Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)
 
Тұрар  Рысқұлов  атындағы  Қазақ  экономикалық  университеті

 

 
 

!»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»»«»»!!ор!!!!!Рмрмл»

«!»«»!кеа«»ӘӘӘотл

рпм»»»»»»Ә    І«Экономиканы мемлекеттік  реттеу» кафедрасы

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

Әлеуметтік  жұмыстың тарихы мен теориясы пәні бойынша

                                            
 
 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 

Тақырыбы: Қазақстан  дамуының  әр  түрлі  кезеңдеріндегі  қайырымдылық  түрлері

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

АЛМАТЫ  – 2010

Жоспары

                

Кіріспе

І  Тарау  Қайырымдылықтың  даму  тарихына  шолу

1.1. Орта  ғасырлардағы  қоғамдық  қайырымдылық  кезеңі  және  классикалық  кезеңге   сипаттама.................................................................................................5

1.2.  XVIII  ғасырдағы   қайырымдылық  әрекетін  жалғастыру  үрдісі............7

1.3.  Әр  түрлі   діни – наным,  сенімдердегі   қайырымдылық......................................................................................................9 

ІІ  Тарау Қазақстан дамуының  әр  түрлі кезеңдеріндегі  қайырымдылық

2.1.  XIV – XV  ғасырдағы  қазақ  халқындағы  қайырымдылық....................11

2.2.  Егемен  еліміздегі  қайырымдылықтың   дамуы........................................12

2.3. Республикамыздағы  қайырымдылық  қорлар және  олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

 

ІІІ  Тарау  Тәуелсіз  еліміздегі  қайырымдылық  шараларының  жүзеге  асырылуы

3.1.  Қазақстандағы  балалар  үйі  мен  интернаттардағы  қайырымдылық  шаралары................................................................................................................22

3.2.  Шет   елдегі  қайырымдылық  жұмыстарының  Қазақстанда  жүзеге  асырылуы...............................................................................................................25

3.3. Қайырымдылық  шаралары  деңгейінің   өсуі  бүгінгі  қоғамымыздың  жалпы  адамзаттық  құндылықтарының көрсеткіші..........................................31

Қорытынды.................................................................................33

Пайдаланылған  әдебиеттер.......................................................34 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

         Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі егеменді Қазақстанда  қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы  Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен  мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

         Курстық  жұмыстың  мақсаты:  Қоғамдық өмір  мен қайырымдылық саласындағы заңды байланысты, жалпы алғанда ең алдымен қоғамның, сонан соң әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке тұлғалардың міңез  -  құлық нормаларына айналу процесін зертеу.

         Курстық  жұмыстың  міндеті

         - Тәуелсіз  жас мемлекетіміз  аяғынан тік тұрудың күрделі жылдарын  өткізуде.  Дәл осы уақытқа дейін болып көрмеген  жалпы азаматтық қажеттілік,  имандылық пен қайырымдылық,  жанашырлық  пен мейірімділік  қасиеттерді қайта қалпына келтіру;

         - Қайырымдылық әлеуметтік ұйымдардың саналы мақсаттық іс- әрекетінде көрініс табатындығын  айқындау;

         - Адам өмірінің екі өрісі: 1. материалдық,  бұл шындығын айтқанда адамға  ен алдымен азық   түлік,  баспана, киім  кешек және тағы  басқалар жағдайлар керек, 2. рухани өмір. Яғни қоғамдағы адамдар бір   біріне тәуелді екендігін түсіндіру.

         

         Қайырымдылық мәселесі көптеген  саяси гуманитарлық ғылымдарда  зерттелініп келе жатыр. Қайырымдылықтың  тамыры ежелгі болғандықтан, ерте  заманнан бері қарай атақты ірі ойшыл -   ғалымдардың, мемлекет қайраткерлерінің жазған ғылыми еңбектерінде, айтқан нақыл сөздерінде бұл мәселе жан- жақты айтылып, зерттеліп келуде.Әрине қайырымдылық - ол әлеуметтік процесс, институт.

         Қайырымдылық грек тілінде «eleemon»-« қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті» деген мағына береді, ал шіркеу тілінде ол «Caritabilis» сөзімен айтылып, қайырымдылық мағынасын білдірген. Тертуллиан, Иероним, Августин сияқты христиандар грек тілінен «eleemosyne», яғни біреудің қайғысына ортақтасу, аяушылық білдіру деген сөзді алып қолданған. Ертедегі латын тілінде бұған ұқсас сөз болмаған.

         Ағылшын протестант діндарлары 1880 жылы ағылшын тілінде жазылған  жаңа ілімнің аудармасын қайта  қарап, ондағы  «caritas» және  «love» деген сөзбен алмастырған, яғни «достық», «махаббат» деген сөздерімен береді. Шындығында алғашқы христиан дінінің іс- әрекеті мен ойы соның дәлелі. Осы тұрғыда алғанда оның қырлары көп, оларды басқа да әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар қарастыруда. Ал социологияға келсек, біз ғылым қайырымдылықты әлеуметтік институт, процесс ретінде қарап, осы құбылысты социологиялық нақтылы зерттеулер арқылы негіздейді. Қайырымдылық мәселесі социологияда ауқымы өте кең жан жақты проблема болғандықтан, оны социологияның бір саласы  немесе салалық социология деп те түсінуге болады.Сонымен, қайырымдылық проблемасын зерттеу социология ғылымының міндеттерінің бірі деген тұжырым жасаймыз.[1]

         Қазіргі егеменді Қазақстанда   қайырымдылық ең өзекті мәселелердің  біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы  Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен  мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І  Тарау.  Қайырымдылықтың  даму  тарихына  шолу 

1.1.  Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама 

          Қайырымдылық  деген  не?  Оны   қалай  түсінеміз?  Қайырымдылық  дегеніміз,  ол  адамға  материалдық   көмек  көрсету,  жақсылық  жасау,  яғни  филантропия.  Филантропия   деген  сөзді  грек  тілінен  аударғанда  «адамды  сүю»  деген  мағынаны  білдіреді  екен.  Ал  енді  бұл  қайырымдылықтың  негізі  қайдан  шыққан? 

          Ертедегі  грек  тілінде  мағынасы  игі  қайырымдылық  кішіпейілділік,  рақымшылдық  деген  ұғымғы  ұқсас сөз болған.  Ол  «eleemon» - қайырымды,  мейірімді,  ізгіниетті  деген мағынада,  ал  шіркеу  тілінде осы сөз басқа «caritabilis» деген сөзге айналып қайырымдылық  мағынасын білдірген.  Олай  болса,  ертедегі  христиандар грек  тілінен «eleemsyne»,  яғни  біреудің  қайғысына ортақтасу,  аяушылық  білдіру деген мағынадағы  сөзді  алып  қолданған. [1]

          Иерусалимде  және  одан  басқа   жерлерде,  алғашқы  христиандар   ең  әуелі  шағын  қауым   болып,  барлығы  бірігіп,  тіпті   өмір  сүруге  қажеттінің  бәрі  ортақ,  әркім  өз  қажетіне  қарай  бөліп  алып  отырған.  Тіпті  көптеген  дінге  нанушылар  өздерінің  жүрегі  мен  қанын  да  бір  деп  есептеген,  сөйтіп  олардың  араларында  мұқтаж  адамдар  болмаған.  Сол  кездегі  достық  пен  туысқандық  қамқорлық  деген  ұғымды  уағыздаушылар  (діндарлар)  және  діни  кітап  «Библияның»  осы  заманғы  аудармасында  «қайырымдылық»  шынайы  қамқорлық  деп  түсіндірілген.  Сонымен  қатар,  олар  оны  тек  христиандарға  тиісті  деп  есептеген.  әлемге  қайырымдылық  атты  идеяны  алғаш  танытқан  христиан  діні  емес,  оның  қажеті  де болмаған.  Себебі  көне  заманғы  қалаларда,  біздің  эрамызға  дейінгі  жүздеген  жылдар  бұрын  қайырымдылық  өзінің  кең  жомарттығымен,  мейірімділігімен  қарқынды  дамыған,  ал  христиан  дінінің  бұл  туралы  түсінігі  де  болмаған.  Афина,  Рим,  Греция  мен  Италияның  кейбір  қалаларында  бай  адамдар  күнделікті  не аптаның  белгілі  бір  күндері  өз  үйінің  есік  алдына  кедейлерге  арнап  тамақ беруді  дәстүрге  айналдырған.  Апостолдың  замандасы атақты  географ Страбон өзінің  «Родос  аралының  тұрғындары» атты  кітабында халыққа көрсетілген қамқорлықты айта  келіп,  онда  мыңдаған  кедейлерді  белгілі бір деңгейде  ұстау үшін  мемлекет  тарапынан  міндетті  түрде  жылына  бірнеше  рет  нан  таратса,  ал  бай  адамдар  өздері  тарапынан  да  оларды  жақсылықтарға  бөлеп  отырған.  Сонымен  қатар,  кедейлерді  тамақтандыру  және  азық – түлікпен  қамтамасыз  ету  ауқатты  адамдарға  салық  ретінде  жүктелген.  Соның  арқасында  кедейлер  әрдайым  тамақсыз  қалмайтын  болған.  Тит  Ливий «Рим  тарихы»  атты  тарихы  кітабында  былай  дейді:  «Римнің  кедей  азаматтары  мемлекеттің  қазынасы  есебінен  өмір  сүруге  құқылы  болған,  оларға  «нашар,  лас»  жұмыстарды  істетпейтін  болған.  Ал  қолы  бос  азаматтар  басқа  мүмкіндіктері  болмаған  соң  өмір  сүру  үшін  шеберханаларда  жалданып   жұмыс  істеген.  Афинада  да  дәл  осылай  кедейлерге  үздіксіз   қамқорлық,  оларды  қолдау  грек  қала  бастықтарының  маңызды  міндеті  болған.  Оларға  азық – түлікпен  қоса  ақша  да  таратып  отырған.  Содан  Дельфус  Шерар  Кестнер  сияқты  фмлантроптар  қайырымдылық  мекемелерін  құруға  мәжбүр  болған.  Рим  сенаты  алғаш  рет  нан  басқармасын  құрып,  онда  кедейлерге  арзан  бағамен  нан  сатып  отырған.  Рим  тарихындағы  алғашқы  мәліметтерге  жүгінсек,  біздің  эрамызға  дейінгі  439 жылы  Тит  Ливий  осындай  басқарманың  ең  алғашқы  председателі  болған. [2]

          Европа  мәдени  тарихи  құбылыс,  мәдени  қоғамдық  Европа  мәдени  тарихы  орта  ғасырда пайда болды.  Олардың себебі,  Рим империясының  құлдырауына және  оның  территориясында варварлық патшалықтың құрылуынан  басталуы  орта  ғасырдың   3 кезеңін белгілейді: 

  1. Бастапқы  орта  ғасыр (V – XVғ.ғ.)  европалық   өркениеттің  кейінгі  антикалық   және  варварлық  әлеуметтік  тұрмыстың  синтезі  ретінде   құрылу  кезеңі;

  2. Классикалық   орта  кезең  (ХІ – ХV ғ.ғ.)  Европа  мәдени  орталығы  болған  және  әлеуметтік – экономикалық  және  саяси  деңгейі  дамуымен  қарқыны  бойынша  Шығыспен  салыстырғанда  алға  шығу  мерзімі;

  3. Соңғы   орта  ғасыр  (ХVI – XVII ғ.ғ.)  Феодолизм   құлдырауымен  буржуазиялық  қоғамның  құрылуы  кезеңі. 

          Сонымен  қатар  қайырымдылық  кезеңі  2 кезеңді  қамтиды:

   1.  Бастапқы  кезең;

   2.  Классикалық  кезең.

          Орта  ғасырда  Батыс  және  Көне  Римнің  құлдырауында  пайда   болып,  ІІ ғасырдан  бастап  ішкі  шиеленістер  пайда   болды.  Оның  негізгі  белгілері   төмендегіше:

1.  Құлдық  қоғамның  жойылуы.  Құл  және  қалалық  жүйенің  қысқаруы.  әрә  жер  иеленушілік.

2.  Идеологияның  дағдарысы  келесідей  көрініс   табады.  Азаматтық  парыз   бен  жауапкершілікке  ұмтылу,  ескі  діни  сенімдердің  беделінің   төмендеуі,  христиан  дінінің  өсуі.

3.  Мемлекеттік   территориясын  кеңейту  мақсаттарда   жаңа  әскери  жорықтардан   бас  тарту,  бірлік  империясының  қалыптасуы.

          Христиандық  шіркеу  адам  өмірінде  үлкен  рөл  атқарған.  Үйленбеуге  серттерін  беріп,  өмір  қызығының барлығынан  бас тартқан,  белгілі жарғыға сәйкес  жүріп өмірден алыстаған адамдар жиынтығы  жеке  мекеме  ретінде   христиандық монах болып пайда болды.

          XI – XVI ғ.  тарихында  «Орта   ғасыр  жазы»  деген  енді,  феодолизмнің  күшінің  жоғары  деңгейге  жеткен  кезі.  Бұл  мерзімнің  негізгі  белгілері  төмендегіше:

   1.  Аграрлық  төңкеріс  өндірістің  өсуіне  әкелді;

   2.  Жерді  ұрып  өңдеуден  соқалық  өңдеуге  көшу;

   3.  Егістікті  және  тыңайтқыштарды  қолдану.

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері