Delphі ортасымен танысу

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Декабря 2011 в 09:07, курсовая работа

Описание работы

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapіd Applіcatіon Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады.

Работа содержит 1 файл

дельфи.doc

— 1.90 Мб (Скачать)

Delphi-де жұмыс жасаушылар деңгейі.

     Delphi екі түрде дайындалған: біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client-Server), екіншісі-қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows). Соңғысы ыңғайланып, қысқартылған түрі. Ол тек маман программалаушылар емес, барлық Delphi - мен жұмыс істеушілерге арналған. Әдетте пайдаланылатыны екінші түр.

Delphi-ді Паскаль программалау тілімен жұмыс істеген адамдардың меңгеруі көп қиындық келтірмейді. Бірақ мұнда программалауды үйрену үшін обьект, оқиға, қасиет түсініктерімен еркін танысып, онда компоненттерді пайдалану жәнс түрлі командалардың жазылу түрлерін білу қажет.

     Ең бірінші кезекте Delphi корпоративтік ақпараттық жүйесіндегі кәсіпқой-бағдарламашыларға арналған. Бұл жерде түсіндіре  кететін  жайт: кейбір  бағдарламалар  қарапайым қосымшаларды дайындауда өте жақсы жұмыс істейді, бірақ қолданушы қандай да бір күрделі жұмысты жасау кезінде көрінбейтін қиындықтарға тап болады. Сол бағдарламада біршама уақыт өткенде ғана байқалатын өзіне тән жасырын шектеулер болады. Delphi-гс мұндай шектеулер тән емес. Бұған жақсы дәлел - Delphi -дің өзі Delphi-де жасалынған. Сондықтан Delphi тек кәсіпқой-бағдарламашыларға ғана, арналмаған. Ол мұғалімдерге, дәрігерлерге, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына, бизнесмендерге арналған. Delphi ортасы кез-келген Windows 95, 98, 2000, NТ версиясының 32 разрядтық операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Бұл ортаны оқып үйрену бір жағынан оңай болса, екінші жағынан өте қиын. Delphi бағдарламалауды практикада үйренуді көп талап етеді. Delphi-ді оқып үйренудегі себепші ол қандай да бір бағдарламалау тілін білу немесе бағдарлама жаза білу болып табылады. Яғни Раscal бағдарламалау тілін білу, өйткені Delphi -дің бағдарлама мәтіні Object Pascal тілінде жазылады. Синтаксис, модуль принциптері, процедуралар, функциялар барлығы негізге алынған.

     “Қолданушының Delphi-ді үйреніп білуі үшін қанша уақыт керск” деген сұраққа жауап: кез-келген Pascal-ді білетін бағдарламашы практика жүзінде Delphi-ді үйреніп алады.

Алфавит және тіл сөздігі.

Delphi тілінің алфавитіне келесі символдар кіреді:

     Латын   алфавитінің   үлкен   және   кіші  әріптері, бос орын, 
сонымен    қатар   0-ден   9-ға   дейінгі   сандардан   тұратын  ASCII 
символдарының жинағы;

Арнайы символдар:

#   $   &   ‘   ’   (   )   *   +   -   /   :   ;   <   =   >   @   [   ]   ^   {   }

Бірнеше     арнайы     символдардың     комбинациясы     болып 
табылатын қосымша арнайы символдар:

(* и  *) -   түсіндірме;   (комментарий)  фигуралы жақшаға 
алътернативті символ болып табылады.

(. и  .) - массив индекстеріне, жөлдармен  жұмыс және басқа 
жағдайларда қолданылады.

. . -  мәп  диапазонын ажыратуда  қолданылады.

// - түсіндірме;

:= - меншіктеу  белгісі; ^

<= - кіші  немесе тең;

>= - үлкен  немесе тең;

< > - тең емес.

     Алфавит   символдарының   жалғасуы,   бос   орынмен   бөлінбесе   сөз құрайды.   Delphi-де   бағдарламада   сөздер   қолданылады.   Тіл   сөзі бөлгіштер арқылы бөлінеді.  Бөлгіштер қатарына бос орын, қатар соңындағы символ, түсіндірме және басқа символдар кіреді. Delphi тілінің барлық сөздерін үш үлкен топқа бөлуге болады:

тіркелген   сөздер;  (reserved words);

директивалар;  (directives);

идентификаторлар; (identifies);

Тіркелген сөздер - бұл Delphi тіліне тіркелген, қосылған сөздер. Бұлар нақты тұжырымды  жәнс күрделі жазылулы. Бұл сөздерді бағдарламашы идентификатор ретіндс қолдана алмайды. Жоғарыда көрсетілген тіркелген сөздерден басқа Delphi тілінде private, protected, public, published және automated сөздері бар. Бұл сөздер интерфейс бөлігінің шекарасында тіркелген болып саналады. Басқа жағдайларда директивалар ретінде қарастырылады.

Директивалар - бұлар Delphi тілінде арнайы мәнге  ие сөздер. Тіркелген       сөздерден      айырмашылығы      бағдарламашы      сөзді  идентификатор ретінде пайдалана  алады. Тіл компиляторы әрқашан бұндай идентификаторларды  директивалардан ажырата алады.

     Идентификаторлар бұл     сөздер     тұрақтыны     белгілеу,

айнымалыны, өрісті, типті, қасиетін, процедура, функция, бағдарлама, модул, кітапхана және пакеттерді белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл сөздерге алдын-ала анықталған сөздер (мысалы: рі, cos), және бағдарламашы арқылы құрылған сөздер жатады. Идентификаторлар келесі ережелер арқылы құрылады:

идентификаторлар  ұзындығы 255 символдан аспау керек;

идентификаторлар    құрамында    әріп,    сан    және    төменгі 
сызықша белгісі “ _”  бола алады;

идентификаторлар     әрқашан      әріптен      немесе     төменгі 
сызықшадан басталуы және бос орын болмауы тиіс.

Компилятор   әріп   тіркемесіне   сезімтал   емес,   сондықтан 
төменгі  идентификаторлардың айырмашылығы  жоқ: MyLabel, 
Mylabel,  mylabel;

әрбір   екі   идентификаторлардың   арасында   кемінде   бір 
бөлгіш қатысуы керек.

     Delphi тілінде бағдарлама  мәтіні  жолдардан және  бұлар бір немесе бірнеше сөзден тұрады. Delphi тілінде бағдарлама:

бағдарлама  тақырыбынан (Program  heading);

Uses бөлімінен;

сипаттау  блогынан және орындалуынан ;

Delphi тіліндегі  бағдарламаға мысал: 

Program project1;

Uses

  Forms,

Unit1 in Unit1.pas  {Form1};

{$R*.res}

begin

      Application.Initialize;

      Application.GreateForm(Tform1,Form1);

      Application.Run;

Бағдарлама тақырыбы бағдарламаның басында орналасады және ол бағдарламаның атын анықтау үшін қажет.

 Ескерту: Pascal стандартты тілінің бағдарлама тақырыбы құрамында енгізу-шығару параметрі де орналаса алады. Ал Delphi компиляторы бұл параметрлерді қабылдамайды. Оны көрсетуге де, корсетпеуге де болады. Бағдарлама жұмысына еш әсер етпейді.

Жоғарыда  берілген   бағдарламадағы   Модулдер  (Units)  тізімін Uses бөлімі құрайды.

Uses

  Forms,

Unit1 in Unit1.pas  {Form1};

     Модуль бағдарламаның әртүрлі элементтерін құрамына жазуға арналған. Олар: айнымалылар, тұрақтылар, қосалқы бағдарламалар және басқалар. Әрбір модуль жеке файлде pas. кеңейтілуімен жазылады. Файл аты модуль атымен сәйкес келуі керек. Сипаттау блогы және орындалуы - сипаттау бөлімінен және орындау бөлімінен тұрады. Бағдарлама элементтерін сипаттау бірінші бөлімінде, ал екінші бөлімінде орындалуға тиіс операторлар орналасады. Әдетте сипаттау болімі мыналардан:

метканы хабарлау;

тұрақтыны хабарлау;

типтерді сипаттау;

айнымалыларды хабарлау;

процедуралар  мен функцияларды сипаттау;

Жай  берілгендер типі.

Берілгендердің  жәй типі - бұл өзінде басқа берілгендер  типі болмайтын тип. Бұл типтерге жататындар:

бүтін (integer);

нақты (Real);

логикалық (Bollean);

символдық (Сһаг);

     Барлық  осы типтер, нақтыдан өзгесі, реттелген  берілгендер типіне жатады. Реттелген  берілгендер типіне келесі функциялар:

Low(x) - х   айнымалысының   қабылдайтын   ең   кіші минималды  мәні. X (төменгі диапазон мәні);

High(x) - айнымалысының  қабылдайтын максималды мәні. X (жоғарғы диапазон  мәні);

Ord(х)- х  айнымалысының реттелген нөмір   мәні;

Ргеd(х) - х айнымалысының алдыңғы мәні;

Succ(х) - х айнымалысының келесі мәні;

Келесі  процедуралар:

Dec(х) -  х айнымалысының бірлікке кемітілуі;

Inc(х) - х  айнымалысының бірлікке артуы. 

Жәй операторлар 

     Delphi тілінде   қандайда да   бір    болмасын  іс - әрекетті 
бағдарламада орындау үшін операторлар қолданылады. Операторлар күрделі     іс -  әрекетті     орындау     үшін     тіл компиляторына берілетін команда. Операторлар жәй және құрылымды болып бөлінеді. Жоғарыда аталған арифметикалық, логикалық және жолдық операторлардан басқа, жәй операторлар қатарына мыналар жатады:

Меншіктеу операторы;

Бос оператор;

Құрамалық  оператор;

Кіру  мүмкіндігі бар оператор (доступ).

     Меншіктеу операторы Delphi тілінің бағдарламасында  жиі қолданылады. Меншіктеу белгісі := түрде жазылады.

Бос оператор - бағдарламаның кез - келген жеріне орналаса алады, ешқандай іс - әрекет орындалмайды, бірақ кейбірде қажет болып қалады. Ол нүктелі үтір (;) түрінде жазылады. Мысалы: А:=5;. Бұл жердегі артық нүктелі үтірлер бос операторлар.

     Құрамалық оператор - Begin және аnd операторлық жақшаның арасындағы, бір - бірінен   нүктелі   үтір   (;)   арқылы   бөлінетін операторлар тобы. Операторлар бір - бірінің ішінде жатуы мүмкін. Delphi тілінде ішінара операторлар саны шектелмейді. Кіру  мүмкіндігі     оператор - құрамалық бөліктердің  жекелеген обьектеріне тез және ыңғайлы кіру мүмкіндігі. With объект  do іс - әрәкет.

Құрылымды операторлар.

Құрылымды операторлар – бағдарлама орындалуы  барысында өзгеріп отырады.

Құрылымды операторлар қатарына:

оту (переход) операторы ;

шарт  операторы;

тандау  операторы;

циклдық операторлар жатады.

     Өту операторы - бағдарлама орындалуын ағымдағы орыннан басқа орынға ретсіз түрде өткізеді. Бұл оператор бағдарлама орындалуы кезегін сақтамайды. Өту белгі арқылы жүзеге асады. Белгі- бұл идентификатор немесе 0 - мен 9999 диапазоны аралығындағы бүтін сан. Бұл бағдарламада оператор алдында қос нүкте арқылы ажыратылады. Бағдарламадағы барлық белгілер алдын - ала Label сөзімен басталып, хабарлануы тиіс. Шартты оператор - Вооlеаn типінің шартының нәтижесіне байланысты, қандай да бір іс – әрәкеттің орындалуы  немесе орындалмауына арналған. Егер берілген шарт ақиқат болса, басқа операторлар орындалады.

шартты  оператор мына түрде: If шарт  Then опeратор1 else оператор2;

қысқаша: if шарт then оператор;

Таңдау  операторы - бұл бірнеше if операторын  қатыстырмай- ақ,

күрделі іс - әрекетті таңдау арқылы орындайтын тіл конструкциясы.

     Циклдік   операторлар - бағдарламада орындалуы  қайта қажет болатын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан барлық бағдарламалау тілдерінде,  сонымен қатар Delphi тілінде де циклдер қолданылады.

     Цикл - бұл бір реттен көп орындалатын, яғни қайталанатын операторлық тізбектілік.

Delphi тілінде  циклдік операторлардың 3 түрі бар:

параметрлі  цикл;

алдыңғы шарт;

кейінгі шарт;

Параметрлі  цикл - алдын - ала қанша рет қайталанатыны  белгілі болғанда қолданылады.

For параметр:= бастапқы мән tо соңғы мән do оператор;  Алдын  - ала берілген  шарт - алдын  - ала  қайталануы белгісіз және     кейбір     шарттарға     байланысты     цикл     денесі     мүлдем орындалмауы да мүмкін.

While  Шарт  do  оператор;

Берілген  цикл Тrue мәніне сәйкес келсе орындалады,  False  мәніне тең болған жағдайда тоқтатылады;

Информация о работе Delphі ортасымен танысу