Шыңғысханның тұлғасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 15:26, доклад

Описание работы

Әрине,Шыңғысханның жеке қасиеттері оның өмірінде үлкен рөл атқарды.Тек ғана өзінің жеке қасиеттерінің көмегімен Шыңғысхан айналасындағы адамдарды жинап,өз ұлысын кұрды.Тек ғана өзінің ақылының,тапқырлығының,жігерлігінің арқасында ол 162 жыл бойы өмір сүрген және Азияда ең үлкен империя болып саналған мемлекетті құрды.Осы қасиеттерден басқа Шыңғысханның басқа да көпдеген қасиеттері болды.

Работа содержит 1 файл

Щыңғысханның тұлғасы.docx

— 12.94 Кб (Скачать)

Әрине,Шыңғысханның жеке қасиеттері оның өмірінде үлкен рөл атқарды.Тек ғана өзінің жеке қасиеттерінің көмегімен Шыңғысхан айналасындағы адамдарды жинап,өз ұлысын кұрды.Тек ғана өзінің ақылының,тапқырлығының,жігерлігінің арқасында ол 162 жыл бойы өмір сүрген және Азияда ең үлкен империя болып саналған мемлекетті құрды.Осы қасиеттерден басқа Шыңғысханның басқа да көпдеген қасиеттері болды.Менің ойымша олар:дисциплина мен ұйымдастырушылық талант,оған дәлел Шыңғысханның “Яссы” немесе “Ұлы Жасақ” заңдар жинағының жазуы және халықтың сол заңдарды бұзбауы;  мінез байсалдылығы-Шыңғысханның Отырарға жіберілген елшілігі қырылғаннан кейін ол,ашулансада,өзінің шабуылының әр қадамын толығымен ойлап алғаннан кейін ғана Отырарға барды.Шыңғысхан сабырлы,әділетті,мықты мінезді,“Досқа адал,жауға қатал” сөздеріне сай келетін адам болды.Мәселең,Шыңғысхан өзінің жан досын,кейіннен жауын,Жамуқаны толық жеңіп,тұтқынға алғаннан кейін кешірді және ескі достығын жалғастыруға мүмкіндігін берді,бірақ Жамуқа “Аспанда бір күн болғандай,Моңғолияда да тек ғана бір хан бола алады” деген сөзімен бас тартты.Ал оның әкесін өлтірген татарларға ол қайырымдылық көрсеткен жоқ.Шыңғысханның бұйрығымен татарлардың барлық ер адамдары өлтірілді.Шыңғысхан өзінің мықты мінезділігімен,шыдамдылығымен өміріндегі көпдеген қиыншылықтарды басынан кешті.Оның сабырлығы оған жауға бірден шабуыл жасамай керекті моментті кутүге мүмкіндігін берді.Шыңғысханның өз империясын төрт ұлына тең бөлгені және әрбір шайқастан кейін табысты теқ бөлгені,оның әділеттілігін көрсетеді.Шыңғысхан өз мақсатына жету үшін бар күшін салды.Осы қасиет оның тұтқыннан қашуы және оның “Алыс жолды бастасаң,қиын болса да,аяғына дейін жет!” деген сөзінен көрініп тұр.Шыңғысхан ұлы лидер.Осы қасиетсіз мыңдаған адамдар оның артынан бармайтын еді.Шыңғысхан әрқашан соғыс қимылдарына келудің алдында,жанжалды бейбіт жолымен шешуге тырысты.Шыңғысхан лауазымдарды адамның шыққан тегіне байланысты емес,оның жеке қасиеттеріне байланысты тағайындады.Шыңғысхан әрқашан жаңаны тануға тырысты.Осы қасиет оның “Білімді адам ғана,басқа көпдеген адамдардан биік болады ” деген сөзінен көрініп тұр.


Информация о работе Шыңғысханның тұлғасы