Шынгыс ханның зандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 19:08, лекция

Описание работы

Әлем тарихындағы ең iрi әмiршiлердiң бiрi – Шыңғыс қаған (1161-1227). Оның жеңiстерi мен заңдары туралы қазiрге дейiн мыңдаған еңбек жазылғаны белгiлi. Шыңғыс қағанға деген қызығушылық, әлбетте, тегiн емес. Өйткенi ол 60-70 жылдай өмiр барысында, оның 15-20 жылы – балалық кезең, шамамен 40 жыл iшiнде әлемнiң үштен екi бөлiгiн бағындырып, шынайы даңққа бөлендi.

Работа содержит 1 файл

Шынгыс ханнын заңдары.docx

— 20.36 Кб (Скачать)
 
 

Шынгыс  ханнын заңдары.

Әлем  тарихындағы ең iрi әмiршiлердiң бiрi   – Шыңғыс қаған (1161-1227). Оның жеңiстерi мен заңдары туралы қазiрге дейiн мыңдаған еңбек жазылғаны белгiлi. Шыңғыс қағанға деген қызығушылық, әлбетте, тегiн емес. Өйткенi ол 60-70 жылдай өмiр барысында, оның 15-20 жылы – балалық кезең, шамамен 40 жыл iшiнде әлемнiң үштен екi бөлiгiн бағындырып, шынайы даңққа бөлендi.

Көзқарастардың әртүрлiлiгiне сәйкес және әлеуметтiк оқиғалардың өзгерiстерiне орай Шыңғыс қаған оқтын-оқтын жердiң түбiне батырылса да бiр нәрсе ақиқат: оның есiмi бұ дүниеде ешқашан адамзат санасынан өшпейдi.

Шыңғыс заңдарының жинақталған мәтiнi жоқ. Бiз оларды шыңғыстықтарға арналған бұрынғы-соңғы зерттеулерден сүзiп алып жүрмiз. Сондықтан бiз пайдаланған құжат – бiрiншi қолдан алынған құжат.

“Шыңғыс заңдары” деген кезде бұл заңдарды Шыңғыс ойлап тапқан немесе қағазға түсiрткен деген ой келедi. Егер байыбына барып тереңдей түссек, мәселенiң мәнi әсте бұлай емес екенi анықталады. Тарихи құжаттармен танысу барысында бұл заңдардың Шыңғыс қағаннан әлдеқайда бұрын пайда болғанын көремiз.

Дереккөздерi Шыңғыс қағанға телiнiп жүрген бұл қоғамдық ережелердiң кiшкентайынан Шыңғыс қаған мен оның бәйбiшесi Бөрте бағып-өсiрген Құтұқудың қолымен темiр тақтайшаларға ойып жазылғанын айтады. Құтұқудың тегi – түрк. 1206 жылғы құрылтайда Шыңғыс Құтұқуға былай деп бұйрық бередi: “Бiзге бағынышты адамдарды топтастыр: киiз шатырларда тұратындар мен ағаш үйлерде өмiр сүретiндердi бөл. Ешкiмнiң өзiңе қарсы шығуына мүмкiндiк берме. Адамдардың арасындағы ұры-қарыларды құрт, өтiрiкшiлердi бақылауға ал, өлiмге лайықтыларды өлтiр, жазаға лайықтыларды жазала. Сонан соң бүкiл халыққа қатысы бар қарарларды Көк Дәптерге тiрке!”

Құтқұқу – әрi бас сот болған тұлға. Аталмыш жоғары лауазым көне түрк дәстүрiне сәйкес берiлген: кезiнде Бiлге қағанның (716 – 734) бауыры Күлтегiн де әрi әскербасы, әрi бас сот болған және осыған орай ол сол кездегi ең биiк шен – “Инанчу Апа Ярган Таркан” шенiн алған (көне түрiк тiлiндегi бұл сөз тiркесiнiң мағынасы бiзге белгiсiз – ауд.). Мұның бәрiне әдiлет уәзiрi бақылау жасаған.

Түрк басшыларының ешкiмге заңсыздық немесе зұлымдық жасағысы келмейтiн. Өйткенi өзiн Тәңiрiнiң жер бетiндегi көлеңкесi деп санайтын Түрк қағаны тек түрк ұлтының ғана емес, барша адамзаттың әмiршiсi болатын. Сондықтан да жазба ескерткiштердiң басында Түрк қағанының адамзатты басқаруға жiберiлгенi жайында сiлтеме бар. Түрктiң әлемдiк үстемдiгiнiң негiзiнде ғаламның барлық тарапында Түрк әдiлеттiлiгiн орнықтыру идеясы жатыр. Мөде, Атилла (осылай жазылғаны жөн – ауд.), Қапаған, Шыңғыс, Темiр және басқа да мықты әмiршiлердiң кезiнде бала-шаға, шаруа, саудагер, кiм болса ол болсын, бiр жерден басқа жерге еш қорықпай сапар шеге беретiн және әдiлеттiлiк жайындағы Түрк дәстүрлi түсiнiгiнiң барлық жерде үстемдiк құрып тұрғанын көргендiктен өздерiн қауiпсiз сезiнетiн. Түрлi зерттеу жұмыстары және жазба деректер бұл алып мемлекеттiң жер бетiнде өзiне үлкен мiндеттер жүктегенiн көрсетедi. Яғни бұл жауынгер қауымның жалғыз ғана шаруасы тек қылыш сермеп, соғыс жүргiзу емес-тiн. Оның басты мiндетi – Тәңiрi берген мемлекет пен күш-қуат арқылы әлемде Тәңiрiнiң атынан тәртiп орнату болатын. Бұл – Түрк мемлекетiнiң алғашқы сәттерiнен бүгiнге дейiн жалғасып келе жатқан әлемдiк көзқарас.  

Информация о работе Шынгыс ханның зандары