Қарулы күштер мен полиция реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:24, реферат

Описание работы

Тұрақты қарулы күштердің құрылуы. Әскери реформаның құрылуы жөнінде Мэйдзи көшбасшылары полярдық көзқарасты ұстанып отырды. Кидо Такаеси сидзокуның күшеюінен қорқып, әскерді құру үшін әскери міндеттілікті енгізу керек деп айтқан. Окубо Тосимити және Сайго Такамори әскерді самурайлардан құру керек, себебі оларды жаңа биліктің тірегі деп есептеді.

Работа содержит 1 файл

Қарулы күштер мен полиция реформасы.docx

— 17.97 Кб (Скачать)

Қарулы күштер мен полиция реформасы

 

1871 жылға дейін үкімет  өзі иеленетін әскері болмады.  Дегенмен, мемлекетке жаңа доктринаға  құрылған заманауи әскер қажет  болғандықтан, оның құрылуы  «бай  мемлекет – мықты армия» деген концепцияға сүйенді.

 

Тұрақты қарулы күштердің  құрылуы. Әскери реформаның құрылуы жөнінде Мэйдзи көшбасшылары полярдық көзқарасты ұстанып отырды. Кидо Такаеси сидзокуның күшеюінен қорқып, әскерді құру үшін әскери міндеттілікті енгізу керек деп айтқан. Окубо Тосимити және Сайго Такамори әскерді самурайлардан құру керек, себебі оларды жаңа биліктің тірегі деп есептеді.

Ымыралы шешім ретінде 1871 жылдың ақпанында Сацума, Тесю және Тосадан шыққан және әскери мекемеге бағынатын 8 мыңдық императорлық гвардия (симпэй, кейінгі атауы - коноэхэй) құрылды. 1871 жылы княздіктерді таратып, жергілікті әскери бөлімшелер жартылай жабылып, жартылай билік ететін үкімет қолына көшті. Осы императорлық гвардия сепаратизмге қатты соққы беріп, біріккен қарулы күштер мен мемлекеттің болашақ тұрақты өзегіне айналды.

1872 жылдың 27 ақпанында әскери  мекеме таратылды, ал келесі  күні армияның министрлігі (рикугунсе) және әскери-теңіз флотының министрлігі (кайгунсе) құрылды. Бұл қарулы күштерді басқару жөніндегі қадамның алға басуының белгісі. 1872 жылдың 28 қарашасында әскери міндеткерлікке шақыратын құжаттар шығарылды.

Әдеттегідей, үкімет өзінің әрбір іс-әрекетіне сақтықпен  қарап жүрді. Сондықтан да, әскери міндеткерлік алғашында тек 5 префектураларда  ғана енгізілді. Бүкіл империяға 1873 жылы ғана күшіне енді.

Осы заңды қабылдау жөнінде  қалалық кеңестің ресми мәлімдемесінде айтылған:

 

«Барлық адамдар  әскери міндетін орындауға тиіс...  Міндеткерлікке ер жеткен және жарамды  бүкіл халық шақырылған. Одан бас  тартатындарға ең қатаң шаралар  қолданылады...  Өзінің әскери борышын  өтеп келгендер қайтып оралып, өзінің бұрынғы мамандықтарына қайта орналасады...  2 семсер ұстаған, бос жүретін, адамдарға зорлық көрсетіп, өлтіретін және сол үшін мемлекет алдында жазасын өтемейтін самурайлар болмау керек...  Ең төмен қоғамдық топтарға бірте-бірте еркіндік берілетін болады...  Бұл бүкіл адамдар арасындағы теңдікті орнататын дәл осы жол».

 

Заңға сәйкес, мемлекет 6 әскери округтарға бөлінген. 20 жасқа жеткен барлық ер адамдар 3 жылдық әскери қызметке міндеттелген. Осы жағдайда кейбір тұлғалардың ағалары әскери қызметте болса, сол тұлғалар әскери жауапкершіліктен босатылады.

Жаңа заң халықпен наразылықпен қабылданды. Әскери міндеткерліктен  жалтару ел арасында кең етек алды. Соған бірнеше себеп бар, біріншіден, жоғарыда айтылған теңдікке қарамай, әскери қызметтен билік шенеуніктері, привилегиялы оқу орнында немесе шет елде оқитындар және қомақты ақшаны пайдаланып, пара беріп құтылғандар босатылды. Екіншіден, жанұяның отағасы, оның мұрагері (үлкен ұлдары), өзінің аталарымен өсіп жатқан жетімдер, отбасындағы жалғыз ұл не немере, асыранды балалар әскери міндетінен босатылады. Сондықтан, әскери міндеткерлікті атқаруда осындай теңсіздіктер орын алды.

Осындай жағдай, сөзсіз, елде толқуларды тудырды. 1873 жылы 30-дан астам шаруалар көтерілісінің 12-сі сол әскери міндеткерлікпен тікелей байланысты. Дегенмен, кей кезде осы толқулар қандай да бір заңның бабындағы түсініспеушілікпен және қараңғы халық сенетін шындыққа сәйкес келмейтін қауесет сөздердің арқасында басталды. Мәселен, заңда жазылған «әскери қызмет – қанмен өтелетін салық» деген сөздер тура мағынасында халықпен қабылданған, яғни жаңа түскен солдаттардан қан алынады, кейбір кездерде ол тіпті өлтіріледі, ал оның денесі шет елдіктерге тағам ретінде беріледі.

Заңға сәйкес, Қарулы кұштердің Жоғарғы бас қолбасшысы – император. Әскери мекеменің бастығы артиллериялы кеңес, инженерлер кеңесі, әскери-санитарлы кеңесі, қару-жарақ департаменті, арсенал, фортификацияның бөлімі, интенданттық қызмет пен әскери-біліми мекемелерге жетекшілік етті.

Армия мен флоттағы білім  беруге үлкен мән берілді. Үкімет ұлттық әскери дәстүрлермен қоса ең мықты шет елдік тәжірибені алмасу үшін қаражаттан да, күшін де аямады. 70 жылдардың басында Токиода армияның топтық құрамын дайындайтын әскери академия құрылды. Сол академияда француз офицерлері сабақ берді. Флот офицерлерін дайындайтын әскери-теңіз академиясы мен мекемелерде ағылшын мамандары жұмыс жасаған. Көптеген тыңдаушылары Ұлыбритания мен АҚШ елдерінде тәжірибе өткен.  Жаңа армияның бірінші жарғысы оңтүстік-шығыс княздіктерінен шыққан самурайлардан құралған императорлық гвардия кезінде пайда болған. Ол 1878 жылы «Әскери адам үшін ережелер» деген атқа ие болып, 1882 жылы «Император ережесіне» ауысты. Аталған жарғыда жауынгерге тән адалдық, парыз, бұйрықтардың мүлтіксіз орындалуы, батырлық сияқты қасиеттер аталып көрсетілген және олардың саясатпен айналысуына тыйым салынған.

Жаңа енгізулер мен  батыстан алған білімге қарамастан, армия өзінің еліне тән көптеген дәстүрлі кескіндерін сақтап қалды. Идеологиялық насихаттаудың негізі ретінде Самурайлардың ар кодексі бусидд, синтоизм, патернализм (офицер – бағыныштыларына әке) және түрлі басқа дәстүрлі принциптер қолдалынды. Осындай әскери тәрбие 1945 жылдың капитуляциясына дейін сақталынып отырды.

Уақыт өте келе, француз үлгісіне келтірілген тұрақты армияның басқаруында оқыс кездер пайда болды. Оның ең маңыздысы, басты штабтың болмауы, себебі әскери жоспарлаумен әскери министр айналысты. Осындай кемшілікті түзеу үшін Ямагата Аритомоның жақыны Тесю елінен шыққан , сегунатты құлатудағы көтерілістерге қатысқан, Пруссияда бірнеше жыл оқып, еліне қайтқан соң Кацура Тарб әскерді неміс инструкторлары арқылы Пруссияның үлгісімен қайта құрды.

Пруссияның үлгісімен  құрылған жаңа әскермен қатар1882 жылы мемлекет құрлықтағы әскердің күшейту мақсатында дивизия санын 6 дейін көбейтті. Бейбіт кезде, олардың саны – 73 мың адам болса, соғыс кезінде – 274 мыңға  дейін жететін. Дәл сол жылы әскери-теңіз  флотының құрылуының 8 жылдық бағдарламасы бойынша, 4 жыл ішінде 30,7 мың тонналы 42 кемені 52-ге дейін молайтып, 1892 жылы жаңа бағдарлама қабылданып, 120 мың  тонналы кемеге дейін жеткен.

 

Полицияның құрылуы. Қарулы күштер реформасымен қатар, Мэйдзидің қайта құрылуында полиция жүйесі де жаңартылды. Қазіргі полицияның құрылуы 1871 жылдың қазанында бастау алды. 70 жылдардың басында орталықтанған полицейлік жүйе құрылды және ол 1874 жылы Ішкі істер басқармасының қанатына көшті. Токиода ерекше тәртіпті сақтап отыратын полиция губернатора деген лауазым пайда болды.

Уездердің өзінде полиция  бөлімшелері болған және оның штаты  халықтың санымен анықталып отырды. Жалпы, мемлекетке келесі квота орнықтырылды: қалаларда 1 полицей 300-800 адамға, ал уездерде – 1-2 мыңға.

Полиция міндеттері: тыныштық пен тәртіп сақтау, өзінің билігін  артық қолданбау, аймақтың тазалығы, өрт командаларын қадағалау. Осы  міндеттерге кешірек тағы саяси  жағдайды бақылау, баспасөз бетіндегі  цензура мен адамгершілікті сақтау қосылды.

Барлық полицейлер мемлекеттік  шенеуніктер ретінде қарастырылды. Олардың шендері орталықпен тағайындалды. Көбінесе, жергілікті бюджет есебі  арқасында қаржыландырылды. Орталық  үкімет тек 15-17% төлеп отырды.

Басында полицейлердің көпшілігі  самурайлардан шыққан. Жақсы жері, көзі ашық, білетін адамдар болған, бірақ басқа жағынан самурайлар өзінің жаңа қызметтерінде адамға жоғарыдан қарап, халыққа жек көрінішті көзқарас одан бетер қалыптасып кетті. Жаңа кадрлар мәселесі пайда болып, Токиода сол кадрларды дайындайтын арнайы мекемелер ашылды.

Жапонияның басқа Батыс  елдерінен ерекшеленуі көптеген түсініспеушіліке әкеліп отырды. Дегенмен, жапондықтан қолынан келгенше оларды шешуге тырысқан. Мәселен, жапондықтардың түрмесінде барлық қаражат айыпталушының  есебінен саналса, шет елдерде айыптыларға  жеке камералар салынып, барлық қаражат пен заттар өз тараптарынан берілді.

 

 

 

 

 

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті

 

 

 

 

 

 

 

СӨЖ

(Мэйдзи кезеңіндегі  Қарулы күштер реформасы)

 

 

Орындаған: Жүнісова Амина, Ш-21

 

 

 

 

 

Астана, 2013 ж.


Информация о работе Қарулы күштер мен полиция реформасы