Шыңғыс хан

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 19:42, реферат

Описание работы

Шыңғыс хан шыр етіп жарық дүниенің есігін ашқаннан ақырғы демі бітіп, о дүниеге аттанғаннан кейін де, тарихта түйіні бүгінге дейін шешілмей, тіпті шешілуі неғайбыл өз өмірінің беймәлім беттерін қалдырып кетті.
Шыңғыс қағанға дейін де, кейін де тарихта аты қалған ұлы тұлғалар болған. Бірақ олардың бірде-біреуінің дәл қағандыкіндей аса мол құпиясы қалған жоқ. Демек, әлем тарихындағы ең құпияға толы тұлғалардың бірі әрі бірегейі - Шыңғыс хан. Ол туралы шындықтың кейбір беттері әлі ашылмай келеді. Ол өте сұңғыла, ақылды адам болған.

Содержание

. Шыңғыс ханның шығу тегі туралы деректер
a)Шыңғыс хан өлімінің құпиясы
б)Шыңғыс хан суретінің құпиялары
2. Шыңғыс хан империясы
3. Шыңғысхан мыңжылдықтың маңдай алды тұлғасы

Работа содержит 1 файл

Шыңғысханреферат.doc

— 138.50 Кб (Скачать)

Нәтижесінде бүкіл  Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның  көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің  негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып, Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.

   Əлем тарихындағы ең ірі империяны құрушы. Темужин жиырма шақты жыл қанды шайқас жүргізіп, ақыры өзінің күллі қарсылас жауларын жеңіп, тұтас моңғол даласын бірлікке келтірді. Сосын ол өз ұлдары мен немерелерін қол басыларын бастап, төрткіл дүниені бағындыру соғыстарын жүргізді. Оның аждаһадай аибатты, “атом”бомбасындай қаһарлы жеңімпаз қосынының дүбірлеткен ат тұяғы тұтас Еуразия ұлы құрлығын шарпыды, ондағы қырық шақты мемлекет пен жеті жүзден астам ұлт пен ұлыс Ұлы Моңғол империясына бағынышты болды. Оның ұрпақтары Моңғол (Юань) империясын, Алтын Орда (Қыпшақ) хандығын, Шағатай хандығын, Елхан хандығын, сондай-ақ кейін Темірлан хандығын құрып, Азия мен Еуропаның негізгі бөлігін Ұлы Моңғол империясының қарамағына енгізді, адамзат тарихында мұндай алып империя бұрын-соңды болған жоқ, тарихшылар жазба деректемелерге сүйене отырып, Ұлы Моңғол империясының сол кездегі аумағы отыз миллион шаршы километрге жеткен деп болжайды, ол

қазіргі ҚХР  аумағының үш есесінен де артық еді. Мұндай алып империя тарихта болған жоқ, онымен салыстырғанда еуропалықтар мен американдықтар жер-көкке сиғызбай мақтан ететін Ұлы Александр Макодонскийдің темірмен құрсанған атты əскерлері де, Рим империясының легиондары да, Наполеонның алып зеңбіректі армиясы да бұл шекараларға жете алған жоқтұғын. Ол Христиан, Ислам жəне басқа да өркениеттерді бір-бірімен бетпе-бет табыстырып, Шығыс пен Батыс əлемінің байланысын кедергісіз тұтастырды. Американдық бір академиктің айтқанындай: “Шыңғысхан əлем картасын өзгертті, сол кездегі Еуразия құрлығы сансыздаған ұсақ феодалдық шағын мемлекеттерден құралған еді, Шыңғысхан оларды бірлікке келтіріп, ол елдерді қазір біздер картадан көріп жүрген қалыптағыдай күйге келтірді..”

 Адамзат  тарихындағы ең ірі соғысты  бастаушы. Шыңғысханның

ұлы жорығы ауқымы мен ықпалы жағынан адамзат тарихында  оның өзіне дейін де, одан кейін де болып көрмеген. Шыңғыс қаған 66 жас өмір сүрді, ол өмір бойы аттан түскен жоқ, өмір бойы соғыс майданынан кеткен емес. Оның бүкіл ғұмыры салт аттың үстінде өтті. Моңғолдың салт атты сарбаздарының аттары Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі барша өзендер мен көлдерден суаттады. Моңғол империясының аумағы ақ қар, көк мұз құрсанған Сібір далаларынан тартып, Үндістанның ыстық белдеулеріне дейін, Вьетнамның күріш алқаптарынан бастап Венгрияның арпа атыздарына шейін, Корей түбегінен Балқанға дейін созылып жатты. Шыңғысхан мен оның ұрпақтарының аса суыт та жүрдек (мобильді) салт атты сарбаздарының

сансыздаған ұзақ жорық жолдарын километрмен емес, тек ғана ендікпен бойлық бойынша есептеуге болады. Шыңғысханда бар жоғы 200 мыңдай ғана қол болды. Ал сол кезде экономикасы, мəдениеті мен өркениеті, ғылымы едəуір дамыған Алтын (Цзинь) хандығында, Оңтүстік Сун патшалығында, Хорезм мен Иран жəне т.б. елдерде неше ондаған миллион халық пен талай жүзмыңдаған əскер болды. Соған қарамастан осы елдерді бар-жоғы жиырма жылдың ішінде (1207-1227) бағындырып, бір тудың астына біріктірді. Хорезм шайқасы (оның бастауы-Отырар шайқасы) Шыңғысханның Еуразиядағы ең алғашқы ірі шайқасы еді, ол ең алғашқы ұзақ жорығы, əскерді ең мол аттандырған, əрі ең ауқымды соғысы болды. Дəл осы шайқас Шыңғысханды əлемдік саясат сахнасына шығарды. Əлемдік əскери өнер тарихын зерттеуші ғалымдардың пікірінше, моңғолдар осы жорықта аса зор қиындықтарды жеңіп, тарихтағы үш ірі мұһжизаны жаратты: оның Біріншісі, Жошы, Жебе бастаған қосын əлемнің асу бермес алып кезеңі-Памир мен Тяньшаньды (Тəңір тауын) салт атпен асты; Екіншісі, Шыңғысхан мен Төле бастаған ең негізгі 110 мың қол тірі жан мекен етпейтін қумедиен Қызылқұмды көктей өтіп, Хорезм мен Хорасанды қоршауға алып, Мұхамет шахты жеңді; Үшінші, қолбасылар Сүбедей мен Жебе 30 мың сарбазды бастап, Арал-Каспий далаларын мың да бір машақатпен жүріп өтіп, Əму дарияны қайықсыз жүзіп өткен, сарбаздар бүкіл əскери керек-жарағын сиыр терісінен тігілген тұлыпқа салып, оны белдеріне байлап алып, өздері аттың жал-құйрығынан ұстап, дарияны кешіп өткен. Шыңғысхан қосыны небəрі екі жүз мың (20 түмен) сарбаздан құрала тұра, ол оншақты жылдық шайқаспен-ақ Еуразиядағы он шақты елді бағындырып үлгерді. Бұл жағынан үлы қолбасылар есептелетін Цезар да, Александр да, Наполеон да Шыңғысханды шаң қауып қалды. Тарихшылар 13 ғасырды моңғол ғасыры деп атайды.

 Тарихта  ең алғаш əлемдік тасымал жəне  коммуникация жүйесін орнатушы. Ол болса орта ғасырларда бүкіл Еуразияның түкпір-түкпірін байланыстырған моңғолдар құрған үкілі почта бекеттері арқылы жүзеге асқан хабарласу жүйесі еді. Моңғол армиясы жаулаған өңірлер ұлан-ғайыр болғасын алыс жорықтағы қосын мен Үлкен Орда арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін Шыңғысхан сол замандағы ең жылдам, ең үздік “Ұшқан жебедей салт аттылар” деп аталатын байланысшы қосын құрды. Оған Шыңғысханның “төрт төбетінің” бірі-Жэлмэ Ухэ басшылық етті.

Байланысшылар жүрдек аттармен суыт жүріп, жолдағы  əрбір почта бекеттерінен ат-көлігін ауыстыра отырып, Ұлы қағанның жарлық-пəрменін шалғайдағы кез-келген жорықшы қосындарға жеткізе алған, ал алдыңғы шептердегі соғыс шайқастарының жағыдайын дəл сондай жылдамдықпен Үлкен Ордадағы бас қолбасшылық штабқа жеткізіп отырған. Жапон ғалымдарының зерттеуінше сол заманда Каспий жағалауындағы алдыңғы шептен қазіргі Моңғолиядағы Керулен өзенінің бойына байланысшылар не бəрі 40 күнде жетіп баратын болған. Азия мен Еуропаны еш кедергісіз байланыстырған Шыңғысхан құрған осынау тасымал жəне коммуникация желісі тек ғана əскери мақсатта пайдаланылған жоқ, қолында Ұлы Моңғол империясының қағаны берген пайзасы бар кез-келген елдің сауда-керуендері, елшісі мен саяхатшы-жиһанкезі осы бекеттерді бойлап, Шығыс пен Батыс

арасында кедергісіз, əрі қауіп-қатерсіз сабылып, қатынап жатқан. Тарихи деректер бойынша, Моңғол империясының аумағында сол заманда мұндай почта байланысы бекеттерінен 1383-і орнатылыпты, ал төтенше шұғыл жағдай кезінде олардың араларынан əр 20 шақырым жерден бірден белгі-хабар беретін тұр (қарауыл пункті) қойылған екен. АҚШ-тың “Вашингтон Пост” газетінің жазуынша, “Жеті жүз жыл бұрын Шыңғысхан бүкіл əлемдік ақпараттық хабарласу жүйесін орнатты. Шыңғысхан құрған бұл хабарласу жүйесін осы заманғы əлемдік электронды ақапарттық-хабарласу жүйесінің алғашқы үлгісі деуге болады”. Оңтүстік Кореяда жарық көрген “Мыңжылдықтың тарихи тұлғалары” атты кітапта былай жазылған: “Шыңғысхан құрған салт атты үкілі почта бекеттері сол дəуірдегі хабар-ошар алысудың ең жылдам, ең үздік үлгісі, жетістігі еді, ол осы заманғы əлемдік

интернеттің ең алғашқы бастауы, өркені болды”. Американдық ғалым Гарольд Лемп бұл құбылысты “Адам баласының тарихтағы ең кең ауқымда, ең алғаш емен-жарқын етене қол алысып, қауышқаны” деп сипаттады.

 Адамзат  тарихындағы ең ұлы жеңімпаз. Шыңғысханның есімі “табыс”, “жеңіс” сөзімен біте қайнасып кеткен. Шыңғысханды “оқу” дегеніміз Шыңғысханның табысқа, жеңіске жетуінің сырын ашу деген сөз. Тарихшылырдың оны ең ұлы табысқа жетуші, жеңімпаз деуінің себебі, Шыңғысхан жəне оның ұрпақтары тұңғыш рет бүкіл Қытайды бірлікке келтіруі, онан соң күллі жарты əлемді бағындырып, дүние жүзін дүр сілкінткен ең алып империяны құрушы болды... Жапонияда жарық көрген “Əлемнің жалпы тарихы” атты кітапта: “Дүние жүзі тарихында дəл Шыңғысханға тең келетін батыр да, қаһарман ұлы қолбасы болған жоқ” деп жазса, ал Үндістанның экс-прьемер-минстрі Дж.Неру: “Шыңғысхан əлем тарихындағы ең ұлы қолбасылардың бірі, əрі бірегейі” деген екен. Шыңғысхан бүкіл өмірінде алпыстан астам рет ірі соғыс операциясын жүргізіп, соның бірде-бірінде жеңіліп көрмепті. Ол бұл жеңіске өзінің елден ерек ақыл-парасатымен, ғажайып əскери талантымен, қол жұмсаудағы сан қырлы тактикасымен жəне өскелең қолбасшылық өнерімен жетті. Сондықтан да ғалымдар Сунь Цзені (қытайдың ежелгі дəуірдегі ең əйгілі əскери теоретигі, “Сунь Цзенің əскери заңдары” аттыеңбектің авторы (б.з.д. ғасыры?) “Тарихтағы ең ұлы əскери теоретиг” деп атаса, ал Шыңғысханды “Тарихтағы ең ұлы жеңімпаз əскери стратегиг” деп атады.“Тауарих жаһан кушай” (Əлемді бойсындырушының тарихы) аттыеңбектің авторы, парсының əйгілі тарихшысы Жувейни былай деп жазған: “Шындығында да, егерде асқан кемеңгер қолбасшы есептелетін Ескендір Зұлқарнайын (Александр Макодонский) Шыңғысхан заманында өмір сүрген болса, онда ол стратегия мен тактикада да Шыңғысханның шəкірті болған болар еді, ал неше түрлі айла-тəсілмен қала-қамалдарды алуға тура келсе ол еш ойланбастан Шыңғысханның соңынан ерер еді”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.«Қазақ тарихы» //Шыңғыс хан.3-7,2010№6.

2. «Егемен Қазақстан»//И.Қабышұлы.,Құпия шежіре.13-15,2011 20желтоқсан.

3.«Көшпенділер атлантидасы»//М.Қарғабаев.,Алтын Орда.3-5,2006№5.

4.Тұғыры биік тұлғалар, Ж. Орамах.Ақтөбе,2008.

5. «Ана тілі»//Қ.Сартқожаұлы.,Шыңғыс ханның мазары табылды.18-20,2010№3.


Информация о работе Шыңғыс хан