Ғаламтор және ғайып (виртуалды) шындық
Доклад, 11 Марта 2012, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Ақпараттық мәдениеттің алғышарты болып отырған техника-технологиялық прогресс, соның ішінде, коммуникация құралдары, яғни ақпаратты тарату құралдарының даму деңгейі екендігін алдыңғы тарауларда жіті қарастырған болатынбыз.
Работа содержит 1 файл
Ғаламтор және ғайып.docx
— 22.41 Кб (Скачать)Ғаламтор және ғайып (виртуалды) шындық
Ақпараттық мәдениеттің
алғышарты болып отырған
Қазіргі заман мәдениетінің
айдарына айналған ғаламтор 1969 жылы
АҚШ-тағы қорғаныс
М. Маклюэннің айтуы
бойынша, қатынас құралдарының
өзгерісіне байланысты болатын
мәдени кезeңдердің біреуінен
екіншісіне аттап өту
Жоғарыда М. Маклюэн
берген кезеңдемеге сай, соңғы
үшінші кезең немесе аудио-
Компьютерлік технологиялар жетістігінің арқасында адамда жаңа «өмір сүру» кеңістігі (көзбояу болса да) – киберкеңістік пайда болды. Ол кеңістікте бүкіл әлем бізге монитор экранынан нақты шындық іспеттес болып көрінгенімен, ол өзінің қолмен ұстауға келерлік заттық тығыздығынан, қаттылығынан айырылған мөлдір әлем.
Ғаламтор постмодерн (модерн дәуірінен кейінгі) заманының ұлы гипермәтіні деуге болады. Қазірде ғаламтор бірнеше миллиондаған компьютерлер басын қосып отырған ашық жүйе. Ғаламтор әу бастан либералды мәнге ие. Онда көп нәрсеге рұқсат етілген. Ғаламторға ілінген мәтін еркін пайдалануға берілген мәтін. Сондықтан мәтін авторы Ғаламторға ілген өзінің шығармасын өзінен шеттетумен пара-пар әрекет жасайды деген сөз. Нәтижесінде авторлық құқық, гонорар сынды баспа мәдениетіне тән ұғымдар өзінің бұрынғы мәнінен айырылады.
Ғаламторды көз алдыңа жақсылап елестету үшін біз постмодерн дискурсының өзіндік ұғымы «ризомаға» жүгінеміз. Бұл терминді Жиль Делез бен Феликс Гваттари ботаникадан алған. Онда ризома – өсімдіктің неден ненің тарағанын анықтап білу мүмкін емес болатындай шатасып-тұтасып кеткен тарамдалып тамырлану түрі.
Ғаламторлық технологияларды
сипаттауда ризома таптырмас
бейнелі ұғым. Ризома табиғатынан
орталықсыздандырылған,
Бүгінгі қоғамды қоршаған ақпараттық шындық адамзатты 70-80 жылдары қоршаған шындықтан мүлдем бөлек екендігі анық. Ол виртуалды шындық туындатқан ғайып болмысқа байланысты. Осы «виртуалды шындық» тіркесі қазір оңды-солды көп қолданылып жүргенімен, оның мағынасының түсініксіз, көмескілеу екендігі белгілі. Әдетте бұл термин компьютермен байланысты пайдаланылатындығы ғана анық.
Виртуалды шындық әлемінде
бізге үйреншікті кітаби
Кәдімгі кітапты оқып отырып біз оның кеңістіктегі шегінен аса алмаймыз, онда көрсетілген сілтемелер бойынша қызықтырған нәрсені ол кітапты тастап барып қана, басқасын іздеп тапқаннан соң оқи аламыз. Ал киберкеңістіктегі виртуалды шындықта орналасқан гипермәтінде біз бір мәтіннен келесі мәтінге алдыңғысында тұрып-ақ лезде өте аламыз.
Виртуалды шындық мәтін оқудың ғана емес, мәтін жасаудың да («жазу» деген сөзді әдейілеп пайдаланбай отырмын) жаңа жолдарын ұсынып отыр. Бүгінгі заманда көпшілік шығарма жазбайды, мәтін құрастырады. Құрастыру (аннан-мыннан, анадан-мынадан, тиіп-қашып…) – интермәтінділікпен анықталған жаңа шығармашылық түрі. Интермәтін дегеніміз мәтіндердің өзгеріске түскен нұсқасы, мәтіндердің бір-біріне кірігуі. Бұл ұғым мәтінді жаңаша пайымдауға жол ашады. Интермәтіннің негізгі қасиеті оның іштей әртектілігі, ашықтығы, көпнұсқалығы. Интермәтін өзге мәтіндерге қатысты шығарылады. Ол тек бұрынғы мәтіндерге қатысты емес, өзінен кейін жазылған мәтіндерге де қатысты бола алады.
Қазіргі заман мәдениетін терең зерттеушілердің бірі Роллан Барт “Автор өлімі” туралы айтады. Айта кететін бір жай – бұл ХХ ғасырдағы зиялылар айтып жүрген көп “өлімдер” ішіндегі тағы бір өлім. Естеріңізге сала кетсек, Ф.Ницше “Құдай өлімі” туралы, О.Шпенглер “мәдениет өлімі” туралы, М. Фуко “Адам өлімі” туралы айтты емес пе?! Бұл да жоғары оқу орындарындағы енгізілген жаңашылдық – кредит технологиясының классикалық түсініктегі дәріскер “өліміне” әкелетіндігі сияқты метафоралық мәселе. Ақпараттық технологиялар мен ақпараттық нөпір тасқын білім алуға емес, білуге мәжбүрлеу болып отыр.
Мәдениеттен оқу
Оқу тәжірибесі кетіп, оның орнын теледидар мен видеоақпарат басып келе жатқандықтан кітап мәдени мінез-құлықты қалыптастырушылардың артқы шебіне өтті. Оқудан қалған адам миының маңызды бөліктерін жаттықтырудан да қалады, қиялдау, сезіну ұшқырлығынан, көңіл-күй сергектігінен және ойлау шапшаңдығынан айырылады. Бұл қасиеттер ақыл-ойды жұтатады, оның шығармашылық әлеуетіне зиян әкеледі.
Ғаламтор кеңістігіндегі адам белгілі бір мағынада номад, көшпеліге айналады. Ғаламтор шарлаушысы сол кеңістікте иен даланы ат жалына жабысып шауып өтетін көшпелі сынды желіп жүр деуге болады. Бірақ оның әлемі көшпелілердің ұшы-қиыры жоқ кең даласы емес, гипершындық, виртуалды шындық даласы. Тарихи көшпелі өркениет ат жалына жабысып өткен өркениет болса, бүгінгі күннің неономады (жаңа көшкіншілері) компьютер алдындағы орындыққа жабысқан өркениет, постмодерн өркениеті.
Әлем дегеніміз бір ұзын кабель болып шыққандай! Шындықтан тез арада бас тартып, лезде-ақ сап-сау адам қалайша өзін фантазмдық экранның ғайып (виртуалды) кеңістігінің тұтқынына айналғанын байқамай да қалады. Осы тұста “ғайып (виртуалды) шындық” ұғымына тоқталу орынды. Түптеп келгенде “virtual” деген сөздің түбірі латын тілінен қас қылғандай “нағыз”, “ең ақиқат”, “шынайы” дегенді білдіреді екен, бірақ біз оны өз түсінігімізде “ойдан шығарылған шындық”, «шындық сияқты болып көрінгісі келген шындық» деп ұғынамыз ғой.
Біз виртуалды шындықты
өзіміздің шындығымызбен
«Виртуалды» деген
терминнің тарихына үңілсек,
«Виртуалды шындық»
ұғымын 1970 жылдардың соңында Массачусетс
технологиялық институтында
«Виртуалды шындық»,
«елес шындық», «ойдан
Виртуалды шындық бар
шындықтың тұтастығы,
Енді міне, «виртуалды
корпорация», «виртуалды ақша»,
60-80 жылдары канадалық
мәдениеттанушы Маршалл
Виртуалды шындық шындықты
имитацияламайды, оны
Виртуалды шындық
Қазіргі ғаламторлық
бағдарламалық технологиялық
Бүгінде виртуалдық әлем күнделікті өмір көрінісі болып, үйреншіктілікке айналды. Виртуалды компьютерлік магазиннен тауар сатып аламыз, болашақ салынар үйімізді қолмен салып қойғандай болып жобалаймыз, хат жазғандай боламыз, хат алғандай боламыз, кітап оқыған сияқтымыз… Расында, осы бір “сияқтылық” әлемі – хат сияқты, бірақ олай деуге ауыз бармайды; кітап сияқты оқылады, бірақ кітап емес дегендей…. – тым көбейіп кетті.