Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлер

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:38, автореферат

Описание работы

Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Қазақтардың қонақж

Работа содержит 1 файл

Қазақ халқының әдет.docx

— 33.12 Кб (Скачать)

Күйеуі өліп, жесір қалған жае әйелге күйеуінің жақын туыстарының біреуі әмеңгерлік жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көшпелі қазақ халқының өмірінде мұның әлеуметтік маңызы үлкен болды. Әйел ерден кетсе де елден кетпеді. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жіберілмеді. Өйткені олар өз туыстарының арасында жетімдік көрмейді, бейшаралық халге душар болмайды. Сондықтан да құдалардың арасы суыспайды. Егер біреудің отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетіней берсе, ол алдын ала келісім бойынша, өз туыстарының бірінің баласын бауырына басып, асырап ала алатын.

 

Жеке шаңырақ көтеріп, ата-анасынан еншісін алып шыққан жас отбасында күнделікті тіршілігіне қажетті нәрсенің бәрі де — отауы, төсек-орындары мен үй ішінің жабдықтары, есік алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша ата-анасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкіл мал-мүлкімен қоса иелік ететін. Қазақтар өздерінің ата-анасын ешқашан тастап кетпейтін. Даланың жазылмаған бұл әдет-ғұрпын бұзғандарды қазақтар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретінде жек көрді.

Бата беру

Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.

Бата адамдарды лайықсыз, теріс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, ізгілікті әрі қайырымды істерге баулиды. Қандай да болсын бір іске кірісерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүріп, алыс сапарға аттанарда әркім ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтеріп, жеке үй-жай болғандарға да беріледі. Қазақтар өздерінің балаларына атақты кісілерден, құрметті қонақтардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дінінің таралуына байланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түсті. Қайтыс болған адамның үй-іші мен туған-туыстарына көңіл айту кезінде де бата беріледі, марқұмның өзіне де, артында қалған үрім-бұтағына да ізгі тілектер білдіріледі.

Бала тәрбиесі

Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.

Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бірінші болып сәлем беруге міндетті. Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердің атқаратын рөлі зор.

Халық даналығы балаларды  еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.

Өлі-тірі

«Өлі-тірі» (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі» яғни кәделі мал-жылқы жіберіледі. «Өлі-тірі» деген – «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі-тірі» өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады.

Құйрық-бауыр

«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ құда болған жағдайда оларға «құйрық-бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар»деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді . Құйрық- бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.

     Құдалық дәстүр және оған сәйкес Әдет ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әреімге белгілі. Сондай-ақ осы «Құйрық-бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында Қостанайлық  Сәкен Омаров пен Көкшетаулық Қуантай Әбілмәжүнұлының құдалығында «Құйрық-бауыр» ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы қазақы салтың ажарын мынандай өлеңмен өрнектей түсті. Ол құдаларға қарап, былай деп әндетті:   

  Құда, құда дейсің-ау, әй,

  Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.

  Құйрық-бауыр жемесең,

  Несіне құда дейсің-ау, әй.

  Үлкен құда, бас құда,

  Кіші құда жас құда.

  Құйрық-бауыр әкелдім,

  Ауызыңды аш, құда.

  Үлкен құда ардақты-ай,

  Кіші құда салмақты-ай.

  Құйрық-бауыр асатсам,

  Тістеп алма бармақты-ай.

  Үлкен құда әнекей-ау,

  Кіші құда мінекей-ау.

  Құйрық бауыр асаттым,

  Кәделерің кәнекей-ау!

      Әр елде, әр ауылда әр салт-дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән-жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының мұндай үлгілерінің көпшілігі үмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлепін әлі де табуға болады.

Киіт

Киіт (дәстур). «Құдалық белгісі-киіт, қоныс белгісі- бейіт» (мақал). Құдалықтың негізгі белгісі – киіт және олардың арасында жүретін, соған лайықталған сый – сияпат, мал, киім, мүлік. Ол құдалар дәрежесіне, дәулетіне байланысты әртүрлі болып келеді. Мысалы, бұрын құндыз жағалы тон, қасқыр ішік, кілем тағы басқа қымбат бұйымдар, киімдер мен заттар, жүздеген мал (жылқы, түйе,қой)берілген. Жоғарыда айтылған Байсақал құдаларына «өздерің жүз болып келмей елу болып келген екенсіңдер» деп әрқайсысынатүйеден 50, аттан 50, тай тұяқ жамбыдан 50, сиырдан 50, қойдан 50, ешкіден 50, аң терілерінен 50 киіт берген (М.Ж .Көпеев).

     Қазіргі кезде  «қалың мал» төленбесе де, оның  киіт кигізу сияқты дәстүрлері, басқа да жол-жоралғылары жасалып жүр.

 

Киім тігу

  Киім тігу салты  бойынша барған құда-құдағилар  түні бойы ұйықтамаулары керек.  «Жақсы тамақ қалғанша, жаман  қарын жарылсын» деп, құдалардың  бергенін жей беру керек. Ұйықтауға болмайды. Егер ұйықтап кетсе, киімін құдалардың бірі тігіп тастап, айып төлеттіреді. Сол үшін ішіп-жеуге де, ұйқыға да, өлең айтысуға да шыдау керек. (А.Жүнісұлы).

Балдыз қалың

Кейде қалыңдық қайтыс болатын  жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын  төлеген болса, онда сол үйдің  екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын алатын болса, онда бұрынғының үстіне «балдыз қалың» төлеуге тиіс. Оған түие бастатқан бір тоғыз қосылады.Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса «балдыз қалың» төленбейді.

Қалың мал

     «Қалың мал» (дәстүр кәде). «Мен ат-тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы болдым ғой» (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі кесілген соң дала заңы бойынша  күйеу жағы «қалың мал» төлеуге тиіс. Бұл қазақ , қазақ болғалы бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал мөлшері 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың жылқыға  дейін жеткен.Би мен байлар, хан төрелер арасында қалың мал үстіне «бес жылқы» деп аталатын бес түйеге қосып бір «жетім қыз»(күң ), «аяқ жақсы» деп бкрктін үш түйеге қоса бір «еркек жетім»(құл) бергендігі кейбір деректер арқылы белгілі. Қалың малдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні», «отыз жеті», «отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», «жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалың мал», «домалақ бата»сияқты түрлері болған. (КСЭ,6-том).Мұның сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тірі апаратын,тағы басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады.Бұған кеңес үкіметі кезінде «қызды малға сату» деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы  «қалың мал» мөлшерінен кем болмаған.

     Әрине «қалың мал» құдалардың дәулетіне байланысты болған. Бұрынғы заманда «қалың мал» байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы.ХIХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалың малы» 500 жылқы болған.300 жылқы-қара малы,100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы той малына кетіпті (М.Ж. .Көпеев).

Құда тартар

  «Құда тартар» (салт). Жол-жоралары, салт-дәстүрлері, түрлі ырымдары мен кәде түрлері өте көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты олар тартатын күлкілі азап одан да көп. Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып, «құда тартар» атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл ойын-күлкіге, сайыққа, сынға құралған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қарап өгізге мінгізеді, «кірлеп кетіптіғой» деп өзенге де апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін ойын-сауыққа ұласып кетеді.

      Қазақтың  құдалық, неке дістүрін өткен ғасырда П.Маковетцкий, Н.Гродеков, Л.Баллюзек, А.Левшин сияқты орыс зиялылары кең зерттеп, тамсана жазған.

Бата аяқ

«Бата аяқ» (салт). Ұлдың атасы  «Бата аяқ» деп бір түйе, бір жылқы жібереді (Ә. Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар:

1. Келісімді бата жасау,  мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алас-беріс, келу-кету т.б.

2. Кесімсіз бата- мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.

Ауқатты, елге есімі белгілі  адамдар құдалығында бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы деген ірі бағалы кәделер болады.

Бас жақсыға – боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс, жамбылар жатады.

Орта жақсыға – ең жақсы түйе не ат.

Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой т.б. жатады.

Құда түсу

«Құда түсу» (дәстүр). «Итбай Тұрлығұлға құда түсіп мал алуға дайарлана бастады» (С.Көбеев). Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі- құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп... мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады (кәдеге қараңыз). Құдалықты басқарып барған «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталынады.

     Құда түсу-қазақтың ең үлкен той-думаны мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлердің бірі. Онда әртүрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақ та бірін-бірі сынап отырады.

Шеге шапан

Шеге шапан (дәстүр, кәде). Құда болуға баталасқан екі жақ келіскенен кейін бір-біріне сый-сияпат ұсынады. Жігіт жағы «қарғы бау» ұсынғаннан кейін жаушыға «шеге шапан» жабады. Бұл уәде пісті деген сөз. «Жаушы» жіберген жақ жігіт ауылы келе жатқан өз «жаушыларының» үстіндегі яғни «шеге шапанын» көріп, оларды шашу шашып қарсы алады.


Информация о работе Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлер