Қазақстандағы панасыз балалар тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 19:16, научная работа

Описание работы

Бүгінгі қоғамда панасыз балалардың саны күн сайын артып келе жатқандығы жөнінде

күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз.Бұл-қазаққан өткен ХХ-ғасырда келген

індет- дейді ғалымдар.Рас, қазақ даласында жетім бала болғанымен, панасыз деген

ұғым болмаған.‹‹Бала - бауыр етің ››дейді қазақ..Алайда қазір баласын қараусыз қалды-

рып ,көше кездірген кейбір мейірімі таусылған ата-аналардың тірлігі көңіл қынжылтады.

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы панасыз балалар тағдыры..doc

— 234.00 Кб (Скачать)

 

                                                                                                                                                18

 

 

Көрер көз бен естір құлақ  одан да сорақысын, оны он орап алатын сұмдықты көріп-естіп 

 

жүрсе, не шара?!  Өскеменнің қақаған қысында панасыз жүрген қаңғыбас адам Новаторов

 

көшесіндегі  қоқыс салатын жәшіктен жаңа туған нәрестенің қызылшақа денесін тауып

 

алды. Өзіміз   кейде жанымыздан жанай өтсе жиіркеніп, адам санатына қоса бермейтін сол қайыршы қатып қалған шақалақты жанында жалаңдап тұрған итіне тастай салмай,

 

милицияға   хабарлаған. Тексере келгенде баланың ана құрсағынан тірі туғандығы, үсіп

 

өлгендігі анықталған.   Бұл енді азғындықтың бір түрі шығар. Ал тірі жетімдеріміз ше?

 

Бұдан үш жыл бұрынғы деректерге сенсек, Қазақстанда жиырма мыңға жуық бала

 

жетімдер үйінде тәрбиеленуде деген. Үкімет оның жартысын жасырып айтады. Содан бері

 

ондай балалардың саны көбеймесе, азая қойған жоқ. Сонда бұлар енді бес, он жылда 

 

қанша болмақ? Ең бір өкініштісі – соның ішінде қазақтың қарадомалақтары да жетерлік.

 

Иманды жұрттың өзі керексіз ғып далаға лақтырып тастаған қажетсіздер. “Жас өспей ме,

 

жарлы байымай ма?” дейді сол  қазақтың өзі. Ал сол тастандылардың өзін далаға тастап

 

кеткен   адамдарға деген ертеңгі көзқарасы, мейірім, құрметі қандай болмақ?

 

Тіпті қанды қырғын жаугершілік  заманда да жесірін жылатпаған, жетімін  жат елге

 

шығартпаған ел едік ғой. Бүгінгімізге не жорық? Шаранасы да кеппеген өз сәбиін

 

шырылдатып, күресінге тастағанды қай атаңнан көріп ең?! Қазір шетелге бала сату деген

 

үлкен бизнеске айналды! Осы мәселенің  соңына түсіп жүрген жанашыр азаматтардың

 

айтуына қарағанда, бүгінгі күні шетелге (көбін АҚШ-қа) алып кеткен жүздеген баланың 

 

тағдыры белгісіз көрінеді.

 

Рас, заманның нәубетінен, тағдырдың басқа салған талқысынан әкесінен не анасынан

 

амалсыз айырылған жетім ұрпақтың заманы біздің тарихымызды да айналып  өтпеген.

 

 

 

                             

 

 

                                                                                                                                             19

 

 

                                       Қорытынды

 

Біз – жетімдерміз!

 

Жетімдерміз!

 

Ақпанның,

 

Аяз-қардың өтіндеміз.

 

Мына сараң өмірден сауға  сұрап,

 

Тіршіліктің мазасын кетіргенбіз… – деп Мұқағали жырға қосқан жетімдер – сондай

 

жетімдер. Олардың жөні бөлек. Олар ата-анасынан айырылса да, ауыл-жұрттың 

 

алақанында өсті. Ел ішінде тәрбиеленді. Халқының кең пейілінен де, мол  мейірінен де

 

сырт қалған жоқ. Бүгін ше? Бүгін  сол кезде айтылған “жетім көрсең жебей жүр” деген ата

 

сөзі әдірем қалды. Туа сала жатырынан  жеру деген дағдыға айналып барады. .

 

«Бала көтеру деген қателік емес. Ол – Алла тағаланың Ана деген  Адамға ғана бере салған,

 

соның ғана пешенесіне жазған қасиетті нұры, қастерлі сыйы! Ал бала тастау деген де

 

қателік емес, ол – қылмыс, азғындық! Аналық ақ парызын өтей алмаған әйелдің  жазасын 

 

құдай береді!».Қылмыс дегеннен шығады, түрік ағайындар осындай қылмыстың  алдын 

 

алу үшін әрі өз   ұлтының балаларын тағдырдың тәлкегіне тас-тап, қараусыз қалдырмау

 

үшін ХVІІ ғасырдың өзінде-ақ “Жанашыр”  деген науқан жариялап, жетім балаларды 

 

жебеудің   үлгісін көрсеткен. Жапонияда баланы далаға тастамақ түгіл ерлі-

 

зайыптылардың ажырасуының өзі үлкен күнә, қылмыс саналады. Бүгінгі ұрпаққа тәлім

 

боларлық ондай  ұлағатты мысалдар өзге ағайындарда да баршылық. Ал біздің елімізде өз

 

қағынан өзі  жеріген немесе тірі сәбиді шырылдатып күресінге тастағандарға неге қатаң

 

жаза қолданбасқа? Бала-шағасының  қамы үшін бір қап жем ұрлаған жігітті үш жылға

 

соттаймыз. Ал өмірге әдейі әлгіндей “өшпенді ұрпақ” әкеліп, тасбауыр тастандылар  санын 

 

қасақана көбейткен безбүйректер сайрандап, тайраңдап жанымызда  жүр. Саралап көріңіз,

 

қоғамға қайсысы қауіптірек?

 

                                                                                                                                                 20

 

Біреулер бәлкім, “бұл деген айта-айта әбден жауыр болған жыр емес пе?”  деуі де мүмкін.

 

Иә, бұл – тәуелсіздік алғалы бері айтылып та, жазылып та келе жатқан мәні үлкен мәселе.

 

Бірақ соған құлақ асып, артының  салдарын ойлаған, себебіне терең бойлаған билік 

 

тармақтарын көргеніңіз бар ма? “Ит  үреді, керуен көшеді” деген қылық. Ел тағдырына,

 

мемлекет мүддесіне деген немкеттілік. Тастандының тағдырын ол “товарға” айналып,

 

шетелге сатыла бастағанда ғана ойлап, өзімізше байбалам салған боп жатырмыз. Ал бұған 

 

дейін қайда қалдық? Қазір қандай шара қолданылып жатыр, халық одан бейхабар.

 

Тастандыларымызды жетімханалардан  ғана іздеп, сол үйлерден түгендеп алғанша, соны

 

болдырмаудың амалын неге қарастырмайды  біздің билік? “Елемеген ауру жаман,

 

ескермеген дау жаман” деген  сөзді балаға арнап күй тартып, ән шығарған, ұрпағы үшін

 

шырылдап отқа түсіп, ажалға да қаймықпай  қарсы барған қаймана қазақ өмірдің өзінен

 

алған. Бірақ соны елеп-ескере бермейтініміз  қынжылтады. Ал бұқаралық ақпарат 

 

құралдарындағы статистикаға ден  қойсаң, төбе шашың тік тұрады. Жылдан-жылға  бала

 

туу азайып, тастанды қара көздер мен балалар өлімі көбейіп келеді. Елімізде өткен бір

 

жылда ғана 935 адам ата-аналық құқынан  айырылыпты. Демек, соншама сәби тірі жетім 

 

боп қалды деген сөз. Бұл аз ба, көп пе? Қайда барып тұрақтайды бұл қылмыс?! Ойлаудың

 

өзі қорқынышты.

 

Әсілі, уыз ембеген ұрпақтың обал-жазығы оңдыра қоймас. Экономикамыз дамып жатыр.

 

Дағдарысты  еңсердік.Банк  жүйесі  қалпына  келіп,жүйелі жұмыс  атқаруда .Қалаларымыз

 

гүлденіп ,ажарлану  үстінде.Тіпті, жолдың асфальт қабатының  өзін  жыл сайын 

 

жаңартамыз.Ал жетім балалардың  саны азаяр емес.Қазақстаннан ғарышқа ұшамыз.Ал

 

жетімдеріміз  пана таба алмай  көше  кезуде. Бұның  себебі ,тұрмыстың соңына  түскен

 

қоғамның  рухани  мәдениетсіздігінде. Біздің  мемлекетіміздің  саясаты  экономикалық 

 

өрлеуге негізделген,бірақ қоғамның  мәдени өресі өспейінше  ,рухани  құндылықтар 

 

артпайынша ,ілгері дамыған экономиканың кімге   керегі бар.

 

                                                                                                                                                     21                                       

 

 

 

                                       Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

1.  Б. Сыздықова.  Қоғамдық   сананың  түп төркіні отбасының   тәрбиеде. Ел газеті. 2010ж

 

2.  Б. Хабай.    Қаңғыбас  бала   қайдан   шығады . 2012ж BAQ.KZ.2012ж 31.07

 

3.Д.   Мыңжасарқызы . Балам   қаңғыбас  болсын  дедің бе . Түркістан  газеті.2012ж 15.11

 

4.С.Орынбасарұлы.Көше кезген көген көздер тағдыры алаңдатады.Заң газеті.2010ж.27.10

 

5.Г.Сүгіралиева. Қазақстандағы  панасыз балалар.  Қазақ  тарихы.  2004ж №6

 

6.А.Есімханова. Шырқыраған сәбидің  үні.Қазақ тарихы.2007ж.№3

 

7.Педагогика. 2000.№3  59-бет.

 

  8.Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық

   

        бұзушылық   мәселелері бойынша  әдістемелік   құрал. Астана 2011ж

 

   9.Ж.Игісін.Жерде  жетім  жыласа ,көкте періште күңіренеді.  Altainews.2012ж29.02

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                    22

 

 

 

 

Т.Рысқұлов  атындағы №25 мектеп-гимназияның  9 сынып  оқушысы ....................................

 

.................................ның  ‹‹Қазақстандағы   панасыз балалардың тағдыры›› атты

                                     

                                            ғылыми  жұмысына

                                        

                                                 Пікір.

 

 

Әрбір адам жарық дүние есігін ашып, «өмір» атты үлкен өзенге аяқ басады. Тіпті, ананың

 

құрсағында жатқанда-ақ «тәрбие» атты кеме өмірдің тереңдігін түйсініп, өз жолыңды

 

табуға септігін тигізеді. Халықта  «ағаш түзу өсу үшін оған көшет  кезінде көмектесуге 

 

болады, ал үлкен ағаш болғанда көмектесе  алмайсың» деп бекерге айтылмаған. Өмірдің 

 

алғашқы баспалдағынан бастап әр адам отбасынан, қоғамнан, қоршаған ортадан тәрбие

 

алады: жақсысын алып, жаманынан жиренеді. Әр адамның жан дүниесі – ерекше сырлы,

 

жұмбақ әлем.   Өмірде кемшіліксіз адам жоқ! Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.

 

Қадыр Мырза Али «Берерің болмаса да, беделің болсын»» деген екен. Адамның таңдаған

 

жолы ұлы болмайды, оны ұлы  ету де тек адамның өз қолында  екенін естен шығармай,

 

жақсы-жаман қасиеттерімізді таразылай  білгеніміз жөн.

 

..............................................ның өзінің  ғылыми   деректермен ,қосымша әдебиеттермен

 

жұмыс істей  алатындығын  жан-жақты  көрсеткен............................................................

 

ның ғылыми  деректермен  жұмыс  істей  алатындығы,оның  ізденімпаздығы одан нағыз

 

 

зерттеуші шығады деп сенуге мүмкіндік береді.Жалпы  жұмыстың орындалуы  ғылыми

 

зерттеу  талаптарына сай және алдына қойған  мақсатына жеткен деп есептеймін.

 

............................................ге  сәттілік  тілеймін.

 

 

 

 

 

                                                                                  фио

 

 

 

                                                      

                                                           Мазмұны

 

 

І.Кіріспе  ...................................................................................................................3

 

 

ІІ. Негізгі бөлім.

 

 

1.1. ‹‹Жетімін жылатпаған ,жесірін  қорлатпаған  халық››.....................................4

 

    1. Қазіргі замандағы панасыз  балалардың  жайы...............................................7

 

 

1.3.  Тастанды  балалар  тағдырына  кім жауапты ?...................................................15

 

 

ІІІ.  Қорытынды............................................................................................................20

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер..........................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                              Айқындама

 

Панасыздық , жетімдік,  тастанды  бала  деген ұғымдар   жас ұрпақтың  санасын

 

әлсіретіп  қана  қоймай , дүние танымына  айықпас жара  түсіретін   қасірет.Ұлы 

 

ағартушы  А.Байтұрсынов   ашына  жазғандай ,‹‹ұлым  дейтін елі  болмаса,елім дейтін  ұл

 

қайдан  шықсын ›› . Баласының  көзін жәудіретіп, тағдыр  тауқыметіне  тастаған  ата-

 

аналардың  жасаған  қылмысын  жаза  отырып ,сол кеткен  қателіктерді  болашақ  ұрпақ

 

 қайталамаса  екен деп ойлаймын. 

 

 

 

 

 

                    


Информация о работе Қазақстандағы панасыз балалар тарихы