Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 20:58, курсовая работа

Описание работы

Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын,
сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді.

Содержание

Мазмұны.
І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.
1.1.Кәсіпорыннын табысы, оныц мәні мен маңызы........................................
1.2.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау.doc

— 134.00 Кб (Скачать)

     Мазмұны. 

     І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.

     1.1.Кәсіпорыннын  табысы, оныц мәні мен маңызы........................................

     1.2. 

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           І. Кәсіпорынның табысы мәні мен маңызы.

          1.1.Кәсіпорынның табысы, оның мәні мен маңызы.

     Табыс - төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, 
сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық  құндылықты алуды  көрсетеді. 

     Кәсіпорынныц  табыстарыя қалыптастыру

     

     Өнімді  "А-тудан т\т кен  табыс

     

     Өткізуден тыс опе-рациялардав альюган табыс (шыгыстарды алып таетагандағы)

     Баскадайвт^]

     кізудеі'    алын-ган табыс

     

     Акциз-дер

     

     Өнімдерді са-тудан түскен ақшалай  түсім

     

     Өнімнің

     езіндік

     қүш.і

     Қосыл-ган   қүн салыгы

     Басқадай    откізуден алынган  табыс

     Негізгі   қорларды   және   басқа   да   мүліктерді, қалдықтарды,  т.б. сатудан түскен  табыс.

     Кәсіпорынның  табысы олардың активтерінің артуы  немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің   кемуі.   «Табыс»   ұғымы   жалпы   мемлекетте   (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып  қолданылады.

     Кәсіпорынның  жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсімбасқа да ақшалай және    материалдық    түсімдер жатады.

         Жиі қолданылатын «таза табыс»  ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы  болып саналады.

     Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың  түрлерін  айыруға  болады:

     - Жалпы   табыс   (ЖТ) - бұл тауарлардың белгілі 
мөлшерін сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол 
тауар  бағасын  тауар  мөлшеріне  көбейтуге  тең.

     -  Орта   табыс   (ОТ) - жалпы   табысты   (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу  (К)

                 ОТ=

     - Шекті  табыс   (ШТ) - бұл   өнім   өлшемін   сатуды көбейту  арқасында  жалпы табыстың үстелуі 
 

     Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде  құндық  бағдарлар қызмет етеді.

     Пайда - кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы

     Таза  пайда экономикалық санатының маңызды  және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс  саласының  таза  пайдасын  қамтиды. 

     Қорлану             Таза  пайда             Түтыну
 
      
 
      
 
 
 

     Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда  түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндірістің айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі    экономикалық    көрсеткіші.    Кез    келген    кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі - қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес.  Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорынға бұйым шығарудың  қажеті  не?

     Шынында да, кәсіпорын қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігі артып, өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды  деген сөз.

     Пайда баланстық және есептеулік болып  бөлінеді. Жалпы  баланстық  пайда мынадан құралады:

  • тауарлы  өнімдерді сатудан  түскен  пайда;
  • тауарлы  өнімнің  құрамына  жатпайтын  басқа  өнімдерден және    қызмет    көрсетуден    түскен    пайда немесе   зиян;   
  • сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен   пайда   немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар  және  т.б.

     Есептеулік  пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық  пайда.

     Пайда жоспары бағалар мен келісімшарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін  көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады. 

       Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі өндірістің қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза  пайда арқылы да  есептеуге болады.

     Кәсіпорынның  жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы  мүліктердің құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың көрсеткіштерін пайдаланады.

     Кәсіпорынның  жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен  анықталады.

     Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша  процент  мөлшерлемесі:

  • басқа     кәсіпорындардың    үлес     қосуынан     түскен табыстар;
  • құнды  қағаздардан  түскен табыстар;
  • алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.

     Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету - шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,  өндірістің тиімділігін  арттыруға  жету керек.

     Егер  кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылғанын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорарды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жаңсартудың  есебінен  арттырылады.

     Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты шарты - еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі. Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен  сата  алады.      

     Нарықтың экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың, ерекшеліктері

     7.1. Нарық жағдайында  кәсіпорын (фирма) жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары

     Жоспарлау басқару функцияларының ең бастысы  болып табылады. Шетелдік мамандардың анықтауы бойынша фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлау жүйесінде шешім қабылдау фирманың тиімді жұмыс істеуін және болашақта дамуын қамтамасыз етеді. 20-шы жылдары ірі концерндер фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға аса зор көңіл бөлді. Бұл кезеңде ірі монополистік бірлестіктер бірыңғай жоспарсыз өмір сүре алмай қалды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де мұндай қажеттілік одан әрі қатты сезіле бастады. Мұның негізгі себебі ғылым мен техника жаңалықтарына және басқа да проблемаларға тығыз байланысты болды. Ғылыми-техникалық прогресс кезеңінде өндірістің жаңа салалары дами бастады. Есептеуіш машиналар өндірісі қаулап дами бастағандықтан, электрондық-есептеуіш машиналардың пайда болуы фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлауға үлкен өзгерістер енгізе бастады. Электронды-техникалық машинамен бірге жаңаша математикалық әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрі жоспарлауды жоғары деңгейге көтерді. Шетелдік кәсіпорындар өз жұмыстарын жоспарлау үшін арнаулы машиналар, техникалар, ақпараттарды қолданды. Қазіргі кезеңде ірі өндірістік кәсіпорындар өз жұмыстарын ұзақ мерзімге жоспарлайтын болды. Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың мәні оның негізгі мақсаттарымен анықталады:

  • өзгертулер мен анықсыздықты болдырмау;
  • негізгі міндеттерге ерекше назар аудару;
  • экономикалық тиімділікке жету және бақылауды күшейту.
 
 
 
                                         
                           
 
      
     1'
 
      
            кэсіпорьшнын (фирманын) даму жоспары
 
      
      
 
 
 
 
      
 
 
      
     эртараптандыру  жоспары
 
 
      
 
 
 
      
      
 
 
      
     жада  құкыктарды иелену және бірігу жоспары
 
 
      
 
 
 
      
      
 
 
      
     зертгеу жұмыстарын жоспарлау
 
      
     ,,   *■
 
 
      
             
 
 
     —►
     фундаменталдык  зерттеу жұмысгарьш жоспарлау

     өншшң жаңа түрлерш жасауды жоспарлау

     маркетингп  жоспарлау

     қаржы жоспары

     *  экімпшіік-басқару жоспары

     оперативтік жоспар

     

     жеке  жоспары

     жобаларды жүзеге асыру

     өнддріспк жоспар

     әкімшілік басқару жоспары

     >  өншді өткізу жоспары

     қаржы жоспары

     9-сурет.  Фирманың ішкі жұмыстарын жоспарлаудың жалпы сызбасы

     Жоспарды  әзірлеу кезінде оның тиімділігін арттыру үшін мынадай қағидаларға сүйенеді:

  • бейімділік (икемділік) қағидасы;
  • жоспарды орындау үрдісіне өзгерістер енгізу қағидасы;
  • ұтымдылық қағидасы.

Информация о работе Кәсіпорын жұмыстарын жоспарлау