Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................
I. Инвестиция түсінігі және мәні..........................................5
1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары..............5
1.2 Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.....................................
1.3 Инвестицияның қызметті жетілдіру жолдары.......
II. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары............................
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану........................................
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА...............................
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері..................................................33
Қорытынды.........................................................................
Қолданылған әдебиеттер.......................................................50

Работа содержит 1 файл

Курсовой.docx

— 89.05 Кб (Скачать)
 

        3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама     дамуының  негізгі  кезеңдері.

         Әлемдік  экономикада  инвестициялық  қатынастар  әрдайым  шешуші  роль  атқарған  және  атқарады.  Кез-келген  мемлекеттің  экономикасындағы  инвестицияның  тиімділігін  қамтамасыз  ету  факторларының  бірі  олардың  заң  жүзінде  бекітілуі,  инвестициялық  қатынастарды  реттеуші  инвестициялық  заңнаманың  дамыған  жүйесін  және  құқықтық  нормаларды  жүзеге  асырудың  әрекет  етуші  механизмін  құру. 

   Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  заңнамасы  өз  қалыптасуы  мен  дамуында  негізгі  4  кезеңнен  өтті.

   Бірінші  кезеңі – бұл  инвестициялық  заңнаманың  қалыптасу  кезеңі,  алғашында  шет  ел  инвестициялары  туралы  заң  ретінде.  Ол  өз  бастауын  шет  ел  капиталына  қажетті  кепілдіктер  ұсыну  негізінде,  шет  ел  инвестицияларын  тиімді  тартуды,  жаңа  технологиялар  және  басқару  тәжірибесін  алуды  қамтамасыз  ету  мақсатын  көздеген  1990  жылы  7  желтоқсанда  қабылданған  “Қазақ  КСР-дағы  шет  елдік  инвестициялар  туралы”  Қазақ  КСР-ның  Заңынан  алады.  Заң  республикада  ашық  типтегі  экономика  құруға  бағытталған  және  елдің  әлемдік  тәжірибедегі  шаруашылық  прициптеріне  жедел  өтуге  қызмет  етуі  тиіс  еді.  Алайда  заң  актісінің  шет  ел  инвестицияларын  реттеуде  айтарлықтай  кемшіліктері  болды,  себебі  нарықтық  экономика  жағдайында  Қазақстан  Республикасының  даму  ерекшеліктерін  жеткілікті  деңгейде  ескермеді  және  тәуелсіздік  алу  жағдайында  Қазақстан  халықтарының  мүддесін  толыққанды  бейнелей  алмады.  Сондай-ақ,  бұл  заңды  қабылдаудың  жақсы  жақтары  да  болды:  біріншіден,  республикада  қалыптасқан  инвестициялық  қатынастарды  заңды  түрде  бікіткен  бірінші  акт;  екіншіден,  осы  заң  актісі  төрт  жыл  бойы  еліміздің  экономикасына  шет  ел  инвестицияларын  тарту  тәртібі  белгіленген,  яғни  шет  ел  капиталының  тартылуына  өз  үлесін  қосты;  үшіншіден,  тұңғыш  рет  шет  ел  инвесторларына  өз  қызметтерін  жүзеге  асыруға  байланысты  кепіл  берілді  (мәселен,  20-жылдары  кеңес  мемлекеті  шет  ел  инвестицияларын  қабылдағанымен  олардың  қызметіне  байланысты  ешқандай  кепідік  берілмеген).  Сол  себептен  шет  елдік  инвестицияларға  берілетін  кепіл  туралы  тарауды  енгізу,  потенциалды  инвесторлардың  қызығушылығын  арттырып,  олардың  әрекет  етуіне  айтарлықтай  ықпалын  тигізді.

       Инвестициялық  заңнаманы   құру  мезгілі  бойынша  өз  бастауын    1990  жылғы  22  ақпандағы  “Қазақ  КСР-нің   мемлекеттік  егемендігі  туралы  декларациядан”  алатын  Қазақстан   Республикасының  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  қалыптасуымен  сәйкес  келуі  тайға  таңба  басқандай.  1991  жылы  10  маусымда  Қазақстан   әліде  кеңестік  социалистік   республика  болған  кезде   қабылданған  Инвестициялық   қызмет  туралы  Заң  “Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік   тәуелсіздігі  туралы”  Конституциялық  заңға  жол  салушы  болды,  және  де  сол  уақытта   инвестициялық  қатынастарды  реттеуші  актілердің  ішінде  ең  ұзақ  мерзімдісі  болды,  өйткені  тек  1997  жылы  ғана  өз  күшін  жойды.

   Сонымен,  бұл  кезең  Қазақстан  Республикасының  нарықтық  қатынастарының  дамуының  және  тәуелсіз,  егеменді  мемлекеттің  ұлттық  инвестициялық  заңнамасын  құраудың  алғашқы  сатысы. 

   Инвестициялық  заңнама  дамуының  Екінші  кезеңнің  бұрын қолданыста  болған  Қазақ КСР-гі  шет ел  инвестициялары  туралы  заңның  күшін жойған  1994  жылы  27  желтоқсанда қабылданған “Шетел  инвестициялары  туралы” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.  Жаңа  заң Қазақстан экономикасына шет ел  инвестицияларын тартудың  негізгі құқықтық  және  экономикалық  негіздерін  белгілейді,  шет ел  инвестицияларына  қатысты мемлекеттік кепілдікті  бекітеді,  оларды  жүзеге  асырудың  және  шет ел  инвесторларына  қатысты туындаған дауларды  шешудің ұйымдастырушылық-құқықтық  формаларын  анықтайды.  “Шет  ел  инвестициялары  туралы” заңмен  бір уақытта Қазақстан Республикасының жаңа  Азаматтық кодексі (жалпы бөлім)  қабылданды.  Заңды күшіне  енісімен  (1  наурыз  1995),  1963  жылғы Қазақ КСР-нің Азаматтық кодексі;  1991  жылғы Кеңестік  республикалар және  КСРО-ның азаматтық заңдар  негізінің 1-71  баптары (азаматтық заң негіздерінің  қалған  баптары 1999  жылдың  1  шілдесіне дейін,  яғни  Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексінің  негізгі бөлімі  қабылданғанға дейін қолданыста  болды);  1991  жылғы Қазақстан Республикасының “Жеке меншік  туралы”,  “Кәсіпорындар туралы”,  “Кепілпұл туралы” заңдары заңды күшін жойды.  Азаматтық заңдардың кодефикациялануы  Қазақстан Республикасында ұлттық  заңнама жүйесінің қалыптасуында және  нарықтық  қатынастарды  реттеуші  құқықтық  нормаларды  реттеуде  маңызды роль  атқарғандығын баса  айтуға  болады.

   Инвестициялық  заңнаманың  дамуындағы  екінші  кезеңнің  ерекшелігі,  ол  кезде  қабылданған  заңдардың  және  нормативтік  актілердің  басым  бөлігі  уақытша  сипатта  болды  және  алдағы  уақытта  күшін  жояды.  Сондай-ақ,  бұл  кезеңде  қазіргі  уақытта  қолданыстағы  Қазақстан  Республикасындағы  нарықтық  қатынастарды  реттеуші  заңдардың  негізін  қалауда  өз  үлесін  қосқан  маңызды  құқықтық  база  құрылды.

   Инвестициялық  заңнаманы  дамыту  мен  жетілдірудегі  үшінші кезеңнің  басталуына  1997  жылы  28  ақпанда қабылданған “Тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдау” туралы  Қазақстан Республикасы  Заңының қабылдануы  түрткі  болды.

   Тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы  Заңының  мәні,  оның  қабылдануымен:  біріншіден,  Қазақстан  Республикасында  тікелей  инвестициялар  туралы  арнайы  заң  қалыптаса  бастады;  және  екіншіден,  Қазақстан  Республикасының  инвестициялық  заңнамасы  жаңа  сапалы  сатыға  көтерілді. 

   Тікелей  инвестициялар  туралы  заң  қабылданғанға  дейін,  инвестициялық  заңдар  бірінші  кезекте  шет  елдік  инвесторлардың  мүддесін  қорғауға  бағынысты  болған  және  шет  ел  инвестицияларына  аса  қолайлы  құқықтық  режим  орнатуға  бағытталған.  Мұның  барлығы  тек  ұлттық  инвесторлардың  ғана  емес  мемлекеттің  де  мүддесіне  қайшы  келді,  өйкені  іс  жүзінде  қандай  жолмен  болмасын,  әйтеуір  инвестицияларды  тарту  жүргізілді,  ақырында,  олардың  республикаға  тиімділігі  нөлге  тең  болды.  Себебі  шетелдік  инвестициялар  жер  қойнауын  пайдалануға  салынып  отырды,  яғни  ел  экономикасының  дамуына  ешқандай  әсерін  тигізбеді  және  шет  елдік  инвесторлардың  жер  қойнауын  экспансиялауын  күшейте  түсті.  Әрине,  бұл  біздің  жер  қойнауын  зерттеуде  шет  елдік  инвесторлардан  бас  тарту  керек  екендігімізді  білдірмейді,  тепе-тең  жағдайда  біз  көбнесе  ұлттық  инвесторларымызға  қарай  бет  бұруымыз  керек. 

   Шетел  инвестициялары  туралы  заң  көтеген  өзгерістерге  ұшырады.  Оған  түрткі  болған  шарт  негізіндегі  мемлекеттің  миллиондаған  шығындары,  және  мемлекет  мүддесін  қорғау. 

   2000  жылы  23  тамызда  Қазақстан   Республикасы  Президенті  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  Қоры  құрылды.  Оның  негізгі  мақсаты  мемлекеттік   қорландыруды  қалыптастыру  (жинақтау  функциясы),  сонымен  қатар   республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  әлемдік  баға  конъюнктурасына  тәуелділігін  азайту  (тұрақтандыру  функциясы).  2001  жылы  29  қаңтарда  Қазақстан   Республикасы  Президенті  Жарлығымен  Ұлттық  қорды  қалыптастыру  және  пайдалану  ережелері  бекітілді;  осы  актіге  және  2001  жылғы  18  мамыр  айында  шыққан  "Қазақстан  Республикасының   Ұлттық  Қорын  сенімгерлікпен  басқару  жайындағы  шарт  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  қаулысына  сәйкес,  2001  жылы  20  шілдеде  Қазақстан   Республикасы  Ұлттық  Банк  Басқармасымен   “Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Қорының  инвестициялық  операцияларды   жүзеге  асыру  ережелері”  бекітілді. 

   Қазақстан  Республикасында  инвестициялық  заңнаманың  дамуының  алғашқы  екі  кезеңін  сипаттау  кезінде,  біз  саналы  түрде  құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңдарды  және  олардың  инвестициялық  қатынастардың  даму  және  қалыптасу  процесіне  әсері  туралы  мәселені  қарастырудан  саналы  турде  бас  тарттық,  себебі  ол  өзінің  пайда  болу  мезетінен  бастап,  инвестициялық  заңнамадан  тәуелсіз  және  жеке  дара  жүзеге  асырылды.  Инвестициялық  заңнамасы  ашғашында-ақ  құнды  қағаздар  туралы  және  құнды  қағаздарға  инвестиция  салу  туралы  заңдар  ретін  қалыптасқан  көптеген  дамыған  елдерге  қарағанда,  Қазақстан  Республикасында  инвестициялық  заңнама  реалды  активтерге  бағытталған  болды  (соның  ішінде  жер  қойнауын  пайдалану),  тек  1997  жылы  5  наурызда  “Құнды  қағаздар  нарығы  туралы” Заң  қабылданысымен,  инвестициялық  қызметтің  бір  бөлігі  ретінде  инвестицияны  құнды  қағаздарға  және  басқа  да  қаржылық  активтерге  салу  заңды  негізде  бекітілді.  Сонымен,  құнды  қағаздар  нарығында  инвесторлардың  екі  негізгі  топтары  анықталды:

  1. инвесторлар  (жеке  қаражаттарын  құнды  қағаздарға  салушы  жеке  және  заңды  тұлғалар);
  2. институционалдық  инвесторлар  (өздері  тартқан  ақшалардың  басым  бөлігін  инвестиция  ретінде  құнды  қағаздарға  салушы  заңды  тұлғалар;  нақтылай  келгенде,  қолданыстағы  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қызмет  ететін  инвестициялық  қорлар,  банктер,  мемлекеттік  емес  зейнетақы  қорлары,  сақтандыру  ұйымдары  және  басқа  да  ұйымдар).

   Құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңмен  қатар  1997  жылы                           6  наурызда  “Құнды  қағаздармен  жасалатын  мәмілені  тіркеу  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  және  “Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  қорлар  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Оның  негізгі  мақсаты  құнды  қағаздар  нарығында  инвесторлардың  құқығын  қорғау  және  инвестициялау  тәуекелін  төмендету  арқылы  тарту  және  кейіннен  ақша  қаражатын  құнды  қағаздарға  диверсификациялы  инвестициялау.

   Сондай-ақ,  инвестициялық  қатынастарды  дамытуда  валюталық  реттеу  туралы  заңнама  да  маңызды  роль  атқарды:  1996  жылы                  24  желтоқсанда  қабылданған  “Валюталық  реттеу  туралы” Қазақстан  Республикасының  Заңы;  2001  жылы  31  наурызда  қабылданған  “Капиталдар  қозғалысымен  байланысты  валюталық  операцияларды  тіркеу  ережелерін  бекіту  туралы”  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  қаулысы;  2002  жылы  18  қаңтарда қабылданған  “Валюталық  құндылықтарды  пайдаланумен  байланысты,  қызметті  лицензиялау  ережелерін  бекіту  туралы” Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкі  Басқармасының  қаулысы;  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілер. 

   Инвестициялық  қызметті  жүзеге  асыруда  белгіленген  кепілдіктер  және  преференциялар  және  жеңілдіктер  жүйесімен  қатар  тікелей  инвестициялар  туралы  заңмен,  инвесторлар  алдында  Қазақстан  Республикасының  атынан  өкілдік  ететін  жалғыз  мемлекеттік  орган  құру  туралы  жарияланды.  Осыған  орай  Инвестиция  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  коммитеті  құрылды  және  1997  жылы  24  наурызда  “Инвестиция  бойынша  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  коммитеті  туралы  ережелерді  бекіту  туралы”  Үкімет  қаулысы  шықты. 

   Ақырында,  Мемлекеттік  Комитет  республикалық,  мемлекеттік  мекеме  ретінде  Қазақстан  Республикасының  инвестиция  бойынша  агенттігі  болып  қайта  құрылды.  1999  жылғы  26  көкектегі  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  ол  туралы  Ережелеріне сәйкес  Қазақстан  Республикасында  тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  аясындағы  бақылауды  және  мемлекеттік  басқару  функциясын  жүзеге  асыруға  өкілетті,  Үкімет  құрамына  кірмейтін  орталық  атқарушы  орган  болып  табылады.

   2000  жылғы  13  желтоқсандағы  Қазақстан   Республикасының  Президенті  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасының   инвестиция  бойынша  агенттігі   таратылып,  оның  функциялары   мен  өкілеттігі  Қазақстан   Республикасы  сыртқы  істер   министрлігі  жанында  қайта   құрылған  Инвестициялар  бойынша   комитетке,  ал  жерқойнауын   падалану  саласындағы  өкілеттіктері  – Қазақстан  Республикасының   Энергетика  және  минералды   ресурстар  министрлігіне   өтті.  Бұл  уақытта  Қазақстан   Республикасының  Сыртқы  істер   министрлігінің  Инвестициялар   бойынша  комитеті  төрағасының  2001  жылғы  30  наурызда  “Экономиканың   маңызды  секторларында  инвестициялық   қызметті  жүзеге  асырушы   инвесторлар  контрактілерін  тіркеу  тәртібі  туралы  Нұсқауларды   бекіту  туралы”  және  “Экономиканың   маңызды  секторларында  инвестициялық   жобаларды  жүзеге  асыру   үшін  инвесторлардан  преференциялар  мен  жеңілдіктер  алу   туралы  арыздарды  қабылдау  тәртіді  туралы  нұсқауларды   бекіту  туралы” бұйрықтары  қабылданды.

   Алайда,  бір  жарым  жылдан  кем  уақыт  ішінде  кезекті  қайта  ұйымдастыру  жүргізілді.  Нәтижесінде,  Қазақстан  Республикасының  Экономика  және  сауда  министрлігі  Экономика  және  бюджетті  жоспарлау  министрлігі  мен  Өндіріс  және  сауда  министрлігіне  бөлінді.  Өндіріс  және  сауда  министрлігіне  өндірістік,  құрлыс  және  сауда,  стандарттау,  метрология  және  сертификаттау  саласындағы  өкілеттіктер  мен  функциялар  өтті;  сонымен  қатар  Өндіріс  және  сауда  министрлігінде  Инвестиция  бойынша  комитет  құрылды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты