Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 17:59, реферат

Описание работы

Аталған жүйелерге деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады. Мекемелер желісі жүйеге мынадай негізгі екі талап қояды: коммерциялық ақпараттың қауіпсіздігі және сенімділігі.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................3
Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі…………..........4
басқаруды автоматтандыру негізгі құралдары………………..................6
Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару……….10
Қорытынды............................................................................................12
Пайдаланылған әдебиет………….........................................................…13

Работа содержит 1 файл

ЭАЖ реферат.docx

— 37.87 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ 

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

 

Т. Рысқұлов атындағы

Қазақ Экономикалық Университеті

 

«Экономика және басқару» факультеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

 

 

 

Тақырыбы: Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары

 

 

 

 

   Орындаған: Күздеубаев А., Макеев М., Масимбаев А.,

 Мусаева А., Өзбекалиева  А., Өмірбаева М.

                    Қабылдаған: п.ғ.к., доцент Скакова А. Ж

                    Мамандығы: «Еңбекті ұйымдастыру және нормалау»

                           Тобы: 241

         Пән атауы: Экономикадағы ақпараттық жүйелер

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2012

Жоспар

 

  1. Кіріспе.......................................................................................................3
  2. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі…………..........4
  3. басқаруды автоматтандыру негізгі құралдары………………..................6
  4. Автоматтандыруды ұйымдастыру ісін жоспарлау мен басқару……….10
  5. Қорытынды............................................................................................12
  6. Пайдаланылған әдебиет………….........................................................…13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика  мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авоматтандырылған жүйе өзара байланысқан  көптеген модульдерден тұратын күрделі  аппараттық-программалық комплекстерді  сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік  технологиялардың  және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Көптеген қазыналық мекемелерде қазіргі таңда ең жетілдірілген желілік және телекоммуникациялық құрылғылар қолданылады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.  

Аталған жүйелерге деген  сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру  компаниялары өздерінің ұсыныстарымен  шығып отырады. Әрбір мекеменің  автоматтандыру бөлімінің алдында  осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын  таңдау проблемасы тұрады. Мекемелер  желісі жүйеге мынадай негізгі екі  талап қояды: коммерциялық ақпараттың қауіпсіздігі және сенімділігі.

Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған ресурстар олардың өздерінде  табыла бермейді. Өз мәселелерін шешу үшін олар кәсіпқой программистердің көмегіне жүгінеді. 

Сол жылдары тұңғыш есептеу  машиналарының дүниеге келуi инженерлердiң, ғалымдардың өндiрiстi басқару процесiн бастан-аяқ қайта жобалауына Шымкент қаласының транспорт, маршрутының электрондық нұсқасын жасап, ұйымдастыруға мұрындық болды. 60-жылдары бастау алған бұл тұжырымдама 80 жылдардан бастап өмiрдiң қажеттiлiгiне айналды.

Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі

Өндірісті комплексті түрде автоматтандыру, өнеркәсіп көлемі мен өндіріс қарқынының артуы және халық шаруашылығының әр түрлі салалары арасындағы өндірістік байланыстардың күрделенуі экономикалық мәліметтер мен статистикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу процестерін, документация түрлерін есепке алып, таратып отыру, жоспарлау және басқару міндеттерін шешу ісінде автоматтандыру қажеттігін туғызды. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың ғылми негізі халық шаруашылығын басқарудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, басқарудың оптимальдық жүйесін синтездеу әдісін зерттейтін және экономикалық мақсаттарға математикалық әдістерді пайдалану мәселелерімен шұғылданатын экономикалық кибернетика. Оның басты проблемасы – халық шаруашылығымен оның жеке салаларын басқаруды автоматтандырудың бір тұтас жүйесінде адам мен кибернетикалық машиналардың өзара әрекетінің методологиялық және принциптік мәселелерін шешу. Басқару жұмыстарын автоматтандырудың негізігі 3 жүйесі бар:

  • басқарудың жалпы мемлекет территориялық органдарын (Мемлекеттік жоспарлау комитеті, Орталық статистика басқармасы, сауда, ауыл шаруашылық, әкімшілік органдары) қамтитын автоматтандырылған мемлекеттік жүйе;
  • өнеркәсіптің жеке салаларын қамтитын автоматтандырылған салалық жүйе;
  • бір не жақын орналасқан бірнеше кәсіпорындарда экономикалық мәліметтерді өңдейтін және олардың жұмысын жоспарлау, басқару міндеттерін шешетін автоматтандырылған жүйе.

Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі (БАЖ; Система автоматического управления; system of automatic control) — біртұтас “адам-машина” жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы. Ол жабдықтау (қамтамасыз етуші) және функционалдық жүйелерден тұрады. Жабдықтау жүйесіне: техникалық, математикалық, ақпараттық, ұйымдастыру жұмысы және мамандармен қамтамасыз ету жатады. Ал функционалдық жүйе есептеу, бақылау, жоспарлау және өндірістік шаруашылық қызметін басқару міндеттерін шешеді. БАЖ-дың негізгі буыны — цифрлы ЭЕМ (немесе есептеу орталығына біріккен ЭЕМ кешені). Ол жүйенің басқа буындарымен байланыс арнасы арқылы қосылады. Ақпарат бұл арнамен басқарудың төмегі сатысынан жоғарғы сатысына қарай, ал тапсырмалар, бұйрықтар (командалар), нұсқаулар мен түзетулер, керісінше, жоғарғы сатыдан төменгі сатыға қарай беріледі. Басқарудың стратегиясына не мақсатына әсер ету, жүйені дамыту және жетілдіру процестері адамның тәжірибесі мен интуициясына негізделген жағдайда ғана БАЖ тиімді болып есептеледі. БАЖ-дың автоматты басқару жүйесінен (АБЖ) ерекшелігі — БАЖ-да адам автоматтардың жұмысын бақылаумен қатар басқару процесіне де белсенді түрде араласатындығы. БАЖ: объектілер БАЖ-ы (мысалы, технологиялық процестер БАЖ-ы, кәсіпорындар БАЖ-ы, т.б.) және функционалды автоматтандырылған жүйе (мысалы, автоматтандырылған жобалау жүйесі, материалдық-техникалық жабдықтауды автоматтандыру жүйесі, т.б.) болып ажыратылады. БАЖ негізін зауыттың не өндірістің ақпараттық есептеу орталығы құрайды. Қазақстанның көптеген институттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БАЖ-дар құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе қазіргі кезде байланыс пен телекоммуникация бағыттарында да қолданыла бастады.

 

 

 

 

 

 

Басқаруды автоматтандырудың негізгі құралдары

Басқару жұмыстарын автоматтандырудың  негізгі құралдары – электрондық  есептеуіш машиналар мен электрондық  басқарғыш машиналар. Олардың ішінде цифрлық есептеуіш машина (ЦЕМ) кеңінен  тараған. ЦЕМ мәліметтерді өңдеудің орталық жүйесін ұйымдастыру, жоспарлау, статистика, жол есебін жүргізу, детальдарды  өңдеудің оптимальдық технологиясын  есептеу, участок, цех және тұтас  кәсіпорын жұмысын жоспарлау, қоймадағы  материалдар мен бұйымдардың  есебін оперативті түрде жүргізу , қажетті  материалдарға сұрама беру, өзіндік  құн есебін күнделікті шығарып отыру, жабдықтарды пайдаланудың оптимальдық  жоспарын жасау, өндірістік және транспорттық графиктер құру т.б. үшін қолданылады. Оны басқару жұмыстарын автоматтандыруда қолдану бірқатар шетелдерде де жүзеге асырылуда.

Мысалы, АҚШ-та барлық шығарылатын ЦЕМ-нің 90%-ы экономикалық есептеулерге және өндірісті басқару жұмыстарында пайдаланылады. Аналогты есептеуіш машина технологиялық процестерді оптимальдық реттеу қызметін атқарады. Оны электрондық басқару машиналарымен біріктіре отырып, процестерді тек оптимальды технологиялық режимде ғана емес, оптимальды экономикалық режимде де реттеуге болады. Аналогты машинаның жаңа типі – автоматты оптимизаторды экономикалық басқару мақсатында пайдалануға болады.

Басқару жұмыстарын автоматтандыруда электрондық есептеуіш машинадан  басқа сан алуан арнаулы жабдықтар  қолданылады. Оларды былайша топтастыруға болады:

Мәлімет тіркегіш машиналар  – перфораторлар, жазу машинасы, тіркеуіштер, өнімнің саны мен сапасын есепке алатын автоматты санауыштар басқарылатын процестердің өтуі туралы мәлімет беретін  сигналдық аппаратуралар, магнитофондар, диктофондар, стенографиялық машинкалар, документті көшіру әрі көбейту аппаратуралары т.б.;

Мәліметтерді өңдейтін машиналар-клавишті есептеуіш машиналар, фактур жинақатуыш табулятор т.б. аналитикалық есептеуіш  машиналар;

Mәлімет түрлендіретін  жабдықтар – конверторлар, оптикалық  және басқадай оқу, кодтау құрылғылар, перфокартадан перфолентаға және  керісінше көшіріп жазатын құрылғылар, фикрофильмдеу және микрокарта  оқу аппаратуралары т.б.;

Mәлімет шығару жабдықтары  – декодтауыш құрылғымен біріктірілген  автоматтық перфорациялауыш машиналар,  автоматты басу машиналары т.б.;

Mәлімет іздейтін және  оны сақтайтын жабдықтар –  картотека сұраптағыштар, документ  іздеу машиналары, көп таңбалы  сандарды жинақтай алатын және  сыйымдылығы көп еске сақтау  құрылғылары бар арнаулы мәліметтік  электрондық машиналар;

Байланыс жабдықтары –  телеграф, телефон, радио аппаратуралары, ішкі байланыс және сигнализация құралдары  – директорлық және диспетчерлік телефон коммутаторлары, ішкі АТС, селекторлар, электрлік, механикалық және пневматикалық  тәсілдермен документ беру құралдары  т.б.

Автоматтық басқару (Автоматическое управление; automatic control) — объектіні  адамның қатысуынсыз, автоматты  түрде басқару. Автоматтық басқару — қандай да бір объектіні (машинаны, приборды, жүйені, процесті) берілген алгоритмге сәйкес адамның тікелей қатысуынсыз басқару. Автоматты басқару еңбек өнімділігін, басқарудың сапалылығы мен дәлдігін арттыру үшін, қолайсыз жерлердегі немесе денсаулыққа залалды жұмыстарды адамның қатысуынсыз атқару мақсатында қолданылады. Басқару мақсаты басқарылатын объектінің реттелу шамасының уақыт бойынша өзгеруімен тікелей байланысты. Басқару мақсатын жүзеге асыру үшін басқарылатын әр түрлі объектілердің өзіндік ерекшеліктері ескеріліп, объектіні басқару тетігіне әсер етерліктей әрекет (басқарғыш әрекет) жасалады. Басқарғыш әрекет басқару қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Өзара әрекетке түсетін басқару қондырғылары мен басқарылатын объектілер жиынтығы басқарудыңавтомттандырылған жүйесін құрайды. Бұл негізінен өндірістік т.б. кешендер құрамына кіреді. Уатты бу машинасындағы (1784) центрден тепкіш реттеуіштен тұратын автоматты реттеу жүйесі техникада кеңінен пайдаланылған алғашқы тұйық басқарудың автоматты жүйесі болды. 20 ғасырдың 50-жылдарында өндірістік процестер мен өнеркәсіптік кешендерді электрондық есептеуіш машиналар арқылы басқарудың күрделі жүйелері дүниеге келді. Бұл жүйелер тобына басқарылатын шаманың мәнін тұрақты етіп сақтайтын автоматы реттеу жүйесі, басқарылатын шаманы белгілі бағдарлама бойынша өзгертіп отыратын бағдарламалы басқару ж ү й е с і, басқару бағдарламасы алдын ала берілмеген қ а д а ғ а л а у ы ш ж ү й е енеді. Басқарудың автоматты жүйелері техниканың түрлі салаларында (көшірмелеуіш фрезалау станогын басқаруға арналған қадағалауыш жүйе, металл кескіш станоктардағы магниттік лента, перфолента немесе перфокарта арқылы бағдарламамен басқаруға арналған жүйе) кеңінен пайдаланылады. Ол авиацияда, ғарыш және әскери техникада үлкен маңыз атқарады. Басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру принциптерін және оларда өтетін процестердің заңдылықтарын зерттейтін техникалық кибернетиканың бөлімі — автоматтыбасқарутеориясы. Ол бірнеше бөлімге (сызықтық, сызықтық емес жүйелер, үздіксіз функциясы, дискретті функциялы, релелі, инвариантты, оптимальды, экстремальды, үлкен жүйелер теориясы, жүйелердің сезгіштік теориясы) бөлінеді. Негізгі проблемасы —басқарудың автоматтандырылған жүйесін синтездеу және анализдеу. Автоматты басқару тек математикамен ғана емес, физикалық және техникалық ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазақстанда автоматты басқару теориясынан зерттеулер 60жылы басталды (Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы, Қаз ҰМУ, ҚазҰТУ, Қарағанды политехникалық институты т.б.). Республикада автоматты басқару теориясының негізін А.Қ. Беделбаев салды.

Осы тақырыпқа байланысты қарапайым мысал келтіретін болсақ, жоғары оқу орындарын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – IBM компьютері үшін жазылған MS DOS операциялық жүйесімен басқару арқылы жүргізілетін бағдарлама комплексі. Оперативтік жады – 450 кБайттан аспауы керек және міндетті түрде қатты диск болуы керек. Автоматтандыру құравмына келесі жүйелер енеді:

1. «Талапкер» - талапкер жайлы  мәліметті және оқұға тусер  алдындағы емтихан нәтижелерін  автоматтандыруға арналған программа.  Талапкерлер анкетасы бастапқы мәлімет болып табылады. Автоматтандырылған өңдеуге анкеталық деректерді енгізу және түзету, емтихан тапсыру және тестілеулерге арналған ведомость дайындау, әртүрлі белгілер бойынша талапкерлер тізімін жіктеу, есепке қосу, оларды баспаға шығару, сонюай-ақ сәйкес статистикалық мәліметтерді баспаға шығарулар жатады.

2. « Деканат» - факультет  хатшысының автоматтандырылған  жұмыс орны. Мәліметтер базасы  ішкі жүйеден қалыптасқан. Ішкі  жүйе келесі мүмкіншіліктерді қарастырады:

- студенттер тізімін топ бойынша беру;

- сабаққа қатысуын тіркеу  және қатысубланктерін беру;

- сынақ-емтихан ведомостін шығару;

- сессия нәтижелерін тіркеу және жазу;

- медщициналық анықтамалардытіркеу;

3. «Степендия» - степендия  тағайындауға арналған бағдарлама. Бағдарламада топ бойынша степендия  төлеу туралы ведомость шығару  мүмкіншіліктері жіне категория  бойынша степендия тағайындау  еркшеліктері қарастырылған. 

4. «Келісім – шарт»  - оқу төлем ақысын тіркеудің  автоматтандырылған ішкі жүйесі. Мәліметтер базасы»талдапкер» ішкі  жүйесінде қалыптасқан. Құрамына  ақылы топтарға тіркелген студенттер  жайлы мәліметкіреді. Ішкі жүйе  келесі мүмкіншіліктерді қарастырады;

- ақша төлегендерге ведомость беру;

- ақща төлемегендерге ведомоть беру;

- факульте,курс, топтар арасындағыоқу  орнына қарыз адамдар тізімін  
шығару;

- ведомость алу.

5. «Кадрлар» - кадрларды еспке алуды автоматтандыратын  
программа. Бұл программа келесі мүмкіншіліктерді қарастырады;

- кадрларды есептеу жөніндегі  жеке қағаздарды қарастыру және  
шығару;

-жалпы тізімдер, кафедра  бойынша тізімдерді қарастыру және  
шығару.

6. «Кафедра» - кафедра  мен мұғалімдердің жылдық оқу  жұмысының есебін автоматтандыру перограммасы.

Информация о работе Басқару қызметін автоматтандыру бағыттары