Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2011 в 20:31, доклад

Описание работы

Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы мәселесі өзінің маңыздылық деңгейіне байланысты көптеген халықаралық құқық мамандарының ерекше назарында. Халықаралық құқық доктринасында халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасының үш концепциясы қарастырылады: бір дуалистикалық және екі монистикалық теория.

Работа содержит 1 файл

Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы.docx

— 14.52 Кб (Скачать)

Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы.

   Халықаралық құқық пен  ұлттық құқық арақатынасы  мәселесі өзінің маңыздылық деңгейіне  байланысты көптеген  халықаралық  құқық  мамандарының  ерекше назарында. Халықаралық құқық  доктринасында  халықаралық құқық пен ұлттық құқық  арақатынасының  үш концепциясы  қарастырылады: бір  дуалистикалық  және  екі  монистикалық теория.

   Дуалисттік  теорияның беделді ұстанушылары неміс халықаралық құқық заңгері  Г. Триппель және оның итальяндық әріптесі  Д. Анцилоттидің  пікірлері бойынша  халықаралық құқық пен ұлттық құқық «өзара жеке құқықтық тәртіптіліктен»  тұрады.

   Монистикалық  концепциялардың жақтаушылары  екі  құқықтық жүйенің бірыңғайлығын  танып, халықаралық құқық пен  ұлттық құқықты  бір  құқықтық жүйенің  құрамдас бөліктері ретінде қарастырады. Халықаралық –құқықтық ойдың  монистикалық бағыттылығы өз кезегінде  екіге бөлінеді:1) ұлттық құқық басымдылығы  концепциясы; 2) халықаралық құқық  басымдалығы концепциясы

   Бірінші концепция XIXғ соңы- XXғ басында неміс заңгерлері арасында кең таралған. Аталған концепцияның негізінде Гегельдің мемлекет туралы «жердегі абсолюттік билік» концепциясы жатыр. Осыдан келе  оның ұлттық  құқықты өзгертетіні ғана емес, сонымен қатар халықаралық құқықты да өзгертетіні тұжырымы шығады. Осы ойды жалғастыра келе, заң ғылымдарының  аталған бағытының белгілі өкілі А.Цорнның пікрі бойынша, халықаралық құқық тек қана ұлттық құқық ретінде болғанда ғана заңдық болып табылады.

   Ұлттық  құқық басымдылығы концепциясы XIXғ  аяғы –XXғ басында Германияда   таралған, себебі  бұл кезде  елдің экономикасы көтеріліп, мемлекетке шикізат шығарудың жаңа  нарықтары керек болды. Бірақ буржуазиялық халықаралық құқық неміс экспансиясының жолында тұрды. Осы жағдай халықаралық сахнадағы неміс милитаризмін  торетикалық жағынан  растау үшін ұлттық құқықтың халықаралық құыққа қарағанда басымдылық концепциясының  пайда болуына себепші болды.

   Екінші  монистикалық теорияның,яғни, халықаралық  құқық басымдылығы концепциясының ең беделді өкілі - австрийлік халықаралық  құық заңгері Г.Кельзен. Қазіргі  кезде осы концепция көптеген  заңгер-ғалымдардың арасында кең  таралған.

   Кельзен  өзінің  «құқықтың таза теориясының» негізінде  мынадай тұжырымға  келген: халықаралық құқықтық тәртіп пен ұлттық құқықтық тәртіп арасындағы арақатынас «ұлттық құқықтық тәртіп пен корпорацияның ішкі нормалары  арасындағы арақатынас»  сияқты болады.

   Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы   заң ғылымында көп уақыт бойы өзекті мәселе болған жоқ, себебі ғасырлар бойы халықаралық құқық, яғни халықтар құқығы, ерекше құқықтық жүйе ретінде  қарастырылған жоқ. Орта ғасырларда және жаңа заманда Еуропада халықаралық  қатынастарды реттеген халықтар құқығынан  басқа да құқық салалары болған. Мысалы, атақты ағылшын заңгері У. Блэкстон өзінің «Комментарии» атты еңбегінде халықаралық құқықтан басқа құқық салаларын атаған: табиғи, құдайлық, римдік, канондық, саудалық, теңіздік. Олар өз кезегінде халықаралық  қатынастарды реттеп, ағылшын жалпы  статуттық құқығы мен әділеттілік  құқықтарын толықтырған. Мұнда құқықтық реттеу мемлекеттердің құқықтары мен  міндеттеріне емес, индивидтерге қатысты  болды. Халықаралық құқық пен  ұлттық құқықтың арақатынасы бойынша  бірінші доктрина болып, XVIII ғ таралған, белгілі британдық заңгерлер  Мэнсфилд пен Блэкстон қолдаған инкорпорация (incorporatio) доктринасы болды. Аталған теорияға сәйкес, халықаралық құқық нормалары осы елдің құқығының бөлігі ретінде қарастырылып, тікелей ұлттық құқық субъектілерімен қолданды, құқықтық қорғау мен мәжбүрлеудің ұлттық әдістерімен қаматамасыз етіледі. Пайда болуының уақытына қарамастан, бұл теория қазір де Британдық Достастық  елдері мен Америка Құрама  Штаттары мемлекеттерінде халықаралық дәстүрлі құқыққа қатысты қоладанысын тауып жатыр.

   Билік бөлінісі теориясының пайда болуы  мен тәжірибеде қолданылуына байланысты Ұлыбританияда XIX ғ бірінші жартысында трансформация теориясының пайда  болуына әкелді. Трансформация теориясы бойынша, халықаралық келісімдер ұлттық деңгейде мемлекеттің аумағына тікелей  әрекет ете алмайды. Халықаралық  актілердің міндеттемелері орындалу үшін парламент арнайы имплементация  актісін шығару, яғни, халықаралық  актінің мазмұнын ұлттық заңнамаға  трансформациялауы керек.

   Халықаралық құқық пен ұлттық құқық – құқықтық жеке жүйелер, олар өзара  байланыста әрі өзара әрекеттесуде болады. Бір жағынан қарасақ, бір құқықтық жүйенің екінші құқықтық жүйеге қарағанда басымдылық ұғымы қолданыла да, бола да алмайды, себебі олар әр түрлі әлеуметтік қатынастарды реттейді. Алайда,  халықаралық құқық нормаларының мақсаты болып бүкіләлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау,мемлекеттердің  әр түрлі салалардағы ынтымақтастығын нығайту, басқаша айтқанда, адамдардың жоғары құндылықтарға жетуін қамтамасыз етеді, осыдан келе мемлекеттер өздерінің конституциялық және ағымдық заңнамаларыда халықаралық құқық нормаларының  ұлттық құқық нормаларына қарағанда басымдылығын жариялай алады. Бұл халықаралық құқық  жүйесінің  ұлттық құқыққа қарағанда  басымдылығын анықтау үшін емес, адамзат өркениетінің жоғары құндылықтарына жету және қорғау ісіндегі екі құқықтық жүйенің күшін, мүмкіндігін  біріктіру мақсатында жасалады.

     

   Шегенова  Ұлпан ХҚқ-31

Информация о работе Халықаралық құқық пен ұлттық құқық арақатынасы