Қазақ халқының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 13:05, реферат

Описание работы

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мүхаммед Қайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының қалыптасу1.docx

— 16.69 Кб (Скачать)

Қазақ халқының қалыптасуы

24.02.2011 02:36

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне  әкелді. Бұл туралы Мүхаммед Қайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде  айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.  
“Тарих-и-Рашиди”-да айтылған мәліметтер Мүхаммед Қайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі. Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып, ол өз еңбегінде Моғол ханы Есенбұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады. Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып, ол

одақ 70 жылға  созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару  кезінде ғана бұзылды.  
Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді. Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.  
 
 

Керей мен Жәнібек  өз адамдарымен Моғолстанға моғол  ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Өзбек ұлысындағы ыдыраудың  себебі неде?  
Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы, көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді. Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерге ғана емес, барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды. Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделді. Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді. Мемлекет күшейген сайын, төлемнің де көлемі ұлғая түсті.  
Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының – малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді. Бір жағынан жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды. Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.  
Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды.  
Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі:  
Біріншіден, Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады.  
Екіншіден, Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді.  
Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді.  
М.Қ.Дулаттын “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарыс қатынас орнатты.  
М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.  
 

Жәнібек пен  Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді. Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа  шықты. Бірақ, ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып, қайтыс болды.

Информация о работе Қазақ халқының қалыптасуы