Қазақ хандығының құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 08:39, реферат

Описание работы

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 91.44 Кб (Скачать)
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына  дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588 жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек Қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. 1582 жылы Шығай хан өлгеннен кейін Тәуекел хан болды. Абдаллахқа вассалдық тәуелділік оның кезінде де сақталып қалды. Бірақ 1582 жылдың бас кезінде-ақ «Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтып келе жатқанда Тәуекел өзіне ханның теріс ниетінен күдіктеніп, оны тастап, өзінің Дешті Қыпшағына кетіп қалды» делінген дерек те бар.Тәуекелді осындай қадам жасауға итермелеген себептер деректемелерде түсіндірілгенімен бірсыпыра пікір айтуға болады.

                    Есім хан

       Есім хан — (15981628) билік құрған.Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.

Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа-жаңа қаз тұрып келе жатқан-ды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы бсқа ру-тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу-Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан ұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз-қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан-жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір-Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне-міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.

        Хан болу жолы.Қалайда Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының туын жыққан жоқ, олар дүниеден өткен соң билік Қасым ханның қолына тиді. Ол мұсылман дінінде болғанмен отырықшы елдердегі тәртіп, заңға ұқсамайтын көшпенді халықтың күнделікті түрмыс- тіршілігіне, салт-санасына, ой-көзқарасына орай жаңа заң-тәртіп орнатты. "Қасым салған қасқа жол" дейтініміз сол. Қасым нұсқаған жолдың негізгі мақсаты — Қазақ мемлекетін күшейту, халқын көбейту, жерін кеңейту- тұғын. Ол бұл жолда күні-түні аттан түскен жоқ, іргедегі мемлекеттердің өзара және ішкі алауыздықтарын, араздықтарын пайдаланып, досынан да, қасынан да одақ таба білді. Соның нәтижесінде Қазақ хандығының жері Сарыарқаны қосқанда сонау Жайық жағасына дейін кеңейген еді. Қасым хан өзінің бақталасы өзбек ханы Мухаммед Шайбаниді тізе бүктіріп, Сыр бойындағы қалалардың басым көпшілігін Қазақ хандығына қаратқан. Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан.1523 жылы Қасым хан өлгеннен кейін оның мұрагерлері арасында таққа, баққа таласу өріс алып, Қазақ хандығы біраз әлсірейді де, Хақназар тұсында (Қасым ханның баласы) қайта өрлейді. 42 жыл бойы тақтан түспеген Хақназар (Ақназар) "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" аталған. Сол тұста ыдырай бастаған Ноғай ордасынан қаңлылар, қыпшақтармен бірге Кіші жүзАлшын одағына енген тайпалар түгелімен Қазақ хандығына келіп қосылғаны мәлім. Тіпті Ноғай ордасының астанасы Сарайшық қаласы да Хақназарға қарағанын айта кету керек. Әйтсе де сырттағы жаудан іштегі жаудың ақыл-айласы артық екені анық. Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын адамдар жіберіп, қапылыста қазақ сұлтаны Жалымды екі баласымен, Хақназарды екі ұлымен қоса өлтіртіп жіберген. Екі жыл өткен соң Баба сұлтанның да басына зауал туып, Түркістан қаласының түбіндегі ашық шайқаста Тәуекел бастаған қазақ қолы Баба сұлтанның әскерін талқандап, өзінің басын алған.Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді. Тәуекел Бұхараны қоршағанда ол 20 мың әскерімен Самаркантты билеп тұрған. Ауыр жарақаттан қайтыс болған ағасының орнына хан сайланған Есім отыз жыл бойы буыны жаңа бекіп келе жатқан Қазақ мемлекетін қорғау, күшейту жолында қанын да, жанын да аяған жоқ. Шығысында қалмақтармен, солтүстік батысында Бухара хандығымен үздіксіз шайқасуға тура келген. Көрші жатқан қазақ ауылдарын үнемі талан-таражға салып, ұлдарын құл, қыздарын күң етуге ұмтылған қалмақтардың бетін қайтаруы, кейде тіпті өзі де жорыққа шығып, шекарадан алысқа қуып тастауы түсінікті жағдай, ал өзімен қандас, халқы аралас-қүралас Бұхара хандығымен неге жауласты дейсіз ғой? Бүған бірнеше себеп бар.

           Билігі.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.

     Тапқырлығы.Оның ақылды, алғыр, батыл қимылдарының сарыны орыстың Ұлы князі Василий ӀӀӀ-ге де жетіп, дипломатиялық байланыс орнатқан. Қазақ халқы дербес халық ретінде Батыс Европаға да әйгілі бола бастаған. Бұл жөнінде Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн жазбаларында бар. Әйгілі тарихшы Мүхаммед Хайдар Дулати: "Қазақ хандығы мен сұлтандары арасында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес" — деп тегін жазбаса керек

     Тұрсын ханның өлуі.Есім ханның ел ішіндегі беделін, асқан абыройын іштей қызғанып жүретін Тұрсын Бұхара ханының ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында екеуі астыртын келіссөз жүргізеді де, Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Қазақ ханы бұл кезде моңғол билеушілерінің, қырғыз манаптарының өзара қырқысуын тыю үшін шығыс аймақтарда жүрген.Тұрсын ханның түп атасы түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мүхаммед- сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы, Есім ханның туысы делінген. Махмуд Уәли "Бахр Ал-аср" атты еңбегінде: "Ол Жалым сұлтанның баласы еді", — дейді. Жалымды екі ұлымен бірге, жоғарыда айтқанымыздай, Ташкент билеушісі Баба сұлтан өлтірген. Бұл зұлым өзінің қайын атасы, қазақтың ұлы ханы Хақназарды да екі ұлымен қоса жансыздары арқылы жайратқанын білеміз. Ал Жалым сұлтан қайдан шықты — ол жағы тағы мәлімсіз. Кейбір зерттеушілер Әз Жәнібек ханның ұлы Қасым ханның баласы болуы мүмкін дегенді айтады. Енді біреулер Шығай ханның әрпағы, яғни Есім ханның туысы етіп көрсетеді.Қалай дегенмен Тұрсын сол тұста Ташкентті билеп, күллі қазаққа хан болуды армандап жүрген. Бірақ жолында Еңсегей бойлы Ер Есім тұр. Тұрсын жалғыз Ташкентте емес, Біскент, Түркістан, кейде Сауран, Әндіжан, Шахрухийя сияқты үлкенді-кішілі қалаларға да қожалық ететін. Есім ханмен бірігіп соғысқанда өзінен әлденеше рет жеңілген Имамқұли көмектесем деген соң үміт оты жана бастағанды. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, сонда Есім ханның қасындағы Төлеген (Марқасқа) жырау оны мынадай жырмен оятады:

     Ей, Қатаған хан Тұрсын!

     Кім арамды ант ұрсын.

     Жазықсыз  елді жылатып,

     Жер тәңірісің, жатырсың,

     Хан емессің қасқырсың,

     Қара  албасты басқырсың!

     Алтын тақта жатсаң да

     Қазаң жетті қапылсың!

     Еңсегей бойлы ер Есім,

     Есігіңе келіп тұр,

     Шашқалы тұр қаныңды,

     Кешікпей  содан қатарсың!

     Есім  хан шошып оянған Тұрсын ханның басын  алады.«Бахыр әл асырардың» авторы Махмұд ибн Уәлидің айтуына қарағанда, есім хан 1628-жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда 1645-жылы қайтыс болған делінеді.

                        Жәңгір хан

     Салқам  Жәңгір Туған жылы белгісіз, 1652 жылы өлген. Есім ханның үлы. Ол хан тағына Есім хан өлген соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ мол денелі кісі екен. Сондықтан да халық оны "Салқам Жәңгір" атап кеткен. Оның түсында Батыр қонтайшы басқарып отырған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап түрды. Жөңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бүхар хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға үмтылды. Мүның бөрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан түсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған: бірінші шайқас — 1635 жылы, екіншісі — 1643-1644 жылдары, үшіншісі — 1652 жылы. 1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы түрды. Бүл үрыстың нақты нөтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның түтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып қүтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап түрады. Екінші ірі шайқас 1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазак жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды түтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бүл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске үшыраған жоңғарлар бүл рыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бүл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген. Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бүл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның үлдары Тәуке мен Апақ сүлтандарға жүктелді. 1643-1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мүқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан кару-жарактар және оқ-дәрілер сатып алады. 1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске үшырап, Жәңгір хан қаза табады.[

     Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) [1][2]Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

     Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар  аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы