұл обаға б.з.д. Y­IY ғасырда өмір сүрген 17-18 жас шамасындағы Сақ жауынгері, сол кездегі дәстүр бойынша, киімімен, тұрмыстық заттармен қоса жерленген.
Оның салтанатты биік бас киімі, бешпенті, шалбары мен етігіне дейін 200-ден астам аң, құс сипатты алтын әшекейлермен безендірілген. Қару-жарағы, сақинасы да алтын. Оның "Алтын адам" аталуы да сондықтан.
Сонымен қатар, ағаш ыдыс-аяқтар т.б. заттар қойылған. Соның бірі - 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс тостаған. Оны ғылымда "Есік жазуы" деп атайды. "Алтын адам" киімі - сирек кездесетін ғажайып өнер туындысы.
Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата-бабамыздың жоғары мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры.
Осы ескерткіштер қазақ жерін мекендеген бабаларымыздың осыдан 2500 жыл бұрын өзіндік жазу-сызуы мен өркендеген мәдениетінің болғандығын дәлелдейді.

Работа содержит 1 файл