Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:47, реферат

Описание работы

Қазақстанның қола дәуiрiндегi тайпалар бiрлестiгiнiң негiзiнде ертедегi көшпелiлер мәдениетi қалыптаса бастады. Б.з.б. I-мыңжылдықтың басында Қазақстан далалары мен шөлейт, таулы аудандарында негiзгi кәсiп көшпелi мал шаруашлығы болды. Темiр дәуiрiнде (б.з.б. VII ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал шаруашылығының негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi.

Содержание

І. Кіріспе.
Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар
ІІ. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сақ тайпаларының шығу тарихы
Сақтардың тайпалық құрамы мен орналасуы.
Сақтардың шаруашылықтағы бағыттары
Сақтардың мәдени мұралары.
IV. Сақ қоғамы
V. Сақтардың сыртқы саясаты
V. Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Кадиров Муратбек Ю(к)-101 срсп.doc

— 117.00 Кб (Скачать)

Жалпы сақ әйелдері қоғамда  өте сыйлы болды. Әйелдерге деген  қарым-қатынас – құрметтеу, қастерлеу  негізінде жүзеге асты. Үйге кірген ұл ең әуелі анасына, содан кейін ғана барып әкесіне иіліп тағзым еткен. Тіпті, кейьір сақ әйелдерін көсем етіп сайлаған. Ежелгі деректердің бірінде сақтардың үйленуі туралы «егер сақ жігіті бір қызға үйленгісі келсе, онымен әуелі күш сынасуы керек. Қыз жеңсе, жігіт оның тұтқыны болып есептеліп, оған толық тәуелді болады» деп жазады. Сондай-ақ тайпа өміріндегі маңызды оқиғаларды қарайтын халық жиналысына ерелермен бірге әйелдер де қатысуға құқылы болған.

Тайпалар арасында жиі-жиі  соғыс қақтығыстары болып тұрады. Соғыс кезінде түскен олжа тайпа көсемдерінің баюына жол ашты.

Сақтар арасында бірте-бірте  мүлік теңсіздігі пайда болды. Малға  жеке меншік қалыптаса бастады. Қолға  түскен тұтқындарды құлға айналдырды. Ру басшылары, атақты әскербасылар мен  тайпа көсемдерінің қоластына аса мол байлық жинақталды. Осыған байланысты бұл адамдардың қоғамдағы дәрежесі де өсті. Қарапайым халық уақыт өткен сайын атақты әрі бай адамдарға және әскери көсемдерге тәуелді бола бастады.

Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобын атауға болады:

1. Жауынгер.

2. Абыздар.

3. Малшылар мен егіншілер.

Сол кездегі дәстүр бойынша  ең мерген, батыр жауынгер өзгелерге  билігін жүргізуге құқылы болды. Осындай жауынгерлердің тобынан  көсемдер шықты. Көсем барлық қара халыққа  үлгі болып саналды. Көсемдерді құдайдың қалаулысы, аспан мен жердің арасындағы дәнекер және де халықтың әл-ауқаты көсемнің күші мен қуатына байланысты деп септеді. Мысалы, Іле өзені жағасындағы Бесшатыр обасынан, Алматы маңындағы есік қорғаннан табылған заттай деректерден сақтардың тайпа көсемдерін ерекше бағалағанын байқауға болады.

Жалпы сақтар ақиқат-шындықты қастерлеп, қайырымдылықтың шыңы –  адалдық деп таныған. Гректер  сақтар мен скифтерді аса жоғары құрметтеген, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.

Осы орайда, Ираннан Жерорта теңізі жағалауларына дейінгі елдердің бәрін жаулап, өзін тәңірмен теңестіруге дейін барып, жеңмпаз атанған Кирдің қалай жеңілгені. Ал оны жеңген Томирис патшайымның сол жеңіс салтанатын қалай атап өткені, гректердің қаншама сый-сыяпат тарту еткені мәлім.

 

  • Ежелгі заман тарихшыларының деректеріне қарағанда, б.з.б. VIII-VII ғасырларда сақ тайпалары өз атырабындағы мәдениетті елдермен – Ассириямен, Мидиямен қарым-қатынас жасап отырған.

Ал көршілес жатқан Парсы  мемлекетімен, тіпті соғыс одағында құрған. Дегенмен де Парсы патшасы Кир бұл одақты місе тұтпай, массагеттерді кіріптарлыққа түсіру үшін, оларға бірнеше рет жаулап алу жорығын жасаған. Бірақ, нәтихжесінде парсы әскерлері жеңіліп, кир патша соғыста қаза табады. Осы шайқас жөнінде толығырақ тоқталайық. Оқиға былай болған еді:

Мемлекеттің аумағын  тойымсыздықпен кеңейту беруді ойлаған  Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіріп алуды мақсат етеді. Ол үшін алдымен  сақ-массагеттерді бағындыруды көздейді. Осыған орай, болашақ соғысқа жедел дайындалумен бірге, сақ еліне елші аттандырды. Елшіге сақ патшайымы, бұл күнде күйеуі өліп жесір отырған Томириске өзінің үйленбек ойы бар екенін жеткізуді тапсырады.

Бұл Кирдің сақтармен  соғысуға желеу іздеуі еді. Томирис  патшайым Кирдің сәлемін қабыл ламайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған ержүрек жауынгерлерімен шығысындағы сақтарға қарсы соғысқа дайындала бастайды.

Томирис патшайымның  өзіне-өзі сенген сөзінен,  табанды  әрекетінен Кир қауіптенеді. Жауды  ашық айқаста алудан гөрі, айламен әлсірету жағының тиімділігін ескеріп, кир патша зінің құпия жоспарын жасайды.

Жоспарда дариядан өтіп, жаудың шегінген жеріне дейін баса-көктеп бару. Содан соң қосындарында көп  қой сойып, мол етіп ас-су әзірлеу. әсіресе, шарап жағы мол болу керек. Осының бәрін әзірлеп болған соң, әлгі орындарына біраз ғана жауынгерлерді қалдырып, өзгелерін дарияға қарай шегіндіріп әкету. Жау қалған аз қолды жеңгеннен кейін, тау төбе болып үйіліп тұрған тамақты атап кете алмай, жабылып тарпа бассалатындығы. Тамаққа кенеліп, шарапқа мас болған жауды одан әрі көп күш жұмсамай-ақ қырып салуға болатындығы айтылады.

Таң атып, күн көтеріле шайқасқа шыққан сақтардың алғашқы  шабуылшы жауынгерлері жаудың қосында  қалғандарының қасарыса қарсылық жасағанына қарамай, оларды жусатып салады. Жеңіс желіктіріп, көңілдері өскен сақтан жақында жау бар екенін естен шығарып, пісіп, жеушісін ктіп тұрған тамаққа тойып, шарапты ішіп алған соң, ақырында ұйқыға кіріседі. Осыны күткен парсылар елеусіз тақап келіп, лап қояды да, шетінен қыра бастайды, біразын тұтқынға лады. Осы тұтқынға алынғандардың ішінде Томирис патшайымның ұлы Спаргап (Спаргапис)  та болды. Сүйікті ұлы мен шеп бұзар сарбаздарының қайғылы хабарын алған Томирис Кирге жаушы жіберіп, хат жолдайды. Хатта: «Қанқұмар Кир! Жеңісіңе желікпе! Сен менің ұлымды ашық шайқаста қару құдыретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің ақылымды тыңда! Айла-амалмен біраз жауынгерімді тұтқын қылғаныңды қанағат тұтып, менің ұлымды қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер олай етпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қанша тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкіземін!» делінген деі.

Бар аңсары біреудің елін шауып, олжаға батып, атағын шығаруға ауған  Кир өзгенің ақылын тыңдап қайтсін, шайқасатынын айтып, Томиристің жаушысын кері қайтарады.

Томиристің тұтқынға түскен ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде  ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ-қолын  босатуды өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін-өзі өлтіреді.

Келесі күні екі жақтың арасында бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық  ұрыс-тәсілін тиімді пайдаланған  сақтар парсылардың әскерін түгел  дерлік жусатып салады.

Қоршауға түсіп, бас  сауғалар мүмкіндігінен айырылған  Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге  айқас алаңында қаза табады.

Томирис патшайым шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басып кестіріп, қан толтырған торсыққа салып тұрып: «Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жан дегенде жалғыз ұлымды айлалықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз!

Енді Тәңірге берген сертімді орындап, басыңды қанға  бөктіріп, сусыныңды қандырғаннан басқа  амалым жоқ» дейді.

Осылайша сақтар өздерін жаулауға жасанып басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

Парсы патшасы І Дарийдің шапқыншылығы. Бұл оқиға сақтармен  соғыста қырғынға ұшыраған әскерімен  бірге өзі де қаза тапқан.

Б.з.б. 519-518 жылдарда сақтарға қарсы І-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәр жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталды. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрмына кірегн сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея  жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.

Сақтар тарихының тағы бір тегі Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтермемлектін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з..дейінгі 330-327 жылдары Александр Македонский Соғдының астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелетін. Александр басып лып, оларға өзінің әскери горнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.

Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы  сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып  жатты. Сырдария қалаларын алған  кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады, бірақ ол аяусыз қатыгездікпен жанышталып тасталған.

Александрдың бұйрығы  бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады. Александр өз тарапынан көшпенділердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың өз басы осы дортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қалады. Александр Македонскийдің Сырдария сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады.

Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан  былай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з.бұрынғы III ғ. –б.з. дейінгі IIIғ аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемекелетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.

 

  • Сақтар – бізідің заманымыздан бұрынғы І мыңжылдықта Қазақстан барлық өңірлері мен Орма Азияны мекендеген, өзіндік бір бастан кешірген тарихы бар, даму жолында қалыптасқан қайталанбас мәдениеті мен қоғамдық-саяси құрылымымен ерекшеленетін батыр да ержүрек халық. Алғашқы сақ түсінігі Геродот жазбаларында берілген, Онда сақтарды жүйрік атты турлар деп атаған және сол жазбаларда сақтардың ұрыстағы әскери шеберлігі паш етіледі. Парсы патшасы қанқұмар Кирді сақ патшайымы Томиристің ойсырата жеңіуі және  сақ малшысы Шырақтың парсы патшасы І Дарийді адастырып, сусыз, нусыз, жапан түзге алдап апарып, өз халқын ажалдан құтқаруы сақ халқының ержүректілігінің бірден-бір белгісі. Сақтарержүректілігімен қатар, шаруашылығы мен мәдениетінің өзіндік ерекшеліктері арқасында тарихта өшпес орын алары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

1. «Қазақстан тарихы. Очерктер».    Ақышев

 

2. «Ежелгі Қазақстан  тарихы (6-сынып)» 

                                          Т. Тұрлығұл, Ә. Төлеубаев, Қ.  Құнапина

 

3. «Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы І»     К.  Аманжолов

                                                          

4. «Қазақтың қысқаша  тарихы»      Н. Мыңжан

 


Информация о работе Қазақстанды қола дәуiрiнде мекендеген тайпалар