Халықаралық терроризм түсінігі және онымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 10:02, реферат

Описание работы

Адамзаттың иманын үйіріп отырған қазіргі терроризмнің пайда болу себептері қандай деген сұрақтың туындауы заңды. Терроризмнің тамыры тереңде. Саяси терроризмнің саясатпен қатар өмір сүріп келе жатқанына 900 жылдай болды. Билікке таласта қарсыластар террористік әрекеттерге жиі жүгініп отырған.

Работа содержит 1 файл

terror.docx

— 52.19 Кб (Скачать)

Лаңкестік ешуақытта тікелей қарсыластар арасында ғана өрістемейді. Ал мұндай жауыздықтың құрбанының дені бейкүнә жандар. Бейбіт адамдар ойламаған жерден лаңкестіктердің мақсатының құрбанына айналады. Кепілдікке алынған адамдар тағдыры толық солардың билігіне көшеді. Мұның табиғаты аса қоркынышты, тұтқиыл және қатерлі болуы осыған байланысты. Өйткені әрекет-қимыл мүлделі күтпеген жерде, мүлдем бейқам сәтте, осы іске ешқандай қатыссыз ондаған, жүздеген. тіптен мындаған адамдардың өмірін қиятын қауіппен болуы үрей әкеледі. Бұған 2001 жылғы 11 қыркүйекте ислам ланкестерінің Ныо-Йорк қаласындағы «Бүкіләлемдік сауда орталығының зәулім ғимараттарына жасаған шабуылдары анық дәлелдейді. Тіптен АҚШ империялык куатының символы, Американың Қорғаныс министрлігі орналасқан Пентагонның өзі соққыға қарсы тұра алмады. Бір ұшақ Пентагон үйін нысанаға алып жарылды. Бірер сағатта лаңкестер үш ұшақты алған нысаналарына соқтықтырып мақсаттарын орындады. Бір ғана террористік әрекеттің салдарынан бірнеше мың адам құрбан болды, жарақат алды. Ал, шешен террористері әрекеттерінен Мәскеуде соңғы жылдарда 13 теракт болып бірнеше мың адам өлген, жараланған".

Яғни  әлемдегі саяси күрес барда, трансұлттық олигархиялық топтардың мүдделері барда, жекелеген мемлекеттердің империялық зорлықшыл саясаты барда лаңкестік қайталана береді. Одан құтылудың жолын іздестіру, Бесландағыдай қайғылы трагедияны болдырмаудың қарекетін жасау әр мемлекет үшін қауіпсіздік саясатынын басымдылығы болып есептелуге тиісті. Ол үшін, біріншіден, терроризмге карсы идеологиялық күрес кажет. Бұл істе исламның терроризмнің идеяларына қатысы жоғын дәлелдеу маңызды. Исламдағы жиһад идеясы лаңкестікке қатыссыз екендігін барлық мұсылмандарға ұқтыру қажет. Әрбір шаһид саясатқа қатыссыз бейкүнә жанның өлімі үшін барлық халықтардың қарғысына ұшырайтынын білгені абзал. Бейкүнә жандарды жәбірлеп ешкімде жұмаққа бармайды. Керісінше ондай лаңкес Алла тағаланың қарғысына ұшырайды, - деген уағыз қажет. Осы оқағидалар әрбір мұсылман азаматының санасына сіңген жағдайда ғана радикалді исламдық терроризмді толық тоқтатуға болады. Пәрменді діни уағыз, пәрменді идеологиялық әсер терроризмге зор тежеу болары сөзсіз. Терроризмге қарсы жалпыадамзаттық күрес болмаса олар әлемді үрей сеуіп өздеріне бағындыруға ұмтылатыны ақиқат. Екіншіден, лаңкестікті ауыздықтау тетіктерінің бірі елдегі қарулар мен ұару-жарақ қоймаларында сақтау тәртібін күшейту. Бірде бір автомат, бір де бір оқ, бір грамм динамит бөтен адамдар қолына түспеуі керек. Мысалы, Бесландағы мектепті басып алған террористер қаруды Ингушетияның ішкі істер министрлігі қару-жарақ қоймасынан алған деген деректер бар. Сондықтан қару қоймаларындағы күзет пен тәртіпті күшейту терроризмнен сақтану жолы. Үшіншіден, Қазақстанда жайбарақат өмір сүруді тоқтататын мезгіл жетті, Өзбекстанда, Ресейде терроризм шындыққа айналса ол ертең біздің де есігімізді қағатыны сөзсіз. Сондықтан паспорттық режімді күшейту, күдіктілерге виза бермеу, елге кездейсоқ адамдарды кіргізбеу, әр үйді, әр магазинді, әр мекемені, әрбір адамдар көп жиналатын орынды қатаң бақылау, күзету қауіпсіздік орындарының негізгі шараларына айналуы қажет әсіресе заңсыз жолмен паспорт алған террористердің еркін жүруі үлкен қауіптер әкелетіні белгілі. Төртіншіден, терроризмнен ешбір ел қауіпсізбін деп айта алмайды. Террористер көп жағдайда өздерінің мақсат қойған жерлерінде лаңкестік пиғылдарын іске асырып кетеді. Биылғы қараша айының 28-і күні Алматының орталығында орналасқан «Отан» партиясының Алматы бөлімшесінің кеңсесі мен телефон желісі ұясында болған 2 жарылыс жәй ғана ойын емес. Бұл әрекеттердің әр жағында адам шығындарына әкелетін қауіпті әрекеттер тұруы ықтимал. Сондықтан Қазақстан халқына етек-женді жинау керек. Көпшілік орындарында, мектептерде, оқу орындары мен колледждерде, мемлекеттік билік мекемелерінде, кинозалдар мен театрларда, стадиондарда т.б. көптеген халық жиналатын жерлерде, қауіпсіздік шаралары күшейтілуі қажет. Бесіншіден, ашык қоғам орнату жағдайында Қазақстанда жүздеген мың шетелдіктер жүр. Қазақстандағы «Аль Каида», «Шығыс Түркістанның ислам партиясы», «Курдтық халық конгресі», «Өзбекстан ислам қозғалысы» ұйымдарының бөлімшелерінің әрекеттері террористік қаупі бар деген себеппен тыйым салынды. Қазақстаңца жүйелі үгіт-насихат, патриоттық тәрбие, біріктіруші діни тәрбие жоқтығын, елдегі идеологиялық ваккумды шетелдік радикалдық топтар өз максаттарына жақсы пайдалануда. Соның нәтижесінде Қазақстан халқының, қазақ этносының діни және саяси бөлшектенуі қаупі күшейе түсуде. Бұл қауіп қазір тілдік және діни бөлшектенуден басталуда.

 


Информация о работе Халықаралық терроризм түсінігі және онымен күрес бойынша халықаралық ынтымақтастық