Қаңлылар туралы деректер

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 16:45, доклад

Описание работы

Сонау ертеде осыдан екі мың жылдан астам
бұрын Қытай батыс жағындағы елдерге елшілік жібереді.Елшіліктің мақсаты
сол елдермен танысып , сауда-саттық қатынастарын дамыту еді.Елшілік он үш жыл жүріп,біраз елдерді аралап,аман-есен еліне оралды.Елшілік басшысы жол – жөнекей көрген,білгендерінің бәрін жазып отырған.Жазғандарының бәрін Қытай билеушісіне берген.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word (4).docx

— 21.10 Кб (Скачать)

Қаңлылар туралы деректер

 

Сонау ертеде осыдан екі мың жылдан астам  
бұрын Қытай батыс жағындағы елдерге елшілік жібереді.Елшіліктің мақсаты  
сол елдермен танысып , сауда-саттық қатынастарын дамыту еді.Елшілік он үш жыл жүріп,біраз елдерді аралап,аман-есен еліне оралды.Елшілік басшысы жол – жөнекей көрген,білгендерінің бәрін жазып отырған.Жазғандарының бәрін Қытай билеушісіне берген.Сол жазбаларда Қытайдың батыс жағындағы көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары туралы баяндалады .Солардың арасында қаңлы елі де аталады .Б.з.б 2 ғасырда “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деп аталып кеткен оқиғалар нәтижесінде Орталық Азия бірнеше жаңа мемлекеттік бірлестіктер пайда болды . Солардың бірі Қаңлы мемлекеті еді .Шығыс тарихын зерттеуші ғалымдардың еңбектерінде қаңлылар көп айтылады .Бірақта нақты деректер ,әсіресе жазба деректер өте аз .  
Археологиялық ескерткіштер. Қаңлылар туралы жазба деректер аз болғандықтан ,ғалымдар көбіне археологиялық қазба жұмыстарының қрытындыларына сүйенеді.Қазірге дейін археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жмыстарын жүргізіп ,көптеген қорымдар мен қоныстарды тапты. Оларды ғалымдар қуанышы,отырар-қаратау ,жетіасар археолоиялық мәдениеттері деп атады . 
Бұл мәдениеттердің біріншісі – Ташкент өңіріндегі көгалды аймақта, екіншісі- Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейлерінен Талас өзеніне дейінгі аралықта тараған . Ал үшіншісі – Қуаңдария мен Жаңадария аңғарларын алып жатыр .Қазба жүмыстары кезінде Пұшық- Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қоныстары зерттелді.Бұл жерден б.з 1  
мыңжылдығының алғашқы жартысындағы топырақ қабаттары табылды . Қала ортасынан мықты салынған бекіністің қираған үйіндісі аршылды.Құрылыстың бірінші қабатында күмбез тәрізді тар дәліз болған. Ал құрылыстың екінші қабатының қабырғалары 1-1,2 метр биіктікте салынған . 
Шаруашылығы және тұрмысы. Қаңлылар табиғи – климаттық, географиялық жағынан әр түрлі өңірді мекендеген.Бұл аймақтарда топырағы құнарлы, ылғалы мол тау аңғарлары мен беткейлері, мол сулы өзендер мен көлдер, көгалды жазық дала алмасып отырады . Тау-тасты аймақтардың жиі ұшырасуы түрлі ұсталық ісін , құрылыс жұмысын дамытуға қолайлы жағдай туғызады . Тас пен ағаш негізгі құрылыс материалы қызметін атқарады .  
Егіншілік және мал шаруашылығы . Хорезмде , Арал өңірінде , Зеравшан аңғарында , Ташкент алқабында отырықшылық дамып , ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады . Отырықшы қоныстар тұрғындары қарапайым суландыру тәсілімен егіншілікпен айналысты . Олар біздің заманымыздың бас кезінде-ақ Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах арығын қазды . Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды . 
 
Сауда қатынастары . Қаңлылар тарихын зерттеген ғалымдар өз кезінде оларда ішкі сауда , сондай-ақ сыртқы елдермен де сауда байланысы жақсы дамыған деген қорытындыға келіп отыр . Біздің заманымыздың 2-5 ғасырларында-ақ қаңлылар өздерінің күнделікті тұрмысына қажетті барлық өнімдерді өздері дайындаған . Әсіресе , қажетті қолөнер бұйымдарымен өздерін толық қамтамасыз еткен . Мұның өзі қалалар мен қоныстардың  
өсуіне , оларда сауда-саттықтың дамуына жағдай жасаған .  
Қаңлы қоғамы .Қаңлы елін хан билеген . Оның үш орынбасары-уәзірлері болған . Бүкіл елді басқару ісБүкіл елді басқару ісін осы үшеуі атқарған . Кейбір жазба деректерде елдің астанасы – Битянь қаласы , ол қазіргі Түркістан қаласының маңында болған деп көрсетеді . Ал екінші бір деректерде елдің астанасы Отырар қаласы болғандығы туралы айтылады . Демек , бұл мәселе әлі толық зерттеліп болмаған .  
Мәдениеті және діни нанымдары . Ертеден –ақ қаңлылардың өз заманына лайық мәдениеті болғандығы туралы тарихи деректер бар . Мәдениеттің қалыптасуына отырықшы тайпалар да , көшпелі тайпаларда қатысты . Қаңлылардың қоныстанған аумақтарында өзендер мен жылғалардың жағаларын ала орналасқан елді мекендері мен қалалары болды. 
Қаңлылардың материалдық мәдениеті- бұл көбінесе отырықшы , егін салатын тайпалардың мәдениеті . Қаңлылардың жарқын ескерткіштерінің бірі – Алтынасар қала жұрты 16 га жерді алып жатыр . Биік әрі қалың дуалмен қоршалған қалада тұрғын үйлер қатарластыра салынған . Үйлердің қабырғалары шикі кірпіштен қаланып , балшықпен салынған .Ортаңғы бөлмелердің бірінің қабырғасына қызыл бояумен оюлар , гүл суреттері салынған .

Археологиялық ескеткіштері


 Біріншісі - Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV—V ғғ.): 1 — сердолик, 2-4 — халцедон. Бір кездерде қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар қоныстар мен қорымдар тапты. Бұл ескерткіштер Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар археологиялық мәдениеттеріне жатқызылды. Ташкент жазирасына, екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағыҚаратау беткейлерінен Таласқа дейінгі аудандарға, үшіншісі - Қуандария мен Жаңадария аңғарына таралған. Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кездеСырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер тән болған25. Шардараға жақын жердегіАктөбе қонысы қауыншы мәдениетінің, ең жақсы зерттелген ескерткіші болып табылады. Ол Сырдарияның сол жақ жағалауына орналасқан. Қала орны үш жағынан дуалмен, ал Сырдария жағынан қазылған ормен қоршалған. Қала орнынын орталығында орналасқан биіктігі 20 метрге жуық дөңгелек төбе (шоқы, оба) ерекше көрінеді. Төбе аумағында және Ақтөбе 2-нің басқа бөліктерінде қазба жұмыстары жүргізілді.

Қазбалардың біреуінен Сарай үйі толық аршылды. Ол тікбұрышты, көлемі 28x18,5 м болып шықты. Сарай шаршылап орналасқан бес жайдан, кіру кешені мен құрылысты батыстан шығысқа қарай орап өтетін екі дәлізден тұрған. Оның орталығында шаршы зал (3,6x3,6 м) бар, ол басқа жайлардың бәрімен арқа арқылы өтетін жолдармен байланысқан. Бір кездерде оның төбесі жалпақ етіп жабылған. Зал қабырғаларының биіктігі қазіргі кезде 6 метрге жетеді. Зал еденінің ортасында құдық бар. Үй солтүстік-батыс бұрышына салынған, мұржасыз камин үлгісіндегі ошақпен жылытылған. Залдың айналасына орналасқан жайлар дөгалана иіліп, ал олардың біреуі күмбездеп жабылған, бұл күмбез Орта Азия мен Қазақстандағы ертедегі үлгімен жабылған құмбездердің бірі болып табылады. Болмелердің бірінде баспалдақ бар, онымен көтеріліп үйдің шатырына шығады. Сарайдағы бүкіл құрылысы — қабырғалар, тіреулер, арқа жолдары тікбұрышты ұзынша және төрт бұрышты шаршылы шикі кірпіштерден қаланған. Қазба жұмыстарын жүргізген кезде керамиканың бай жиынтығы: көзелер, сапты аяқтар, табалар, құмғандар, шүмекті құмыралар жиналды, олар біздің ғасырымыздың I жартысындағы ескерткіштердің материалдарына ұқсас келеді. Керамикалық бұйымдардан басқа ұршық бастар, жебелердің үш қыры бар ұңғылы ұштары, алтын сырға, бір жүзді пышақтар, сүйек ұршықтар, қола сақина, қызыл шыныдан көз салынған алтын қапсырма табылды, олар біздің заманымыздағы I — IV ғасырларға жатады.


Информация о работе Қаңлылар туралы деректер