Әлібекұлы Төле би

Автор: a********@MAIL.RU, 25 Ноября 2011 в 17:22, реферат

Описание работы

Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.

Работа содержит 1 файл

реферат толе би.doc

— 173.50 Кб (Скачать)

     Билер бұған келісіпті. Екі жақ айтысқа  кіріседі. Төле би сөз бермейді. Қуандық  билері жақ жазып, үндей алмайды. Сонда Абылай кім сөйлеседі дегенде, он екі жасар Байдалы:

     - Мен сөйлеймін. Аймен аталас  емеспіз, күнмен баталас емеспіз  бұлтпен туысқанымыз жоқ, сол  күнгі жауған жаңбырға жақындасып  жуысқанымыз жоқ. Құдайға шықпағыңды  шақ дегеніміз жоқ. Құрығын  сүйрете алмай жүрген Үйсіннің  соқыр жылқышысын көзінен көздеп ат дегеніміз жоқ. Еліңде талай қасқа мен жайсаңдар жай түсіп өлген шығар. Солар үшін құдайдан алған құныңды көрсет, Төле би? Құдайдан құн алмасаң, мен де құн бермеймін. “Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген. Дұрыс төрелігіңді айт, Абылай! – депті.

Информация о работе Әлібекұлы Төле би