Архаикалық мәдениет
Доклад, 12 Февраля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды
Работа содержит 1 файл
Документ Microsoft Office Word.docx
— 37.13 Кб (Скачать)Архаикалық мәдениет
Архаикалық мәдениет — адамзат мәдениетінің бастамасы. Архаикалық мәдениет қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамңың қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзатбаласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейтесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 миллион жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.
Дүние жүзінде жүргізіліп
жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде
алғашқы адамдардың қоныстары ашылып,
олардың тастан жасалған құрал-саймандары көпт
Өз кезегінде тас дәуірінің өзі үш кезеңге бөлінеді: бірінші тас дәуірінің ең алғашқы кезеңі — б.з.б 1—2 миллион жыл мен біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдар арасын қамтыса, ал екінші — көне тас дәуірінің орта кезеңі біздің заманымаздан бұрынғы 140 мыңыншы жылдан біздің заманымаздан бұрынғы 40 мыңыншы жылдар, ал үшінші кезеңі — көне тас ғасырының соңғы кезеңі — бұл біздің заманымаздан бұрынғы 400 мыңыншы жылдан — 10 мыңыншы жылдың арасын қамтиды.
Кейінгі палеолиттің басты дәуірлері олжа табылған қоныстардың атымен аталады. Енді кейінгі палеолит дәуірі мәдениетінің әр кезеңдерде қандай өзгерістерге ұшырағандығын қысқаша қарастырып көрейік.[1]
- Перигорд кезі (35—20 мың жыл). Орта палеолиттен кейін іле-шала басталған бұл дәуірдің басты ескерткіштері мынандай: шеттері өңделген шақпақ тас құралдары, сүйектен жасалған біздер, найзаның ұштары және тағы басқалары Бастапқы Перигорд кезеңінде салынған бейнелер кездеспейді, бірақ оның есесіне әсемдік заттар және бояу түрлері кеңінен таралған. Кейінгі Перигорд кезеңінде тасқа қашалып жасалған аңдар мен адамдардың бейнелері кездесе бастайды.
- Ориньяк кезі
(30—19 мың жыл). Бұл дәуірде адамдар мекендеген үңгірлердің қабырғаларынан саусақтарын кең жайып, оны бояумен айналдыра жүргізіп, шеңбермен қоршаған қолдардың таңбаларын кездестіреміз. Демек, алғашқы қауым адамы өз ізін таста қалдыруға, өзін мәңгі, әрі көрнекі етіп көрсетуге, өзінің өмір сүргендігін болашақ ұрпаққа жеткізгісі келген сияқты. Палеолит дәуірінің үңгірлерінен ерінге жағатын қызыл бояулар салынған ыдыстар табылған. Қауым адамдары гримге қажетті бет бояуларының
17 түрін білген және оларды түрлі діни мейрамдарда пайдаланатын болған. Ориньяк дәуірі адамдарының көркемдік тәжірибесі онша бай емес, бірақ соған қарамастан олар бейнелеу өнерінің қыр-сырын игеруге талпыныстар жасады. Жұмсақ тастан және пілдің азу тістерінен жасалған әйел мүсіндері пайда бола бастады. Бейнелеу өнерінің бұл алғашқы туындылары «Венералар» деп аталды. Ол кезде әйел қауымның бүкіл тұрмыс-тіршілігін басқарған және туыстық жағын да әйелдер айқындайтын матриархаттың, яғни ана тегінің үстем кезі болатын. Әмірші ана ұрпақтың есен-саулығы мен оның өмір тіршілігінің сарқылмас қайнар көзі болып саналады. Палеолит әйелдерінің
(«Венераларының»)
150-ден астам мүсіндер дүние жүзінің эр елдерінде, оның ішінде Италияда,Австралияда, Ч
ехияда, Ресейде табылған. Олардың басым көпшілігінің бет әлпеті ишарамен ғана бейнеленген, оның есесіне әйел денесінің жекелеген мүшелері нақты, әрі шамадан тыс үлкейтіліп көрсетілген. Соған қарағанда алғашқы қауым суретшілері әйел денесінің сұлулығы мен сымбаты, нәзіктігі мен табиғилығынан гөріұрпақты көбейтер қасиеті — әйелдің салмақты күшін, алар орнын басымырақ көрсеткісі келген сияқты.
Эрмитажда мамонттың азу тісінен жасалған осындай мүсіндер қойылған: олардың жасалғанына 40—30 мың жыл өткен. Олардың ішінде табылған жердің атымен «Костенков (немесе Воронеж) Венерасы»— деп аталатын мүсін өзінің пластикалық әсерлілігімен, жеке мүшелерінің ұстамдылығымен таң қалдырады. Бұл өнер туындылары — аналық негізді, әйел қасиетін мадақтайтын алғашқы қауым мүсіншілерінің бізге белгілі болған алғашқы нұсқалары болғанымен де, олар кейінгі заманда дүниеге келген атақты Венералар мен Мадонналардың бастапқы бейнелері болғандықтан аса құнды мәдени ескерткіштер болып саналады.
- Солютре кезі (18—15 мың жыл). Мұздақтардың уақытша шегінуі палеолит адамдардың өміріне де айтарлықтай өзгерістер енгізді. Кремнийді өндеудің ең жоғары тәсілі игеріліп, одан найзаның ұштары, пышақ, қанжар және тағы басқалары жасала бастады. Кремнийден жасалған қырнағыштар, түйреуіштер, тескіштер, аса таяқтар, түрлі мүсіндер пайда болып, тігаі кремнийдің көмегімен сүйек пен тастан жасалған бұйымдар безендіріле бастады.
- Мадлен кезі (15—8 мың жыл бұрын). Бұл дәуірде алғашқы адамдар қатал табигат қыспағында өмір сүрді. Мадлендіктер үңгірлерде тұрды, мамонт, солтүстік бұғылар сияқты аңдарды аулап, қорек етті. Тас өңдеушілікпен шұғылдану біртіндеп жоғала бастады да, оның есесіне сүйектен жасалған құрал-саймандар, тұрмыс қажеттілігіне пайдаланылатын түрлі заттар көбейе бастады. Кремнийден жасалған заттардың сапасы да жақсара бастады. Дөңгелек, бұрандалы және діни белгілердің пайда болуы адамның өзін қоршаған заттар жөніндегі ұғымының кеңіп, оны бейнелей бастайтындай дәрежеге жеткендігін айқын көрсетті.
Осы орайда үңгір кескіндемесінің тек қана Мадлен өнерінің
ғана емес, бүкіл палеолит дәуірінің, одан
қалды алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің
шыңы деп қарастыруға болатындығын ерекше
атап өткен жөн. Атақты Альтамир, Ласко, Мотесп
Кейінгі
палеолитте дүниежүзілік өркениеттің
екі негізгі орталығы қалыптаса
бастады. Олар: азиаттық және афро-еуропалық орталықтар
Біздің
аңғарғанымыз, кейінгі палеолит дәуірінің
мәдениеті сан-салалы болып келеді.
Бұл кезеңдегі адамның ең басты
тіршілік кәсібі — аң аңлау болғандығы
сөзсіз және аңшылық қауымдастықтың
егіншілік, мал шаруашылығы
Аңшы өзінің барлық болмысымен жануарлар дүниесімен тығыз байланысты болды. Аңшының бойындағы шыдамдылық, жігерлілік, батылдық сияқты тек қана осы кәсіп иелеріне тән қасиеттер оларды басқа кәсіп иелерінен ерекше етіп көрсетті. Олар өздерін қоршаған дүниеге деген көзқарастарын сиқырлау, дуалау арқылы білдірді, демек алғашқы адамдар құдіретті күштердің бар екендігіне кәміл сенді. Сиқыршылықтың басты мақсаты — адам бойындағы ауруды қуып шығу, жауына зиян келтіру, оны мұқату, жақсы көрген адамыңды айналдырып алу және тағы басқалары болды. Сиқыршы тек өз күшіне, өз қабілетіне ғана сенді. Осы тұрғыдан алып қарағанда сиқыршылықтың діннен айтарлықтай айырмашылығы бар, өйткені дін адамнан асқан құдіретті күш-құдайдың көмегіне сүйенеді, ал аңшылық сиқыр болса олжаның пайда болуы мен иемденуді және тағы басқалары қамтамасыз ету керек болды.
Магияның
(сиқырлаудың) негізінде көне заманғы діни наным-сенім
тотемизм қалыптасты. Тотемизм — адамдардың
өздерінің ата-тегін жануарлармен, жануарлар
дүниесімен (сонымен бірге табиғат күштері
мен өсімдіктер дүниесімен де байланыстырылып
қарастырылатын кездер де болған) тығыз
байланыста қарастыруы. Кейінгі палеолит
мәдениеті жөніндегі мәліметтер археологиялық
қазба жұмыстарының нәтижелері мен этнография
ғылымының тұжырымдарына негізделген.
Біздің заманымызда кейінгі палеолит
дәуіріне ұқсас тіршілік еткен халықтар
болды. Олар — Австралияның байырғы тұрғын
халықтары. Австралия — тотемиз
Палеолит дәуіріндегі үңгірлер қабырғаларына салынған жануарлар бейнесінің қисапсыз көп болуы — сол заманда сиқырлаудың шарықтап, гүлденгенінің басты айғағы болып табылады.
Алғашқы қауымдық құрылыс адамдарының салт-
Кейінгі палеолит кезеңінде адамдар
арасындағы түсінісу қабілетінің басты
құралы — тіл өз дамуында белгілі бір
дәрежеге жетті. Неандертальдықтардың
дыбысты белгілерінен «жаңа адам» сөйлеудің
алғашқы сатысына көшті. Алғашқы адамдардың
қараңғы үңгірлерде түруы дыбыс белгілерін
жетілдіруді қажет етті. Өмірдің қиын-қыстау
жагдайлары мен қауіп-қатерлерден сақтандыру ж
Алғашқы
қауымдық құрылыс мәдениеті дамуының
соңғы кезеңдері — мезолит, неолит
дәуірлерінде адамдар баяу болса
да тұрмыс-тіршілігін табанды түрде
өзгертуге кіріседі. Ол енді жалқыға
емес жалпыға, жеке аңға емес, тұтас
үйірге, кездейсоқ табылған дақылға
немесе жеміске емес, өзі пайдалануға
тиіс тұтас жер учаскелеріне назар
аударады да, ортақ игілік үшін ұжымда
еңбек ете отырып, көз аясындағы
дүниені рухани сезіммен анағұрлым
кең, әрі ұйымшылдықпен қамтыды.
Дүниені жаңаша қабылдаудан туындаған
бұл өзгерістерге мезолит дәуірінде
көп кескінді композициялық өнердің
туындауына және ондағы басты рөлді
адамның атқаруына әкелді.Архео
Мезолиттің аяғына қарай әйелдер мен балалар үй шаруашылығына пайдалануға өте қолайлы саз балшықтан ыдысаяқтар жасауды игерді. Әлі де кебе қоймаған саз балшықтың үстіне саусақтың үшымен немесе таяқшамен түрлі сызықшалар жүргізу — дәстүрге айналды. Бұл бір жағынан әдемілік үшін жасалса, екінші жағынан сиқыршылықпен тығыз байланысты болды. Осылай әйелдер өнері — ою-өрнек пайда болды. Бұрынғыдай қолайлы жағдайлар мен қажеттілік болмағандықтан тас дәуірінің адамдары жартастарға құдіретті андардың бейнелерін енді салмайтын болды.
Алғашқы
қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі
— неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың
орнығып, тас индустриясының шарықтаған
кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте
сапалы етіп жасалған тас балталардың
көмегімен алғашқы қауым
Осы орайда
мезолит пен неолит бейнелеу өнері
(мезолит пен палеолиттердің арасы
секілді бұлардың арасын да дәл жіктеп
ажырата білудің оңайға соқпайтындығын
ескерте кеткенді жөн көрдік) көп
кескінді көріністер бейнелеуден басқа
қандай жаңалықтар әкелді!? Неолит дәуірінде
қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан
туындылары мен иероглифтер дүниенің
төрт бұрышында кеңінен таралған.
Олардың басым көпшілігі Африка
Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын үңгірлердегі аңдардың бейнелері жабайы, қозғалыссыз қалыпта берілсе, ендігі жерде андардың бейнесін салудың сапасы жақсарды. Ең бастысы — аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Үйлесімділік пен динамизм белгілері айқындала бастаған испандық және африкалық циклдердің суреттерінде садақшылардың қаумалап аң аулаудағы кейбір көріністері барынша шегіне жеткізіліп, нанымды етіп көрсетілген. Жартастағы бұл графикада алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады. Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венералармен» салыстырып көрелікші. Бұл әйелдің тұла бойынан, әсіресе тал шыбықтай бұралған балауса да, сүңғақ денесінен ее тандырар сұлулық аңғарылады. Оның бір қолында ұзынша құмыра, екінші қолы қаптай үшқан араның қоршауында. Біздің алдымызда тасқа бояумен салынған адам сұлулығын табиғатпен байланыетырған шын поэтикалық сурет түр. Кейінгі неолиттің жартастағы бейнелеу өнерінде адамдар мен аңдардың кескіндері жай ғана белгілерге айналып кеткен, сондықтан да алғашқы қауымдық құрылыс суретшілерінің нені бейнелегісі келгендігін ажырату оңайлыққа түспейді.