Халықаралық экологиялық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:28, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің басым бөлігі болып табылатын және оларға берілген құзыреттің шегінде тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.

Работа содержит 1 файл

КНБ.doc

— 75.00 Кб (Скачать)

  ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихы туралы қысқаша мәліметтер

 

1991ж.  Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жарияланғаннан кейін, 19 желтоқсанда Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы» №788-ші қаулысына қол қойылды, оның бірінші тармағында былай делінген:

«Республикада КСРО МҚК-нің одақтық-республикалық  органының құқықтық мұрагері болып  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  қауіпсіздік комитеті мойындалсын». Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік  органдары жүйесін құрудағы алғашқы қадам болатын.

1992 ж. 20 маусымда ҚР Жоғары Кеңесінің  қаулысымен Қазақстан Республикасы  Президенті қол қойған «Қазақстан  Республикасы Ұлттық қауіпсіздік  органдары туралы» Заңы өз  күшіне енді.

1992ж. 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР МҚК-нің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылуы туралы Жарлығына қол қойды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органдарының тарихы осы күннен басталады.

1992 –  2001 жылдар аралығында ҚР ҰҚК-ін генерал-лейтенант Б.Ә. Баекенов, генерал-полковник С.Б. Тоқпақбаев, генерал-лейтенант Д.М. Жұманбеков, генерал-майор Ә.Ә. Мұсаев, Н.Ә. Әбіқаев, М.М. Тәжин, генерал-лейтенант Н.Н.Дүтбаев басқарды.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымы

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік  органдары – Қазақстан Республикасының  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйенің  басым бөлігі болып табылатын  және оларға берілген құзыреттің шегінде  тұлға және қоғамның қауіпсіздігін, конституциялық құрылысты, мемлекет егемендігін, аумақтық тұтастықты, экономикалық, ғылыми-техникалық және елдің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнайы мемлекеттік органдар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының біртұтас жүйесін төмендегілер құрайды:

- Қазақстан  Республикасының Ұлттық қауіпсіздік  комитеті, оның құрамына кіретін  департаменттер және өзге құрылымдық  бөлімшелер;

- Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық деңгейдегі қаланың және Республика елордасының аумақтық органдары мен оларға бағынатын қалалық және аудандық басқармалары (бөлімдер, бөлімшелер);

- қарсы  барлау органдары, Ұлттық қауіпсіздік  комитетінің «Барлау» қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, арнайы мақсаттағы бөлімшелер, оқу орындары, ғылыми-зерттеу мекемелер және өзге ұйымдар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі заңдылық, дара басшылық, бәрінің  заң алдында теңдігінің, адам және азаматтың құқығы мен еркіндігін құрметтеу және сақтау, саяси партиялар және өзге қоғамдық бірлестіктердің қызметтерінен тәуелсіз болу қағидаттарында құрылады.

Қазақстанның  Ұлттық қауіпсіздік комитетін Республика Президентімен Республика Парламенті Сенатының келісімімен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын төраға басқарады.

 
 
 

 

Ұлттық  қауіпсіздік органдарының міндеттері

     Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң күші бар Жарлығының 2 бабына сәйкес, ұлттық қауіпсіздік органдарының негізгі міндеттеріне мыналар енеді:

1. жеке  тұлға, қоғам мен мемлекеттің  қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекет саясатын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

2. Қазақстан  Республикасының мүддесіндегі барлау  ақпараттарын алу; 

3. шет  мемлекеттердің арнайы қызметтері  мен ұйымдарының, сондай-ақ жеке  тұлғалардың Қазақстан Республикасының  қауіпсіздігіне залал келтіруге бағытталған барлау және басқа да қызметтерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;

4. Қазақстан  Республикасының конституциялық  құрылымын өзгертуге, біртұтастығы  мен қауіпсіздігін бүлдіруге  бағытталған лаңкестік және басқа  да қызметтерін анықтау, алдын алу және жолын кесу;

5. заңмен  ұлттық қауіпсіздік органдары  жүргізетін қылмыстарды анықтау,  жолын кесу, ашу және тергеу;

6. Қазақстан  Республикасының Президентін, мемлекеттік  органдарды, Қарулы Күштерді, еліміздің  басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын бейбіт және әскери уақытта үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету;

7. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік органдарында, ұйымдары мен әскери құрылымдарында  шифрлеу жұмысын ұйымдастыру;

8. Қазақстан  Республикасының мемлекеттік шекарасының күзетілуі мен қорғалуын қамтамасыз ету;

2. Басқа  міндеттер ұлттық қауіпсіздік  органдарына тек заңмен жүктеліне  алады. 

Сіздер  мұнда Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін реттейтін құқықтық негіздермен  таныса аласыздар.

Қазақтың барлау қызметі қалай құрылды?

 

     Қарашаның 5 жұлдызында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі  негізгі құрылымдардың бірі –  Барлау қызметі құрылғанына 10 жыл  толу мерекесін тойлады. Кеше Алматыда Сыртқы барлау қызметінің ардагерлері бас қосып, төл мерекелерінің онжылдық мерейтойын атап өтті.

     Ең  көне кәсіптердің бірі – журналистиканың  тарихы біздің дәуірімізге дейінгі  мыңжылдықтардағы папирусқа жазылған хаттардан басталады. Ал барлау жұмыстары  одан бұрын пайда болса керек. Алғашқы қауымдастықтардың адамдары аңға шығу үшін алдымен барлау жасады емес пе. Барлау қызметінің алғышарттарының қашан пайда болғанын кім білсін, бірақ ең ежелгі мамандықтардың бірі екендігіне дау жоқ. Қандай жойқын соғыстар болмасын барлаусыз басталмаған. Ұлы Шыңғыс ханның, Македонский, Наполеондардың әрбір шабуылы барлаушылардың әкелген мәліметтерінің негізінде жүзеге асырылғаны тарихтан белгілі. Қазіргі барлау қызметі мемлекеттің қауіпсіздігіне, тұтастығына негізделген. Бүгінгі Барлау бүкіл арнайы қызметтердің ішіндегі ең жоғары тұрған, өресі биік элит құрылым болып саналады. «Қанжар мен сулық рыцарьлары» деген шартты атақ алып, аңызға айналған Рихард Зорге, Исаевтардың талай прототиптері дәл қазір халыққа қызмет етіп жүр. Халық олардың есімдерін білмеуі мүмкін, бірақ олардың істеген ерліктері ұмытылмауы тиіс.

     Кеңес өкіметі тұсында Қазақстанның сыртқы барлау қызметі, азғана уақытта Мемлекеттік  қауіпсіздік комитетіндегі кішігірім бөлімнен осы жүйедегі аймақтық құрылымдардың ішіндегі ірі басқарма деңгейіне дейін өсті. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін дербес мемлекеттік басқару жүйесіне көшкен тәуелсіз Қазақстан алғашқы жылдарда экономикалық, саяси тұрғыдан біршама қиыншылықтарға кездескені белгілі. Жас мемлекетімізге тез арада алыс-жақын шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнату, саяси диалогтарды жоғарғы деңгейде жүргізу, экономикалық ынтымақтастықты жолға қою сияқты кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу қажет болды. Осындай жағдайда біздің елімізге өзіндік барлау құрылымын жасау тиімді еді. Сөйтіп, 1997 жылдың 5 қарашасында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Барлау қызметін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Қазір Барлау қызметі әлемдік сыртқы барлау ведомстволардың ішінде өз орынын алған.

     Он  жыл бір адамның ғұмырында аз уақыт емес, ал мемлекеттік құрылым үшін бір ғана мезет. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметінің тарихы енді қалыптасып келе жатыр дегенмен, бұл арнайы қызметтің жеке құрылымға жеткенге дейінгі өзіндік тарихы жетерлік. Аса шешіліп сөйлей бермейтін сыртқы барлау қызметінің ардагерлерінің ара-тұра беретін сараң сұхбаттарынан басқа бұл арнайы қызмет туралы материалдар халыққа көп жариялана да бермейді. Өйткені Барлау қызметінің негізгі жұмысы тек мемлекеттік маңызы бар «құпия» және «өте құпия» құжаттардан тұрады. Қандай да болмасын барлау қызметі өздерінің адамдарын аша бермейді. Сондықтан егер нағыз барлаушыны іздеп тауып, сөзге тартқан күннің өзінде оның негізгі қызметі туралы тіс жармайтындығы заңды нәрсе. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ұзақ жылдар еңбек етіп, тәуелсіз еліміздің Сыртқы барлау қызметінің іргетасын қалаған білікті барлаушылардың бірі – Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші басқармасының (қазіргі Барлау қызметі) бұрынғы бастығы, Қазақ КСР және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, ҰҚК органдарының №4 құрметті қызметкері, запастағы генерал-майор Жүкен Мәрденовтен осы қазақстандық арнайы қызметтің құрылу тарихы туралы айтып беруін сұрап едік.

«Кеңес  Одағы ыдырағаннан кейін әрбір одақтас республикаға өзінің барлау жүйесін құру керек болды. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші басқармасы (сыртқы барлау қызметі) бұған дейін Мәскеуге бағынып келген. 1991 жылы күзде одақтас республикалардың Бірінші басқарма бастықтары орталықтың нұсқауы бойынша Мәскеуде бас қостық. Жиында Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіндегі Сыртқы барлау қызметінің сол кездегі басшысы Е.Примаков баяндама жасайды деп алдын ала ескертілген болатын. Жиналып отырмыз. Залда әдеттегідей президиумға арналған үстелдер, тіпті сөз сөйлейтін мінбер де қойылмапты. Примаков біраз кешігіп келді. Ол келердің алдында ғана залға шағын үстел, орындық әкеліп қойды. Примаков соған жайғасты. Ешқандай баяндама жасалған жоқ, бірден іске көшті. «Құрметті әріптестер, жағдайды білесіңдер. Бұдан әрі сыртқы барлау жұмыстарын қалай жүргіземіз? Кімде қандай ұсыныстар бар, бір-бірден шығып ойларыңызды ортаға салуларыңызды сұраймын» деді. «Ұсыныстарымызды алфавит бойынша шығып айтайық» дедім. Ондағы ойым алфавит бойынша Әзірбайжан, Армениядан басталып Қазақстанға жеткенше біраз уақыт өтеді, соны пайдаланып айтатын ойымды жинақтап алу еді. Солай болды да. Маған дейінгі республикалардың өкілдерінің аузына қапелімде ештеңе түспей, өз пайдаларына асыратын ешқандай ұсыныс айта алмады. Өз кезегіміз келгенде мен тұрып «Қазақстан Республикасында алдағы уақытта дербес Сыртқы барлау қызметі құрылады. Сондықтан Евгений Максимович, КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің базасындағы бізге қажетті, Қазақстанға қатысты барлық құпия ақпаратты беруіңізді сұраймын. Екіншіден, бізге білікті мамандар қажет. Кадр мәселесін сіздермен бірігіп шешсек дейміз. Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің арнайы мектебінде мамандарды оқыту үшін, мына отырған досым Анатолий Васильевич, ертең менен ақша сұрайды. Бізге арнайы барлау мектебінен тегін оқытатын орын бөлуіңізді сұраймын» дедім. Примаков менің ұсынысымды толықтай қабылдады. Артынан басқалары осы мәселені көтерген болатын, оларды Сыртқы барлау қызметінің басшысы тоқтатып тастады. Кешкісін Е.Примаков бәрімізді қонақасыға (фуршетке) шақырды. Біз басқаларды ығыстырып келіп, Украина өкілдерінен кейін, Примаковтың жанына жайғастық. Мұның өзіндік дипломатиялық маңызы бар. Отырыс кезінде Примаков қайта-қайта маған қарап «ортақ келісімге қол қоятын алғашқы ресми жиынды қай елде өткіземіз? Украина, Кавказ елдері дайын емес, Белоруссияға ешкімнің барғысы жоқ, қай елді белгілесек екен» деп қоймады. «Мен төрағаға айтып көрейін, ол кісі Президентімізге ұсыныс түсірсін, рұқсат берілсе Қазақстанда өткізерміз» деп қалдым. Примаков менің сөзімді іліп алып «Мәрденов жолдастың ұсынысы бойынша, алғашқы ресми отырысымызды Қазақстанда өткізетін болдық, құттықтаймын» деп жариялап жіберді. Ертесінде жедел байланыс желісімен Қазақстан мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің сол кездегі төрағасы Болат Баекеновке хабарласып, болған жағдайды баяндадым. Артынан ол кісі Президенттің мақтауы мен рұқсатын алып, Сыртқы барлау қызметтерінің алғашқы отырысын Алматыда өткіздік. Мен кейіннен Мәскеудің бұйрығымен сырт елдерде жүрген қазақ жігіттерді елге шақыртып алып, өз мамандарымызды дайындай бастадық. Осы жігіттер Барлау қызметінің негізін қалауға үлкен үлестерін қосты. Сол кездегі уәделестік бойынша қазақстандық барлаушылар қазірге дейін Мәскеудің арнайы барлау мектебінде дайындалады. «Қазір Қазақстанның Барлау қызметі әлемдік деңгейде жоғарғы көрсеткіштерге ие болып жүр», дейді Қазақстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Бірінші басқармасының (қазіргі Барлау қызметі) бұрынғы бастығы, запастағы генерал-майор Жүкен Баймұхамбетұлы Мәрденов.

     Ұлттық  қауіпсіздік комитетіндегі Сыртқы барлау қызметіне кез келген адамды ала бермейді және бұл жұмыс әркімнің қолынан келе де бермейді. Қауіпсіздік қызметі генералының айтуынша, барлаушы сегіз қырлы, бір сырлы болуға міндетті. Олардың көпшілігі өзінің кәсіби мейрамын, тіпті туған күндерін маңайындағы адамдармен бөлісіп, бірге тойлай алмайтындай жағдайда жүргенін халық біле бермейді.

Информация о работе Халықаралық экологиялық құқық