Қазақтың ұлттық киімдер туралы айту, қоршаған орта, табиғат жағдай

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 21:57, реферат

Описание работы

Қазақтың ұлттық киімдер туралы айту, қоршаған орта, табиғат жағдай

лары, шаруашылық негіздері қазақтың ұлттық киім үлгілеріне үлкен әсер еткенін баяндау, балаларды халкын, салтын сүйетін, мақтан тұтатын азамат етіп тәрбиелеу, әсемдіккке,тазалыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа баулу мақсатында тәрбие сағатын өткіздім.

''Өнегелі өмір '' деген бұрыш әзірленіп мақал-мәтелдер жазылды, ұлттық киімдер қойылды.

Работа содержит 1 файл

Қазақтың ұлттық киімдер туралы айту.doc

— 32.50 Кб (Скачать)

     Қазақтың ұлттық киімдер туралы  айту, қоршаған орта, табиғат жағдай

лары, шаруашылық негіздері қазақтың ұлттық киім үлгілеріне үлкен әсер еткенін баяндау, балаларды  халкын, салтын сүйетін, мақтан тұтатын  азамат етіп тәрбиелеу, әсемдіккке,тазалыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа баулу мақсатында тәрбие сағатын өткіздім.

     ''Өнегелі өмір ''  деген бұрыш әзірленіп мақал-мәтелдер жазылды, ұлттық киімдер қойылды.

   Кіріспе сөз.Қымбатты ұстаздар ,ата-аналар,оқушылар!

    8 «Ә»  сыныбында өткелі отырған тәрбие  сағатының мақсаты –қазақ халқының мақтанышы, өзіндік ерекшелігін сипаттайтын ұлттық киімдерінің тарихы туралы оқушыларға мағлұмат беру, ұлттық киімнің баяндай отыра, балаларды инабаттылыққа, әсемдікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

     Сұлулық дегенде селт етпейтін адам баласы жоқ-ау. Оның алдында топты жарған батыр да,от ауызды шешен де, ғұлама ғалым да тіл-ауыздан айырылып, үнсіз бас иеді.Мүмкін,адамның адамдығыда осы сұлулықты сезінуінде, табынуында болар. Халық аузында мынадай бір аңыз бар.Ертеде бір зұлым әйел өмір сүріпті. Өзі сиқыршы, мыстанболғаан көрінеді.Ел-жұртқа тыныштық бермей, бірді-бірге шағыстырып ,әбден берекесін кетірген соң, ашуға булыққан қар тобыр әлгіні тірідей таспен атып өлтірмек болып, ауыл сыртындағы жалғыз күркесіне барады.Сонда жаны қысылған, қатты сасқан әйел үстіндегі бар киімін сыпырып тастап халықтың алдына шыққанда, бармағынан бал тамған шебердің қолдан соққан мінсіз мүсініндей ғажап сұлулықты көрген адамдардың ыза мен кекке толып, жарылардай болып тұрған жүректері бір-ақ сәтте еріп, кешірім еткен екен.

      Дегенмен, дене әсемдігінің ар  жағында жанның кіршіксіз тазалығы  санамен үндесіп жатпаған соң,  Демокрит айтпақшы, ''Арғы жағында  ақыл болмаса, тек сыртқы сұлулық  жануарларға тән нәрсе емес пе? ''.

      Ал, біздің бүгінгі тақырыбымыз – адамның ақыл-ойынан,талғам дәрежесінен бір көрген жанға хабар беретін киім туралы болмақ.''Адам көркі –шүберек, Ағаш көркі –жапырақ ’’ деген дана халқымыз.

     (Осы жерде мақалға сәйкес көрініс  жасалады. Бір оқушы қуыршақты  киіндіреді, бір оқушы ағашты безендіреді.)

      Әр адам өзінің ерекшелігін  ескеріп, барын көрсетіп, жоғын  жасырып, талғаммен киінсе, оған кім сүйсініп қарамайды дейсің.Талғам екінің бірінде бола бермейтін, ананың сүтімен сіңетін күйшілік, ақындық сияқты қасиет. Мысалы, Ақан серіні алайықшы. Ақан ән-жырымен, ешкімге ұқсамайтын тағдырымен ғана емес, киімінің ерекшелігімен дараланған тұлға.Ақын өмір сүрген заманда сән орталығы болмаған.Сонда Сері елде жоқ киімдер үлгісін қайдан алған деп ойлайсың. Өзі ойлап тапқан. Тәуелсіздікке қол жетіп, салт-дәстүрлер қайта оралған заманда халқымыздың ұлттық ерекшелігі, баға жетпес байлығы, мақтанышы ұлттық киімдеріміз, үкілі кәмшат,бүрмелі көйлек өз мәніне ие болып отыр.(«Қыз сыны» әні шырқалады.)

       Ұлы бабаларымыз ежелден киімге ерекше көңіл бөлген. Хан мен уәзірдің, бай мен манаптың, қыз бен келіншектің, тіпті малшы мен жалшының күнделікті және тойға, салтанатқа киетін киімдер болған. Қолы ұзын ауқатты адамдар атақты тігіншілерді іздеп келіп,қымбаттығына қарамай ердің құнын төлеп киім тіктірген. Ертеде Келес өңірінде бір бай қызын ұзатарда кигізетін сәукелесіне бір үйір жылқы бергізіпті.

Қазақтың ұлттық киім үлгілеріне қоршаған орта, табиғат  жағдайлары, шаруашылық кәсібі, әдет-ғұрпы  үлкен әсер еткен. Кемеңгер Абай  « Ескілік киімі » өлеңінде бұл туралы аз жазса да, көп мағына берген.(Бір оқушы Абайдың  «Ескілік киімі» өлеңін оқиды.).                                                                                                                                                

    -Балалар  қазақтың қандай ұлттық киімдерін  білеміз.

          1-оқушы. Қамзол – көйлек сыртынан киетін жеңсіз не шолақ жең жеңіл, сәндік әрі жұыс киімі.

          2-оқушы. Кәзекей – жеңі жоқ, жағасы кеңірек ойылған, белден төменірек түсетін, бағалы матадан тігілетін жеңіл киім.

          3-оқушы.Тон – иленген қой терісінен жүнін ішіне қаратып тіккен жылы сырт киім.

          4-оқушы.Шапан – астарына жүн не мақта салып, сырып тігілген не астарсыз сырт киім.

          5-оқушы.Ішік – іш жағына аңның, малдың терісі салынып, сырт жағы бағала матамен тысталған жылы сырт киім.Тігілген материалына қарай:түлкі ішік, бұлгын ішік, қасқыр ішік, зерлі ішік.

          6-оқушы.Бөрік – ертеден келе жатқан ұлттық бас киім.Оны ерлер де қыздар да киеді.Бөрік түріне қарай – құндыз бөрік, түлкі бөрік, елтірі бөрік деп аталады.

          7-оқушы. Кимешек қию – инабаттылыққа,тазалыққа тәрбиелейтін салттың бірі.Кимешек күнделікті кметін және сәндік кимешек болып екіге бөлінеді.

        ( «Сәукеле» әні хормен орындалады.)

        - Қазақстан азаматтарына лайық,  ұлтты ерекшелейтін,нағыз өнер  туындысы  деп бағалауға болатын киімдер тігуде халық үшін еңбек етіп жатқан апа – ағаларымыз өте көп.Бұл кісілердің еңбегін балаларға айту, үлгі ету ұстаз үшін үлкен абырой.

      - Адам бойында әдептілік, ізгілік,қайырымдылық,имандылық,адалдықты тәрбиелеуде сан ғасыр бойы жинақталған қазақы тыйым, ырымдардың мәні үлкен.Ол туралы не білесіңдер,балалар?(Оқушылар жауап береді.)

       - Киімді желбегей жамылып жүруге  болмайды,жеңдерін сұғынып жүру керек.

      - Бас киімді тебуге,лақтырып ойнауға,басуға, біреуге беруге болмайды.

      - Киімнің жағасын басуға болмайды,шалбарды жастық орнына жастауға болмайды.

      - Киімді кигенде оң қолдан  бастап кию керек,шешкенде сол  қолдан шешеміз, т.б.    

Информация о работе Қазақтың ұлттық киімдер туралы айту, қоршаған орта, табиғат жағдай