Қазақстан республикасының инвестициялық заңнамасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 20:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады.
Тәжірибеден өткен технологияларға арналған ерекше орталықтар нарықтың өсуіне ықпал жасайды. Мемлекет саясаты энергияны балама энергияға айналдыру жұмыстарының қаржыландыруын қамтамасыз етеді және ол қаржыландыру перспективасын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кандидатурасын ұсынуы, әрі «Болашақтың энергиясы» атты жаһандық мүдделерді топтастыратын тақырыпты таңдауы әлем назарын өзіне аударатыны хақ. Өйткені, адамзат алдындағы күрделі мәселе – энергияға деген тапшылықты жойып, балама қуат көздерін кеңінен іске қосатын кез келді. Адамзат баласына көмірді, мұнайды, газды толығымен игеруге орта есеппен 40-50 жыл кетті, балама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт керек. Бұл шара – біздің елімізде балама энергетиканың қарқынды дамуына жол ашары сөзсіз.
Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен «ҮІІ Еуразиялық Kazenergy» форумы, «Expo-2017» бүкіләлемдік көрмесі, «Астаналық Экономикалық форумдары» өтті. Сонымен қатар елбасының жасыл экономика ұсынысы да экономиканы дамытуда балама көздерді қарастырады.
Қазақстан Республикасының экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

Иивестиция түсінігі.......................................................................................4

Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы.........................6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................11

Работа содержит 1 файл

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА.docx

— 28.82 Кб (Скачать)

 

 Реформалар жүргізудің  алғашқы кезеңдерінде Казақстан  Республикасына инвестицияларды  тарту мәселесі объективті сипатта  болды. Ішкі қаржы ресурстарынын  жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің  экономикалық саясатында шетел  тікелей инвестицияларын тарту  мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды  калыптастыру басты бағыт болды.

 

 Жыл сайын тартылатын  тікелей шетел инвестициялар  көлемі бойынша Қазақстан ТМД  елдері ішінде бірінші орында  болып, шетел инвестицияларының  көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.

 

 АҚШ мемлекетінің республика  экономикасына инвестиция ағымынын  басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың  ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2,9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.

 

 Тікелей шетел инвестиция  көлемі бойынша абсолютті көрсеткішке  2002 жылы қол жеткізілді, бірақ  осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

 

1994 жыл мен 2000 жыл аралығында  инвестициялық іс-әрекетті реттейтін заң негіздері қалыптастырылып, инвестициялық механизмдер үйлестірілді. "Шетел инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.

 

 Қазіргі Казақстан  экономикасы дамуында жаңа сапалық  дәрежедегі кезеңге келді. Экономикадағы  тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті.  Осы жағдай инвестициялық саясатта  өзгерістерді тудырды.

 

 Бүгінде бұл инвестициялық  саясат бір қатар мәселелерді  шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын  инвестициялардың сапалық сипаттамаларына  басты назар аудару. Екіншіден,  барлық экономика субъектілері  үшін тең дәрежелі жағдайды  қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық  жан-жақты әлеуметтік бағытын  ұстану болып табылады.

 

 Жаңа жағдай заң  негіздерін жетілдіруді талап етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "Акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

 

 Жаңа инвестициялық  саясат концепциясында нарықтың  барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату  маңызды орын алуда.

 

 Қазақстан Республикасының  инвестициялық іс-әрекетті реттеудің  тиімділігін жүзеге асыру мақсатында  жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.

 

 Инвестициялық салық  преференциялары жаңа өндірісті  қалыптастыру, не әрекет етуші  өндірісті ұлғайту мен жаңарту  мақсатында негізгі қорға инвестиция  жасаушы салық төлеушілерге, жалпы  жылдың табыс салығын белгіленген  сомаға қысқарту, немесе негізгі  қор мүлігі салықтан босату  мүмкіндігі қарастырылған.

 

 Қазақстан Республикасында инвестициялық іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі ықпал етеді.

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, 2006 жылы 31 қаңтар №125, 2007 жылы 19 ақпан №230, 2008 жылы 5 шілде №66, 2009 жылы 13 ақпан №135, 2012 жылы 20 ақпан №567, 2013 жылы 4 шілдеде енгізілген өзгертулер мен толықтырулар.

 

  1. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты”. Санкт – Петербург, 2004 год.

 

  1. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004 год.

 

  1. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы, 1999 жыл.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақстан республикасының инвестициялық заңнамасы