Мемлекеттің инвестициялық қызметі
Реферат, 23 Декабря 2011, автор: пользователь скрыл имя
Описание работы
Инвестицияны жұмсау ерекшелігі «инвестициялық қызмет», инвестициялау «субъектілері» мен «объектілері» атты түсініктер арқылы ашылады.
Инвестициялық қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет – инвестиция объектісін таңдаумен, оныв инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.
Содержание
1. Нақты инвестициялаудың объектілерін атаңыз және оларғка мінездеме беріңіз.
2. Инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың арасындағы байланыс қандай?
3. Қазақстанда инвестициялық құрылымның дамуындағы институционалды инвесторлардың рөлі қандай?
4. Шетел инвесторларының біздің елдегі мақсаты қандай?
5. Қазақстандағы шетел инвесторларының көлеміне әсер ететін факторларды айқындаңыз.
Работа содержит 1 файл
Мемлекеттің инвестициялық қызметі.doc
— 83.00 Кб (Скачать)ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
Орындаған: Айтуарова Айша
Алматы 2011
МЕМЛЕКЕТТІҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
- Нақты инвестициялаудың объектілерін атаңыз және оларғка мінездеме беріңіз.
- Инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың арасындағы байланыс қандай?
- Қазақстанда инвестициялық құрылымның дамуындағы институционалды инвесторлардың рөлі қандай?
- Шетел инвесторларының біздің елдегі мақсаты қандай?
- Қазақстандағы шетел инвесторларының көлеміне әсер ететін факторларды айқындаңыз.
- Инвестициялық қызмет түсінігі
Инвестицияны
жұмсау ерекшелігі «
Инвестициялық қызмет – бұл жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің инвестицияны жұмсаумен байланысты тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы. Сонымен қатар, инвестициялық қызмет – инвестиция объектісін таңдаумен, оныв инвестициялаумен және пайдаланумен, қосымша қажетті жұмсау жүргізумен және сыртқы қаржыландыруды тартумен байланысты шаралар кешені.
Қазақстанда инвестициялық нормативтік – құқықтық актілермен реттелінеді. ҚР инвестициялық қызметтің негізгі заңы – «Инвестициялар туралы» Заң (08.01.2003 ж №373-ІІ, 10.12.2008ж. №101-IV,13.01.2009ж. №135-IV өзгертулермен) болып табылады.
Аталған
Заңға сәйкес, «инвестициялық
қызмет – бұл коммерциялық
ұйымдардың жарғылық
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты, Қазақстан Респубоикасының заңнамалық актілермен инвестициялық қызметі шектелетін немесе рұқсат етілмейтін қызмет түрлері және (немесе) территориясы анықталынады.
Отандық заңнамаға сәйкес инвестициялық аяда, әсіресе инвесторға қатысты шаруашылық қызметтің негізгі қағидаларыбекітілген.
- Инвесторлардың, сонымен қатар жұмсалынатын капиталдың (капиталдың пайда болуына қарамастан) толығымен тең құқығы;
- Инвестор жұмсалатын қаражатты қайда және қандай мөлшерде қолданатынын өзі анықтайды;
- Инвестициялық қызметтің барлық қатысушыларының өзара қатынастардың негізі келісім немесе келісім болуы тиіс.
- Мемлекеттік басқарудың органдары барлығымен бірге өздеріне алған міндеттемелерге жауап береді.
Елдегі
инвестициялық қызмет жағдайын
макроэкономикалық
Бұл көрсеткіштер инвестицияны тиімді қолдануды сипаттайды. Көрсеткіштердің өсуі инвестицияны жұмсаусыз мүмкін емес. Экономикалық санат ретінде инвестициялар экономиканың дамуына әсер ететін қызметтерді атқарады. Сондықтан да, егер аталған көрсеткіштердің өсуі инвестицияның өсу қарқынынан асса, онда бұл инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін куәландырады.
- 2. Инвестициялық қызметтің субъектілірі мен объектілері
Нарықтық қатынастар
жағдайында инвестициялық іске асыру
инвестициялық қызметтің
Инвестициялаудың объектілері ретінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайлардан басқа, қандай да болмасын кәсіпкерлік қызмет объектілерін жатқызады.
«Инвестициялар туралы» ҚР Заңына сәйкес инвестициялау объектілеріне келесілер жатқызылады:
- ақша қаражаттар, мақсаттық банктік салым, пайдалар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;
- жылжыма және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар және басқадай материалдық құндылықтар);
- мүліктік құқықтар, басқадай интеллекті құндылықтар;
- жерді пайдалану мен басқа да ресурстарды пайдалану құқығы, сонымен қатар басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар.
Осылай,
инвестициялау объектілері
- негізгі және айналым капиталға, яғни ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, көлік, жер учаскелері, тауарлық –материалдық құндылықтар; жаңа кәсіпорындарды құруға немесе әрекет ететін кәсіпорындарды кеңейтуге, қайта жөндеуге; жөндеуге, аяқталмаған өндіріске, айналым активтерін толтыруға кеткен шығындар; кәсіпорынның жаңартуы мен техникалық қайта куәландыруға;
- бағалы қағаздарға және ақшалай салымдарға, яғни жай және артықшылығы бар акциялар, облигациялар; депозиттер; қарыздар мен несиелер және басқадай қаржылық құралдар;
- инвестициялау есебінен материалдық активтерге, яғни құқықтарды, патенттерді, лицензияларды, тауар белгілерін, бағдарламаларын сатып алу.
Барлық формалардағы инвестициялау объектілердің жиынтығы инвестициялық ұсынысты білдіреді. Сондықтан да, инвестиция объектілері инвестициялық сұраныстың көлемін алдын ала анықтайды. Инвестициялық сұраныс инвестицияларға деген нақты қажеттілікті сипаттайды. Инвестициялық ұсыныс елдің инвестициялық қызметінің дамуындағы негізгі фактор болып есептеледі. Себебі, инвестициялық ұсыныс инвестициялық тауарларға деген сұраныстың өзгеруіне әкеледі.
Инвестициялық қызметтің субъектілеріне жатқызылады:
- Инвесторлар – бос инвестициялық ресурстары бар қатысушылар.
- Инвестициялық ресурстары жеткіліксіздігі байқалатын, меншік немесе тартылған қаражат есебінен инвестициялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарын.
- Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар.
- Инвестициялық институттарды инвестициялық ресурстардың тұтынушылармен өзара байланысын қамсыздандыратын делдалдар (ҚР даму институты, қаржылық институттар,халықаралық қаржылық ұйымдар).
Осыдан
басқа, инвестициялық
Негізгі пайдалану қызметін ұйымдастыру формасына қарай субъектілер келесідей инвесторлар ретінде сипат алады:
- жеке инвесторлар (жеке және заңды);
- институционалдық инвесторлар (қаржылық институттар, халықаралық қаржылық ұйымдар).
Инвестициялау мақсаттарына қарай:
- стратегиялық (тікелей)инвесторлар;
- қаржылық (жанама) инвесторлар.
Резидентке жатқызылуына қарай:
- отандық;
- шетелдік.
Инвестициялық
қызметте маңызды орынды инвесторлар
алады. КСРО –ның жоспарлы экономикасында
инвесторлар рөлінде тек мемлекет ғана
болған.
Мемлекет
атынан өкілетті мемлекеттік
органдар халық шаруашылық
Қазақстандық заңнамада инвесторлар ретінде « ҚР-да инвестицияны іске асыратын, шешім қабылдайтын, меншіктік, тартылған мүліктік не интеллекті қаражаттарды жұмсауды жүргізетін және олардың мақсаттық қолдануын қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар» қарастырылады.
Инвесторлар
салымшы, тапсырыс беруші, несие
беруші,сатып алушы ретінде
Инвестициялық үдерістің басқа субъектісі – бұл инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар. Олар: инвесторлар, сонымен қатар олар үшін инвестициялық қызмет объектісі құрылатын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар.
Инвестициялық үдерістің тағы бір қатысушысын атап өтуге болады, ол – тапсырыс беруші. Тапсырыс беруші ретінде инвесторларды, сондай-ақ инвестордың инвестициялық жобаны іске асыруға өкілдік берген жеке және заңды тұлғалар бола алады. Бұл жағдайда, тапсырыс беруші (келісім шартта басқа жағдайлар көрсетілмесе) инвестициялық үдерістің басқа қатысушыларының кәсіпкерлік қызметіне араласпауы керек.
Егер тапсрыс беруші инвестор болып табылмаса, онда ол заңнамаға сәйкес, келісім-шартта бекітілген өкілеттілік және уақыт шеңберінде инвестицияларды иемдену, қолдану және басқару құқықтарына ие. Әйтпесе, аталған қатысушы жобаның басқарушысы немесе менеджері деп атауға болады.
1.3.Қазақстан
экономикасының дамуындағы
шетелдік инвестициялардың
рөлі.
Қазақстандағы инвестициялық қызмет қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері арқылы ұдайы өндіріс үрдісін жандандыруға бағытталған. Сондықтан да, мемлекет шетелдік каптиталды тарту саясатын жүргізеді.
Қазақстанда
экономикалық формацияны
Қазақстан экономикасындағы
- халықаралық қаржылық ұйымдардан қарыз түрінде шетел инвестицияладың келуі;
- ірі инвестициялық жобаларға тікелей шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі;
- жаңа техника, технология, өндірісті ұйымдастырудың прогрессивті формаларын алу;
- халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы.
Шетел
инвестициялар ұлттық
Шетел каптиталын тарту тікелей шетел инветициялар техникалық және қаржылық көмек, инветициялық жобаларға несие түрінде жүогізілді. Егер шетел инвесторы капиталды орналастыру арқылы Қазақстандық кәсіпорынға бақылауды немесе біріккен басқаруды иемденсе, онда бұл каптитал тікелей инвестициялар болып табылады. Портфельдік инвестициялар кезінде инвесторлар үшін кәсіпорынды басқару емес, ал негізінен ақшалай табысты алу маңызды болып табылады.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициялардың ағылуы келесідей әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері шешуге мүмкіндік беруі тиіс:
- Сыртқы нарыққа Қазақстандық таурлардың және технологиялардың алға басуы;
- Экспорттық әлеуетті кеңейтуге және диверсификациялауға, сонымен қатар жеке салаларда импортты ауыстыратын өндірісті дамытуға ықпал жасау;
- Еңбек артықшылықты аймақтарға және табиғи ресурстарды бай аудандарға ( олардың меңгеруін жеделдету үшін) капитал ағынына әрекет жасау;
- Жаңы жұмыс орындарын ашу және өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формаларды меңгеру;
- кәсіпкерлік аяда өркениеттік қатынастардың тәжірибесін меңгеру;
- Өндірістік инфрақұрылымның дамуына әрекет жасау.