Шығыс легиондараның құрылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2012 в 12:56, реферат

Описание работы

Кеңес Одағымен соғыс басталар қарсаңда Германияның Сыртқы істер министрлігі Кавказ бен Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздікті аңсаған ниет-тілектерін пайдалану мақсатымен Түркиядағы және Еуропа елдеріндегі эмигранттар және олардың ұйымдары туралы мәліметтер жинастыра бастады.

Содержание

Кіріспе
Шығыс легиондарының құрылуы
Соғыс тұтқындарынан әскери бөлімдер құру идеясы қалай шықты?
Еуропадағы түркі эмигранттары және соғыс тұтқындары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Шығыс легиондарының құрылуы.doc

— 75.50 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

    1. Шығыс легиондарының құрылуы
    2. Соғыс тұтқындарынан әскери бөлімдер құру идеясы қалай шықты?
    3. Еуропадағы түркі эмигранттары және соғыс тұтқындары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Кеңес Одағымен соғыс басталар қарсаңда Германияның Сыртқы істер министрлігі Кавказ бен Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздікті аңсаған ниет-тілектерін пайдалану мақсатымен Түркиядағы және Еуропа елдеріндегі эмигранттар және олардың ұйымдары туралы мәліметтер жинастыра бастады. 1941 жылы 9-тамызда Ыстамбұлдағы герман елшілігі «Прометей лигасының» беделді қайраткерлеріне сипаттама берді. Мұндағы Шоқай туралы мәлімет мынадай: «Мұстафа Шоқаев, қазақ, ұзақ жылдан бері ақ орыстардың белгілі жетекшісі Милюковтың пікірлесі, соның Парижде шығаратын газетінің тұрақты тілшісі, өзі Берлинде жеке журнал шығарады, оны профессор Йешке мен Сыртқы істер министрлігіндегі Ә.Ыдырыс мырза жақсы біледі». Германия Сыртқы істер министрлігі саяси бөлімнің қызметкері Ә.Ыдырысқа осы хатта аталған адамдарға жеке-жеке сипаттама беруді тапсырды. Ә.Ыдырыс 1941 жылы 5-ші қыркүйекте жазған баяндамасында Мұстафа Шоқай туралы елшіліктің хатында берілген мәліметтер дұрыс екендігін айта келіп, Шоқайды «ұлтшыл емес», «жартылай орыс», «бұрында орыс-еврей, кейінде поляк-еврей марксистеріне қызмет еткен, демократияны жақтаушы, бүгінгі Германияның жауы» деп сипаттап, Шоқай сияқты сенімсіз адамды Германиямен ынтымақтастыққа шақыру аса күдікті әрекет болады деген қаупін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Шығыс легиондарының құрылуы

1941 жылы 6 қазанда  Вермахт Жоғарғы қолбасшылығы 18-армияның  құрамында казак (Кубань, Терек,  Дон казактары) жүздігін құру  туралы бұйрық шығарды. Басқа легиондар туралы бұйрық кешірек шықты. Жалпы алғанда, Германиядағы кеңестік соғыс тұтқындарынан мынадай әскери бөлімдер құрылды: Орыс азаттық армиясы, Ерікті казак дивизиясы, Украин көтерілісшілерінің армиясы, Украин ұлттық армиясы, Белорус өлкелік қорғанысы, Кавказ батальоны, Грузин легионы, Армян легионы, Әзірбайжан легионы, Түркістан легионы, Еділ-татар легионы, Қалмақ атты әскер эскадроны. Батыс зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, осы әскери бөлімдерге кірген тұтқындар саны 700 мыңнан 1 миллионға дейін жеткен. Ерікті құрамалардың қолбасшысы, генерал Э.Кестринг Гиммлерге Вермахт құрамындағы еріктілер бөлімдерінде 1 миллионға жуық кеңес азаматтары бар деп хабарлаған. Алайда Германияның әскери мұрағатының материалдарына қарасақ, бұл бөлімдерге тұтқындармен қатар, жау басып алған аймақтардағы жергілікті тұрғындар да кірген. Сонымен қатар тұтқындардан құрылған бөлімдердің барлығы бірдей әскери бөлімдер емес, олардың ішінде жұмысшы бөлімдері де бар. Соғыс жылдарындағы құжаттарда әскери бөлімдерге кіргендерді «шығыс еріктілері» (Ostfreiwillige), ал жұмысшы бөлімдеріне кіргендерді «ерікті көмекшілер» (Hilfswillige) деп атаған. Құжаттарда соңғысы қысқаша «хиви» деген атауға ие болған, «хивилерді» майданға апармаған, оларды қосалқы жұмыстарға пайдаланған. Неміс зерттеушісі Г.Тессин 1943 жылы тікелей соғыс мақсатына пайдалану үшін құрылған шығыс легиондарының 60 бөлімі, 8 казак батальоны, 1 артиллерия бөлімі, 78 компания (топ), 5 батарея болған деген мәлімет береді. Кеңестік шығыс халықтарының өкілдерінен құрылған бөлімдер, жалпы алғанда, Шығыс легиондары деген атауға ие болды. Түркістан легионы да осы топқа енгізілді. 1941 жылы 15 қарашада 444-күзет дивизиясының қатарында Түркістан полкі құрылды. Төрт ротадан тұратын бұл полк 1942 жылдың қысында тек маңызды объектілерді күзету үшін пайдаланылды. Түркістан легионы деген атаумен жеке бөлімдер құру 1942 жылдың ақпанында басталды. Польшада сол айда Түркістан легионының үйрету-жаттығу лагері құрылды да, түркістандық соғыс тұтқындарын легионға кіруге жаппай үгіттеу жұмысы жүргізілді.

Жергілікті  зерттеушілер Түркістан легионының құрамында 180 мыңнан 250 мыңға дейін адам болған деп жүр. Бұл неміс тарихшыларының еңбектерінен алынған. Менің тапқан құжаттарыма қарағанда, олардың бәрі бірдей түркістандықтар болмаған. Легиондағы жеке батальондардың ұлттық құрамын қарадым. Бұл батальондардың құрамында қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжіктен басқа грузин, орыс, украин, кавказдық т.б. халықтардың өкілдері де болған. Неміс зерттеушілері легионерлердің жалпы санын қараған, ал ұлттық құрамын жеке-жеке алып санамай, легионның атымен «түркістандықтар» деп атап санаған, сонымен қатар легионерлер қатарына жұмысшы батальондарында болған түркістандықтарды да кіргізіп жіберген.

Кезінде кеңес  әдебиетінде легионерлерді эсэсшілермен қатар қою орын алды. Шындығында, легиондар әскери бөлімдер болды, олардың 1944 жылы құрылған Шығыс-мұсылмандық СС бөліміне қатысы болған жоқ. Түркістан легионының басшылары легионерлерге аталған СС бөліміне кіруге тыйым салды. Г. Тессиннің анықтамалығында берілген СС бөлімдерінің тізімінде ешқандай түркі бөлімі көрсетілмеген.

Легиондарға кіруге тұтқындарды итермелеген негізгі себеп - олардың жағдайының аса ауыр болуы, аштық, жазалау, Кеңес өкіметінің оларды сатқын деген айып тағуы, тірі қалуға жанталасу, ата-бабаларының дінін, салт-дәстүрін сыйламаған большевиктерге деген реніш тағы сол сияқты түрлі-түрлі жағдайлар. Мысалы, Чештохау лагерінде 1941 жылдың күзінде 32 мың түркістандық тұтқын болған, аштықтан, азаптан, аурудан қырылуы нәтижесінде 1942 жылдың көктемінде олардың 262-сі ғана тірі қалған. Легионға кіретін еріктілердің тізімін жасауға келгендер лагерьден осы 262 адамды ғана тапқан, құр сүлдері қалған, аштық пен аурудан азап көрген осы 262 адам тірі қалу үшін түгелдей легионға жазылған. Сондықтан легионерлердің барлығын сатқын деу - тым қарабайыр түсінік. Түркістан легионы деген мәселе қазір бізде тым біржақты қаралып жүр. Біреулер оны міндетті түрде ақтайды, екіншілері жамандайды. Легиондар тарихы - Ұлы Отан соғысының ең күрделі және ең кілтипанды беттері, оны ғылыми тұрғыдан объективті түрде зерттеу қажет.

 

    1. Соғыс тұтқындарынан әскери бөлімдер құру идеясы қалай шықты?

Кеңестік тарихнамада  Екінші дүниежүзілік соғыс тарихының  сыңаржақ қаралған мәселелерінің бірі - соғыс тұтқындарынан жасақталған  әскери құрамалар тарихы. Әрине, жалпы соғыс тұтқындарына «сатқын» деген айып тағылып отырған кезеңде легиондарға кірген тұтқындар туралы сөз көтерудің өзі де мүмкін емес еді. Ал шетелдерде соғыс тұтқындарынан құрылған әскери бөлімдер тарихы кең түрде зерттелген.

Соғыс тұтқындарын саяси  үгіт-насихаттық және әскери мақсатта пайдалану Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде-ақ орын алған болатын. Ресейде Австро-Венгрия әскеріне қарсы майданға салу үшін тұтқындардан чех легионы, серб бөлімдері құрылған болатын. Германияда ресейлік соғыс тұтқындарынан А.Бермонт-Авалов басқарған әскери бөлім жасақталған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия қарулы күштерінің қатарында шетелдік еріктілерден әскери бөлімдер құру идеясы Батыс Еуропаның Германия басып алған елдерінде шықты. 1941 жылы 29 маусымда Германияның сыртқы істер министрі Й.Риббентроп Гаагадағы неміс елшісіне Еуропаның барлық дерлік елдерінде Кеңес Одағына қарсы күресу мақсатымен ерікті әскери бөлімдер құруға ұмтылушы топтар бар екендігін хабарлаған. Соғыс жылдарында Норвегияның, Данияның, Финляндияның, Голландияның, Бельгияның, Испанияның, Хорватияның, Үндістан мен араб елдерінің еріктілерінен әскери құрамалар жасақталды.

Кеңес тұтқындарынан  әскери бөлімдер құру идеясын жеке адамдар, эмигранттар, тұтқындардың өкілдері және басқа әртүрлі топтар көтерді. Соғыстың алғашқы айларында Германияның Сыртқы істер министрлігіне Иранда тұрып жатқан түрікмен хандары ұрпақтарының бірі хат жазып, онда Түрікменстанның тәуелсіздігі жолындағы күресте пайдалану үшін Германияда түрікмен әскери бөлімдерін құру қажет деген ұсыныс жасаған. Германияның Түркиядағы елшісі Франц фон Папен 1941 жылы 25 шілдеде Сыртқы істер министрлігіне жіберген хатында Кеңес Одағына қарсы күресте үгіт-насихат мақсатында түркі тектес тұтқындарды пайдалану қажеттілігін айтып, оларды жеке лагерьлерге жинауға кеңес берді. Соғыс тұтқындарының ішіндегі Кавказ және түркі халықтарының өкілдерін бөліп алу идеясы бұған дейін А.Розенберг басқарған Шығыс министрлігінде де көтерілген болатын.

 

    1. Еуропадағы түркі эмигранттары және соғыс тұтқындары

Германияның Сыртқы істер министрлігі Кавказ бен  Түркістан халықтарының ұлттық тәуелсіздікті аңсаған ниет-тілектерін Кеңес Одағына қарсы соғыста пайдалану мақсатымен Түркиядағы және Еуропа елдеріндегі эмигранттар және олардың ұйымдары туралы мәліметтер жинастыра бастады. 1941 жылы 9 тамызда Түркиядағы герман елшілігі «Прометей лигасының» М.Шоқай, Э.Ресул-Заде, М.Якуб, С.Сейдахмет, С.Шамил, А.Исхаки, О.Қожа т.б. беделді қайраткерлеріне сипаттама берді: «Польша мен Англияны табанды түрде жақтап жүрген қазандық Аяз Исхаки 1939 жылдың 23 тамызында Түркі мәдени орталығында немістерге қарсы сөз сөйлеген, ал 1940 жылы Сикорскимен кездесу мақсатымен Лондонға барған. Бұқаралық Осман Қожаны соғыстың қарсаңында (1939 жылдың тамызында) ағылшындар Варшавадан Тегеранға алып келді, ол сол уақыттан бері ағылшындарға қызмет етеді, Мұстафа Шоқаев, қазақ, ұзақ жылдан бері орыс ақтарының белгілі жетекшісі Милюковтің пікірлесі, соның Парижде шығаратын «Соңғы жаңалықтар» газетінің тұрақты тілшісі, өзі Берлинде жеке журнал шығарады, оны профессор Йешке мен Сыртқы істер министрлігіндегі Ә.Ыдырыс мырза жақсы біледі». Германия Сыртқы істер министрлігі саяси бөлімінің қызметкері Ә.Ыдырысқа осы хатта аталған адамдарға жеке-жеке сипаттама беруді тапсырды. Ә.Ыдырыс 1941 жылы 5 қыркүйекте жазған баяндамасында Мұстафа Шоқай туралы елшіліктің хатында берілген мәліметтер дұрыс екендігін айта келіп, Шоқайды «ұлтшыл емес», «жартылай орыс», «бұрын орыс-еврей, кейін поляк-еврей марксистеріне қызмет еткен, демократияны жақтаушы, бүгінгі Германияның жауы» деп сипаттап, Шоқай сияқты сенімсіз адамды Германиямен ынтымақтастыққа шақыру аса күдікті әрекет болады деген қаупін білдірді. Алайда немістер түркістандықтар арасында аса беделді, Еуропадағы түркі эмигранттарының көшбасшыларының бірі болған Мұстафа Шоқайды пайдалану ниетінен бірден бас тарта қойған жоқ. Мұстафа Шоқайды пайдалану мүмкіндігі әсіресе Шығыс министрлігін айрықша қызықтырды. Өйткені оны шығыс халықтарының мәселесімен айналысатын барлық мамандар мен дипломаттар түркі эмигранттарының ішіндегі ең көрнекті тұлға ретінде сипаттады. Мәселен, Г.фон Менде түркі халықтарының азаттық күресінің тарихына арналған зерттеуіндегі М.Шоқайдың «Түркістан Кеңестердің билігінде» атты еңбегіне жасаған сілтемесінде оны Түркістан эмигранттарының көшбасшысы деп атаған. Сондықтан Розенбергтің Францияда тұратын Шоқайды Берлинге алғызуы Шоқайдың «немісшілдігіне» емес, неміс түрколог-ғалымдары мен дипломаттары арасында айрықша белгілі болғандығына байланысты еді. Кеңес үкіметінің Шоқайды аса қауіпті жау санауы да осы себептен туған болар. Өйткені Шоқай Еуропадағы кеңестік эмигранттар арасында танымал адам және ол жай ғана саясаткер емес, ғалым ретінде де белгілі, сондай-ақ ол қай елде жүрсе де Түркістанның патриоты болғаны анық. Сталин өкіметінің Қазақстан мен Орта Азияның зиялыларын құртып, енді бас көтеретін ешкім жоқ деп тыныштануына Шоқай бөгет болды. Олар Шоқайдың түркішілдік идеялары Кеңес Одағы тұрғындарының елеулі бөлігін құрап отырған түркі халықтарына ықпал жасауынан қауіптенді. Сондықтан Шоқай қаза тапқаннан кейін де Кеңес өкіметі оның азаттық туралы идеясын Түркістан халықтарының санасынан мүлде өшіру үшін Шоқайды «немістерге қызмет етті, легионның негізін салды» деп айыптап, шейіт кеткен ғазиз жанның есімін қаралады.

Шоқайды Парижден Шығыс министрлігінің талабымен  Берлинге алып келді. Мұрағат материалдарына жүгінейік. Сыртқы істер министрлігі жанынан құрылған Ресей комитетінде кеңестік шығыс халықтары мәселесімен айналысатын маман В.фон Хентигке дипломат Рудольф Надольны жазған хатта «тұрандық тұтқындар мәселесін талқылау үшін Розенберг Парижден Мұстафа Шоқайды алдырды..., оның ассистенті - радиода қызмет істейтін жас жігіт Вели Каюм» деген мәліметтер бар. Мария Шоқайдың естеліктерінен Мұстафа Шоқайды нацистер Францияда 1941 жылдың 22 маусымында тұтқынға алғанын, кейінірек босатқанын, ал тамыз айының басында әскери адамдар келіп, Берлинге алып кеткенін білеміз. Берлинге Шоқаймен қатар кеңес эмигранттарының барлығын жинады. Мақсат - оларды кеңестік соғыс тұтқындары лагерьлерін аралау үшін құрылған комиссияларға кіргізу еді.

Соғыс тұтқындары лагерьлерін аралау үшін КСРО аумағындағы  халықтардың шетелдегі эмигранттарынан және Ресей тарихын жақсы білетін неміс мамандарынан шамамен 600-ге жуық адамнан 25 комиссия құрылған. Олардың алдына қойған міндет - тұтқындардың туып-өскен жерін, білімі мен мамандығын және көңіл күйін анықтау. Онда тұтқындардың жалпы саны және әскери дәрежелері, білімдері, тамақтануы, киінуі, көңіл күйі түгел есепке алынған. Комиссияның жұмысы кезінде кеңестік тұтқындардан легиондар құру туралы мәселе әлі шешілмеген болатын.

Ұлы Отан соғысының  алғашқы айларында Гитлердің  бұйрығы бойынша кеңестік тұтқындар қатарындағы азиаттарды Герман империясының жеріне әкелуге тыйым салынды, олар Польша т.б. немістер басып алған жерлердегі лагерьлерге орналастырылуға тиісті болды.

 

Қорытынды

Түркістан легионына  тарихи баға берілген жоқ. Ол үшін алдымен оның тарихын жазу керек қой, ал ол жазылған жоқ. Нақты деректерге негізделген және неғұрлым шыншыл еңбек ретінде А.Кәкеннің кітабын атауға болады. Алайда ол Түркістан легионының тарихын толық қамтымайды, өйткені автор тек қана кеңестік құжаттарды пайдаланған. А.Кәкеннің еңбегінің құндылығы сол? Мұнда КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің материалдары пайдаланылған. Легионды қоя тұрып біз әуелі легионға қатыспай-ақ кеңес өкіметі тарапынан жазалауға ұшыраған соғыс тұтқындары мәселесін шешіп алуымыз қажет. Ресейде 90-жылдары арнайы комиссия жұмыс істеді. Үлкен құжат дайындалды. Цифлар анықталды. Арнайы Президент бұйрығы шықты. Онда соғыс тұтқындарының әскери қызметкер ретіндегі құқықтары қалпына келтірілді. Бірақ бұл заңның Власов армиясында болғандарға қатысы жоқ. Ол мәселе әрине көп зерттеуді қажет етеді. Ресейдегі комиссия құрылған кезде кезде КСРО болған жоқ. Комиссия тек қана Ресей Федерациясының жеріндегі соғыс тұтқындарының құқықтарын қалпына келтірді. Меніңше әр республикада осындай құжат дайындалуы керек. Біздің елімізде саяси құғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау мақсатындағы ресми комиссия жұмыс істеді. Бірақ соғыс тұтқындары мәселесі саяси құғын-сүргінге жатпайды ғой. 1956 жылы жазықсыз сотталған соғыс тұтқындары ақталды. Бірақ ақтау деген сөз қылмысқа қатысты айтылады. Адам қылмыс жасап қойды, жазасын алды, енді оған кешірім берілді. Олар қиын жағдайда тұтқынға түсіп, тірі қалды. Елге келген соң тағы да тұтқында отырды, енді олардан сол үшін кешірім сұрап, жауынгер және ардагер ретіндегі құқықтарын қалтыру келтіру керек қой.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Есмағамбетов К. "Яш Түркістан" журналы - тәуелсіздік жаршысы [Мәтін]//Ана тілі-2010.-N2.-14-20 қаңтар
  2. Мұстафа Шоқай//Егемен Қазақстан-1997.-22шiлде.-3б.  
  3. Сүлейменова Г.  Мұстафа Шоқайдың ұлт саясатын саралауы [Мәтін]:[ М.Шоқай саяси қайраткер ретінде большевизмге қарсы бағыт ұстанды. М Шоқайды ұлттардың тәуелсіз мемлекет құруы. М Шоқай ХХ ғасырдың ең ықпалды саяси күші. Ұлт-азаттық күрес қазақ халқының тарихы. ]//Ақиқат-2006.-N9.-49-53б.б4   
  4. Мұстафа Шоқай. Ақиқат арашасы [Мәтін]//Ақ жол-2008.-N90.-10 маусым.-4б.

Информация о работе Шығыс легиондараның құрылуы