Бауыржан Момышұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:07, реферат

Описание работы

Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің кажеттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақшалай қатынастардың ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді.

Работа содержит 1 файл

Салық ұғымы және оның әлеуметтік.docx

— 63.97 Кб (Скачать)

 Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай болып табылады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық ақтілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады. Мемлекетке түсетін салықтық түсімдердің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан коғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланыуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті орғандар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады; бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, арнаулы корларға төленетін жарналар мен аударымдар, соның ішінде өнімнің, жұмыстардың және кызметтердің өзіндік кұнынан, пайдадан (табыстан), еңбекке ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелетін бюджеттен тыс қорлар жатады.

 Салықтардың мәні олардың функцияларында көрінеді. Жалпы каржылар категориясы тұрғысынан салық қосалқы категория болып табылады, сондықтан қаржыларға қатысты салықтардың функцияларын қаржылардың бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциялары ретінде қарастыруды ескерген жөн. Осыларға сәйкес қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сиякты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржылық категорияның ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

 Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән тарихи және негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды камтамасыз етеді. Тауар-ақшалай қатынастардың, өндірістің дамуына карай бұл функция мемлекетке ақшалай табыстардың әрдайым көбейіп отырған түсімдерін айқындайды.

 Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық кызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына кабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл ретте салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер коғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, корлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Сөйтіп, соңғы жылдары Қазақстан үшін салықтық және оларға теңестірілген төлемдердің төмен үлес салмағы сипатты болып отыр, бұл олардың жеткіліксіз жиналымдығымен – салық салудан жалтарынумен түсіндіріледі.

 Қайта бөлгіштік функция арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді: бұл үлес 1998 жылғы - 16,6%- дан 2ОО8 жылы 22,0%-ға дейін болды (ал Ұлттық корды есепке алғанда - 26,4%).

 Жалпы қаржыларға сияқты салықтарға да бақылау функциясы тән, ол қаржылық көрсеткіштерді сандық бейнелеу аркылы бюджетке салық төлеушінің салықтық төлемдерді төлеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеруді қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Салықтардың аталған функциялары олардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұнын толық аша түседі. Жалпы каржылық категория тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан каржыға катысты салықтардың функцияларын каржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн. Мемлекет салықтық саясатты - салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның онын нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатка сәйкес жүргізеді. 2007 жылдан бастап салықтық саясат экономиканың жекелеген секторларының әлуетін іске асыруға және жекеше кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік рәсімдеуді оңайлатуға бағытталған. Сонымен бірге қосылған кұн салығының мөлшерлемесі 14%-ға, 2008 жылы 13%-ға, 2009 жылы 12%-ға дейін төмендетілді; ең аз жалақыны шегерімге жатқыза отырып барлық жеке тұлғалар үшін 10% денгейінде жеке табыс салығының тіркелген мөлшерлемесі енгізілді; шағын бизнес субъектілері үшін патент негізінде 2%-ға дейін арнаулы салық режімінде салық мөлшерлемесі төмендетілді, оңайлатылған мағлұмдама негізінде 3%-дық бірыңғай мөлшерлеме енгізілді. Бұдан басқа дивидендтерге, жинақтаушы сақтандыру саласында қызметін жүзеге асыратын сақтық ұйымдарының инвестициялық кірістеріне қос салық салу жойылды, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу механизмі жетілдірілді. Рыноктық қатынастардың калыптасуы жағдайларында салықтық саясаттың негізгі бағыты тұтынудың орталықтандырылған қоғамдық корлары арқылы халықтың нақты табыстарының едәуір белігін қалыптастырудың өзін ақтамаған кағидатынан шегіну болып табылады. Бұл еңбек белсенділігін күшейтуде экономикалық мұдделіліктің уәждемелік механизмі аркылы халықтың халық еңбекке жарамды бөлігінің табыстарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік жасайды. Салық жүйесі арқылы қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерін неғұрлым тиімді әрі сенімді корғау камтамасыз етіледі. [1]

 

Информация о работе Бауыржан Момышұлы