Еңбек құқығының түсініг

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 15:14, реферат

Описание работы

Бұл қатынастар тараптардың әдетте жеке және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар және ҚР Конституциясына негізделген еңбек туралы заңдармен реттеледі

Работа содержит 1 файл

Еңбек құқығының түсініг.docx

— 17.22 Кб (Скачать)

                 Еңбек құқығының түсініг

Еңбек құқығының  нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың  шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады.

Еңбек құқығының  пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø      қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø      жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына енгізіледі;

Ø      еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø      еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø      ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø      жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø      жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø      еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтау мен  оны  бақылауға байланысты қатынастар.

        

2. Еңбек құқының  әдістері

      Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған   реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару нормативтік-құқықтық  актілерді  қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған реттеулер  жекеленген және  ұжымдық еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және  императивтік  реттеу әдістерінің бірлесуі. Келісімдік  реттеулер  еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері болған жағдайда  көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция қолданылудан қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына да болады.   Мұндай нормаға бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі міндетті түрде норманы  сақтаудың барлығымен көрінеді.  Негізінен еңбекті қорғаудың барлық  институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің  еңбек құқығын қорғау  әдістерінің  өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші  еңбек құқы-  ол кәсіподақтық мекемелердің  әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар арнайы мекемелер мен еңек  келіспеушілік жағдайларын қарастаратын   әдістер бар- ол  мекемелер келісім коимссиясы, немесе  көтеріліс жасау сияқты әдістер

3. Еңбек құқығының  жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір  тұтас (сала) негіз құрайтын,  неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да  одан да  құрылымдық бөлшекті  норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты жалпылығы.

Еңбек құқының  барлық жүйесі  құралым бойынша  екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

4. Еңбек құқының   құқықтың ұқсас  салаларынан ерекшелігі

Еңбек құқына ұқсас  құқық салалары болып  азаматтық құқық, әкімшілік құқы қоғамдық  қамтамасыз ету құқықтары саналады.

Азаматтық құқық  пәніне  еңбекке қатысты  қоғамдық қатынастар кіреді, олар орнын толтыру түрінде болады, келісім шартқа негізделген. Оған  жалға алу келісімі, тапсыру, авторлық келісу т. б.  шарттарын орындаулар  жатады.  Алайда бұл қатынастар мен еңбек құқы пәніне кіретін  қатынастар арасында   олардың әр салаларға жататынын көрсететін  біраз ерекшеліктері болады. Еңбек қатынасының пәні мен оның мазұмыны еңбек процессінің өзі болады және соның өзі құқықтық реттеуге жатады. Азаматтық құқықта пәні ретінде соңғы қорытынды болады.

Еңбек құқына әкімшілік  құқығының белгілері ұқсас болады, оның ішінде мемеклеттік қызмет институттары, оның пәні ретінде  мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік-басқару қатынастарын жүргізу болып табылады. Оның еңбек құқығынан негізгі ерекшелігі еңбек қатынасы  екі жақтың  тең құқылығын көрсететін жеке еңбек келісім шартына отырудан басталса, мемлекеттік қызмет сферасында  әкімшілік акті негізінде  және лауазымға тағайындау негізіндегі қатынастардан көрінеді, бұл жерде қатаң түрде билік ету бағындыру жүиесінде көрінеді.

Әлеуметтік қамтамасыз ету құқынан еңбек құқы келесі белгілері бойынша ажыратылады- қоғамдық  қатынастар әлеуметтік қамтамасыз ету құқын реттеудің пәні болып табылады, олар  азаматтардың еңбекке емес   материалдық жағдайын қамтамасыз ету құқын талап ету кезінде туандайды, әлеуметтік  қамтамсыз ету  құқы  азаматтарға еңбекті төлеу қаржысынан емес әрбір жұмыс берушіде болатын  бюджет қаржысы есебінен ақша бөлуді қарастырады.                     

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Негізгі:

1.      Уваров В.Н. Трудовое законодательство  РК, Алматы, 1997

2.      Трудовое право России. Гусев  К.Н. - М.: юристь, 1998.

Информация о работе Еңбек құқығының түсініг