Қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 09:15, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең-байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы бодды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде ХІV-ХV ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының э

Содержание

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуы
1.2 Халықты этникалық жағынан топтастыру
1.3 Қоғамдағы экономикалық өзгерістер
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

Казак хандыгы.doc

— 76.00 Кб (Скачать)

    ЖОСПАР 
 
 

  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
 

    1.1 Қазақстан аймағында  қазақ мемлекеттігінің  қалыптасуы мен  дамуы

    1.2 Халықты этникалық жағынан топтастыру 

    1.3 Қоғамдағы экономикалық өзгерістер 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

    1.1 Қазақстан аймағында  қазақ мемлекеттігінің  қалыптасуы мен  дамуы

    Орта  ғасырлардағы Қазақстан аймағында қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы мен дамуының қазақ халқының құралуы мен топтасуында, қазақ этносы дамуының ұзақ жолында, әсіресе оның соңғы кезеңінде, ХV-ХVІІ ғасырларда этностыңтүтастығын сақтауда аса зор маңызы болды.

    Қазақ хандығының пайда болуы Шығыс  Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Түркістанның кең-байтақ аумағындағы әлеуметтік-экономикалық процестердің заңды қорытындысы  бодды. Аралас экономикалы, көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік, қала шаруашылығы қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы негізінде ХІV-ХV ғасырларда тұтас экономикалық ауданның құрылуы аймақтың бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай әзірледі. Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси байланыстарыньщ нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды. Өз кезеңіңде Ак Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттіктің даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігу қажет екенін түсінуіне . жәрдемдесті.

    Қазақ мемлекеті құрылуының объективті себептері мен шарттары осы жағдайлар болды. Ірі этникалық-әлеуметтік қауыымдастықтың өзінің біртұтас әлеуметтік-аумақтық мемлекеттік ұйымын құруға ұмтылуы соңғы уақытқа — ұлттардың құрылу кезіне ғана емес, Орталық Азия аймағының қазіргі халықтары қалыптасқан орта ғасырларға да тән. Мемлекетгің этникалық қауымдастықты айқындайтын көптеген элементтерді — тіл, материалдық мәдениет, тұрмыс, тарихи зерде, халықгың ғұрпы, ойлау салты элементтерін қайта жаң-ғыртуда, оны дамыту мен этникалық аумағын қорғауда жетекші рөл атқаратыны белгілі.

    Жоғарыда  көрсетілгеніндей, ХІУ-ХУ ғасырлар соңғы  орта ғасырлардағы Қазақстан өмірінде ерекше маңызды кезең болды. Бұл  қазақ халкының құрылуы, оның мемлекеттігінің, этникалық аумағының негізгі нобайларының қалыптасуы аяқталған кез еді. Жоғарыда монғолдар жаулап алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықгардағы күйзелістің орнына келген шаруашылықтың қайта ерлеу фактілері атап өтідді. Әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму саласында өзгерістер орын алды. Монғолдардан кейінгі уақытта жоғарыда айтылған мемлекеттерде азды-көпті тұрақты шаруашылық жағдайларының қалпына келтірілуі, Орта Азияда, Иранда, Кавказ сыртында, орыс жерлерінде болғаны сияқты, Қазақстанда да қоғамдық қатынастардың үдемелі түрде ілгері басуын қамтамасыз етті. Қазақстанның бүкіл аумағында, әсіресе оңтүстік аудандарда әлеуметтік қатынастардың рулық- тайпалық белгілері мен рулық байланыстардың пәрменділігі барған сайын кеми берді, хандардың, сұлтандардың, әмірлердің, байлардың, билердің, мұсылман дінбасыларының еңбекші бұқара жөніндегі саясаты барған сайын өктем бола түстті Ақ Орда мен басқа да аталған мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемаларын әлі де жете зерттеуге тура келеді, дегенмен қоғамдық қатынастардың, әсіресе отырықшы-егіншілік дамыған аудандарда патриархаттық-рулық шеңберден біртіндеп арылуы мағынасында алғанда, ол қатынастардың дамуындағы кейбір ілгері басушылық туралы қазір де қорытынды жасауға болады. Ақ Орданың билеушісі Жошыдан тараған сұлтандар мен көшпелі тайпалардың шонжарларына үлестік иеліктер мен үлестік жерлер бөліп беру жүйесін ретке келтіру жөнінде бірқатар шаралар колданылды. Бұл көшіп-қонудың ежелден қалыптасқан жолдарын ескере отырып, жайылымдық және егістік учаскелерді иелену және пайдалану құқығымен жүзеге асырылса да, көп жағынан алғанда дәстүрлі жер пайдалануды бұзбай койған жоқ, өйткені сыйға тартылған сойырғалдардың өзге тайпалар көсемдерінің қолына түсуі жиі кездесетін еді.

    Қоғамдық  қатынастар жүйесінің одан әрі дамуы, Моғолстандағы сияқты, Ақ Ордада, сонан соң Әбілқайыр хандығында малды ғана емес, жерді де меншіктенудің нығайтылуынан көрінді. Мұны жайылым үшін барған сайын өрістей түскен күрес те растайды, бұған Әбілқайыр ханның Өзбек хандығындағы сияқты, аталған мемлекеттердің де тарихы жөніндегі жазбаша деректемелерде дәлелдер бар. Өз мемлекеттігінің құрылуына байланысты көшпелі шонжарлардың экономикалық және саяси күш-қуаты арта түсті. Қазақстанның оңтүстігінде қалалардың дамуы және қала халқын осы мемлекеттердің билеушілері мен қалаларды үлес-сойырғалға алған көшпелі шонжарлардың қанау мүмкіндіктерінің артуы, сондай-ақ мал санының көбеюі, жайылымдық жердің кеңеюі — осының бәрі шонжарлардың күш-қуаты артуы және қатардағы көшпелілердің, егіншілер мен қала тұрғындарының әлеуметтік жағынан саралануының өсуі үшін жаңа мүмкіндіктерді айқындап берді. 

    1.2 Халықты этникалық жағынан топтастыру 

    Қазақ халқының қалыптасу процесінің баяулауына, оның уақыт жағынан ұзаққа созылуына монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының бір орталыққа бағынбауы, көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы қоғамдық қатынастардың баяу дамуы, сыртқы саяси жағдайлардың қолайсыз болуы (монғолдардың жаулап алуы, Темірдің және Темір ұрпақтарының агрессиялық саясаты, одан кейінгі ойрат феодалдарының Қазақстанды қаңыратып кеткен, халықты тікелей қырып жойған, қоныстарды қиратқан, туыстас этникалық топтарды бөлшектеп, бытыратып жіберген шапқыншылықтары) салқы-нын тигізді. Қазақ халқының қалыптасуына қазақ қоғамы дамуының бүкіл барысындағы ұзаққа созылған ішкі соғыстар мен талас-тартыстар және қазақ билеушілерінің көршілес Орта Азия, Шығыс Түркістан, Сібір, Жоңғария аумақтарындағы өздері жүргізген сыртқы соғыстары сияқты факторлардың да теріс ықпал жасағаны аз болған жоқ. Соғыс қимылдары объективті түрде пайда болған шаруашылық, мәдени және этникалық байланыстарды қайта-қайта үзіп отырды. Қазақ этногенезінің барысына жекелеген этникалықтоптарды қалыптасқан халықтан шығарып тастаған немесе оған сырттан келгендерін қосып отырған халықтың кеші-қоны айтарлықтай теріс ықпал жасады. Этникалық топтардың осылайша орын ауыстыруының халықтоптасуының процесіне тежеуші ықпал жасайтыны бірқатар зерттеу әдебиетінде атап өтілген. Моғолстанның, Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығының тарихы сондай және басқа да фактілерге толы. Сонымен бірге көші-қон этникалық тегі жағынан жақын ұжымдардың қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызды. Мысалы, Қазақстан даласы көшпелі коғамының дамуы да, көшпелілер мен жартылай көшпелілерінің отырықшылануы сияқты нәтижелері де нақ осы бағытта бодды. Жоғарыда аталған соғыстар мен талас-тартыстардың, жүттардың салдарынан қатардағы кешпелі малшылардың күйзеліске ұшырауы, әсіресе оларды Сырдария қалалары мен Жетісу ауданында, ягаи ежелгі егіншілік мәдениеті ауданында отырықшы болуға амалсыздан әкеп соқталды. Жерге отырықшыланған бұрынғы көшпелілер түркі тілді, араб тілді және басқа тілді өзге де этникалық қауымдастықтарға жататын жергілікті тқрғындармен шаруашылық, мәдени және этникалық байланыстар жасап, нақ Оңтүстік Қазақстан халқына тән өз ерекшеліктері бар этникалықтоптар құрады.

    Біртұтас  мемлекет кана халықтың этникалық құралу процесіндегі ықпалдардың әсерін жойып, оның этнос ретіндегі мәдени-шаруашылық дамуын қамтамасыз етеді.

    Осыған  орай көшпелілердің мемлекеттілігі туралы мәселе көтеріледі. Осы мәселе жайлы дау-дамайға терендеп енбей-ақ, бірқатар зерттеушілер көшпелілердің мемлекеттілігі егінші өңір мен қалаларды жаулап алуы арқылы қалыптасады деген пікір ұстанатынын атап өткен жөн. Бірақ тарихи шындыққа қарағанда арғы ата-бабалары сияқты қазақтар таза көшпелі мал шаруашылығымен ғана айналыспаған, олар отырықшы, жартылай отырыкшы болған, егіншілікті де, қала мәдениетін де білген. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы мен нығаюында ерекше дамыған екі аудан—Түркістан мен Жетісу маңызды рөл атқарды.

    Қазақстанның  батыс-орталық бөлігінің аудандарымен, сондай-ақ Жетісумен және Шығыс Қазақстанмен қатар, Оңтүстік Қазақстан мен Сырдарияның орта және төменгі өңірінің қалалары, Орталық Қазақстанды қоса алғанда, қазақ этногенезі мен политогенезінің аса ірі үш торабының бірі саналады. XIII—XIV ғасырлар шебінде-ақ Алтын Орданың зорлық-зомбылығының артуы жағдайында қалыптасып жатқан жергілікті халық мемлекеттігінің саяси орталығы Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қарай ойыса бергенімен, кдзақ мемлекеттігінің дамуы да осы аталған ірі орталықтардың тарихымен тығыз байланысты болды. Қазақхандығының саяси орта-лығы әуелі Батыс Жетісу, бірнеше жылдан кейін — Сыр өңірінің қалалары мен Қаратау беткейлерінің солтүстік бөлігіндегі ауданға (басты қалалары Сығанақ пен Сауран болған), ал XVI ғасырдың аяғынан бастап Түркістан қала-сына ауысты."Қазақ хандығында мемлекет орталығын таңдау мәселесінде XIV— XV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ аумағывда одан бүрын болған мемлекеттер — Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы («көшпелі өзбектер мемлекеті») дәстүрлерінің жалғастырылуы кездейсоқ емес. Оңтүстік Қазақстанның нақ осы ауданына ноғай (маңғыт) феодал шонжарлары, атап айтқанда әмір Едіге ұрпақтары мүдделерінің аударылуы жиі кездесетін және заңды болатын.

    Түркістан мен Жетісу қазақ мемлекетінің өмір сүре бастаған алғашқы он-жылдықтарынан бастап ұйытқысы болды. Оның пайДа болу алғышарттары-ның осы аймақтың алдыңғы кезендегі, XIV—XV ғасырлардағы тарихымен байланысты болғаны сияқты, оның тағдырын нақ осы жерлердегі оқиғалар айқындап берді. Қазақ хандығының бүкіл дамуы, оның саяси тарихы, хандықтың нығаюы, қазақ халқының экономикалық және тарихи өмірі Түркістан мен Жетісу тарихына тығыз байланысты болды. Түркістан мен оның қалалары қазақтардың Орта Азия халықтарымен өзара экономикалық, мәдени, саяси қатьшастарыңда, ал Жетісу қазакгардьщ қырғыздармен және Шығыс Түркістан халқымен қатынастарында зор рөл атқарды. Бұл қатынастардың феодалдық күрестен, үзаққа созылған соғыстардан керініс табуы сирек болмайтын, бірақ көбінесе бейбіт емес қатынастар бейбіт, тіпті достық қатынастармен ауысып отыратын.

    XV ғасырда Ақ Орда әлсірегенімен,  Түркістанда және оған жапсарлас жа-тқан далалық аумақта Барақтың иелігі қалады. Феодалдық талас-тартыстар жағдайында және Барақ ханның қаза табуына байланысты Қазақстан даласының көп бөлігінде биліктің Шайбани ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшуі — нақ сол Жошы ұрпақтары әулеттерінің алмасуы ғана болып табылады. Ал халық өзгермей, нақ сол аумақ шеңберінде калды, оны шаруашылықгың, ма-териалдық мәдениет пен тұрмыстың ортақтүрлері біріктірді. Дешті Қыпшақ-тың шығыс белігіндегі этникалық жағынан туыс түрік тайпалары, сондай-ак әлдеқашан түріктеніп кеткен монғол тайпалары XV ғасырдың аяғы — XVI ғасырдың басыңдағы тарихи шығармалар авторларының түсінігінде-ақ этникалық жағынан біртұтас болып саналады. Әбілқайырдың «көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырағанға дейін-ақ және әсіресе осы оқиғадан кейін Қазақстан халқы (Жетісуды қоспағанда) екі саяси бірлестікке бөлінгенімен, олар нақ сол этникалық топтардан тұрды.  

    1.3 Қоғамдағы экономикалық өзгерістер

    Билеуші әулеттердің алмасуы, саясат саласында  болған өзгерістер қоғам-ның экономикалық негізіне әсер еткен жоқ.

      Жәнібек пен Керей «қазақтарының» Әбілқайыр «өзбектерінен» этника-лық құрамы жөнінен де, әлеуметтік-мәдени дамуы, кәсібінің тегі, материал-дықтұрмысы шаруашылығы жөнінен де еш айырмашылығы болмады. Сон-дықтан өзбектерді (бұл арада XIV—XV ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында мекендеген «өзбектер» айтылып отыр) Сырдариядағы егіншілікпен тығыз байланысты, ал қазақтарды тек далалық аудандарда тұрған, егіншілік және отырықшы өмірді білмеген таза көшпелілер деп санаған бірқатар зерттеушілердің пікірі қате болып табылады. «Өзбектердің» Шығыс Дешті Қыпшақтан Мауараннахрға ауысуын бүл зертгеушілер олардың Сырдарияда бастан кешіре бастаған жер тарлығынан бодды деп түсіндіреді.

    Ақ  Орда мемлекетін, Әбілқайыр хандығын, Моғолстанның солтүстік бөлігін (Жетісуды) және Ноғай Ордасын қазақ халқының ірі-ірі этникалық топтары мекендеді. Қазақ хандығы Ак Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттігінің және жоғарьща айтылған басқа да мемлекетгердің тікелей жалғасы болды. Осы мемлекеттер шеңберінде қазақ халқы қалыптасуының ұзаққа созылған процесі, ал Қазақ хандығында біртүтас халықтың біржола топтасуы аякталды. Этникалық процестермен бірге қазақ мемлекетгігінің өзі де қалыптасып, дамвды, ол бұрын Қазақстан ауматанда мекендеген тайпалар мен халыкгардың (кимектердің, қыпшакгардың, наймандардың және басқа да түрік халықгардың) феодалдық мемлекеттігі дамуының тікелей жалғасы бол-ды.

Информация о работе Қазақ хандығы