Қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және ілгерлеуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Ұлттық тур өнімнің маркетингі және ілгерлеуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан белгілі халықаралық туристік көрмелерге белсенді қатысып келеді және осындай іс-шаралардың республикада жыл сайын өткізілуін ұйымдастырады.
Елді әлемдік туристік нарыққа ілгерлету мақсатында Қазақстан Республикасының тартымды туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі іс –шакраларды одан әрң жүзеге асыру қажет.

Работа содержит 1 файл

кітап.docx

— 15.29 Кб (Скачать)

5.2. Қазақстандық туристік  өнімнің маркетингі және ілгерлеуі

Ұлттық  тур өнімнің  маркетингі және ілгерлеуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан белгілі халықаралық  туристік көрмелерге белсенді қатысып  келеді және осындай іс-шаралардың республикада жыл сайын өткізілуін ұйымдастырады.

Елді әлемдік туристік нарыққа ілгерлету мақсатында  Қазақстан Республикасының  тартымды туристік имиджін қалыптастыру жөніндегі  іс –шакраларды одан әрң жүзеге асыру қажет.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті ету елдің  қатарына кіру стратегиясын іске асыру  және Қазақстанды туризм елі ретинде  алға жылжыту шеңберінде мынадай  шаралар қабылдау  қажет:

   Туризмнің экономикалық көрсеткіштері өсімін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын  қалыптастыру және  оны кең ауқымды мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру.

   Халықаралық маңызы  бар «белсенді» туристік жобалар  әзірлеу және оны іске асыру;

    Көлік инфрақұрлымын  және туристік қызмет көрсетулер  нарығын дамыту;

    Халықаралық экономикалық  ұйымдар мен одақтарға қатысу  арқылы елдің туризм саласындағы  жаһандық экономикаға ену;

     Елдің еуразиялық  тарихи даму факторын және  қазақстандық қоғамның көпұлтты ,көп конфессиялы және мультимәдени  сипатын, оның құндылықтарын ,дәстүрлерін  ,асханасын, өнерін,Қазақстан халықтары  ассамблеясын,республиканың мәдени  және ғылыми күштерін тарта  отырып, белсенді пайдалану;

     Дүниежүзілік  туристік ұйым,ЮНЕСКО( Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері  Біріккен Ұлттар Ұйымы), БҰҰДБ(Біріккен  Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы), Дүниежүзілік Банк, Азия Даму  Банкі, Ислам Даму Банкі сияқты  халықаралық  ұйымдарды және  отандық даму институттарын тарта  отырып ,Қазақстандағы әйгілендіру  және шетелдік жұртшылық өкілдерін  оның әкімшілік  және мәдени-тарихи  орталықтарымен таныстырудың пәрменді  тетігін әзірлеу;

     Қазақстан  Республикасындағы туризмнің   мамандырылған түрлерін дамыту жосиарын әзірлеу;

     «Атамекен»  этномемориалдық кешені секілді  өңірлік деңгейде тақырыптық  парктер  салу мәселесін пысықтау;

      Туристік  қызмет көрсетулердің ішкі және  сыртқы нарығында қазақстандық  турөнімнің тиімді жарнамалық-ақпараттық  қамтамасыз ету.

         5.3. Экологиялық туризм –тұрақты  даму факторы

     Қазақстан  Республикасында экологиялық туризмді  дамыту қажеттілігі тек экономикалық  фактормен-жаңа жұмыс  орындарын  ашу ,шалғай өңірлердегі жергілікті  қоғамдастықтарды дамытумен ғана  емес , сонымен бірге әлеуметтік  тапсырыспен-халықтын денсаулық   және бос уақытын пайдалану  проблемасын тұтастай әрі жүйелі  түрде  мән берумен де түсіндіріледі.Дүниежүзілік  туристік ұйым сарапшыларының  деректері бойынша  соңғы 10 жылда экологиялық туризм неғұрлым  танымал және кез келген мемлекеттің   тұрақты даму құралы болып  табылады.

Туристік әлеуетті зерттеу  қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен  мүмкіндіктері бар. Оның негізінЕуразия орталығындағы бірігей табиғи жағдайлар  мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер, түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағына орын тепкен халықтардың  мәдени және этникалық мұрасы құрайды.

Тұтастай алғанда, Қазақстандағы  экологиялық туризмнің жағдайы  тұрақталып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері  бойынша, заңды тұлға мәртебесіндегі ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2008 жылы 391,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристік топтардың келуінен түскен кіріс 2008 жылы 9,1 млн., теңгені құраған.

Алайда экологиялық туризмнің  басқа туризм түрлеріне қарағанда  табиғи ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет  етпейтініне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарға ұшырауда, ол рекреациялық – туристік инфрақұрылымның  көп бөлігінің әлі қалыптасу  кезеңінде болуына байланысты.

Қазақстандағы экологиялық  туризмнің экономикалық әлеуеті  іс жүзінде шектелмеген, алайда оны  қалыптастыру мен дамыту елеулі қаптал салымы мен шығындарды қажет етеді. Экологиялық туризмге қажетті инфрақұрылым жасау туристер үшін табиғаттың бірігей  жерлерінің тартымдылығын және қолжетімділігін  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысындағы  Мұзтау тауы маңындағы Рахманов бұлақтары  туристік  кешенің құрлысы , Алматы облысындағы тау шаңғысы  курорттарының желісін  құру  және басқалары  сияқты экологиялық туризм  обьектілері бойынша  инвестициялық жобаларды іске асыру  мақсатында инвестияциялар мен капитал тарту үшін жағдайлар жасау қажет.

      Осы процесті  жандандыруғу бағытталған шаралар  мыналар болып табылады:

      Ерекше  қорғалатын табиғат аумақтарында  экологиялық туризмнің инфрақұрлымын  қалыптастыру мақсатында мемлекеттік  ұлттық табиғи  парктердің және  мемлекеттік табиғи резерваттардың  техникалық –экономикалық негіздемесін ,инфрақұрлымды дамытудың бас  жоспарларын әзірлеу бөлігінде  түзету;

    Қазақстанның  халықаралық ынтымақтастығын экологиялық  туризм бөлігінде дамыту:

    Қазақстан бекіткен  конвенциялар бойынша  биологиялық  әркелкілікті сақтау және дүниежүзілік  табиғи және мәдени мұраны  қорғау бөлігіндегі  міндеттемелерді  орындау.

    Сонымен қатар  Бүкіләлемдік экологиялық  самиите  2002 жылғы мамырда  қабылданған  экологиялық туризмді дамыту  мәселері жөніндегі Квебек декларациясының  ұсынымдарын іске асыруды қамтамасыз  ету қажет:

    Табиғатты ,жергілікті  мәдениетті қорғауды және жергілікті  халықпен ,жеке сектормен ,үкіметтік  емес ұйымдармеен серіктестікте  ұлттық дәстүрлер мен генетикалық  ресурстарды сақтау жөніндегі  шараларды ескере отырып, экотуризмді дамыту жөніндегі ұлттық ,өңірлік және  жергілікті саясатты  тұжырымдау;

   Табиғи ортаға  кері әсер етудің алдын алу  үшін пәрменді  тетіктер әзірлеу;

    Шағын және  орта бизнес өкілдері  үшін  техникалық ,қаржылық және адами   ресурстарды дамытуға қолдау  жасауды қамтамасыз ету;

    Қоршаған ортаны  қорғау саласында үкіметтік және  үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты  жүзеге асыру.

    Аталған ұсынымдарды  орындау  мен қорғалатын табиғи  аумақтардағы экологиялық туризм  ерекеше қажеттіліктерін және  дәстүрлерімен үйлесімділікте сирек  кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді  сақтау , сондай-ақ турларды  географиясын  үнемі кеңейтіп  тұру Қазақстанда   туризмнің осы түрінің  т  абысты дамуын батыл болжамдауға  мүмкіндік береді.        


Информация о работе Қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және ілгерлеуі