Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің аяқталуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Января 2012 в 13:48, реферат

Описание работы

ХVIII ғасырдың аяғы – Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі
саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың
басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара
жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866
жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады.
Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан
хандары басып алған же

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 47.00 Кб (Скачать)
 
Қазақстанның  Ресей құрамына кіруінің аяқталуы

ХVIII ғасырдың аяғы –  Х1Х ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстігіндегі  
саяси жағдай оның қалған бөліктеріндегі жағдайдан ерекше болды. Х1Х ғасырдың  
басында Оңтүстік Қазақстан ортаазиялық феодалдық мемлекттер –Хиуа, Бұхара  
жəне ең үлкен дəрежеде – Қоқан экспанциясының объектісіне айналды. 1810-1866  
жылдар аралығында Қазақстанның оңтүстігінде олардың үстемдігі орнады.  
Ұлы жүз руларының басым көпшілігі Қоқан ханының қол астында болды. Қоқан  
хандары басып алған жерлерінде тек феодалдық тонау мақсатын көздеп қана  
қойған жоқ, сонымен бірге сауда-саттық мүддесін де ойлаған. Қоқан хандығына  
бағынышты қазақтар өте ауыр салық езгісін бастан кешті. Қазақтардан алынатын  
салық екі түрге бөлінді: малдан – зекет, егістіктен – харадж. Қазақтарға олардан  
басқа да міндеткерліктер жүктелді. Мəселен, олар жер жыртуға, бау-бақша өңдеуге, қамал қабырғаларын жөндеуге т. б. мəжбүр болды. Əскери іс-қимыл кезінде əрбір қазақ өз атымен Қоқан бегіне келуге міндетті болды, ал сол əскери қызметі үшін ешқандай ақы алмады.  
Ауыр езгіні бастан кешкен қазақтар қоқан билеп-төстеушілігіне қарсы талай реет көтеріліске шықты. Омар хан басқаруының соңғы жылдарында тұтанған көтеріліс ерекше сипат алды. Көтерілісті Тентек төре басқарды. Оның төңірегіне жиналған 12 мың қол Қоқан əскери бекіністерін қоршап алып, қалалардың бірінен соң бірін ала бастады. Көтерілістің қарқынынан шошынған Омар хан арнайы əскер жіберіп оны басты.  
Оңтүстік Қазақтанға Қоқан билеушілері ғана емес, сонымен қатар олармен  
бақталас Бұхара жəне Хиуа феодалдары да қызығушылық көрсетті. Қазақстанның  
оңтүстігінде белсенді саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеулі болған Бұхара  
билеушілері өздерінің Қоқан мен Хиуаға қарсы күрестегі табиғи одақтастары  
ретінде қазақ сұлтандарына ара-тұра қолдау көрсетіп отыруды жөн көрді.  
Ал Хиуа ханы Мұхаммед Рахим 1815-1816 жылдары екі рет қазақтарға қарсы  
шапқыншылық ұйымдастырып, қазақ сұлтандарының бір бөлігіне өз үстемдігін  
мойындатты.  
Орта Азия хандықтарының Қазақстандағы белсенділіктерін орыс өкіметі де мұқият қадағалап отырды.  
Қоқан билеушілерінің экспанциясынан сескенген Ұлы жүз өкілдері 1818 жылы патша үкіметіне өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш жасады.. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкіметі өтінішті қарап, Ұлы жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдің бодандары деп жариялады.  
ХIХ ғасырдың екінші ширегінен бастап Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу жөніндегі экспанциясы белсенді жүргізіле бастады. Ол екі жолмен: біріншіден, қазақ даласына бірқатар əскери-барлау жəне жазалау экспедицияларын ұйымдастыру; екіншіден, дала арқылы өтетін “стратегиялық жағынан тиімді жағдайда болған бекіністер шебін” салу арқылы жүзеге асырылды. Аймаққа тереңдей шабуыл жасау Орынбор шебі тарапынан да, Сібір шебі тарапынан да əзірленді.  
1833 жылы Орынбор өлкесінің əскери губернаторы болып тағайындалған  
В.А.Перовский өзінің алдына екі міндет қойды: біріншіден – орыс билігін  
мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден – орыс əскерлерін Орта Азия  
хандықтарының шекараларына жақындатуды тездету міндетін қойды. Осы мақсат  
үшін оған Сырдарияның төменгі ағыстарында жаңа əскери шеп салуға өкім берілді.  
Бұл шаралардың жүзеге асырылуы жұртшылықты қатты алаңдатты, сөйтіп Орта  
Азия хандықтарымен шекаралас қазақ халқы Орынбор əкімшілігіне бағынудан бас  
тартты. Халықтың бір бөлігі Хиуаға, тағы бір бөлігі қоқандықтарға көшіп кетуге  
тырысты. Перовский бұл үрдіске жол бермеу үшін далаға жиі-жиі жазалаушы  
отрядтар жіберіп тұрды.  
1839 жылғы Хиуа жорығы сəтсіздікке ұшырағаннан кейін В.А.Перовский  
Сырдария əскери шебін құрудың тікелей басшысына айналды. Бұл міндет үлкен  
мақсатты: Сырдарияның төменгі ағыстарында, Қоқан жəне Хиуа хандықтарының  
тікелей шекаралары бойында əскери күштерді нығайту, сондай-ақ бұл аймақтарды  
стратегиялық, экономикалық тұрғыдан зерттеу, Арал теңізі мен Үстіртті игеру  
мақсатын көздеді.  
ХIХ ғасырдың 40-жылдарында патшалық Ресей Орта Азия хандықтарын түпкілікті жаулап алуға əлі де əзір емес еді.Сондықтан алғашқы кезде дипломиялық  
миссиялар жіберілді, ол елдердің экономикалық жəне саяси қал-жағдайын зерттеу  
күшейтілді.  
ХIХ ғасырдың бірінші жартысының аяғына қарай Ақтау (1835 ж.), Ұлытау (1835 ж.), Қапал (1846 ж.), Сергиополь (Аягөз, 1831 ж.) жəне басқа бекіністер салынып, олар Ресейдің тірек пункттеріне айналды. 1848 жылы Батыс Сібір генерал- губернаторына бағынған Үлкен Орда приставының қызметі белгіленеді. Ол Ұлы жүздің жаулап алған аймақтарын басқаруды жүзеге асырды. 1851 жылы Таушубек, 1853 жылы Ақ-Мешіт бекіністерінен қоқандықтарды ығыстырып шығарғаннан кейін Ресейдің позициясы нығая түсті. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный бекінісін, ал 1859 жылы Қастек бекінісін салу аяқталды. Ресейдің Қазақстанның оңтүстігіндегі Қоқан бекіністеріне шабуылы осы жерлерден басталды. 1856 жылы Семей облысының құрамында батапқыда орталығы Қапал қаласында, ал 1862 жылдан Верный қаласында болған Алатау округі құрылады.  
Жетісуды қоса алғанда, оңтүстік қазақтары арасында Ресей ықпалын күшейтудің  
тиімділігі кем түспейтін келесі құралы марапаттаулар, атақтар беру, жоғары  
қызметтерге тағайындау, құрмет көрсету жəне т.б. арқылы ықпалды ру  
билеушілерін отаршылдық өкімет орындары жағына тарту болды.  
Жалпы алғанда, аймақтың тағдырын оның жергілікті халқы емес, қайта Қоқан мен  
Ресей арасындағы соғыс шайқастары шешті, ал осы экспанциялық мемлекеттердің жақтастары мен қарсыластары арасында да қазақтар болды.  
1860 жылы орыс əскерлерінің қоқандықтарға қарсы белсенді соғыс қимылдары  
басталды: 26 тамызда – Тоқмақ, 4 қыркүйекте Пішпек құлады, ал 24 қазанда  
Ұзынағашқа жақын жерде шайқас болып, онда подполковник Колпаковский  
бастаған отряд қоқандықтардың едəуір күштерін ірі жеңіліске ұшыратты.  
1864 жылы орыс əскерлерінің іс-қимылдары қайтадан жандандырылды. Верный  
қаласынан шыққан полковник Черняевтің басшылығындағы отряд 4 маусымда  
Əулие-Атаны, ал Ақ-Мешіттен шыққан полковник Веревкиннің отряды 12  
маусымда Түркістанды жаулап алды.  
Петербургтегілер Оңтүстік Қазақстандағы соғыс қимылдарының өрбуін мұқият қадағалап отырды. Түркістан мен Əулиеатаны алу жөнінде сəтті жүргізілген  
операциялары үшін М.Г.Черняев пен Н.А.Веревкинге шендері көтеріліп, генерал-  
майор атағы берілді.  
1864 жылдың күзіне қарай Оңтүстік Қазақстанда қалыптасқан əскери-саяси жағдай орыс мемлекетінің өркөкіректік жоспарларына сай келді. Бұл кезге қарай  
қазақтардың көпшілігінің белгілі бір дəрежеде орыс өкімет орындары жағына  
бүйрегі бұрды жəне қоқандықтарға қарсы күресте оларға шамасынша көмек  
көрсетті. Осы жағдайды пайдаланған Черняев 22 қыркүйекте Шымкентті жаулап  
алды.  
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанға əскери экспанциясы ерекше қатыгездікпен жəне əскери тұрғыдан ақтауға болмайтын əрекеттермен жүргізілгенін ерекше атап өту қажет. Қалалардық бейбіт тұрғындары зорлық-зомбылық пен талап-тонауға ұшырады.  
Замандастарының айтуынша Ш.Уəлихановтың Черняевтен кетіп қалуына патша генералдарының нақ осындай əрекеттері себеп болған. Оның  
ғұмырнамашыларының бірі былай деп жазды: “орыс əскерлерінің Шоқан  
діндестеріне немесе оның тайпаластарына, яғни қазақтарға жасаған айуандығы оны қатты ренжітті. Ол жорыққа ендігі жерде қатыса алмайтындығын көріп, Черняевтен қол үзді жəне Верныйға жетіп, ол жерден Тезек сұлтанның ауылына барды”.  
Түркістан мен Шымкенттің алынуымен Орынбор жəне Сібір шептері тұйықталды. Шын мəнінде, Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің 130 жылдан астам уақытқа созылған ұзақ та күрделі үрдісі осы оқиғамен аяқталды.

Информация о работе Қазақстанның Ресей құрамына кіруінің аяқталуы