Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптасу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 08:34, реферат

Описание работы

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес.

Работа содержит 1 файл

ернур кукык.docx

— 45.57 Кб (Скачать)

     Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.

     Соңғы кездері «құқықтық мемлекет» идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік тәжірибені есепке алуға негізделеді.

Қорыта айтқанда, мемлекеттің құқықтық саясаты қоғамымыздың заңнамалық-саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға бағытталған заңнамалық шаралар болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Алматы: Болашақ баспа, 2002.
  2. Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Қазақстан Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы. Алматы: Жетi жарғы, 2003.
  3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы: Оқу-әдiстемелiк құрал. Алматы, 2004.
  4. Жоламанов Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы: Оқулық. Алматы: Жетi жарғы, 2004.
  5. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiз-дерi: Оқулық/Құр. Е. Баянов.  Алматы, 2003. 
  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық. Академиялық курс. Алматы: Жетi жарғы, 2004.
  7. http://www.zhetizhargy.kz, http://ustaz.ucoz.com, http://lib.ukgu.kz 
  8. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Юрист, 2005.

 

 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптасу жолдары