Қазақ хандығының құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 18:50, реферат

Описание работы

Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б.д.д. II-I м.ж. кезеңі) темір дәуірі (б.д.д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады.

Содержание

Кіріспе.
Қазақ хандығының құрылуы.
Қазақ хандығының құрылуының саяси тарихы.
XVI - XV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.
Ақ Орда мемлекеті (ХІІІ-ХҮ ғ. басы).
Алтын Орда (1243 ж. – ХV ғ. ортасы).
Моғолстан (XIV ғ. ортасы - XVI ғ. басы).
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428 - 1468 жж.) немесе Әбілхайыр хандығы.
Ноғай ордасы (Маңғыт үйі) - XIV ғасырдың соңы XV ғасыр.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы –XVI ғ.).
Пайдаланылған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

СРС ИСТОРИЯ .docx

— 334.17 Кб (Скачать)

Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.

Cібір хандығы. Тарихшы ғалым, академик Манаш Қозыбаев марқұм 1992 жылы тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының Құрылтай жиынында сөз сөйлеп: «Орыс елі Қазақияны 1731 жылдан емес, 1580 жылдан бастап шапты. Өйткені Жармақ жаулап алған Ібір-Сібір жұртының халқы, негізінен, қыпшақ, арғын, найман, керей, жалайыр, т.б. тайпалардан құралған. Осы кезде этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар, өзбек, қарақалпақ, қазақ халықтарының құрамына ғалым Р.Күзекованың деректері бойынша, 100-ден аса біртекті ру-тайпалар енген. Бұлардың бір шеті сол Ібір-Сібір жұртынан басталатын. Ендеше, Қазақ елінің ресейлік отарлық Сібір хандығының астанасы – Ескер бұғауына іліге бастағанына 400 жылдан асты», – десе, тарихшы ғалым Керейхан Аманжолов: «Орыстардың Қазақ елін бодандыққа алуы 1731 жылдан емес, 1580 жылдары Сібірді жаулау кезінен басталды. Өйткені Ібір-Сібір жұртының халқы, негізінен, қыпшақ, арғын, керей, найман, жалайырдан құралғанын еді», – дейді («Түркі халықтарының тарихы», Алматы, 1999 ж. 10-б). 
 Сол сияқты орыстың географиялық қоғамының негізін қалаушылардың бірі, белгілі ғалым А.Лепшин 1832 жылы жарық көрген «Тарихи хабарлар» атты еңбегінде: «Сібір хандығының негізін қалаған орта жүздің қыпшақ және арғын рулары еді», – деп жазады. 
Сібір хандығы 1420 жылға дейін «Түмен хандығы» деп аталған. Хандықтың территориясы үлкен болғанымен, тұрғындар саны ХVІ ғасырдың ортасында 30 500 адам шамасында болған. Қазан құлағаннан кейін, 1555 жылы Сібір ханы Едігер (Тайбұғы тайпасынан) Мәскеу княздігінің бодандығын қабылдады. Бірақ 1563 жылы Көшім хан билікті қолға алған кезден бастап, бодандытан бас тартып, орыспен қарым-қатынасын бірден үзіп тастады. 
 Көшім хан 1569 жылы орыс патшасы Иван Грозныйға: «Сенің билігің бізге жүрмейді, тату тұрғың келмесе, тұрысатын жеріңді айт…», – деп хат жолдағаны жайлы дерек орыс зерттеушісі П.Небольсиннің еңбегінде айтылады. 
Орыс жазбаларында Көшім хандығын «Ертіс хандығы» деп те атаған. Астанасы Ескер (Ескі жер) қаласы Ертіс өзенінің оң жағалауында Тобыл қаласынан 16 шақырым жерде ХІІІ ғасырда бой көтерген. Бұл өлке қазір Ресейдің Түмен облысына қарайды. 
 Көшім немесе Сібір хандығының құрамына қазіргі Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан өлкесі енген. Хандық Қазақ және Ноғай ордаларымен қарым-қатынаста болған. Қыз беріп, қыз алысқан. Көшімнің үлкен ұлы Әли ноғай нояны Дін-Ахметтің қызын алса, өз қызын тағы бір ноғай ханзадасы Ақмырзаға берген. 
Көшімнің хандығы жайлы Протауз және Эфрон құрастырған энциклопедиялық сөздікте: «Көшім Сібірде 1563 жылы хандығын орнатты. Ертіс, Тобылдың бүкіл аумағын биледі», – делінсе, орыс тарихшысы А.Оксенов: «Ескер қаласының бас мешітінде Көшімді ақ киізге көтеріп хан сайлады. Хандығының белгісі ретінде алтын, күміс монеталар құйды. Ол Түмен мен Сібір ханы болып жарияланды», – дейді. 
       Жармақ жорығы 
 Алтын Орданың құрамынан шыққан ұсақ хандықтарды бағындырғаннан кейін орыс патшасы күшейгеннің үстіне күшейе түсті. Патша ағзамның қолшоқпарлары (орыс алпауыттары) «енді Сібірді бағындырып алсақ» деп түн ұйқыдан айырылды. Өйткені Ібір-Сібірдің ен байлығы Ресей саудагерлерінің түсіне кіретін болды. Әрі Сібір алынса күллі Азияға қақпа ашылмақ. 
 Бірақ Сібірді жаулау үшін әскер керек. Бұндай тапсырманы үкіметтің солдаттарына тапсырып, патша жаман атты болғанша, Еділ мен Донның бойында қарақшылық жасап жүрген казактарға тапсырса сөзсіз тиімді болмақ. Бір оқпен екі қоян ату деген – осы. Біріншіден, мемлекетке маза бермей жүрген қарақшыларға жұмыс табылып, елдің іші тынышталады, екіншіден, қарақшылардың күшімен Сібір жұрты талқандалады. 
 Осындай сұрқия саясатты іске асыру үшін күллі Ресейге аты мәлім алпауыт Строгановтар әулеті мен Жармақ (Ермак) дейтін қарақшылардың атаманы тіл табысады. Шаш ал, десе, бас алып үйренген Жармақтың қандықол жасағы 1581 жылдың жазында Жайықтың жағасында орын тепкен Сарайшықты шабады. Орыс жылнамашыларының жазуы бойынша, қаланың екі мыңға тарта халқын қырып, сұлу келіншектерін апта бойы азаптап, түгелдей зорлап өлтіреді. 
 Бұнымен тоқтап қалмай қала маңындағы ауыл-қыстақ, елді мекендерді жер бетінен сыпырып, тіпті көне зираттардың өзін түгін қоймай қиратып, қу сүйекке айналған мүрделерді көрден суырып алып, тау-төбе етіп өртеп жіберген. Бір сөзбен айтқанда, көшпенділер «мынау біздің ата-бабамыздан қалған жер» деп айтатындай бірде-бір дерек қалдырмаған. 
 Көзіне қан толған Жармақ келесі 1582 жылдың жазында жасағын бастап Сібір жұртының астанасы – Ескерді (Қашлық) басып алуға аттанады. Бірнеше айға созылған қанды қырғыннан кейін 26 қазан күні Жармақ сібірліктерді қуып шығып, қаланы басып алды. Жазушы Мұхтар Мағауин осы күнді (26 қазан) ұлт тарихындағы ең азалы күн ретінде тарихқа таңбалауымыз керек, – дейді («Қазақ тарихының әліппесі», Алматы, 1995 ж. 147-б). Ал осы жорық жайлы «Үлкен Совет энциклопедиясының» алғашқы басылымында: «1581-1584 жылдары Жармақ отряды жүрген жерін қанға бояп, Сібірге жол тартты. Көшім ханды құлатты», – деп, оны Сібірді бағындырушы ретінде мақтап, ерлігін атап өтіпті. 
    Сібір хандығының күйреуі 
Көшім жеңілгенімен хандық құрыған жоқ. Арада екі жыл өткен соң 1584 жылы тамыздың 5-нен 6-на қараған түні Ескерде есіріп жатқан Жармақтың жасағын көшімдіктер бір түнде тарпа бас салып, көсемін өлтіріп, жасағын Ертіске тірідей тоғытып жіберді. Қалған қарақшылар қашып-пысып ақ патшаның алдына барады. 
Осы жеңістен кейін бұрынғы Көшім хандығы қайтадан ес жия бастады. ІV Иван қайтыс болып, жаңадан патшалықты қолына алған Федор І Иоаннович Сібір хандығының күшеюінен қорқып, қарақшы Жармақ салған іздің сүрлеуі өшпей тұрғанда, қайтадан шабуылды жалғастыруды қолай көрді. Көп кешікпей Борис Годуновтың ұйғарымы бойынша Иван Мансуров пен Данил Чулков басқарған қалың қолды Сібірге қарай аттандырды. Бұларға жолай Василий Сукин басқарған қарулы мергендер тобы қосылды. Қосындар зеңбірекпен қаруланды. 
Қысқасы, Сібір жасақтары орыс әскерлерімен 17 жыл соғысты. 1591 жылы орыс воеводасы Владимир Масалский-Кольцовтың күшейтілген жасағы Көшімге шешуші соққы берді. Әлсіреген көшімдіктерді 1595 жылы воевода Доможировтың жасағы да қирата жеңді. 1597 жылы Көшім хан қалған-құтқан сарбаздарының басын қосып Тара бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ шабуылы нәтижесіз аяқталды. 1598 жылдың 20 тамызында воевода Андрей Воейков Обь өзені бойындағы шайқаста Көшім әскерін толық талқандап, отбасы мүшелерінің кейбірін қолға түсірді. 
 Орыстар 1591-1595 жылдар аралығында Сібір хандығын толық бағындырды. Қысқа мерзім ішінде Ресей патшасы басып алған өлкелерге 22 жерге қала (бекініс) салып үлгерді. Атап айтқанда, 1586 жылы Шым-Тұра қаласының орнына Түмен бекінісі, 1587 жылы Тобыл, 1594 жылы Тара, 1604 жылы Томск бой көтерді. 
Профессор Н.Фирсов 1915 жылы Петерборда жарық көрген «Сібір тарихының мәліметтері» атты еңбегінде: «Орыстардың негізгі мақсаты – Сібірді отарлау болды. Бұл жорық ақырында, қандыбалақ көсемнің (Жармақты айтады) басын жұтса, сібірліктердің қанын судай ағызды. Айталық, Сібір патшасы Едігердің тұсында (1555 жылы) салық төлеушілер саны 30 700 адам болса, ХVІІ ғасырда Батыс Сібір өлкесіндегі жеті уезде салық төлейтін қауқары бар 3000 адам қалды», – деп жазады. 
 Сібірліктер 1616 жылы отарлаушыларға қарсы соңғы рет бас көтерді. Көтерілісшілерді патша әскері қойдай бауыздап, қатын-қалаш, бала-шағасына дейін тұтқынға алды. Осылай Көшім жеңілгеннен кейін Ресей империясы Қазақ Ордасымен бетпе-бет қалды. 
 Қорытындылап айтқанда, Алтын Орда мемлекеті ыдырағанда Қазақ хандығымен қатар құрылған, Сібірдегі Көшім патшалығы 20-дан астам жыл өмір сүріп, тарихта ізін қалдырды. Бұл – патшалық Ресей отаршылығына қарсы тұрған ең алғашқы күш ретінде тарихтан орын алды.

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы  хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан  шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында  қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын  егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына  салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық  топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері  хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар  жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті.
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
  3. http://massaget.kz
  4. http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=oldid=1056115

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ хандығының құрылуы